Берілген саба? жоспары 8 сыныпты? ?аза? тілі п?ні бойынша. О?ушылар?а бастауыш пен баяндауыш туралы т?сінік беру. О?ушылар?а арнал?ан тапсырмалар мен кестелер берілген саба? жоспары о?ушыны? ?здігінен ме?геруіне негізделген. О?ушылар бастауыш пен баяндауыш бола алатын с?з таптарымен танысады. Сызы?шаны? ?ойылу себебін зерттейді. сызба?а с?йкес мысалдар ??растырады.О?ушыларды? топпен, жеке, ж?ппен ж?мыс жасауына арнал?ан тапсырмалар дайындал?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың көрнекілігі: презентация,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1.) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын. Көркем шығармадан баяндауыш түрлеріне мысал теру.
2.Жаңа тақырыпқа шығу. Ребус арқылы Слайд 1
3. Өткенді еске түсіру сұрақтары:
Сөйлем мүшесінің белгілерін ата.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Атқаратын қызметі жағынан неше топқа жіктеледі?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз не?
Ой қозғау — Жұмбақ шешу
Кіммін мен?
Бәрінің иесімін.
Маған қарап құрайсың
Ойыңның сен жүйесін. (Бастауыш)
Ешқашанда ол аянбайды,
Не болғанын баяндайды.
Жазған бала нүкте қойып,
Сөйлемін аяқтайды. (Баяндауыш)
Ол дағы атау тұлғалы
Сөздерді байланыстырады.
Байланысу түрі оның –қиысу,
Интоноция тәсілімен түйісу . (Бастауыш пен баяндауыш)
б) Жаңа сабақты өздігінен меңгеру. Топтық жұмыс «Ойлан –Топтас -Талқыла!
Тапсырмалар:
А)Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен
Ә)Бастауыш сілтеу еісдігі немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есім болатындай мысал құрау
А)Бастауыш заттанған сын есім, сан есім және есімшеден, баяндауыш зат есімнен болатындай етіп мысал құрау
Ә) Сан есімнен болған бастауышты сан есімнен болған тұрлаусыз мүшеден ажырату үшін жасалатындай етіп сөйлем құрау.
А) Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болатындай немесе керісінше;
Ә) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болатындай етіп сөйлем құрау.
Слайд.2
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Бастауыш та,баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса,араларына сызықша қойылады.астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Бұл – үлкен қуаныш Ол – қазір звено бастығы.
Бастауыш заттанған сын есімнен,сан есімнен және есімшеден болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Қыздардың үлкені – Майра,кішісі – сайра. Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып,баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше,бастауыш зат есім,баяндауыш тұйық етістіктен болса,араларына сызықша қойылады.Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам блып шығу. Қой бағу – қиын кәсіп.
Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса,араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес – жиырма бес.
Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты ,сондай-ақ зат есім,сын есім,есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін,бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді.жақсы – ісімен жақсы.Көрмес – түйені де көрмес.
Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін,соңынан сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді.Жүз жиырма – беске бөлінеді
V.Тақтамен жұмыс. Талдау. Жеке жұмыс
А) 40-жаттығу. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізеді.
41-жаттығу. Сызықшаны қойып көшіру. (жұппен)
Слайд.3
Берілген сөйлемдердің қайсысына сызықша қойылады? Сызықша қойылатын сөйлемге «иә»,сызықша қойылмайтын сөйлемге «жоқ» деп жауап беріңдер.