kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулы? – зор байлы?. ?ос с?здер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Денсаулы? – зор байлы?.

                                          ?ос с?здер.

Саба?ты?  ма?саты:

Білімділік: Денсаулы? негіздері туралы білімдерін толы?тырып, ?алыптастыру. Денсаулы? туралы ма?ал-м?телдермен таныстыру. Ауызекі с?йлеу, с?йлесу да?дыларын жетілдіру. ?ос с?з туралы  білімдерін толы?тыру.

Дамытушылы?: Ойлау, есте са?тау, к?ру ?абілеттерін дамыту, ой т?йіндеуге, ?з бетімен ізденуге ?йрету, оларды? танымды? ж?не шы?армашылы? икемділіктерін дамыту. Байланыстырып с?йлеу тілін дамыту. Ой-?рісін  ке?ейту.

Т?рбиелік:  Спорт?а деген с?йіспеншіліктерін  арттыра отырып, салауатты ?мір салтына баулу; 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулы? – зор байлы?. ?ос с?здер. »

Гүлғайша Зияденқызы Макатова

Павлодар облысының

Павлодар қаласындағы

№26 жалпы орта мектебінің мұғалімі

Сабақ жоспары


Қазақ тілі орыс тілді сыныптарда

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.

Қос сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Денсаулық негіздері туралы білімдерін толықтырып, қалыптастыру. Денсаулық туралы мақал-мәтелдермен таныстыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру. Қос сөз туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, салауатты өмір салтына баулу;

Көрнекілік материал: үлестірмелі материалдар, слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру,әңгімелеу.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа дайындығын тексеру.

І. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.

Интерактивті тақтада слайд көрсетіледі. Оқушылар көрсеткен сурет туралы пікір алысады.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу

Негізгі кезең.

1.Жаңа сөздермен танысу:

Көңіл бөлу-обращать внимание

Қалыптастыру-формировать

Айналысу- заниматься

Зиянды әрекет- вредные рпивычки

Аямай жұмсау- не жалея тратить, использовать

Салауатты өмір салты-здоровый образ жизни


2.Тыңдалым. Тақырыпқа байланысты мәтін тыңдап,кестені толтыру.

1-тапсырма:

Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние,сондықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет.

Әрқайсысымыз дене тәрбиесімен, дұрыс тамақтануымен айналасуымыз керек.Сонымен бірге дұрыс ұйықтауға әдеттену керек.

Зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық шараларын сақтау керек.

Таза ауада демалу, қала сыртына жиі шығу пайдалы.


Үлестірмелі материалда дайын берілген кестені толтырады.


Берілген сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние емес.



2

Әрқайсысымыз дене тәрбиесімен, дұрыс тамақтануымен айналасуымыз керек.



3

Зиянды әрекеттерден аулақ болу керек.



4

Дұрыс ұйықтауға әдеттенбеу.



5

Таза ауада демалу, қала сыртына жиі шығу.




- Тексеру

Оқулықпен жұмыс

3.Оқылым

4. Тілдесім (жұппен жұмыс) 182 бет

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,ат қою.

Диалог құрастыру, 5 сұраққа 5 жауап дайындау.


3-тапсырма.Мақал-мәтел сайысы. – топпен жұмыс

Денсаулық туралы мақал-мәтелдерді оқу. Мағынасын анықтап, жатқа айтады.

1.Тазалық - саулық негізі,

Саулық - байлық негізі.

2.Денсаулық – зор байлық.

3.Жарлының байлығы- денініңғ саулығы.

4.Ұйқы тынықтырады,жұмыс шынықтырады.

5.Жаны саудың –тәні сау.



5.Жазылым –дәптермен жұмыс

4-тапсырма: «Қос сөздер» өтіледі, оның түрлері туралы оқулықтағы тірек сызба арқылы берілген ережемен танысыды.(бет 183 №1)

Білімді жинақтау, жүйелеу, пысықтау үшін төмендегідей тапсырма беріп, оқушыларды проблемалық сұрақтарды шешуге жетелейді.


Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер? Ол үшін мына үлгідегі тапсырманы орындаңдар. Жасалу жолдарына, үш мысалдан келтіріңдер.


Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары

Қосарлама қос сөздердің жасалу

жолдары

Ұқсастық белгілері

айырмашылықтары
















Сабақты бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс

Оқушылар сызбаны толықтырады


.....................................................

.....................................................

Денсаулық болу үш ін

....................................................


......................................................



Бағалау :

Оқушылар білімін ұпай бойынша бағалап, алған бағаларын хабарлау.



17-18 ұпай – «5»

15-16 ұпай – «4»

9-14 ұпай – «3»

0-8 ұпай – «2»



Үйге тапсырма: Оқу бет 182-183.

Жаңа сөздер жаттау, олармен 5 сөз тіркесін құру.

№3 тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазу







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Денсаулы? – зор байлы?. ?ос с?здер.

Автор: Макатова Г?л?айша Зияден?ызы

Дата: 14.04.2015

Номер свидетельства: 201329


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства