kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

C?з таптарын еске т?сіреміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: с?з таптары, с?з таптарыны? с?ра?тары, т?рлері туралы білімдерін, ??ымдарын ?айталау, еске т?сіру.

Танымды? тапсырмалар, с?ра?тар ар?ылы о?ушыларды? д?ниетанымын, шы?армашылы?, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

Ана тілін с?юге, ауыз ?дебиетінен ?лгі-?неге алу?а, ?жыммен ж?мыс істеуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«C?з таптарын еске т?сіреміз»

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз
Сабақтың мақсаты:
1. Сөз таптары, сөз таптарының сұрақтары, түрлері туралы білімдерін, ұғымдарын қайталау, еске түсіру.
2. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ана тілін сүюге, ауыз әдебиетінен үлгі-өнеге алуға, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа түсіндіру сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жұппен жұмыс, Синквейн әдісі, ойын әдісі, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі: доп, жапырақшалар, интербелсенді тақта, карточкалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың ұраны.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын.
Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі - туған тіліміз - қазақ тілі сабағы.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Берілген мақал-мәтелдерден өзгерген дыбыстарды тап.

  1. Оқу - білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

  1. Еңбегі аздың өнбегі аз.

  2. Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

III. Топқа бөлу. Мына жапырақтарды теріп, сөздерді оқып, сұрақ қою арқылы қай сөз табына жататынын ажыратып, сол топқа бөлініп отырасыздар.

Жаңбыр, қар, егін, достық, тұлпар, Айжан, жауды, суытты, басты, жинап жүр, түспейді, тәрбиеледі, жақсы, қара ала, торы, терең, мүйізді, жібектей, алпыс, сегіз, бесеу, қырқыншы, он алты, жырма төртінші.

I топ - Зат есімдер

I топ - Сын есімдер

III топ - Сан есімдер

IV топ – Етістіктер

IV. Мағынаны тану, еске түсіру. (Көрнекілікпен жұмыс) Доп.

V. Есте сақтау диктанты. (Жұппен жұмыс) Оқушылар оқып, жатқа жазады. Сөйлем мүшелеріне талдап, үстіне сұрақтарын жазады. Көршілері тексеріп, бағалайды. Бағалау критерийлері тақтада жазылып тұрады.

Үш кіші ішік піштім.

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?


VΙ. Ойын кезеңі. (Топпен жұмыс) «Артық сөзді тап» ойыны. Мұғалімнің көмегі арқылы әр сөз талданады. Әр топ тобының атауына байланысты екі сөзге сөйлем құрастырып, тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызады. Әр топтан бір оқушы тақта алдында бір сөзге дыбыстық талдау жүргізеді. (Дәптермен жұмыс) (Ұстаз, ойнады, жетінші, зиянды)

  1. Айдын, Есіл, ұшақ, бес, кенші, домбыра, ұстаз

  2. Ойнады, еңбектеніп жүр, тарату, ұшқыш, жүгірмеді, қалқыды

  3. Бес, жетінші, қызық, он тоғызыншы, мың, отызыншы, он алты.

  4. Жүзінші, қышқылтым, сары ала, сұйық, пайдалы, зиянды

VII. Синквейн әдісі немесе бес жолды өлең жаз. (Топтық жұмыс) Әр топқа бір сөзден таратылады.

Абай

Астана

Бұлбұл

Кітап

VIIΙ. Мақал-мәтелдер сайысы. (Топтық жұмыс) Әр топ өз атауларына байланысты сөз табы бар мақал-мәтелдер жазулары керек.

ΧI. Сабақты қорыту. Лездеме сұрақтарға жауап бер.

Зат есім тобына

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің сұрақтары қандай?

Зат есімнің түрлері қандай?

Туынды зат есім қалай жасалады?

Жалқы есімді көрсет. (Ағаш, Алматы)

Көптік жалғаулы сөзді көрсет. (Компьютер, себеттер)

Етістік тобына

Етістік дегеніміз не?

Етістіктің сұрақтары қандай?

Етістіктің түрлері қандай?

Туынды етістік қалай жасалады?

Күрделі етістікті көрсет. (Күліп отыр, келді)

Туынды етістікті көрсет. (Жүрді, көмектесті)

Сан есім тобына

Сан есім дегеніміз не?

Сан есімнің сұрақтары қандай?

Сан есімнің түрлері қандай?

Туынды сан есім қалай жасалады?

Реттік сан есімді көрсет. (Он сегізінші, он тоғыз)

Дара сан есімді көрсет. (Жиырмасыншы, отыз бір)

Сын есім тобына

Сын есім дегеніміз не?

Сын есімнің сұрақтары қандай?

Сын есімнің түрлері қандай?

Туынды сын есім қалай жасалады?

Дара сын есімді көрсет. (Қызыл, қара көк)

Туынды сын есімді көрсет. (Қоңыр, таулы)

Χ. Бағалау. Білімдеріне қарай бағалау

ΧΙ. Үйге тапсырма: 14-бет, 4,5-жаттығу. Түсіндіріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
C?з таптарын еске т?сіреміз

Автор: Нарбаева Мендыкуль Жетаевна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274201


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства