kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әйелдер шалбарын конструкциялау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген сабақ жоспары колледж және университет студенттеріне негізделген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әйелдер шалбарын конструкциялау»

Күні:   

Пәні:Киімді құрастыру  

Тобы:    №5 «Тігінші»

Пән мұғалімі: Қасымова Айдана Нұрахметқызы

Сабақтың тақырыбы: «Әйелдер шалбарын конструкциялау»

Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету.;
2) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
3) Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық  сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірме, көрнекілік.
Көрнекілігі: дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.
І.Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Төрт қиықты белдемшені модельдеу әдісін көрсетіңіз?

2) Жартылай шеңбер белдемшесінің сызбасын құрастыру туралы кім айтады?

3) Алты қиықты белдемшені қалай модельдейді?

4) Шеңбер белдемшесі туралы мәлімдемені кім жасайсы?

5) Бес қиықты белдемшені модельдеп көрсетуге кім жауап береді?

6)Бүйір тігістерінде тілікшелері, бүрмелері бар белдемшені қалай модельдейді?

7) Алты қиықты белдемше туралы не айтасыздар?

8) Иінішті төрт қатармалы белдемшені қалай модельдейміз?


ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Әйелдер шалбарының конструкция сызбасын құру үшін дененің келесі өлшемдерін пайдаланылады: жартылай бел айналымы – ЖАбел, жартылай мықын айналымы – ЖАмық, шалбар ұзындығы – Ұшал. -Амық – мықын айналымы; - Атіз – тізе айналымы; - Ат.а. – тізе асты айналымы; - Абл. – балтыр айналымы; - Атб. – толық айналымы. Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Сантиметрлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.
Шалбар — сырт киім. Шалбар жүріп - тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп - түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі.Кез келген бұйымды жасау процесі эскизден, болашақ модель суретінен басталады. Бұл кезең көркем модельдеу деп аталады.
Техникалық модельдеу бірнеше кезеңнен тұрады:
- модельдің сыртқы түрін зерделеу
- модель материалының қасиеттерін зерделеу
- базалық лекалоларды таңдау (сызба)
- сызбаға фасондық сызықтар түсіру.

Типтік дене бітім үшін әйелдер шалбарының конструкциясы негізінің сызбасын тұрғызу үшін өлшемдер мен қосымшалардың мөлшері:


Өлшемдік белгілердің аталуы

Шартты белгісі

Мөлшері см

Жартылай бел айналымы

ЖАбел

38

Жартылай мықын айналымы

ЖАмық

52

Бұйым ұзындығы

Ұшал

98

Қосымшалар

Бел сызығы бойынша

Қбел

0,5

Мықын сызығы бойынша

Мықын сызығы бойынша

1,5

Типтік дене бітім үшін әйелдер шалбарының конструкциясы негізінің сызбасын тұрғызуға есептеулер Конструкция кесіндісі Шартты белгісі Есеп формуласы, есептер Мөлшері, см. Алдын-ала есептеу Шалбар ұзындығы БЕ Ұшал+Қ=98,5+1,5 100 Мықын деңгейі ББс 0,5хЖАмық+1,5=52/2+1,5 27,5 Мықын сызығы деңгейі БсМ ББс/3=27,5/3 9,1 Тізе сызығы деңгейі МТ МЕ/2-1 39,8 Шалбардың алдыңғы жартысының құрылымы Мықын сызығы бойынша алдыңғы жартысының ені БсБс2 0,5х(ЖАмық+Қмық)+0,1хЖАбел= =0,5(52+1)0,1х38 30,3 Адым ені Бс2Бс1 0,1х(ЖАмық+Қмық)=0,1х(52+1) 5,3 Бүктеме сызығы БсБс3 0,5хБсБс2=0,5х30,3 7,5 Шалбардың алдыңғы жартысының балақ ені Ебалақ Модель бойынша 20 Балақ ені Е2Е3 Ебалақ-2=20-2 18 Бүйір және адым қиықтарының орналасуы Е1Е2=Е1Е3 9 Майысуы немесе шығыңқылығы Е1Е11 0,5....1,5 0,7 Тізе сызығындағы ені Етізе Т1Т3=Т1Т2 Алдыңғы жартысының тізе сызығындағы ені Т21Т31 Етізе-2,0....2,5=20-2 18 Т1Т21=Т1Т31 0,5х Етізе=0,5х18 9 Бел сызығындағы ені Б1Б11 0....2см 1 Б11Б3 0,5х(ЖАмық+Қмық)-1+ Қр=0,5х(38+0,5)-1+2 20,25 Б3Б31 1,5см 1,5 Бүкпе ендігі 2см 2 Бүкпе ұзындығы 8....10см 8

Кім тапқыр ойыны.
Әрбір сұрақта мағыналары әртүрлі, бірақ айтылуы және оқылуы бір анықтамалар берілген (омонимдер)
1. Бұйымға пайдаланатын фурнитура немесе тыйым етістігі (түйме)
2. Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасындағы өсетін өсімдік (құрақ)
3. Су өтетін арық немесе іс - қимыл етістігі (жап)
4. Қамырды дайындау процессі немесе құмырсқаның ұясы (илеу)
5. Спорт түрі немесе ерлердің шаш үлгісі (бокс)
6. Өсімдік мүшесі немесе мектептегі оқыту процессі (сабақ)
7. Жұқа синтетикалық мата немесе көгілдір отын (газ)
8. Иірім жіп немесе конфет атауы (ирис)
9. Қыздың бұрымы немесе іс - қимыл етістігі (шаш)

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады.
2. ЖБа өлшемінің қолданылуы?
3. Бұ өлшемі қалай алынады?

VIІ. Қорытынды:

Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма: «Әйелдер шалбарын конструкциялау»















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әйелдер шалбарын конструкциялау

Автор: Қасымова Айдана Нұрахметқызы

Дата: 03.02.2019

Номер свидетельства: 498291


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства