kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала?а ?атысты салт-д?ст?рлер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Бала?а ?атысты салт-д?ст?рлер. М?нда ?аза? тілі п?нінен орыс топтарына ?аза?ты? салт-д?ст?рлері туралы ке?інен а?парат беру. саба?ымызда жа?а технологияларды пайдалана отырып, білім алушыларды? ?з бетімен ж?мыс жасай білуге баулу. саба? барысы бірнеше турлардан т?рады.

Саба?ты? эпиграфы: 
Балалары бар адам, 
Ба?алайды ?мірді. 
Ондай ?йде той – думан, 
Ондай ?йде к??ілді! 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала?а ?атысты салт-д?ст?рлер»

ГККП АКТЮБИНСКИЙ АВТОМОБИЛЬНО-ДОРОЖНЫЙ КОЛЛЕДЖ

АҚТӨБЕ АВТОЖОЛ КОЛЛЕДЖІ МКҚК

Сабағының технологиялық картасы

Технологическая карта учебного занятия


Мерзімі / Дата _____10.11.2015 жыл_____________Топ / Группа _______18___________

Пән /Дисциплина __________Қазақ тілі___________________________________________

Сабақтың № / Урок №_20 ___________________________________________________


Тақырыбы / Тема занятия_Балаға қатысты салт-дәстүрлер.

Сабақтың мақсаты / Цель занятия

білімдік / образовательная Білім алушыларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен салт-дәстүрлері туралы оқушыларға баяндап түсіндіріп,маңызын көрсету.

көсемше, оның жасалу жолдары, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.

дамытушылық / развивающая_Білім алушылардың ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, түрлі жағдаяттарды көріп,тығырықтан шыға білетін белсенді білім алушы тұлғасын қалыптастыру

тәрбиелік / воспитательная: Адамгершілігі мол, ,парасатты, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы /Обеспечение учебного занятия

а) оқу-көрнекілік құралдар/ учебно-наглядные пособия

оқулық, кеспе карталар, дискі, слайд, кеспе карталар, белсенді тақта _________________

_____________________________________________________________________________

Пәнаралық байланыс / Межпредметная связь: әдебиет, орыс тілі, тарих ______________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Қолданатын әдебиет /Литература к занятию

Негізгі /Основная_Д.Е.Рысқалиева, А.СЖақанбаева, Д.Қ. Ибрагимова Қазақ тілі, _10 класс.____________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Өз бетінше жұмыс/Самостоятельная работа на занятии_мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, талдау________________________

Сабақтың өту барысы / Ход занятия

Ұйымдастыру кезеңі / Организационный момент

Сабаққа дайындығын қадағалау.

Сабақтың эпиграфы: 
Балалары бар адам, 
Бағалайды өмірді. 
Ондай үйде той – думан, 
Ондай үйде көңілді! 

Бүгінгі сабағымыз бірнеше турлардан тұрады:

  1. «Қаншалықты білемін?» үй тапсырмасын тексеру.

  2. «Әдеп-салтың –қазақтық қалпың»

«Сәттілік сатысы» білім алушылар сабақтың басында өз дайындықтарын бағалайды. өзін -өзі бағалайды

                                                         5

                                         4

                             3

«Сәттілік сатысы» арқылы өздерінің білімдеріне баға береді де,сабақ соңында өз жасаған жұмыстарымен сәйкестендіреді.Бұл стратегия  өздерін сабақтың соңында бағалауға оңай

Дейін

Кейін

 

 

 


Үй тапсырмасын тексеру:

«Бәйге» айналымы арқылы үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға қай топ жылдам жауап берсе сол топқа ұпай қосылып отырады.

• 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
• 2. Құрмалас сөйлем құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
• 3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
• 4. Салалас құрмалас сөйлем мағыналық жағынан неше түрге бөлінеді?

5. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

6. Етістіктің неше шағы бар?


Жаңа сабақ. 1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.

Сәбиге сәнді үй Анаға ән – күй. (Бесік)

2. Ой қозғау

- Бесік деген не?

- Бесік неден жасалған?

- Бесікке жатқан бала бар ма?

- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?

«Әдеп-салтың –қазақтық қалпың»

- Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің? Дәстүр латынша жапсыру, жалғастыру-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады. 
- Әдет-ғұрып деген не? Әдет-ғұрып дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт-сана. 


Шілдехана             Ат  қою  

                Бесікке салу

Балаға қатысты

Тілашар             салт –дәстүрлер      Қырқынан

шығару


Тоқымқағар     Сүндет той                    Тұсау кесу

Жаңа сөздермен жұмыс:

  • Шілдехана - Вечеринка по поводу рождения ребенка

  • Нәресте- Новорожденный младенец

  • Сәби -Ребенок

  • Қырқынан шығару- Отмечать 40 дней со дня рождения

  • Қарын шашын алу -Утробный волос

  • Аластау -Изгонять

  • Кәде -Подарок

  • Тұсау кесу -Разрезать пути

  • Қаз тұру- Стоять на ногах

  • Есу- Вить

  • Шашу -Подарки, приносымые на торжества

  • Құда -Сват

  • Құда түсу -Свататься




Екі топтан екі білім алушы шығып, Шілдехана, тілашар салт-дәстүрлерінің мағынасын түсіндіріп, екі сөзге фонетикалық талдау жасайды.


Тапсырма: (Топтық жұмыс) Алдарына мәтін беріледі. 
а) I топ – 1 бөлікке ат қояды 
II топ – 2 бөлікке ат қояды 
ә) Түсінгендерін айтып береді (Аудирование-3 минут) 
(Мақсаты: Логикалық ойларын дамытады) 
2. Мәтінді зерттеу. 
a) Мәтіннен әр септікте тұрған зат есімді анықтап, септігін атап. (слайд) 
(Мақсаты: Зат есімдің жай және тәуелді септеуін бекітеді) 
ә)Мәтіннен алған сөздерге синоним жазып, сөз табын ата. (слайд) 
(Мақсаты:Сөздік қорын молайтады) 
б) «Insert» стратегиясы арқылы мәтінді зерттеу (Мәтін ауыстырылады) 

(таныс ақпарат) + 
(мен үшін жаңалық) - 
(келіспеймін) ? 
(сұрағым бар) 

+

Мен үшін жаңа ақпарат

V

Келісемін

?

Мені ойландырады, таңқалдырады

-

келіспеймін


















2 тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтыңдар.

Балаға қатысты салт-дәстүрлер.

Графикалық диктант.




Салалас құрмалас сөйлем


Сабақтас құрмалас сөйлем


Аралас құрмалас сөйлем



1 2 3 4

Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлады да, түбіне күл себеді.

Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды.

Мерекелік дастарқан жайылады және бесікке салған адамға кәде беріледі. 


Мағынаны тану. Мұнда білім алушылар түсті таңдап сол түсте салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беруі қажет.

1-топ. Салт-дәстүр

 Қызыл түс – бала туғаннан бастап ретімен салт-дәстүрлерді атаңдар. 

Жасыл түс – “Шарғы” дегеніміз не? Шарғы деген дәстүр өзіне таяу сіңілісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген мағына екен. 
Көк түс – бата дегеніміз не? Бата беру. Бұрынғы заманда халық ізгі тілек, ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық “батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді” деп даналық сөздері арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған. 

2-топ. Әдет-ғұрып

Қызыл түс - Құда түсу тойы дегеніміз не?

Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.

Жасыл түс – Қазақта баланың атын көп жағдайда кім қояды?

Көк түс – шілдехана деген не?

Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қаншалықты білемін? Бұл тапсырмада белгілі бір салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты жасалатын жол-жоралғылар айтылады, білім алушылар қай салт-дәстүр мен әдет ғұрып екендігін айту керек.

1.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той атауы -.... (шілдехана)
2. Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс қалай аталады? Кіндік кесер(салт).
3. Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетін салт қалай аталады? Бесікке салу(салт).
4. Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан салт қалай аталады? Қырқынан шығару(салт).
5. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып
Тұсау кесер(салт)..

6. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған ғұрып қалай аталады? Ат қою(ғұрып)

7. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай аталады? Айдар(ғұрып).
8. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны не дейді? Кекіл (ғұрып).

Әріптерден мақал құрастыр.

АБДЖКЛН

1-топ: Алты жасар бала алыстан келсе, 

Алпыс жасар кәрі алдынан шығар. 


2-топ: Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.


Екі жақты күнделік Үзінді Ойтұжырым 

Әңгімеден үзінді

Білім алушының  түйіндемесі

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер

 Өмірде жолың болсын, сәттілік жолдасың болсын деген ойды білдіреді.



Сергіту сэтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … ез …

(Ер бір өледі, ез мың өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

  1. Таяқ… сөз…

(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

  1. Мал… жер…

(Мал бақандікі, жер жыртқандікі)

  1. Тентек… акыл…

(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

  1. Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

  1. Мысық… тышқан…

(Мысыққа ойын керек, тышқанга өлім керек)

  1. Мектеп… білім…

(Мектеп — кеме, білім — теңіз)


Топпен жұмыс. Тапсырма: Жағдаяттарды талда.

І топ . «Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі»

ІІ топ. «Мен бесікке салуға қарсымын».

Өзіңді тексер Лексикалық - грамматикалық тест.


1. Қазақтың салт - дәстүрін білдіретін сөздер тобы:
а) зат, ат, сөз
ә) айна, тарақ, қайшы
б) ата, әже, әпке
в) шілдехана, тұсаукесер, тілашар

2. Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі аудармасы қалай?
а) обманывать – зло, бить обманутым глупо
ә) у кого много друзей, того не возьмет ни один враг
б) вежливость, честь, совесть знак человечности

3. Себеп - салдар жалғаулықты табыңыз:
а) болмаса
ә) үшін
б) сондықтан
в) бірде

4. Құрмалас сөйлем неше сөйлемнен тұрады?
а) бір сөйлемнен
ә) екі немесе одан да көп сөйлемнен
б) екі сөйлемнен
в) бірнеше сөйлемнен

5. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Ән басталды, бірақ домбыра сазы басылған жоқ.
а) талғаулы салалас құрмалас сөйлем
ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем
б) кезектес салалас құрамалас сөйлем
в) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

6. Үйлену тойы, бесікке салу, шілдехана
а) мақалдар
ә) дәстүрлер
б) өлеңдер
в) нақыл сөздер

7. «Бесікке салу» деген не?
а) ұлттық ойын
ә) салт - дәстүр
б) тұрақты тіркес
в) мақалдар

8. Сөйлемнің түрін анықтаңдар.
Қазақ отбасында қыздың орны үлкен, өйткені қызды ерекше құрметтейді.
а) кезектес салалас құрмалас
ә) ыңғайлас салалас құрмалас
б) себеп - салдар салалас құрмалас

в)қарсылықты салалас құрмалас

9. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңдар:
а) біресе, кейде, бірде
ә) не, немесе, я, әлде, бірде
б) бірақ алайда, дегенмен
в) сондықтан, себебі, өйткені, неге десең

10. Мынау қай салалас құрмалас сөйлемнің шылаулары?
Өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десең.
а) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
ә) іліктес салалас құрмалас сөйлем
б) себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
в) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Балаларды бағалау. Білім алушылардың өздерін бағалаған бағалау парақтары бойынша қойылады.

Аты –жөні

Тапсырмалар

/ ұпай

1

2

3

Топ басшысы

Үй жұмысы

 

 

 

 

Топтастыру

 

 

 

 

Тірек сөздер бойынша әңгіме

 

 

 

 

Жоба қорғау

 

 

 



. Бекіту кезеңі.

Рефлексия 
а)Қорытындылау. Сонымен:балаға байланысты салт-дәстүрлер қандай заңдарға негізделген.(жақсы тәрбие беру, үлгі- өнеге көрсету, әдептілік, тәртіп заңдарына) .
Қазақтың салт - дәстүрлері
Қазақ халқының салт - дәстүр, әдет - ғұрпы – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік әлеміндегі қымбат қазына. Онда халықтың өмір тәжірибесі, ізденісі, танымы, тарихы жинақталған. Қазақта: шілдехана, қырқынан шығару, бесік жыры, тұсау кесу, сүндет той, құда түсу, қыз айттыру, үкі тағу, ұрын келу, құда тартар, беташар, неке қию, бата беру, әмеңгерлік, т. б. салт - дәстүрлер бар. Сондай - ақ, ұлттық тағам, ұлттық ойын, ұлттық киім, музыкалық аспаптарының да өзіндік ерекшелігі, тарихы бар.

  Бағалау / Оценка

Үй тапсырмасы/ Домашнее задание ереже жаттау

Оқытушының қолы/

Подпись преподавателя ________Айнабекова Ш.С.____________________И.Фамилия

(подпись)












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бала?а ?атысты салт-д?ст?рлер

Автор: Айнабекова Шынар

Дата: 06.12.2015

Номер свидетельства: 262806


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1940 руб.
2430 руб.
2220 руб.
2770 руб.
1880 руб.
2350 руб.
2110 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства