kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныпта СТО модулін пайдалану н?тижелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Бастауыш сыныпта СТО модулін пайдалану н?тижелері

                                             Бала -бал?ытыл?ан алтын.

                                                       К.Д. Ушинский.

      Жа?а т?сіл бойынша о?ыту барлы? жерге тез таралуда. Елбасымыз    Н.?. Назарбаев ?з жолдауына "Бізге ?о?амды? жа?ару ?ажеттіліктеріне сай келетін осы заман?ы білім беру ж?йесі ?ажет",деп атап к?рсете отырып, ?лемдік білім ке?істігіне енуде ?ылым мен білім, ?р т?рлі жа?а

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта СТО модулін пайдалану н?тижелері »

Бастауыш сыныпта СТО модулін пайдалану нәтижелері

Бала -балқытылған алтын.

К.Д. Ушинский.

Жаңа тәсіл бойынша оқыту барлық жерге тез таралуда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауына "Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет",деп атап көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әр түрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үдерісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының міндеті-Қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалау өлшемдерін дамыту болып табылады. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер - оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын, метатанымы жоғары оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сындарлы оқытудағы жаңа идеяларды, бағдарлама мазмұнын тереңірек меңгердік. Құзырлы оқытудың маңызды факторларының бірі - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Жаңа бағдарламаның жеті модульге сай идеялары, жеке стратегиялары мен әдіс-тәсілдерін, берілген теориялық білімімді іс-тәжірибемде қолдану мақсатында, өзім жұмыс істейтін "Үстірт" орта мектебіне оралғанымда, жақсы қарқынмен келдім. Ұзақ мерзімді жоспар құрдым, яғни бұрынғы күнтізбелік жоспар орнына. Айырмашылығы-графаларында: Мысалы: бұрынғы жоспарда мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, қолданатын әдіс-тәсілдер деген болмаған. Алдымен мектеп әкімшілігіне барып, келісімшарттарыммен таныстырдым. Сыныбым 3-сынып болғандықтан ең қолайлы әдіс -"Диалогті оқыту" әдісін пайдаландым. Себебі; қай әдісті қолдансаң да "Диалогтік оқыту" әдісінсіз болмайды. Мысалы; "АКТ-ны қолдану" модулі немесе "Сыни тұрғыдан ойлау" модулінде де "Диалогті оқыту" әдісінсіз жүзеге аспайды. Әр сабағымның тақырыбын оқушыларға (кумулятивті) әңгіме ұйымдастыруды әдетке айналдырдым; Яғни, -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болады деп ойлайсыңдар? -деген сұрақтарды әр сабағымның тақырыбы шығатындай, алдымен АКТ арқылы "Миға шабуыл" әдістерін пайдаланып отырдым.

Бірақ ең үлкен кедергі- инттерактивтік тақтаның бастауыш сыныптарда жоқтығы. Неге екені белгісіз, ең алдымен бастауыштан бастап, қызықтырмаса," Жас ерекшеліктерін ескеру және оқыту" модулі осы емес пе? Жоғарғы сынып оқушыларындағы сергіту сәттері мен бастауыш сынып оқушыларының сергіту сәттеріндегі айырмашылық жер мен көктей. Бастауыш сыныптың оқушыларына көбінесе мультиктер мен караокелерді қолданғанда оқушылар еріксіз сабаққа назар аударады.Топтарға бөлуге қызыққаны сонша, бүгін топқа бөлінбейміз бе? деп мұңайып қалатын мінездері мен қылықтары қандай десеңші! Постер қорғағанда алдарына жан салмайды ғой, шіркіндер! Нәтижесінде оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіре алды, өзге оқушылардың пікірімен санасуды үйренді. Өз идеяларын ортаға салып, дәлелдей алды. Әңгіме-дебатты қолданғанда "Достық өлкесінің заңы" атты сабағымда әр топ өз пікірін дәлелдеп, әрқайсысы өз тоқтамында тұрды. Нәтижесінде көп сөйлемейтін оқушылар ашылып, ортаға шығып өз ойларын білдірді. Зерттеушілік әңгімеде де сұрақ қою арқылы оқушыларды өз бетімен ізденуге баулыдым. Оқушылардың тақырыптың жақсы ашуы үшін жоғарғы дәрежелі және төмен дәрежелі сұрақтарды қойып отырдым. Жоғарғы дәрежелі сұрақтар тапсырманың мәнін ашу үшін көп қолдандым. Ал төменгі дәрежелі сұрақтар дәстүрлі сабақтарымыздағыдай қысқа да нұсқа жауап беруге ынтықтырады. Міне сондай сұрақтардан мезі болған оқушының сабаққа деген ынтасы төмендеген. Диалогтік әдістің арқасында оқушыларым сабақтарына ден қойып, қызығушылық танытты. Жалпы бар сабағымда да жаңа бағдарламаның тиімділігін ұқтым. Нақты сұрақ қою арқылы оқушыларымды тақырып бойынша сыни тұрғыдан ойлануға бағыттап отырдым. Барнс (1971) "Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына да соншалықты әсер етеді." дегендей, расында да оқушылар сыныптастарымен, қатар құрбыларымен және мұғалімдерімен қаншалықты араласса, соншалықты дамиды. Дәстүрлі педагогикада мақтаулы оқушылар ғана мақталса, жаңа форматты сабақта кімнің мақталатынын өзіме де беймәлім еді. Мысалы, тіпті нашар деген Ж. есімді оқушының сабаққа белсенді араласқанын көріп, мектептің бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісінің салыстырмалы түрде көріп, көзі жеткендігіне куәмін. Міне, осындай оқиғалар сан рет кездесті. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанда, оқушылар өздері қызығып, келесі сабаққа қатысуға талпынып отырады. Ал дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің түртуімен ғана қозғалады. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұғалімнің қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну болып табылады. Джеймстің айтуы бойынша, оқушының табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деген пікірін негізге алған жөн. "Мұғалімдер оқушыларын жиырма бірінші ғасырға қалай дайындайды?" деген сұраққа Қазақстан республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының негізгі мақсаты жаңа әдістерді "Диалог арқылы оқыту" мен "Қалай оқу керектігін үйренуді" жүзеге асыра отырып оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді."Жаңа әдіс тәсілдер арқылы оқушыларды өзгерте аламын ба?" деген мақсатпен сабақтарымда үзбей осы тұрғыда ұйымдастырып отырдым. Байқағаным- нәтижесінде оқушылардың жаңа форматты сабақтарға қызығушылығы мол. Сындарлы оқытудың басты мақсаты, ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің ара-қатынасында дегендей, ең басты жұмысымды сынып жетекшілігімнен бастадым. Сол мақсатпен ең алғашқы танысу жиналысымды актзалда, жаңа форматты сабақ түрінде "Ата-ана" тренинг сабақ түрінде ұйымдастырдым. Ондағы міндетім; ата-анасыз мектептің әлсіз екенін жеткізу еді. Бірақ өкінішке орай, олар бар болғаны міндетім, табельге қол қою деп түсінетіндігін тренинг нәтижесінде дәлелдеп берді. Қиын, әрине, алда үлкен өзгеріс керек, тек мұғалімдерге мен оқушыларға ғана емес ата-аналарға да өзгеріс керек екенін жеткізу үшін "Наши дети" бейнеролигін де көрсеттім. Дегенмен, ата-аналарда түсінік бар екен.Әрине,"Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы" деп (Әл-Фараби) айтқандай, адам қажеттіліктерінің 7 сатысы түгелденбей, толыққанды сабаққа көңіл бөлінбейді.(Жан Пиажже)-нің айтқанындай зерттеу жұмысымды тәрбие сағаттарынан бастауды жөн көрдім. Өзгерудің ең төте жолы-тәрбие сағаттарын жаңа форматты сабақтарға бұрудан бастадым. Осы жұмысымда өз әріптестеріме жаңа әдіс-тәсілдер арқылы құрған тәрбие сағаттарымның жинағын ұсынғым келеді. Сынып сағаттарымды да жүйелі түрде, жаңа технологияларды пайдаланып, жаңа бағдарлама бойынша "Диалогтік оқыту" әдісімен ұйымдастырып жүргенімді байқаған ұйымдастырушы әдіскер де жыл аяғында үлгі ретінде кезекті ашық тәрбие сағатымды өтіп кетсем де, тағы бір көрнекі ашық тәрбие сағатын мектепшілік семинарға қоюымды өтінді. "Сүйемін туған елімді" атты ашық тәрбие сағатын өткізерде тек қана өз сыныбымда ғана емес, бүкіл 3-сыныптар арасында өткіздім. Нәтижесінде мектепшілік бастауыш 3-сынып оқушылары арасында талант және дарын иелерін аштым. Оған куә, мектеп музыканты маған жаңа дарын иелерін тауып бергеніме рахмет айтты. 3"ә" сыныбынан патриоттық әндер сайысының жүлдегері Р. Рымбаеваның орындауындағы қиын ән -"Сәлем саған, туған ел!" атты әнді тамаша орындады. 3"б" сыныбынан " Әлия" әнін орындап бірінші орын иеленді. Мектеп тәрбие ісінің орынбасары, 25-мамырға дейін болып жатырған "Ұлағатты ұстаз" сайысының "Үздік тәрбиеші" атты номинациясы бойынша жолдауымды ұсынды. Нәтижесінде; 07.06.2014ж.Астана қаласы. Оқыту және дамыту орталығының жетекшісі Б.К.Жұманованың шешімімен Оқыту және дамыту орталығымен (Астана қ.) ұйымдастырған "Ұлағатты ұстаз" атты IV Республикалық оқытушылар конкурсында "Сынып сағаты" номинациясында III- орынға ие болғаным үшін дипломмен марапатталдым.

Мақсатым: Жаңа заман талабына сай, өзіндік ой-пікірге бай жас ұрпақты тәрбиелеу.

Қадамым:

1-қадам: Оқу ортасын құру.

2-қадам: Сауалнама алу.

3-қадам: "Оқушы-оқушы", "мұғалім-оқушы" қарым-қатынастарын орнату. Көшбасшылық рөлімді көрсетіп ережені өзім бекіттім.

1.Топта тату болып, сыныптастарыңның пікіріне құлақ ас.

2. Жауап берушінің пікірін соңына дейін тыңда.

3. Өз пікіріңді, үлесіңді қос.

4. Бағалауда әділ бол.

Сауалнама жүргізгендегі байқағаным-жаңа әдіспен ұйымдастырған сабақтарымның оқушыларды сабаққа еліктіре алғанымды түсіндім.

Сабақ үстінде "Оқушы-оқушы", "мұғалім-оқушы" қарым-қатынастарын орнату мақсатында жұптық жұмыс және топтық жұмыстар жүргізгенімде бағыт-бағдар беру арқылы ұйымдастырдым.

Нәтижесінде:

1. Ортада ережеге бағынуды үйренді.

2.Сыни көзқарастары оянды.

3. Ынтымақтастық қалыптасты.

4. Өзін-өзі және өзара бағалауы қалыптасты.

5. Топтық және жұптық қарым-қатынас орнады.

6. Рөлдерге бөліну арқылы жауапкершілікке үйренді.



Қамтылатын модульдер:

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. ОмОЖТ(топтық жұмыс, диалогтік әдіс)

2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.СТОҮ (Миға шабуыл әдісі, ой қозғау әдісі.

3-модуль.Оқыту үшін бағалау,оқуды бағалау. ОүБОБ(Смайликтер арқылы бағалау)

4-модуль. Ақпараттық комуникативтік техниканы пайдалану.АКТ Интербелсенді тақта (Бейнеролик "Фосфут өнімдерінің зияны")

5-модуль. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау.ТжДОА (Постер қорғау,шығармашылық тапсырмалар)

6-модуль. Оқытудағы жас ерекшеліктерін ескеру.ОЖеЖО(Салыстыру әдісі)

7-модуль. Оқытуды басқару және оқытудағы көшбасшылық ОБжОК ( Мұғалімнің бағыт-бағдар беруі.)

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде.
Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлауға үрету» модулін қолданамын.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Менің өз іс тәжірибемде ана тілі сабағынан өткізген Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» деген сабағыма тоқталып өтейін.



Әдебиеттік оқу

Күні 07.11.2014 жыл

Сабақ


Сабақтың тақырыбы

Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем.

Жүсіпбек Аймауытов. Қартқожаның туған жері.

Мақсаты

Ж.Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері.» мәтіңімен таныстыру арқылы туған жер туралы мағлұмат беру. Мәнерлеп, түсініп оқуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорларын, ойлауын дамыту.

Туған жерге деген өлең шығартуға баули отырып, өз Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

Мәтін мазмұнын әңгімелей білді, кейіптеу сөздерді ажыратты,түйіндей білді,шығармашылық ойлады, мәтінді бөліктерге бөлді.

Сілтеме

Оқулық: ана тілі» 2-сынып, Алматы, Атамұра,,,2013 жыл.

2-сынып-әдебиеттік оқулық-электрондық кітабы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, сто стратегиясын пайдалану, диалогтік оқыту.

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері, суреттер.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Топқа бөлу

  3. Үй тапсырмасын сұрау

  4. Жаңа тақырып: СТО стратегиясы бойынша

  5. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

1.Ұйымдастыру.

Топқа бөлу,рәмізлер арқылы топқа бөлу.

2.Психологиялық ахуал.

Оқушылар өздеріне рәміздермен топқа бөлінеді.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Тест тапсырмалары арқылы сабақ-қа ықпылдастыру.

Әр топтан 3 оқушыдан жауап берді.

«Ой қозғау» Электрондық оқулық арқылы жаңа тақырыпты ашу.


Оқушылар электрондық оқулық

арқылы тапсырмалар орындайды.


Топтық жұмыс.

Топ мүшелері мәтін бөлігін оқып, топта талқылайды, қалған топтарға түсіндіреді.

Мәтінді оқу, сөздік жұмыс жасау. Автор туралы мәлімет.

Оқушылар өз бетімен өлеңді іштей оқиды.

Сергіту сәтін өткізді.

Оқушылар музыка ырғағымен биледі.


Мағынаны тану.

Әр топқа постер жасау тапсырылды.




Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың «Туған жер» әнін тыңдап отырып, «Туған жер» тақырыбы бойынша постер жасады, қорғады.

Дәптермен жұмыс.

«Сэнквейн» әдісі

«Туған жер» тақырыбына бес жолды өлең құрастырады.

Әр топтан бір оқушы өлеңді оқиды.

Рефлексия

Ой толғаныс.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қағазға жазды.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу. Туған жер туралы шығарма жазу.



Рефлексия

Ой толғаныс.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қағазға жазды.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу. Туған жер туралы шығарма жазу.

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сыныпта СТО модулін пайдалану н?тижелері

Автор: Сарбалина Анар Жасулановна

Дата: 18.12.2014

Номер свидетельства: 145261


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства