10 сынып Пән аты: қазақ тілі күні____________
Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл –Фараби.Отырарлық ғалым.
Сабақтың мақсаты: Отырарлық ғалым Әл Фараби туралы деректерді білу,сөйлемдерді талдай алу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Қолданылған әдіс-тәсілдер:
Оқыту мен оқуда АКТ- ны қолдану
(демонстрациялау,түсіндіру)
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:
сұрақ- жауап, диалог
Сыни тұрғыдан ойлау (Ассоциация, , ой қозғау)
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
деңгейлік тапсырмалар
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
(Қалыптастырушы, жиынтық)
Негізгі дереккөздер
Интербелсенді тақта,суреттер, ресурстар, слайдтар.
Сабақ барысы:.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
2) Сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Психологиялық тренинг «Достық шеңбері»
Психологиялық тренинг арқылы сыныпта достық қарым -қатынас орнатамын.
Оқушылар ортаға шеңбер құрып оң жақтағы досына бір тілек (Кезекпен) сол жақтағы досына (кезекпен) тілек айтып, көңіл күйлерін көтереді.
Ой қозғау: видеоролик көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі
Оқушы нені білуі тиіс:
Ғалымның туған қаласы туралы білуі;
Отырар қаласының ескі атауын білуі;
Сөздердің мағынасын түсінуі,
Лексикалық тақырып негізінде сөйлемдерге талдай жасай алуы тиіс;
Оқушы нені үйрену қажет:
Сызба арқылы мәтіннің мазмұнын айтуды;
өзара сөйлесуге үйренуді;
талдау жасай алуды;
Ұжымдық жұмыс:
Оқулықтағы мәтінді оқиды (2 минут)
Топтық жұмыс: Мәтін бойынша ассоциация құрады (3минут)
Бағалау; «1жұлдыз бір тілек»
Жеке жұмыс:
А-
Мәтіннен екі сөйлемді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдайды
«Күн,Бұлт,Жаңбыр»
В-
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды
«Күн,Бұлт,Жаңбыр»
С-
Берілген сөз тіркестерін аударады
«Күн,Бұлт,Жаңбыр»
5-тапсырма
Берілген сөздерді сөз құрамына талдайды(жазбаша тақтада орындайды )
(Жеке жұмыс)
«Күн,Бұлт,Жаңбыр»
7-тапсырма
Мәтіннен буын үндестігіне жататын сөздерді теріп жазады, фонет. талдау жасайды
Жазбаша орындайды тақтада.
(Жеке жұмыс)
«Күн,Бұлт,Жаңбыр»
9-тапсырма
Сөйлеуді жалғастырады. Диалог.
(жүптық жұмыс)
«Күн,Бұлт,Жаңбыр»
Кері байланыс
БББ
Үйге; деңгейлік тапсырмалар