kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дыбыстарды? ?ндесуі, ?ндестік за?ы. Мені? маманды?ым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка предназначена для учителей казахского языка в русских классах.

Саба?ты? ма?саттары:

Білімділігі:  Дыбысты? ?ндестігі, ?ндестік за?ы бойынша м?лімет беру,  А?паратты? ж?йешілер, ба?дарламашылар туралы т?сінік беру.

Дамытушылы?ы: Білім алушыларды   сауаттылы? пен м??ияттылы??а ?йрете отырып,  с?здік ?орларын молайту, тіл байлы?тарын жетілдіру.

Т?рбиелілігіБілім алушыларды?   бойына  адамгершілік  ?асиеттерді  дамыта отырып, жолдасты??а, жауапкершілік пен білімділікке  жетелей келе,  ?з Отанын с?йетін на?ыз адал маман болу?а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дыбыстарды? ?ндесуі, ?ндестік за?ы. Мені? маманды?ым »

«Қаржы академиясы» АҚ колледжі















«Қазақ тілі»

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Дыбыстардың үндесуі, Үндестік заңы. Менің мамандығым»



Келісілді:

колледж әдіскері

_______ З.С. Жүнісова

Құрастырған: М.Т. Бебезова



«Тілдер пәндері» циклдік

комиссиясының отырысында

қарастырылды.

Хаттама №

«____» ___________ 2014ж

________ Б.Қ. Төлеубаева








Астана 2014

Оқытушы: Бебезова М.Т,

Пән: Қазақ тілі

Мамандық, топ: 1ИС-114 , білім алушылардың саны- 12

Тақырыбы: Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы, Менің мамандығым

Күні 17.09.14

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы бойынша мәлімет беру, Ақпараттық жүйешілер, бағдарламашылар туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Білім алушыларды сауаттылық пен мұқияттылыққа үйрете отырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Білім алушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, жолдастыққа, жауапкершілік пен білімділікке жетелей келе, өз Отанын сүйетін нағыз адал маман болуға тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, есте сақтау, ойқозғау, қызығушылығын ояту, сауаттылық тексеру, ақыл- ойын ұштастыру, ой қорыту.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Көрнекілік: Үлестірмелі қағаздар, сурет, дәріс материалдары, слайд, оқулық.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті ( 3мин.)

а) Амандасу, оқушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын

тексеру, сабақ өткізу жоспары

ә) кезекшімен сұхбат

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( 7 мин.)


а) «Ақыл- ойын ұштастыру» (Білім алушылар дайындаған үй жұмысын тексеру )

ә) «Ой қозғау» стратегиясы. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру ( 10мин)

  1. Қазақ тілінде қандай жалғаулар бар? (Септік, көптік, жіктік, тәуелдік)

  2. Септік жалғау нешеге бөлінеді? (7) Қандай түрлері бар.(атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) Написать письмено ск


  1. Тәуелдік жалғауды ата.1 жақ-м, -ім, -ым. 2жақ-ң, -ің,-ың, 2 жақ-ңыз, -ңіз,-ыңыз, -іңіз, 3жақ-сі,-сы, -і, ы. Написать письмено ск

  2. Жіктік жалғаудың жасалу жолын айт. 1 жақ-мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін. 2жақ -сың,- сің. 2 жақ-сыз,-сіз.3 жақ- 0 Написать письмено ск


  1. Қазақстан Респ-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды?

  2. Қазақ тілі туралы не білесіз?

  3. ҚР нешінші жылы өз тәуелсіздігін алды?

  4. ҚР рәміздері туралы не білесіз?

  5. Қазіргі кездегі жас маман қандай болу керек? Өз ойларын айту.


Осы біздің кең-байтақ жеріміздің тәуелсіздігін қазақ халқы, жалпы айтқанда біздің ата бабаларымыз аңсап, қол жеткізді. Осы еліміздің тәуелсіздігін өз білімімізбен, әр қашан биік көтеру - біздің міндеттерімі

Бүгін біздің сабағымыздың грамматикалық тақырыбымыз Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы



ІІІ. Жаңа сабақ ( 15 мин.)

Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді - кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.

Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

Ілгерінді ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын айтамыз.

Мысалы: бала-лар (бала-дар, не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес

Кейінді ықпал Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.

Мысалы: айтылуы: жазылуы:

Жампейіс Жанпейіс

Тоғыспалы ықпал сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді.

Мысалы: айтылуы: жазылуы:

Дошшан Досжан

Жаңғожа Жаңқожа

  1. Жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. (Білім алушыларға тақырыпты түсіндіру, оқыту, мазмұндау , жаңа сөздермен сөйлем құрастыру)

Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, есте сақтаңдар.

мамандық – профессия, специальность маман – специалист, кадр

қаржыгер – финансист Ақпаратты жүйешілер- ИС

тілші – языковед әдебиетші – литератор

аудармашы – переводчик бағдарламашы-программист

кенші – горняк, шахтер құрылысшы – строитель

өндіріс – производство бақташы – пастух

сауыншы – доярка егінші – земледелец

шопан – чабан

2. «Қызығушылығын ояту» стратегиясы. Бейнефильм көрсету « » (5мин)

3. Мамандық туралы мәлімет беру (Қысқаша слайд арқылы әңгімелеу)

4. «Ақыл- ойын ұштастыру» стратегиясы ( 10 мин.)

Мәтінмен жұмыс: оқу, түсінбеген сөздерді теріп жазу, түсіндіру, тірек сөздерді жазып, мәтінді мазмұндау,

Менің мамандығым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Қай мамандық иесі болмасын, жақсы мамандар әрқашан керек. Ал, жақсы маман болу үшін оқу керек, еңбек ету керек. Қаржыгер (экономист, бухгалтер т.б.) болу үшін есеп білу керек. Оқытушы, журналист, тілші, әдебиетші, аудармашы болу үшін тілді жақсы білу қажет. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек. Ал бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.

Заман талабына сай жыл сайын мамандықтың түрлері көбеюде. Кейбір мамандықтар техниканың дамуына байланысты өзгеріске түсіп жойылып кетіп жатыр. Ауыр жұмыстарды қазір техника атқаруда, яғни адам еңбегін алмастыруда. Әр маман өз ісінің шебері болу қажет. Ол үшін көп оқу, көп еңбектену керек


4. «Сауаттылық тексеру » стратегиясы. ( 15мин.)

1 – тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

2. Жақсы қаржыгер болу үшін не істей білу керек?

3. Қазір қандай мамандықтарға сұраныс көп?

4. Қазақстан бюджетіне қандай мамандар табыс әкеледі?

5. Қандай мамандықтардың түрлерін білесің?


2– тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулары бар 6 сөзді теріп жазып, құрамына қарай талда.

3 – тапсырма. Келесі сөздерге үндестік заңына сүйене отырып, көптік жалғауларын жалғаңдар.

Ботакөз, кітап, құрылыс, егінші, әдебиетші, кәсіпорын, кеденші, металлург.

4 – тапсырма. Өзіңе ұнайтын мамандық туралы сұхбат құрастыр.

5 -тапсырма. Төменгі сөздердің жалғауларын анықтаңдар.

Сypeтке, байлықтан, батырдың, білімге, мамандықта, маманмен, жұмысшылар, ісінің, елінің, Отанымызды.




5. «Есте сақтау» стратегиясы. ( 10 мин.)

Мына сұрақтарға жазбаша сызба түрінде жауап беріңдер.



Жас маман қандай болу керек?









ІҮ Сабақтың қорытындысы (3мин)


Бекіту сұрақтары

  1. Егер сөздің түбірі жуан болса, жалғауы қандай болады?

  2. Егер сөздің түбірі жіғішке болса, жалғауы қандай болады?

  3. Жас маман қандай болу керек?

  4. Келешекте сендер қандай маман боласыңдар?

  5. Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

  6. Сіздердің болашақ мамандарың қандай?




Ү.Үй тапсырмасы (1 мин) Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы, ереже жаттау, «Менің мамандығым» тақырыбына эссе жазу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Дыбыстарды? ?ндесуі, ?ндестік за?ы. Мені? маманды?ым

Автор: Бебезова Махарам Токтасыновна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства