kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмысын талдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тұндыру процесі - судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмысын талдау»

Қызылорда облыстық Білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі



«Келісемін» «Бекітемін»

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________Жалғасова О.А Колледж директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________Тоқтамысова Д.Қ.

«___»_____________ 2017ж.






АШЫҚ САБАҚ













Тақырыпы: Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмысын талдау

Оқытушы: Райканова Гулжазира Талғатқызы





«Техникалық» пән

бірлестігінде қаралды

Хаттама №____

«____»_______2017ж.

Бірлестік жетекшісі:

_________Шалқарбаев А.Ө.















Қызылорда 2017

Сабақ жоспары

Күні: 10.04.2017ж

Тобы: С-14-9

Пәннің атауы: Сумен жабдықтау және су қайтару жүйелерін қалпына келтіру

ІІ.Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

  • студенттің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;

  • алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;

  • алған білімін іске асыруға баулу;

  • студенттерді іске өздері баға беруге, талдауға үйрету;

  • білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу.

Дамытушылық мақсаты:

  • құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципин ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;

  • оқу қабілетін дамыту (оқуға, жазуға, есептеуге, сызуға, конспект жасауға үйрету, сабаққа дайындалуда жинақтылықты, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру);

  • ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

  • еңбекке тәрбиелеу;

  • білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: Дәстүрлі

VІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

V. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, конспектілеу.

VI.Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейне көріністер, сызбалар.

VII. Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Журналға белгі соғу

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару



  1. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру (30 мин)

Оқушыларды екі топқа бөліп, үй тапсырмасы сайыс түрінде сұралады.

Топ басшыларын сайлаймыз. Топтарға таратпалар таратылып, сол бойынша оқушылар жауап береді.

1 таратпа

Ағынды суларды биологиялық тазарту қандай жағдайда қолданылады?

2 таратпа

Анаэробты тазарту әдісінің артықшылығы қандай?

3 таратпа

Биосүзгілер үшін жүктелетін материал ретінде қанадай материалдар пайдалану қажет?

4 таратпа

Биосүзгілер дегеніміз не?

5 таратпа

Биосүзгі қандай негізгі бөліктерден тұрады?

6 таратпа

Биосүзгінің жұмыс схемасы

7 таратпа

Биосүзгінің негізгі типтері

8 таратпа

Тамшылы биосүзгілер

9 таратпа

Мұнаралы биосүзгілер

10 таратпа

Аэросүзгілер

Енді топ басшыларының арасында сайыс өткіземіз. Топ басшыларына сұрақ қойылады олар иа немесе жоқ деп жауап беру қажет.

1-топ басшысына:

  1. Биосүзгі - ағынды суларды биологиялық әдіспен тазалау үшін салынған ғимарат па? иа

  2. Керегелерді сарқынды судан ерімейтін ірі қоқыстарды ұстап қалу үшін қолданады және кереге сарқынды суды толық тазартуға дайындайтын ғимарат болып табылады ма? иа

  3. Биосүзгілер үшін жүктелетін материал ретінде бетон немесе ағаш пайдалану қажет пе? Жоқ

  4. Екінші сатылы тұндырғышта мөлдірленген лас су өз ағысымен немесе арынмен биосүзгінің бетіне уақытылы жіберілетін бөлгіш қондырғысына түседі ме? жоқ

  5. Биологиялық сүзгілерді қабырғасы тұтас және қос табаны бар резервуарлар түрінде жобалау қажет пе? иа

  6. Биосүзгінің негізгі типтері тамшылы, мұнаралы, аэросүзгі ме? Иа

2-топ басшысына:

  1. Керегелерді сарқынды судан еритін ұсақ қоқыстарды ұстап қалу үшін қолданады ма? Жоқ

  2. Құм ұстағыштар сарқынды судың құрамындағы ауыр минералды қоспа бөлшектерін және құмды ұстауға арналған ба? Иа

  3. Тамшылы биосүзгілер ластанған су шығыны 1000 м3/тәу дейін болғанда қолданылады ма?

  4. Биосүзгілер үшін жүктелетін материал табиғи және жасанды материалдардың барлығы аязға төзімділікке жүргізілген сынақтардың кем дегенде 10 циклына төзуі тиіс пе? иа

  5. Анаэробты әдістің кемшілігі –пайдалану шығыстарының аздығында ма? Жоқ

  6. Сарқынды судың құрамында ауыр минералды қоспалар кездеседі,олар тұндырғыштар мен биологиялық әдіспен тазартатын ғимараттар жұмысына кедергі жасайды ма? иа



Жаңа сабақ жоспары (30 мин)



Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмысын талдау

Тұндыру процесі дегеніміз - судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі. Сонымен қатар судан салмағы аз бөлшектер судың бетіне қалқып шығады. Олар май, мұнай, бензин және тағы басқалар. Ластанған суды тұндыру процесі өте күрделі процесс. Себебі судың құрамындағы бөлшектердің және сұйықтардың тұтқырлығы әр түрлі болады.

Судың ағысына қарай бөлшектер бір-бірімен кездесіп үлкейіп қосылуы немесе қосылмауы мүмкін. Сонымен лас судың құрамындағы бөлшектер агрегатты тұрақсыз ортадан полидисперстік ортада болады. Биологиялық әдістердің ғимараттарының алдында тұндырған судағы қалқымалы заттардың концентрациясы С = 100 - 150 мг/л болу керек.

Тұндырғыштардың жіктелуі

Тазалау ғимараттарының технологиялық схемаларына байланысты тұндырғыштар былай жіктеледі:

I-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық тазалау әдісінің алдында қолданылады

II-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық тазалау әдісінен кейін қолданылады.

Жұмыс істеу принциптеріне байланысты тұндырғыштардың келесі түрлері болады:

1) ағысты тұндырғыштар - бұларда судың баяу ағысында тұндыру процестері жүреді;

2) мерзімімен тұндыратын тұндырғыштар - тұндыру процестері ағысы болмаған уақыттарда жүреді.

Судың ағысына байланысты:

а) көлденең - судың ағысы көлденең болады;

б) тік - судың ағысы төменнен жоғары;

в) радиалды - судың ағысы ортасынан шетіне қарай жүреді.

Тұндырғыштардың қатарына мөлдіреткіштер де жатады. Бұл ғимараттардың тұндыру процестері қалқымалы заттар өткенде жүреді.

Екінші сатылы тұндырғыштар аэротенкпен тазарған су арқылы түсетін белсенді лайды болмаса биологиялық сүзгіштерден түсетін биологиялық үлпекті тоқтату үшін қызмет етеді.

Екінші сатылы тұндырғыштар тік, көлденең және радиалды болады. Өткізу мүмкіншілігі ықшам тазарту станцияларда тік, ал үлкен және орташа станцияларда көлденең және радиалды екінші сатылы тұндырғыштар пайдаланылады. Тік екінші сатылы тұндырғыштардың конструкциясы бірінші сатылы тұндырғыштардан айнымайды, бірақ, биіктігі төмендеу болады.

Тік тұндырғыштардың есебі, олардың тереңдігі мен диаметрін судың берілген жылдамдығымен, тұндыру ұзақтығы арқылы анықталады.

Тұндырғыштардың конструкциясы

Көлденең тұндырғыштар.

Бұл тұндырғыштар лас судың шығыны 30000 м3/тәу артқанда пайдаланылады.

Артықшылығы:

1. Бұлардың бойынан ағын судың ағысының биіктігі аз;

2. Су тазарту тиімділігі;

3. Тұнбаны жинайтын бір механизмді бірнеше бөлігіне пайдалануға болады.

Кемшілігі:

Ені аз болғандықтан көп бөлімше пайдаланылады (ені 3-6 м);

Радиалды тұндырғыштар

Лас судың шығыны 30000 м3/тәу болғанда пайдаланылады. Бұл тұндырғыштардағы судың ағысы көлденең тұндырғыштардағы сияқты болады. Бұлар планда дөңгелек резервуарлар.

Артықшылығы:

1. Көлемі үлкен болғандықтан жалпы саны аз болады;

2. Су тазарту тиімділігі жоғары болады.

Кемшілігі:

Құрылыс құны қымбат. Себебі әрбір тұндырғышқа тұнба жинайтын айналмалы механизмдер пайдаланылады.

Тік тұндырғыштар:

Бұл тұндырғыштар судың шығыны 10-15 мың м3/тәулігінде болғанда пайдаланылады. Диаметрі 6-12 метрден артпайды, биіктігі 5-11 м.

Артықшылығы:

Жер асты сулары биік болғанда және жердің топырағы нашар, бос болғанда қолданылады. Пайдаланғанда өте қолайлы, қарапайым.

Кемшілігі:

Су тазарту тиімділігі төмен. 50%-тен аспайды.

Тік тұндырғыштар планда дөңгелек резервуар тәріздес, түбі конус тәріздес болып келеді. Лас су орталық құбырмен келіп тұндырғыштың ортасына дейін жоғарыдан төмен ағыс арқылы беріледі. Тік тұндырғышта лас су тазару дәрежесіне байланысты 30 минуттан 1,5 сағатқа дейін болады.

Түбіне жиналған тұнба 200 мм диаметрлі құбырмен гидростатикалық қысым арқылы алынып кетеді.

Тұнба нығыздағыштар

Екінші сатылы тұндырғыштарда тұнған белсенді лайдың ылғалдылығы 99,2 - 99,5% болады. Бұл лайдың негізгі бөлігі регенерацияға түсіп қайтадан аэротенкке беріледі - бұл лай рециркуляциялы лай деп аталады. Микроорганизмдердің қызмет ету нәтижесінде белсенді лайдың массасы үздіксіз көбейгендіктен артық белсенді лай пайда болады. Бұны рециркуляциялы лайдан бөліп келесі өңдеу ғимаратына (метантенкке, сусыздандыратын қондырғыға және ауылшаруашылықта пайдалану үшін) жібереді.

Жоғары ылғалды артық белсенді лайдың үлкен массасын метантенкке жіберу тиімсіз болғандықтан, оны қосымша нығыздайды. Бұл ғимарат тұнба нығыздағыш деп аталады. Қазіргі кезде аэрация бекеттерінде тұнба нығыздағыштар міндетті түрде керек.

Белсенді лайдың өсуі тазартылатын судың құрамындағы қалқымалы және еріген заттарға, бірінші сатылы тұндырғыштардың жұмыс істеу тиімділігіне байланысты. Бірінші сатылы тұндырғыштар неғұрлым жақсы істесе, соғұрлым белсенді лайдың артығы аз болады.

Ауыз суды тазарту (видео көрсетіледі).

Ағынды суды тазарту (видео көрсетіледі).


4.Жаңа сабақты бекіту (20 мин):

1. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға «Сиқырлы ұяшық» тапсырмасы беріледі.


2. Өткен тақырыптарды қайталау үшін және жаңа сабақты бекіту үшін сөзжұмбақ шешеміз.

Сөзжұмбақ


м

е

Т

а

н

т

е

н

к


м

Ұ

н

а

р

а

л

ы


к

ө

л

д

е

Н

е

ң




р

а

Д

и

а

л

д

ы

а

ғ

Ы

с

т

ы




д

Р

е

н

а

ж

д

ы

т

ұ

н

д

ы

р

Ғ

ы

ш




т

ұ

н

д

Ы

р

у


т

а

м

Ш

ы

л

ы


  1. Белсенді лайды рециркуляциялы лайдан бөліп келесі қандай өңдеу ғимаратына жібереді?

  2. Биіктігі 8-16 м дейін болатын және өткізу қабілеті 50000 м3/тәу дейін болған тазарту бекеттері үшін қолданылатын биосүзгі қандай?

  3. Лас судың шығыны 30000 м3/тәу артқанда пайдаланылатын тұндырғыш қандай?

  4. Судың ағысы ортасынан шетіне қарай жүретін тұндырғыштың түрі қандай?

  5. Судың баяу ағысында тұндыру процестері жүретін тұндырғыштың түрі қандай?

  6. Биосүзгіден сүзілген суды әкету үшін қандай қондырғы қолданылады?

  7. Аэротенкпен тазарған су арқылы түсетін белсенді лайды болмаса биологиялық сүзгіштерден түсетін биологиялық үлпекті тоқтату үшін қызмет ететін ғимарат қандай?

  8. Судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі?

  9. 1 м3 сүзгі жүктемесіне 0,5-тен 1 м3 дейін ластанған су келетін биосүзгітің түрі?

5. Үйге тапсырма: Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмысын талдау (оқып келу).

6. Сабақтың аяқталуын хабарлау(5 мин): Оқушыларды бағалап болғаннан кейін, сабақтың аяқталуын хабарлау.



Оқытушының қолы ___________








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмысын талдау

Автор: Райканова Гулжазира Талғатқызы

Дата: 17.06.2017

Номер свидетельства: 422202


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства