«Дубрава» ботаникалық қорықшасы 1985 жылы 10 жыл мерзімге құрылды. Жайық өзенінің сол жақ жағалауының 6 шаршы шақырымдай жерін, яғни Теректі ауданның Қабылтөбе ауылының маңайында құрылған.«Дубрава» ботаникалық қорықшасы 1985 жылы 10 жыл мерзімге құрылды. Жайық өзенінің сол жақ жағалауының 6 шаршы шақырымдай жерін, яғни Теректі ауданның Қабылтөбе ауылының маңайында құрылған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды аудан табиғатымен толық таныстыру, табиғатты аялауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуларын түгелдеу.
Сабаққа кіріспе.
Табиғатты сүю парыз, Сүю үшін – білу парыз. Қасиетін ұғу парыз, Күзетінде тұру парыз. М.Әлімбаев.
«Дубрава» ботаникалық қорықшасы 1985 жылы 10 жыл мерзімге құрылды. Жайық өзенінің сол жақ жағалауының 6 шаршы шақырымдай жерін, яғни Теректі ауданның Қабылтөбе ауылының маңайында құрылған.
Орал тауы үстіртінің төңірегіндегі батыс аймағында орналасқан. Ежелгі Жайықтың саты орманмен бөліп жатқан жерлерінде, әсіресе емен, көктерек, қайың орманымен, сондай- ақ сирек кездесетін қайың тектес бұта, қызыл тал және басқа да бұталы өсімдіктердің шымылдығына тап боласыз. Сайлар дала шиесімен, ірі бұршақ, т.б. ну өсімдіктерімен көмкерілген. Бұл жерде өте сирек кездесетін кейбір өсімдіктермен қатар жойылып бара жатқан өсімдіктердің 30 шақты түрін кездестіруге болады: бүркітше, түйеқұс, қырықбуын, жуа, қоңырау бас, былдырмақ, көп жылдық түрлі- түсті гүлді өсімдіктер, Андржевский қалампыры, қызыл долана және т.б.
Тың жерлер мен жайылым жерлерді жырту (су мен желдің әсерінен мүжілуін зерттеу) шағындықтардың тапталуы, орман ағаштарының бей- берекетсіз кесілуі осы аймаққа қауіп төндіріп отырған факторлар. Қорықшаның өз тәртібі жайылымдардың азайтылуы кері кету процесін аз да болса тежеп, кей жерлерде дала өсімдіктерінің қалпына келтірілуіне мүмкіндік береді. Дегенмен, орманға дұрыс бақылаудың жоқтығынан жәндіктер мен құрт- құмырсқалардың зиянкестері салдарынан бұл шаралар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Қорғаныс шараларының күшейтілуі бұл әсем аймақты сақтап қалуға, қайың тектес бұталар мен еменді Жайық өзенінің жайылмасындағы қолайлы жаңа жерге орналастыруға, даланың өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру процесін қамтамасыз етуге, қорықшаның жануарлар дүниесін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сабақты қорытындылау. Келесі сабаққа Дубрава қорықшасының фото суреттерін іздеп келу.
«Дубрава» ботаникалық қорықшасы туралы не білгіміз келеді ?