“Сал-серілер” революцияға дейінгі Қазақстан жағдайында әндік және ақындық өнердің көрнекті өкілдері болған. Олар өздерінше мәнермен киінген. Сал-серілер өнердің үш түрін қатар самғатқан. Әрі суырыпсалма ақын, әрі әнші, әрі сазгер сал-серілерді халық жақсы көрген, оларға айрықша құрмет көрсеткен. Олар қазақ халқының сүйіктісі, еркелері болған. Олар үнемі халық назарында болып, өнер үшін қызмет көрсеткен. Халық жадында сал-серілерден Біржан сал мен Ақан сері ерекше орын алады.
2. БІРЖАН САЛДЫҢ ӨМІРІНЕН ДЕРЕК. Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салдың әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салдың ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырып салма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржанның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды.
3. БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.
1834
Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекші ауданы, Ермол деген жерде туған.
25 жас
Ән шығара бастаған
1865
Ұлы Абаймен кездеседі
1871
Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.
1897
Дүниеден өтеді.
3. Біржан салдың шығармашылығы туралы теориялық білім беру.
4. «Біржан – Сара» айтысының көтерген әлеуметтік мәселесі, тақырыбы және әдебиеттегі маңызы туралы мәлімет беру.
5. 2009 жылы «Біржан сал» фильмі шыққандығы жайлы хабардар ету (слайд).
ІҮ. Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру).
Топтық жұмыс.
І топ. «Ләйлім шырақ» өлеңі. Өлеңнің шығу тарихын оқулықтан оқып, талдайды.
ІІ топ. «Жанбота» өлеңі. Өлеңнің шығу тарихын оқулықтан оқып, талдайды.
ІІІ топ. «Көкек» өлеңі. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.