kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Грамматикалы? та?ырып: Сын есім.Сын есімні? т?рлері. Лексикалы? та?ырып: Достарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Лексикалы? та?ырып:  Достарым

Ма?саты: Сын есім туралы ма?л?мат беру,сын есімні? ма?ыналы? топтарына то?талу, граматикалы? та?ырыппен лексикалы? та?ырыпты байланыстыра отырып сын есімні? т?рлеріне то?талып,  дос, досты?  туралы ма?л?мат беру.

  1. білімділік— сын есімдерді? ма?ыналы? ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білу, досына сипаттама бере отырып, жа?а с?здерді ме?геру.
  2. дамытушылы?— о?ушыларды? ой ?абілетіне ?сер ету ар?ылы ?здігінен ж?мыс ?рекеттерін дамыту, тап?ырлы? ізденімпазды?, ал?ан білімдерін пайдалана білу ?абілетін арттыру;
  3. т?рбиелік — с?зді? ма?ынасына м?н беруге т?рбиелеу білім алу?а, о?ушыларды татулы??а, адал досты??а, сыйласты??а т?рбиелеу.


К?тілетін н?тижелер :

-Сын есім туралы ма?л?мат алады, ?андай с?йлем м?шелеріні? ?ызметін ат?ырытыны? аны?тай алады.

- досы туралы айтады; 
 -досыны? сырт келбеті мен мінезіне сипаттама береді; 
Саба? т?рі: аралас саба?.

Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, с?ра?-жауап

Керекті жабды?тар презентация, постер, т?рлі-т?сті ?а?аздар, маркерлер.

П?наралы? байланыс: орыс, а?ылшын тілі, музыка.?зін-?зі тану.
Саба? барысы: 
І.?йымдастыру кезе?і.

ІІ.?й тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жа?а саба?.


Психологиялы? дайынды? 
3 мин «Шатты? ше?бері» тренингін ?йымдастыру Психологиялы? орта ??ру ар?ылы, о?ушыларды? к??іл-к?йі к?теріледі. О?ушылар ше?берге т?рып бір-біріне жа?сы тілектер айтады. ?олпаштау 

Шо?андай ал?ыр бол!

Абайдай дана бол!

К?ндей жар?ырап ж?р!

Г?лдей жайнап ж?р!

Достары?а сыйлы бол!


Топ?а б?лу  
2 мин ?р т?рлі стикер  ?а?аз таратылады. Сол бойынша топтар?а б?лініп отырады.
?й тапсырмасын с?рау. Досы?ны? са?ан жаса?ан бір жа?сылы?ын ша?ын шы?арма етіп жазу/о?у.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Грамматикалы? та?ырып: Сын есім.Сын есімні? т?рлері. Лексикалы? та?ырып: Достарым »

Сыныбы: 6 «б» Күні: 10.10.2015ж. Мұғалімі: Карбозова Л.С. 
Сабақтың тақырыбы:

Грамматикалық тақырып: Сын есім.Сын есімнің мағыналық түрлері.

Лексикалық тақырып: Достарым

Мақсаты: Сын есім туралы мағлұмат беру,сын есімнің мағыналық топтарына тоқталу, граматикалық тақырыппен лексикалық тақырыпты байланыстыра отырып сын есімнің түрлеріне тоқталып, дос, достық туралы мағлұмат беру.

  1. білімділік— сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білу, досына сипаттама бере отырып, жаңа сөздерді меңгеру.

  2. дамытушылық— оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілетін арттыру;

  3. тәрбиелік — сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу білім алуға, оқушыларды татулыққа, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер :

-Сын есім туралы мағлұмат алады, қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқырытының анықтай алады.

- досы туралы айтады; 
-досының сырт келбеті мен мінезіне сипаттама береді; 
Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Керекті жабдықтар презентация, постер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер.

Пәнаралық байланыс: орыс, ағылшын тілі, музыка.өзін-өзі тану.
Сабақ барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.


Психологиялық дайындық 
3 мин «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. қолпаштау 

Шоқандай алғыр бол!

Абайдай дана бол!

Күндей жарқырап жүр!

Гүлдей жайнап жүр!

Достарыңа сыйлы бол!


Топқа бөлу 
2 мин Әр түрлі стикер қағаз таратылады. Сол бойынша топтарға бөлініп отырады.
Үй тапсырмасын сұрау . Досыңның саған жасаған бір жақсылығын шағын шығарма етіп жазу/оқу.


Кіріспе 

5 мин Интерактивті тақтадан достар туралы суреттер көрсету арқылы миға шабуыл жасау Оқушылар бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды. қолдау 
Негізгі бөлім 20 мин

 (Жақсы балалар демек бүгінгі сабақтың тақырыбы : Достарым

Балалар сендер білесіңдер оқулықта 2 тақырып болады 1 лексикалық. 2 грамматикалық тақырып енді бүгінгі мақсатымыз граматикалық тақырыппен лексикалық тақырыпты байланыстыра отырып сын есімнің түрлеріне тоқталып, дос,достар, достық туралы мағлұмат беру.)

Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөз, шылау, одағай. Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің қандай түрі бар?


Тақырыпты ашу сұрақтары:

1Сенің досыңның аты кім?

Дос деген кім?

Ол қандай қасиеттерімен көзге түседі?

Саған оның мінезіндегі қандай қасиеттер ұнайды?

Оның бойында ұнамайтын қасиет бар ма?

Досыңа қандай ақыл бересің?

1.Жаңа сөздермен жұмыс.

Шешен – искусный оратор адал- честный амал – вынужденный дана-мудрый ізетті- учтивый шыншыл-правдивый

Әділ-справедливый парасатты – порядочный, понятливый, здравомыслящий

Мына сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құру. : адал дос /сын есімді табу/

2. Мәтінмен жұмыс. Тақтамен жұмыс.

Достық Терме диктант /мәтін ішінен сын есімді теріп жазамыз/

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде оның замандастары:

-Достық нешеу?- деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:

-Достықтың екі түрі болады.Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық .

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

-Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.


3.Сызбаны толтыру. А4 формат

«Нағыз достың белгісі» сызбасын толтырады. Топтағы оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлеседі, ойларын айтып, қорытынды жасайды.


Керекті сөздер: жаны таза, ұқыпсыз, мейірімсіз, жүзі жылы, ақылды, парасатты, адал, қол ұшын беруге дайын, өтірікші.


Нағыз достың белгісі











ЕРЕЖЕ: Заттың түр-түсін, сын-сипатын, сапасын, салмағын, көлемін дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.Сұрақтары: қандай? қай?

1.Тұлғасына қарай:

Негізгі сын есім – бөлшектенбейтін түбір сын есім: жақсы, әдемі, кең, суық.

Туынды сын есім – жұрнақпен жасалады: қысқы, сөзшең, оқымысты, өткір, қазақы, тарихи

2.Құрамына қарай :

Дара- бір ғана түбірден тұрады: ақ, тар, мол, кіші, бойшаң, баласыз

Күрделі- кемінде екі сөзден тұрады: ұзын бойлы, жип-жинақы, қызыл ала

3.Мағынасына қарай:

Сапалық – сындық белгіні анықтайтын төл сын есім: сұр, үлкен, қызылдау

Қатыстық – басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім: тұзды, ақшалы


5.Топтық жұмыс 

Мінез- адамның ішкі болмысы.Адам бойындағы көзге көрінбес қасиеттері. Осы қасиеттердің жиынтығы мінез деп аталады.


1-топ –Досымның мінезі /2 топ кім екенін табады/ 3 тілде
2-топ –Досымның сырт келбеті /1 топ кім екенін табады/

Осы сөйлемнің ішінен сын есімдерді табу.
Жұптық жұмыс 
(диалог құрастыру) 

Диалогта қолданған сын есімдерді тауып,сұрақ қояды, 
Берілген сын есімдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырып жазады. Топ болып талқылайды, постерге жазады, бір-бірінің жазғандарына сыни қарайды. Топ болып қорғайды. 
6.Пирамида әдісі.








Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырады (адал, ізетті, мейірімді, ақылды, шыншыл, әділ), сөйлемдерді дәптеріне жазады, оқиды. мадақтау 
7.Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.


8.Мақал-мәтелдің жалғасын табу /мағынасын ашу/

1 Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам. Жить без друзей, что есть пищу без соли.

2Досы көпті жау алмайды. Много друзей враг не одолеет,

Ақылы көпті дау алмайды. Умного спор не одолеет

3Жаңа дос келгенде,   Увидев у тебя нового друга,

Ескі достың көзінен жас шығады старый роняет слезу.

4.Дос сыртыңнан мақтар, Друг хвалит за глаза,

Дұшпан көзіне мақтар. Недруг – в глаза

5.Жақсы дос үшін жан пида. Ради хорошего друга жизни не жалко.

6.Жаман дос – көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.

Не тот друг, кто на пару гуляет, а тот, кто в беде помогает.


9.Бекіту  Тест сұрақтары

1.Адамға ақыл беретін қандай дос?

А.адал +

В. арам

С.жаман

D. дос ақыл бермейді

2.Қатыстық сын есім қайсы?

А. адал

В.әдемі

С.үлкен

D.ақылды +

3.Жүз теңгең болғанша, ... .

А.жүз сомын болсын

В.жүз досың болсын +

С.жүз жауың болсын

D. екі досың болсын

4.Мінез дегеніміз не?

А.адамның түрі

В. адамның жақсы қасиеті

С. адамның ішкі болмысы +

D. адамның сөзі

5.Білімді, еңбекқор қандай сын есімдер?

А. қатыстық +

В. сапалық

С.негізгі

D. салыстырмалы

6. Достың жақсы қасиетін атаңдар.

А. ашушаң

В. өтірікші

С. мақтаншақ

D. сенімді +

10. Ән «Жан досым» әні /хормен/

Қорытынды:

Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

Құрметті оқушылар! Осындай құрмет тұтар, адал, шын жанашыр достарың көп болсын, достарыңды құрметтеп, олармен әрқашан тату болыңдар!


Тақырыпты қорытындылай келе 
Үйге: «Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазғызу 


Бағалау. Түрлі түсті алақандар арқылы сабақты бағалау. Стикер жабыстырады.

Не білем? Не білдім? Не білгім келеді?


Қорытындылау: ал ені сабақты қорытындылаймыз


Бүгінгі сабақта не білдік?

Не туралы сөйлестік?

Сын есім дегеніміз не?

Сын есімнің қандай түрлері?

Дос, достар деген кім?

Дос қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Достықтың қандай түрлері болады?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Грамматикалы? та?ырып: Сын есім.Сын есімні? т?рлері. Лексикалы? та?ырып: Достарым

Автор: Карбозова Лязат Сагындыковна

Дата: 31.10.2015

Номер свидетельства: 246215


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства