Просмотр содержимого документа
«Достық көмек. Тәуелдік жалғауы. Көпше түрі»
Сабақ жоспары
Оқытушы: Бебезова М.Т,
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 6Г, білім алушылардың саны- 15
Тақырыбы: Достық көмек
Күні 28.09.17
Сабақ түрі:
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Адал достықтың мәнін түсіндіру, досыңа әрқашан көмектесуге дайын болуға, жақсы және жаман досты ажырата білуге үйрету. Дамытушылығы: Оқушыларды сауаттылық пен мұқияттылыққа үйрете отырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту, достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір- бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу
Әдістері: түсіндіру, есте сақтау, ой қозғау, сауаттылық тексеру, ақыл- ойын ұштастыру, тіл дамыту, ой қорыту, лексикалық ойын
а) Амандасу, оқушылардың қатысуын және сабаққа дайындығын
тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ә) кезекшімен сұхбат
б) Эпиграф: (5 мин) «Адал досы бар адам – ең бақытты адам»
- Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.
Сабақтың мақсатын айту, күні мен тақырыбын дәптерге жазып алу.
в) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір – біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым – қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық.
Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесіп, жарысып отырамыз.
ІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау» стратегиясы. Кластер толтыру.
Адал дос қандай болу керек
Осы жазылған сөздерді қолдана отырып, 2 сөйлем құрастырыңдар.
Дос, достық туралы тағы мақал мәтелдер білесіңдер ме?
Кім айтады?
Қазір біз нағыз шын достар бір-біріне қалай көмектесетіні туралы оқып білеміз.
«Есте сақтау » стратегиясы.
Мәтінмен жұмыс істеу. Оқу, оқыту. 31 бет. Шын достық.
Жаңа сөздерге назар аудару
Мәтін бойынша тапсырмаларды деңгей бойынша орындаймыз
Алдымен оқып алыңдар,
Бұл мәтін не туралы?
Басты кейіпкерлері кімдер?
Олармен не болады?
Тапсырманы екі топқа бөліп беру
Сұраққа жауап беру
Жағдаяттық сұрақтарға жауап беру
Мен сіздерге дос туралы бір неше сұрақ қоямын, сіздер өз ойларыңыз бойынша жауап бересіздер.
1.Дос деген кім? --- Сыр бөлісетін адам --- Мені өте жақсы түсінетін адам --- Көмекке әрдайым дайын адам --- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам --- Сенімді адам
4. «Тіл дамыту» стратегиясы. Диалог 2 жұп сөйлеседі.
«Ақыл- ойын ұштастыру» стратегиясы. Рефлексия. Тренинг.
Достық үйін салу Өз суреттері бойынша пікірлерін айту
ІІІ. Сабақты бекіту
«Есте сақтау» стратегиясы.
Жақсы дос-------қандай болады?------------- жаман дос
Лексика- фонетикалық ойын « Басқатырма»
Әріптерді дұрыс қойып, сөздердің мағынасын, аудармасын тап, үш тілде айту
1) аадл сод – адал дос- преданный друг- ту френд, 2) ңе жқыан осд – ең жақын дос- самый лучший друг- зэ бест френд,
3) меінң оысмд арб- менің досым бар- у меня есть друг- ай хав э френд
4) еііснмд мдаа- сенімді адам- надежный человек-релебле персон
«Ой қорыту» стратегиясы.
Шеңберге тұрын бір біріне жүрек беру арқылы ізгі ниеттерін айту