kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екі жартыдан т?ратын бала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Екі жартыдан т?ратын бала. Мезгіл саба?тас ??рмалас с?йлем

Саба?ты? ма?саты: тиімді ?діс -т?сілдерді  пайдалану ар?ылы о?ушыларды? ?здігінен ойлай, ба?ылау, т?жырым жасай алу ?абілеттерін дамыту. 

саба?ты? барысы: І ?йымдастыру кезе?і: 

-амандасу, ба?алау пара?шалары таратылады, сыныпты ?ш топ?а б?лемін 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екі жартыдан т?ратын бала»

Сабақтың тақырыбы: «Екі жартыдан тұратын бала. Мезгіл бағыныңқылы сабатас құрмалас сөйлем»

Сабақтың мақсаты:

Тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың өздігінен ойлай, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту.

Міндеті:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру

Дамытушылық: білім, білік дағдыны, оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, өз ойын қысылмай жеткізе білуге жетелеу

Тәрбиелік:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу, диалог

Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Бағалау парақшаларын таратамын

Оқушыларды қима қағаздар арқылы, әділ -тәсілмен 3 топқа бөлдім.

ІІ Үй жұмысын тексеру:

Үлестірмелі қағаздар тараттым

(екеуара бағалау)

ІІІ Ой қозғау:

Үш топқа да бірдей баланың суретін бердім, яғни баланың бір жартысы ақ түсті, екінші жартысы қара түсті

(Оқушылар өздерінің ойларын бірігіп отырып, баланың жақсы мен жаман қасиеттерін алып шығып, оны қорғады)

ІV Мәтінмен жұмыс «Екі жартыдан тұратын бала»

Мәтінді мұқият оқып шығып, бір топ екінші топпен талқылайды, ал үшінші топ бақылаушы. Мақсаты: Біртұтас адам етіп шығару.

V Сұрақ – жауап:

- Сендер өмірлеріңде осындай адамды кездестірдіңдер ме?

- Мінсіз адам бар ма?

- Мінсіз адам қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Өздерің айтқандай адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер бар, бір адамның жақсы, жаман болып жүруі мүмкін бе?

- Өздеріңді қандай адаммын деп ойлайсыңдар?

- Олай ойлауға қандай себебің бар?

VІ Грамматиканы түсіндіру:

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Интерактивті тақта арқылы түсіндіру, мысалдар келтіру:

-Бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.

–а,е,й,қалы, келі,ғалы,гелі,ып,іп,п жұрнақтары арқылы жасалады. М: Әсел сабақта болып, біз оны көшеде күттік.

VІІ Жаттығулармен жұмыс:

Деңгейлік тапсырмалар:

Әр топқа ортаға деңгейлік тапсырмалар тастаймын, әр оқушы өзінің деңгейіне қарай таңдап алады

І деңгейлі сұрақтар:

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар

Менің арманым -... өсіп,... болу. Сол себепті ме спортқа... әуес болдым. Күнде... арқанға тартылып, арқан бойымен көтерілемін. Шынында, спорт адамның мінезін, жігерін... күшейтеді.

(Керекті сөздер: ерекше, кендір, қатты, үлкен, тез)

2. Сөйлемдерді толықтыр.

Мен онымен дұрыс сөйлессем, ол маған бәрін айт... еді. Сен қателеспесең, біз бұл тапсырманы уақытында өткіз... едік. Олар ерте келсе, бұл есепті шығарып қо... едік.

ІІ деңгейлі сұрақтар:

1. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндір

«Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ»

«Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман көлді былғар»

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем болатындай 4 сөйлем құрап жаз

ІІІ деңгейлі сұрақтар:

1. Мәтінді оқып, оның негізгі ойын анықта. Саған жақсылық жасаған адамдар болды ма?

Адамға өмір бойы естен кетпейтін жақсылық істеу, екінің қолынан келе бермейді. Күлнияз ағам мен Кәмила апам маған арнап үй салып, әкемнің құлаған шаңырағын көтеріп берді. Мұның өзі басқаларға керемет болып көрінбес те, бірақ бұл оқиғаға мен ерекше қараймын.

2. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндір

а) Биікке шықсаң көзің ашылады,

ә) Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады

б) Жақсы адам жолдасынан белгілі

VІІІ Сабақты қорыту:

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларға стикерлер тарату

Не үйрендім? Сізді не қызықтырды? Қандай қиыншылықтар болды?

Суммативтік баға шығару

Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен жақсылық, жамандық жайлы айтқан сөздерінен үзінді жаттау, ережені жаттау.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Екі жартыдан т?ратын бала

Автор: Шокаева Жанет Кырымовна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288862


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства