kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есту жолы,есту сүйектері.Иірім түтігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Стационарда жатқан пациентке дәрілік заттар арнайы талап қағазында жазылады (ф. №434/у). Дәрігер пациеттерге тексеріс жасап, ауырыуын емдеу мақсатында, оларға керекті дәрілік заттардың мөлшерін күніне қанша, қалай және қай жерге енгізу керек екендігін анықтап,  дәрілік заттарды пациенттің медициналық картасына (ф.№003/у)  және дәрігердің нұсқау қағазына жазып қойады(ф. №004-1/у).

    Бөлімшелік Медбике әр пациентке арналған дәрілік заттардың санын, бар-жоқтығын дәрігердің нұсқау  қағазынан қарап, апта сайын посттан тексеріп тұрады.Пациентке парентеральді жолмен енгізуге арналған дәрілік заттарды дәрігердің нұсқау қағазы бойынша егу бөлмесіне Медбикеге өткізеді.Дәрілік зат жетпесе немесе жоқ болса егу бөлмесінің Медбикесі мен бөлімше Медбикесі мемлекеттік және орыс тілінде жазып талап қағазын өткізеді.

    Аға Медбике бұл қағазбен танысып бөлімшенің меңгерушісіне қол қойғызып дәріханадан 3 данадан дәрілік заттарды алады. Талап қағазы реті бойынша жыл басталғаннан бастап номерленеді. Талап қағазында дәрілік заттардың толық аты, дозасы, дәрілік пішіні, қапталуы және саны жазылады. Бұдан бөлек  дайын дәрілік заттар, эксперементтегі дәрілік заттар, таңуға арналған материалдар, наркотикалық, улы дәрілік заттар, этил спирті басқа талап қағазына жазылады. бөлімшеде дәрілік заттар 3 күнге артығымен болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есту жолы,есту сүйектері.Иірім түтігі»

Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау,

тарату, қолдану әдістері.


Стационарда жатқан пациентке дәрілік заттар арнайы талап қағазында жазылады (ф. №434/у). Дәрігер пациеттерге тексеріс жасап, ауырыуын емдеу мақсатында, оларға керекті дәрілік заттардың мөлшерін күніне қанша, қалай және қай жерге енгізу керек екендігін анықтап, дәрілік заттарды пациенттің медициналық картасына (ф.№003/у) және дәрігердің нұсқау қағазына жазып қойады(ф. №004-1/у).

Бөлімшелік Медбике әр пациентке арналған дәрілік заттардың санын, бар-жоқтығын дәрігердің нұсқау қағазынан қарап, апта сайын посттан тексеріп тұрады.Пациентке парентеральді жолмен енгізуге арналған дәрілік заттарды дәрігердің нұсқау қағазы бойынша егу бөлмесіне Медбикеге өткізеді.Дәрілік зат жетпесе немесе жоқ болса егу бөлмесінің Медбикесі мен бөлімше Медбикесі мемлекеттік және орыс тілінде жазып талап қағазын өткізеді.

Аға Медбике бұл қағазбен танысып бөлімшенің меңгерушісіне қол қойғызып дәріханадан 3 данадан дәрілік заттарды алады. Талап қағазы реті бойынша жыл басталғаннан бастап номерленеді. Талап қағазында дәрілік заттардың толық аты, дозасы, дәрілік пішіні, қапталуы және саны жазылады. Бұдан бөлек дайын дәрілік заттар, эксперементтегі дәрілік заттар, таңуға арналған материалдар, наркотикалық, улы дәрілік заттар, этил спирті басқа талап қағазына жазылады. бөлімшеде дәрілік заттар 3 күнге артығымен болады.

Улы, наркотикалық заттар, этил спирті латын тілінде, саны цифрмен, қолмен жазылады (прописью), 4 – данадан арнайы бланкада штамппен,в емду мекемесінің басшысының немесе оның орынбасарының қолы және мөрі басылуы тиіс. Улы және наркотикалық заттарды және тіркеудегі барлық дәрілік заттарды жазғанда- пациенттің мединалық картасының номері, пациенттің аты-жөні, диагнозы және енгізу түрі жазылуы тиіс. Ал қабылдау, травматология, хирургия, реанимация бөлімдеріне пациенттің ауру тарихының номерін жазбай «шұғыл жағдайға қолдануға арналған» - деген белгімен 5 күнге жететіндей етіп тапсырыс береді.

Дәріханада бар дәрілік заттарды аға Медбике күн сайын алып отырады, ал дайын емес дәрілік заттарға тапсырыс беріп, келесі күні келіп алады. Аға Медбике дәрілік заттарды дәріханадан алғанда оларды талап қағазымен салыстырады және түрін, түсін, формасын, жазуын, дозасын, жарамды мерзімін тексеріп, мұқиат қарап тапсырысты беруші фармацефтың қолы қойылғандығына көз жеткізеді. ( ҚР ДСМ 7.04.2005 жылдан бастап №173 бұйрығы.«

»пмиимиао

«А» және «Б» тобының дәрілерінің сақталуы

Наркотикалық дәрілер оқшауланып кіруге тыйым салынған арнайы құлпыланатын бөлмеде сейфте сақталады:

Улы дәрілік заттар бөлек металл шкафта құлпыланып сақталады;

Металл шкафпен сейфтің есігінің ішкі жақ беетінде «А» тобының дәрілік заттары екендігі және жоғарғы дозасы мен тәуліктік дозасы жазылуы керек;

«А» тобының дәрілік заттары артығымен болмауы керек, улы – 5 күнге, наркотикалық – 3 күнге, әсері қатты – 10 күнге;

Әсері қатты дәрілік заттар бөлек ағаш шкафта құлыппен «Б» тобының дәрілік заттары деген жазумен жазылады.


Дәрілік заттарды бөлімшеде сақтау ережесі.

Дәрілік заттарды сақталуын, шығынын, таратылуын, дәрігердің нұсқауы, барлығын қадағалайтын және жауапты бөлім меңгерушісі. Дәрілерді сақтау олардың түрлеріне және қабылдаудағы ерекшелігіне байланысты сақталады. Қай шкафта болмасын ішінде «сыртқа қолдануға арнадған», «ішке қолдануға арналған», «парентральді жолмен енгізілетін» - деген жазулар болады. Залалсыз ерітінділер ампулада және фдаконда шығарылатын препараттарды көкілдір этикетка болуы тиіс және оларды егу бөлмесінде әйнек шкафта, бірінші қатарда сақталынады- шокка қарсы қобдиша, екінші қатарда антибиотиктер және оның еріткіштері, үшінші полкада «А» және «Б» топтарына кірмейтін ампуладағы дәрілер сақталады. Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға арналған витаминдер, дибазол, папаверин, магни сульфаты т.б. дәрілер төртінші қатарда тамшылатып құйуға арналған сұйықтықтармен бірге сақталады. Постыдағы Медбикенің тартпасында құлыппен ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілер сақталынады. Барлық дәрілік заттар қолай және қандац кезде қолдануғаболатындығы жазылып бөлек бөлек жиналады, іздегенде тез табылатындай болуы тиіс.

Иісі өткір дәрілерді бөлек сақтайлы. Ал тоңазытқышта (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар, ) сонымен қатар маздар, вакцина, сыворотка (t° дан +2°С ға дейін +10°С) сақталады.


Дәрілік заттарды тарату ережесі

Дәрілік заттарды таратарда Медбикенің барлық әрекетіндегідей гигиенаны сақтау қажет.Дәрілік затты таратпас бұрын қолды гигиналық тұрғыда өңдеу.

Жылжымалы столға латокка, сұйық дәріні флаконда, әр флаконға арналған пипеткалар, дәрілік затты қабылдауға арналған стакандар, су құйылған құмыра, таблеткаларды таратуға арналған пинцеттер, қайшыны қойу керек.


Дәрілік нұсқау қағазымен танысу.

Дәрігердің нұсқау қағазда дәрілердің толық аталуы, дозасы, енгізу түрі және енгізу уақыты, пациенттің аты- жөні толығымен жаз ылуы керек. Дәрілік заттарды таратқанда басқа нәрсеге көңіл аударуға болмайды өте мұқиат болу керек. Дәрігердің нұсқау қағазымен салыстарып мұқиат дауыстап мерзімін, дозасын, дәрілік заатың аталуын оқып шығу керек. Флакондағы дәрілік затты арнайы қасықпен немесе пинцетпен алу керек. Сұйық дәрілердің дозасын қатаң түрде сақтау керек, ол үшін өлшейтін стакан немесе пипентка қолдану ыңғайлы. Егер дәрілік затты күніне бірнеше рет ішуге болатын болса, онда ардағы уқытты қатаң сақтау керек. Нақты уақытымен ішілуі тиіс. Медбике дәрілерді таратқанда пациенттің платасы, аты-жөні жазылған ұйашыққа, оған дәрігернұсқаған дәрі екендігіне мұқиат көз жеткізіп барып, нақты уақытымен таратады.


Тест тапсырмалары


I – вариант


  1. Микстуралар, қайнатпалар, сары сулар, вакциналар, майлар, суппозиторийлар сақталады:

  1. аға Медбикенің медициналық шкафында

  2. егу кабинетіндегі медициналық шкафта

  3. тоңазытқышта (t+2 –0C, t+14 –0C)

  4. постағы медициналық шкафта

  5. сейфте


  1. Ауруханада улы, есірткілік және қатты әсер ететін дәрілердің қоры мүмкін болатын күнделікті қажеттіліктен аспауы керек:

  1. улы-5, есірткелік -3, қатты әсер етуші-10

  2. улы-3, есірткелік -5, қатты әсер етуші-10

  3. улы-10, есірткелік -3, қатты әсер етуші-5

  4. улы-3, есірткелік -10, қатты әсер етуші-5

  5. улы-3, есірткелік -5, қатты әсер етуші-10


  1. Дәріханадан дәрі-дәрмектерді жаздырып алу және алуды жүргізеді:

  1. аурухананың аға Медбикесі

  2. бөлімнің аға Медбикесі

  3. палаталық Медбике

  4. бөлім меңгерушісі

  5. бас дәрігер


  1. Дәріханадан дәрі-дәрмектерді алатын талаптар жазылады:

  1. 3 данадан

  2. 1 данадан

  3. 2 данадан

  4. 4 данадан

  5. 5 данадан


  1. Егу кабинетінің медициналық шкафында сақталатын дәрі –дәрмектер :

  1. суспензиялар

  2. улы дәрілік заттар

  3. наркотикалық дәрілер

  4. әсері қатты дәрілік заттар

  5. антибиотиктер және физиологиялық ерітінділер


  1. Тоңазытқышта сақталатын дәрілік заттар:

  1. ұнтақтар

  2. жапсырма

  3. таблеткалар

  4. балауыздар

  5. антибиотиктер






  1. Медбике улы, есірткілік дәрілік заттардың шығындарын есептеу ережесін бұзғанда мүмкін болатын жауапкершілік:

  1. сөгіс

  2. ескерту

  3. қатаң сөгіс

  4. әкімшілік жаза

  5. қылмыстық жауапкершілік


  1. Ашқарынға қабылдауға тағайындалған дәрі –дәрмектерді пациент қабылдайды:

  1. астан кейін 15- 20 мин бұрын

  2. күндіз 30-60 мин бұрын түскі тамаққа дейін

  3. күндіз 30-60 мин бұрын кешкі тамаққа дейін

  4. таңертең 15 мин бұрын таңертеңгі тамаққа дейін

  5. таңертең 30-60 мин бұрын таңертеңгі тамаққа дейін


  1. Тез бұзылатын тұнбалар қайда сақталады:

  1. 1 тәулік

  2. 3 тәулік

  3. 10 тәулік

  4. 15 тәулік


  1. Улы дәрілер сақталған сейфтің кілті кімде болады:

  1. аға Медбикеде

  2. бөлім меңгерушісінде

  3. кезекші Медбикеде

  4. дәрігерде





Тест тапсырмалары

II – вариант


  1. Құрамына май кіретін дәрілер, балауыздар қайда сақталады:

  1. сейфте

  2. шкафта

  3. тоңазытқышта

  4. тумбочкада


  1. Түймедақтар (таблеткалар), ұнтақтар қайда сақталады:

  1. кезекші Медбикенің шкафтарында

  2. сейфте

  3. дәрі егу кабинетінде

  4. таңу бөлімінде


  1. Талап қағазы қай тілде жазылады:

  1. қазақ тілінде

  2. орыс тілінде

  3. ағылшын тілінде

  4. латын тілінде


  1. Түймедақтарды қалай қабылдайды:

  1. тері арқылы, сыртқы әдіспен

  2. ауыз қуысы арқылы «per os»

  3. тік ішек арқылы

  4. парентеральды әдіспе


  1. Тік ішекке дәрмектерді қабылдау латын тілімен қалай аталады:

  1. «per os»

  2. «sub lingua»

  3. «per rectum»

  4. барлық жауап дұрыс


  1. «А» тобындағы дәрілерге талап ету қағазын кезекші Медбике аға Медбикеге неше дана епіп толтыру керек:

  1. 2 дана

  2. 3 дана

  3. 4 дана

  4. 1 дана


  1. «А» тобындағы дәрілерді дұрыс сақтамағанда Медбике қандай жазаға тартылады:

  1. заң алдындағы жазаға

  2. әкімшілік тарапынан

  3. азаматтық жазаға

  4. әріптестер тарапынан


  1. Стационарда жатқан пациентке дәрілік заттар арнайы талап қағазында жазылады

a) ф. №434/у

b) ф.№003/у

c) ф. №004-1/у

d) Ф-058/у

e) Ф-060/у

Тест тапсырмалары

ІІІ-нұсқа

    1. Энтералды жолмен ағзаға қалай енгізеді?

  1. ауыз арқылы

  2. теріге

  3. тыныс жолдары арқылы

  4. тері ішіне

    1. Ингаляциялық жолмен:

  1. таблеткаларды

  2. ұнтақтарды

  3. аэрозольдарды

  4. тұнбаларды

    1. Тік ішекке қандай дәріні енгізуге болады?

  1. ұнтақтарды

  2. балауыздарды

  3. майларды

  4. таблеткаларды

    1. Сублингваллдық енгізу деп:

  1. тік ішек арқылы енгізу

  2. тыныс жолы арқылы енгізу

  3. ауыз арқылы енгізу

  4. тіл асты арқылы енгізу

    1. Құртқа қарсы дәріні қалай қабылдайды?

  1. тамақтың алдында

  2. тамақтан кейін

  3. тамақпен бірге

  4. ұйықтар алдында

    1. Энтеральды әдіспен дәрілік затты енгізудің қолайлы жағдайын көрсет:

  1. қабылдауға ауыр емес

  2. әр адам әр түрлі қабылдайды

  3. арнайы дайындықты талап етпейді

  4. қолайлы жағдайы жоқ

    1. Пластыр қандай ауруда қолданылады?

  1. бас ауырғанда

  2. жүрек ауырғанда

  3. барлық ауруларда қолдана береді

  4. бел ауырғанда

    1. Ұйықтататын дәріні қалай қабылдайды?

  1. тамақпен бірге

  2. ұйықтар алдында

  3. тамақтан кейін

  4. ұйықтайын деп жатқанда

    1. Дәрілерді энтеральды жолмен енгізуге не жатады?

  1. тіл астына

  2. көзге

  3. мұрынға

  4. тері астына

    1. Ауыз арқылы ( пероралды ) енгізуге не жатады?

  1. пластыр

  2. балауыз

  3. майлар

  4. таблетка




ІV -нұсқа

  1. Мейірбике пластырды қолдану алгоритмінде қандай іс-әрекетті жасаған жоқ:

А. процедура мақсатын түсіндіруді

Б. қолын жууды

В. теріні спиртпен сүртуді

Г. пластырдың қорғаныш пленкасын алуды

  1. Мейірбике дәрілік затты көзге енгізу алгоритмінде қандай іс-әрекетті жасаған жоқ:

А. процедура мақсатын түсіндіруді

Б. басын артқа шалқайтуды

В. төменгі қабақты тартуды

Г. науқастан жоғары қарауын сұрауды

Д. 1-2 тамшы тамызуды

Е. ертінді қалдықтарын сүртуді

  1. Мейірбике дәрілік затты мұрынға енгізу алгоритмінде қандай іс-әрекетті жасаған жоқ:

А. процедура мақсатын түсіндіруді және қолын жууды

Б. басын артқа және оң иыққа шалқайтуға

В. сол жақ мұрын қуысына 3-4 тпмшы тамызуды

Г. оң жақ мұрын қусысна тамызу алгоритмін қайталауды

Д. қолын жууды

  1. Мейірбике мазь жағуда қандай іс-әрекет жасаған жоқ:

А. процедура мақсатын түсіндіруді

Б. қолын жууды

В. мазьдың керекті мөлшерін алып, жеңіл айналма қимылмен жасауды

Г. науқасты жылылап жабуды

Д. қолын жууды

5. Мазь жағу процедурасын сәйкестендіру.

  1. науқасқа процедура барысын түсіндіру

  2. қолды жуу

  3. мазьды ысқылап жағу

  4. дәрінің атын оқу

  5. мазь жағылатын аймақты қарау

  6. қолды жуу және біраз уақыттан соң науқастан ауырсыну немесе дискомфорт бар-жоғын сұрау

  7. Дәрілік затты ингаляциялық жолмен қолдану әрекетін дұрыс сәйкестендіру.

  1. дәрінің атын оқу

  2. мундштукты ернімен тығыз орау

  3. терең дем шығару

  4. ингаляторды шығарып, демді 10 секунд ұстап тұру

  5. ауыз арқылы терең дем алып, ингалятордың түбін басу

  6. бронх демікпесі ұстамасында осы уақытқа дейін қанша доза қабылдағанын сұрау

  7. қақпағын ашу

  8. баллонды төмен қарату және шайқау

  9. науқасқа 1 сағатқа дейін тағам және сусын қабылдасауын ескерту

Ситуациалық есептер


1-есеп

Палаталық Медбике егу кабинетінің Медбикесінің орнына пациенттерге нұсқау қағазына қарамастан өз бетінше, бұлшық етке антибиотик енгізді. Палаталық Медбикенің іс- әрекеті дұрыс па? Неге дұрыс, немесе керісінше неге дұрыс емес? Талдау жүргізіңіз.


2-есеп

Наркотикалық заттар егу кабинетіне өткізілсе дұрыс па, егу кабинетіне неге өткізуге болмайды?


3-есеп

Балауызды посттық Медбикенің шкафында сақтады, ал оны көрген бөлім меңгерушісі ескерту жасамады. Дұрыс па? Әрекетті талдаңыз.





 



Карточка №1.

Дәрілік заттарды қолданылуы бойынша бөлінеді

1.

2.

3.

4.




Карточка №2.


Дәрілердің түрлері


«А»



«Б»





Карточка № 3.


Химиялық зарарсыздандыру әдістері

1.

2.

3.




Карточка № 4.




Дәрілік заттарды сақтау орындары

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.




Карточка № 5.

Егу бөлмесінің Медбикесінің жұмысына кіреді







Карточка №1.


Дәрілік заттарды қолданылуы бойынша бөлінеді

1.

2.

3.

4.


Карточка №2.


Дәрілердің түрлері






Карточка № 3.


Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау алгаритмі







Карточка № 4.

тұндырманы, қайнатпаны, микстураны












Карточка № 5.

мұрынға және көзге дәрілік тамшы тамызу алгаритмі





Ситуациалық есептер


  1. Мейірбике халі ауыр науқастың терісіне пластрды қолдану емшарасын жүргізіп жатыр,науқасқа емшараны түсіндірді де пластрдың жұқа қабатын алып оны науқастың терісіне жабыстырды.

Мейірбикенің қателіктерін айтыңыз?



  1. Мейірбике науқастың көзіне дәрілік тамшы тамызуда,бірінші оң көзіне содан киін бірден сол көзіне тамызды.

Мейірбике қандай қателік жіберді?


Сөйлемді мағынасы бойынша аяқтаңыз


  1. нұсқа



  1. Дәрілік заттарды ............................ жолына байланысты сақтау қажет.

  2. « А » тізіміндегі дәрілер ................................... сақталады.

  3. Тез бұзылатын дәрілік заттардың ( тұнбалар мен қайнатпалар) жарамды мерзімі...........................

  4. Спиртті ерітінділерді ( тұнбалар мен экстракттарды ) ..................алдын алу мақсатында жақсы жабылатын флаконда сақтау қажет, себебі олар концентрацияланын....................... шақырту мүмкін

  5. Қатты....................... және дәрілерді басқа дәрілермен сақтауға болмайды

  6. Дәрілік заттарды парентеральды жолмен енгізу дегеніміз........................

  7. Дәрілерді тері арқылы енгізу дәріні енгізудің..................... жолына жатады

  8. Мұрынға дәрі тамызу дәріні енгізудің................... жолына жатады.

  9. Көетамырдаға тамшылатып құю-бұл дәріні енгізудің...................... жолы.

  10. Мазьды таңу дәріні енгізудің........................ жолына жатады

Сөйлемді мағынасы бойынша аяқтаңыз


2-нұсқа



  1. Парентеральды түрде енгізуге арналған препараттар..........................кабинетінде сақталады

  2. Тұнбалар мен қайнатпалар......................сақталады.

  3. Тоңазытқышта арнайы температураны талап ететін дәрілік заттар сақталады.


  1. ..................

  2. ..................

  3. ..................

  1. Жарақаттың әсерінен бұзылатын дәрілік заттар......................флаконда шығарылады.



  1. Дәрілік заттарды дұрыс сақтамаса олар өздерінің ....................... әсерінен жоғалтуы және...................... шақыруы мүмкін



  1. Дәрілік заттарды ас қорту жолдары арқылы енгізу.............................. деп аталады.



  1. Тәжірибеде тек инъекциялар мен көктамырға ..........................парентеральды жол деп атайды.



  1. Таблеткалар мен ұнтақтарды ............................ жолмен енгізеді.



  1. Аэрозольдарды қолдану дәріні енгізудің..................... жолына жатады.



  1. Балауызды қолдану дәріні енгізудің......................... жолына жатады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Есту жолы,есту сүйектері.Иірім түтігі

Автор: Керимбаев Айдын Асетович

Дата: 17.09.2020

Номер свидетельства: 557727


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства