Просмотр содержимого документа
«Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»
«Қаржы академиясы» АҚ колледжі
КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері
_____________Жүнісова З.С
«____» ____________2016 ж
« Қазақ тілі» пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: « Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»
«Тілдер пәндері» циклдық комиссиясының
отырысында қарастырылды
Хаттама № « » 2016 ж.
ЦК төрайымы____ З.А. Ерназарова
Дайындаған оқытушы М.Т. Бебезова
Астана қаласы 2016ж
Оқытушы: Бебезова М.Т,
Пән: Қазақ тілі
Мамандық, топ: 2ИС-115 , білім алушылардың саны- 13
Тақырыбы: Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.
Күні 29.09.16
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Білім алушыларды сауаттылық пен мұқияттылыққа үйрете отырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Білім алушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру, рухани - адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы салт-дәстүрлер құндылықтарының мәнін ашу.
Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, есте сақтау, ой қозғау, қызығушылығын ояту,сауаттылық тексеру, ақыл- ойын ұштастыру, тіл дамыту, ой қорыту, лексикалық ойын
Берілген сөйлемдерден кос сөздерді тауып, құрамына қарай талдаңыз.
Дәстүр – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт – сана, өнегелі - өнер болып табылады.
Бесікке салған адамға «Бесікке салар», яғни кәделі –сый беріледі.
Бұл тойға туыс-туғандар, көрші – қолаң, құрбы-достар шақырылады.
Бала тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күннен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі жатады.
«Есте сақтау » стратегиясы. Жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. (Білім алушыларға тақырыпты түсіндіру, жаңа сөздермен сөйлем құрастыру) (5 мин) жазу.
Жаңа сөздер: Шілдехана – вечеринка по поводу рождения ребенка нәресте, сәби – новорожденный, младенец Қырқынан шығару – отмечать 40 дней со дня рождения Аластау – изгонять Дәстүр – традиция Кәде – подарок Құндылық – ценность
Шашу- торжественный и красивый обряд по поводу какой- либо радости
Сүйінші- Человек который приносит хорошую весть говорит «Сүйінші»
Бесікке салу- обряд, когда впервые ложат младенца в калыбель
Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтыңұлттық салт-дәстүрлері туралы мәлімет беру.
ә. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар (5 мин)
Баланың дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлер
Әдет - ғұрып - жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ қоғамдық тәртіп, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары. Дәстүр – (латынша жапсыру, жалғастыру ) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт – сана, өнегелі өнер болып табылады. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Бала тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күннен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі жатады. Мысалы: шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тілашар және т.б.
Бесікке салу.
Бесік- сәбидің ұйықтайтын төсегі. Бесікке салу жолы үлкен елдің тәрбиелі, өнегелі, әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесікке салған адамға «Бесікке салар», яғни кәделі –сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.
Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің дене бітімі, қол-аяғы түзу, ширақ болады.
Қырқынан шығару
Нәрестенің туғанына қырық күн өткен соң, қырқынан шығарылады. Баланы қырқынан шығару үшін көрші әйелдер және үлкен әжелер шақырылады. Қырқынан шығаруды ауылдағы беделді, белгілі, көп балалы ана, немере сүйіп отырған әжеге беріледі. Үлкен ыдысқа 41 қасық су құйып, ішіне күміс теңгелер салып, нәрестені шомылдырады. Содан соң шашы мен тырнағын алады.
Тұсау кесу
Қазақ халқының салтына көрік беретін дәстүр - тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын тұсап байлайды, оны аяғын жылдап басатын әйелге кестіреді. Одан кейін баланы қолынан ұстап, тез жүгіртеді, шашу шашады.
Атқа мінгізу
Бала 3-4 жасқа келгенде, ұл баланы атқа мінгізу салты жасалады. Жуас құнанды ертіп, баланы соған мінгізеді. Тізгінді балаға ұстатып, жиналған үлкен адамдарға сәлем бергізеді, Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашады, ересек балалар ұлттық ойындар ойнайды.
Тілашар тойы
Бала алған рет білім ордасының табалдырығын аттағанда жасалатын той. Бұл тойға туыс-туғандар, көрші – қолаң, құрбы-достар шақырылады. Тойда домбыра тартып, ән салынады.