kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?депті бала-арлы бала

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі 5-сынып.                                                                       к?ні:         

Саба?ты? та?ырыбы: ?депті бала - арлы бала.
Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Ал?ан білімдері?, іскерлік да?дыларын тексеру, ба?алау, таным белсенділігін арттыру.

 Дамытушылы? : С?з байлы?ын молайту, с?здік ?орын байыту, ?з ойларын еркін жеткізуге машы?тандыру, ?ткен ережелерге ?орытынды жасау?а ?йрету.

Т?рбиелік : Тіл ??діретін сезіне білуге, с?з ма?ынасын келістіре ??былтып, оларды мейлінше д?рыс ?олданып, на?ты т?сіне білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.
Саба?ты? к?рнекілігі: шы?армашылы? тапсырмалар, дидакти?алы? тапсырмалар, тірек - сызбалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?депті бала-арлы бала»



Қазақ тілі 5-сынып. күні:

Сабақтың тақырыбы: Әдепті бала - арлы бала.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерің, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру.

 Дамытушылық : Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету.

Тәрбиелік : Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: шығармашылық тапсырмалар, дидактиқалық тапсырмалар, тірек - сызбалар.

Сабақтың барысы:  1 Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
3. Жаңа сабақ, мәтінмен жұмыс
4. Сұрақ-жауап
5. Тапсырмалар
6. Қорыту.
7.Үй жұмысын беру
8. Рефлексия. Бағалау

ІІ. Мотивация.

Егерде біз күнімізді жақсы көңілмен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күә  боламыз. (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте дети передадим друг другу нашу улыбку и начнем урок)

1.Ұйымдастыру кезеңі: 
1.Қазір қандай жыл мезгілі?      Қазір  көктем мезгілі.
2.Бүгін аптаның қай күні?         Бүгін аптаның  сейсенбі күні.
3.Бүгін қай ай, қай күн?             Бүгін  наурыздың  он үші.
4.Бүгін ауа райы қандай?           Ауа райы бүгін  ашық, жылы.

Балалар,  өткен сабақтың жалпы тақырыбы қандай болды? Еске түсірейк.

Үй тапсырмасымен тексеру: Мақал - мәтелдер жаттау.
«Қайталау –оқу анасы» 
1- тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Сын есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сын есім заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Есептік сан есім нені білдіреді?Қандай сұрақтарға жауап береді?

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т. б.

Сан есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

4.Сын есімнің күшпейтпелі шырайы қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.

Кім көп біледі? (ойын) Күшейткіш буындар арқылы құралған сын есімдерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады.

1 - топ: Тап - (таза, тар тамаша, тақыр, тұйнақ)

3 - топ: Жап – (жарық, жасыл жаңа, жақын, жаман, жақсы, жайлы)

Негізгі кезең:

Алдымен екі топқа бөленейік: Әр топ, топбасшыны таңдайды.

Бағалау парақты беріледі. Сабақ 2 топтың арасында өтеді. Бұл топтардың атаулары: 1 - "Тұлпар" тобы 2- "Сұңқар" тобы

Топ ережесі:

1. Тыныштық сақтау.

2. Бір бірін тыңдау.

3. Ойды ашық айту.

4. Жауапты толық айту.

5. Сабаққа белсенді қатысу.

Балалар бүгінгі жаңа с сабақтың тақырыбы "Әдепті бала- арлы бала" деп аталады. Сендер әдепті сөзін естігенді көз алдарыңа қандай бала елестейді? Әдепті бала деген сөз нені білдіреді, қазір соны тірек сызба арқылы көрсетейік.



Әдепті бала/оқушылар тақтаға жазады/

/бұл жазба тақтаның бір бөлігінде тұрады, қорытынды жасаған да жалғасырылады//

Ал енді тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар.

1-топ 1-абзацты оқып аударады.

2-топ 2-абзацты оқып, аударады.

/Әр топ кезекпен оқып, аударады, сосын келесі тапсырма беріледі/

1 топ. Осы мәтін бойынша сұрақ - құрастыру.

2 топ.Қысқаша мазмұндама жазу.

2- тапсырма Мәтіннен алынған, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, сұрақ қою арқылы сын есімді табыңдар.( 2 топ)

1. Айберген - өте әдепті бала.

2. Ата Айбергенге батасын беріп, көп рақмет деп әрі қарай кетті.

3. Айберген үлкен кісіге көмектескеніне риза болды.

Сергіту сәтті:

3 - тапсырма.

Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңдар.

1 топ: Өмір - үлкен ... /мектеп/.

Мектеп - ... /кеме/, білім- ... /теңіз/.

Кітап - ... /алтын/ қазына.

2 топ: Ұстаздан ... /оқушы/ озар.

Күш - ... /білімде/, білім - ... /кітапта/.

Кітап - ... /ғалым/, тілсіз ... /ұстаз/.

4 - тапсырма. Көп нүктенің орнына сан есім қойып, көшіріп жазыңдар.

  1. Біздің сыныпта ... (24) оқушы бар.

  2. Менің мектебіме ... (№ 1) автобус барады.

  3. Мен ... (№ 1) мектепте оқимын.

  4. Біздің мектеп ... (3) қабатты.

  5. Менің мектебім ... (3 тілде) білім береді.

5-тапсырма. Сөздерді септеңдер ( жұптық жұмыс).



1. "Сұңқар" тобына кітап сөзі.

2. "Тұлпар" тобына білім сөзі.

/тақтаға және дәптерлеріне орындайды/

Сабақты қорытындылау:

Венн диаграммасын жасау.

Балалар біз сабақтың басында әдепті бала қандай болатынын жаздық Енді әдепсіз бала қандай болады, соған сипаттама беріп көрейік./жазғаннан кейін, олардың ортақ қасиеттерін айтқызып, ортасына жазу/

Әдепті бала Әдепсіз бала

тәртіпті ортақ тәртіпсіз

үлгілі бала бұзық

үздік оқушы дөрекі

ыпайы сотқар

кісіні сыйлайды сыйламайды

Өте жақсы айттыңдар, қалай ойлайсыңдар біздің арамызда осындай әдепсіз балалар бар ма? Әрине, жоқ, дұрыс айтасыңдар.

Бүгін балалар сабақта әр түрлі тапсырмалар орындадық. Сабақта әр түрлі жұмыс жасадық.

Үйге тапсырма: 165 беттегі 3-тапсырма. Мектеп, оқушы сөздерін қатыстырып, 3 сөйлем құрастырып жазу.

Рефлексия.  Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады не ұнамады айтып, смалик арқылы көрсетіңдер.

Топбасшылары айтады бағаларын, мен қорытамын.

Бағалау .

Бағалау критерий: 3,4,5. "3" 8-11 б, "4" - 12-16 б,"5" 17 - 20 б.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?депті бала-арлы бала

Автор: Ержанова Гульнар Сарваровна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314434


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства