Болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі "»
.
Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі
Болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін , маңызын қалыптастыру , яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды
Орал қаласындағы Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарастарын қалыптастыру, табиғат сұлулығын сезіну арқылы,қоршаған ортаға деген сұлулық сезімдері мен қарым-қатынастарын,жоғары мәдениеттілігін шыңдау бағытында жұмыстанып келеді. «Экомектеп» экологиялық жобасы аясында түрлі акция,экопроект,экокөрме т.б шаралар оздырылуда.
Сәуір айында қаламыздағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында гимназия оқушылары қала тұрғындарынан қала тазалығы, қоршаған орта туралы сұхбат алды.Туған қаламыздың сұлулығын,тазалығын сақтауға шақырған үндеу таратып ,қала тұрғындарын елең еткізді.
Ал гимназияда өткен «Тұрмыстық қалдықтарға –екінші өмір» атты қолөнер көрмесінде әр түрлі қалдық материалдардан түрлі бұйымдар жасап ,өз қиялдарына ерік берді.
Гимназиядағы экологиялық шараларға ата-аналар да белсенділік танытып жүргенін атап өткен жөн.Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Макулатураны тапсыр да ,ағаштың өмірін сақтап қал» акциясы барысында оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып 1күнде 331 кг қағаз қалдықтарын тапсырды. Ал « Менің бағым-менің аулам»,»Өзіңнен баста» акциялары аясында мектеп ауласында жеміс көшеттерін отырғызып, мектеп ауласының көгалдандырып,абаттандыруда өз қолтаңбаларын қалдырды.
Гимназия оқушылары экошараларға қатыса жүріп,қайырымдылықтың да үлгісін көрсетіп жүр.Атап айтар болсақ, қараша айында «Жақсылық жаса»пластикалық қақпақшаларды жинау акциясын өткізді.Акция барысында қақпақшаларды жинау,қабылдау пунктіне тапсыру немесе қақпақшалардан массажды кілемше жасау мақсат етілді.Жасалған кілемшелерді қаламыздағы «Асыл Мирас» балалар аутизм орталығындағы балаларға сыйламақшы.Қақпақшаларды қоқыс жәшігіне тастамай, жинап,тапсырып,игілікті іске үлес қосты.
Аталмыш шаралар еліміздің болашақ ұрпақтарының кез келгені экологиялық сауатты, мейірбан, табиғатпен жан дүниесі үйлескен , дүниетанымы кең болып тәрбиеленуіне ықпал етері сөзсіз.
Экологиялық тәрбие бір –екі сабақта немесе бір-екі шарамен беріліп қана қойылмайды. Экологиялық тәрбиені үнемі,өмірдің әр сағатында үйрету керек. Өйткені, экологиялық сауатты кісі табиғатқа өз зиянын тигізбейді, керісінше оны қорғап аялайды.
Рсаева М.Т –ЭБМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Орал қаласы