ІV. Жаңа материалды түсіндіру | а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс | Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.Бір ғана түбірден негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жолдас,ауыл,аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі бұл сөздер бір ғана негізгі (әке,ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас: түбірі-жол,дас-жұрнақ; аялда-ма: түбірі-аялда,ма-жұрнақ)тұрады. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз. Мысалы, ата-ана,ауыл-аймақ,ашудас, бесжылдық,қара торы,он бес сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады:біріккен сөздер(бүгін,жаздыгүні),қос сөздер(улкен-кіші),қысқарған сөздер(АҚШ,БҰҰ),тіркесті сөздер(жиырма бес). | Сабақты бар ынтасымен тыңдап,өзіне қажетті маңызды тұстарды дәптер бетіне түсіріп отырады. |