kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бай?о?ыр" бекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка открытого урока по казахскому языку

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бай?о?ыр" бекеті»

Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4 «б»

Мерзімі: 18 наурыз

Мұғалімнің аты-жөні: Абадилов Нұрбек Қабыкенұлы



Сабақ тақырыбы: «Байқоңыр» бекеті

Сабақ мақсаты: «Байқоңыр» бекеті туралы жалпы мағлұмат алу;

Сабақ міндеттері: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қисынды ойлау қабілетін дамыту, жұптық, топтық жұмыс жүргізуге қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақ барысында қолдану,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерінің элементтерін қолдану арқылы қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, елін, жерін құрметтейтін, қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:



Жалпы «Алматы» метросы, «Байқоңыр», «Абай», «Райымбек батыр» бекеттері туралы мағлұмат алады;

Диалогтік қарым-қатынасқа түседі;

Мәтінді мазмұндай алады;

Сөздік қоры молаяды;

Топтық, жұптық жұмыс жүргізіп, өз ойларын жеткізе алады;

Сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере алады;

Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артады;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сабақ барысында ғаламтордан қажетті мәліметтер таба алады;

Көкірегі ояу, елін, жерін құрметтейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптасады.

Көрнекілік,техникалық құралдар: слайд, интербелсенді тақта, бағалау парақшалары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, ватман, бағдаршам салынған плакат.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі: Тілашар.Оқулық» 4-сынып Алматы: Көкжиек - Горизонт баспасы, 2015.



Сабақ барысы:

Уақыты

Сабақ кезеңдері.

Жұмыс түрлерінің мазмұны.

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті.

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.

Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн жер-ана!

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн жер-ана!

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн достарым!

2минут

Топқа бөлу кезеңі.

Түрлі-түсті стикерлерді ұсыну арқылы топтарға бөлу.Сары түсті стикерді таңдаған оқушылар «Сұңқар» тобына, көк түсті стикерді таңдағандар «Тұлпар» тобына, қызыл түсті стикер таңдағандар «Қыран» тобына шоғырланады.


Оқушылар стикерлердің түсіне қарай топтарға бөлінеді.

1-топ «Сұңқар»

2-топ «Тұлпар»

3-топ «Қыран»











2 минут

Топ жетекшісін тағайындау.

Мұғалім топ жетекшісін тағайындауды ұсынады.

Әр топтағы оқушылар топ жетекшісін тағайындайды.

2 минут

Топ жетекшілеріне бағалау парақшаларын тарату.

Мұғалім әр топ жетекшісіне бағалау парақшаларын таратады.

Топ жетекшілері бағалау критерийлерімен танысады.


6 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

«Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй жұмысын тексеру.

«Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй тапсырмасын пысықтайды.

Оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып,бір-біріне доп лақтыру арқылы сөздік қорын тексереді, диалог, мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауабын алады.

2 минут

Жаңа тақырып: «Байқоңыр» бекеті.

Ой қозғау. Балалар, біздің Қазақстан қалаларының ішінде қай қалада метро бар деп ойлайсыңдар? Кім сол метрода болды?

Оқушылар топтық жұмыс арқылы метро туралы білетін мәліметтерін ортаға салады,түсініктерін әңгімелейді,талдайды.


6 минут

Слайд-презентация.

Жаңа тақырып:

«Байқоңыр» бекеті слайд-презентация көрсету.

1.Алматы метросы.

2.Метро бекеттері.

3.Жаңа сөздер.

4.Сөзжұмбақ.

Оқушылар интербелсенді тақтадан бейноматериалды көріп, қай қала, қай метро екенін анықтайды. Жаңа сөздермен танысып, дауыстап қайталайды, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырып, дәптерлеріне көшіріп жазады.

5 минут

Оқулықпен жұмыс:

Жұптық, топтық жұмыс.


Мәтінді оқып, сұрақтар қою арқылы диалог құру.


Сұрақтарға жауап беру.Әр топ жетекшісі доп лақтыру арқылы басқа топ мүшелерінен қойылған сұрақтарына жауап алады.

2-тапсырма.

Жұптық жұмыс.Әр топтан бір жұп ортаға шығып сурет бойынша құрастырған әңгімелерін ортаға салады.

«Кубизм» стратегиясын қолдану арқылы грамматикалық тапсырманы орындауын қадағалайды.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жүргізеді. Сурет бойынша әңгіме құрайды. Ұқсас диалог құрастырады.

Әр топ жетекшісі қарама-қарсы топ мүшелеріне қарай кубикті лақтыру арқылы, оның алты қырына жазылған «Бекет», «Метро», «Бәйтерек» , «Қала», «Доп», «Саябақ» сөздері бар алты қырының бірі түссе, сол сөзді тәуелдеуді, септеуді талап етеді.


2 минут

Сергіту сәті.

«Төрт қадам алға, төрт қадам артқа» сергіту сәтін орындату.

Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен сергіту сәтін орындайды.

5 минут

Постер қорғау.

«Сұңқар» тобына «Байқоңыр бекеті» туралы, «Қыран» тобына « Абай» бекеті, «Тұлпар» тобына «Райымбек батыр» бекеті туралы ғаламтор арқылы ақпарат әзірлеп, постерді безендіріп, тақырыпты қорғау тапсырылады.

Әр топ мүшелері тапсырылған бекеттер бойынша ұялы телефондар, планшеттер арқылы ғаламтордан аталмыш бекеттер туралы ақпарат тауып, постерді түрлі-түсті маркерлермен безендіріп, ортаға шығып қорғайды.

5 минут

Дәптермен жұмыс.

3-тапсырмадағы сөздерді бір-бірінен ажыратып, сөйлемдер құрап жазу.Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу. «Менің сүйікті бекетім» тақырыбына шағын эссе жазуын қадағалау.

Оқушылар дәптерлеріне тапсырмаларды орындайды.

3 минут

Бекіту.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін жүзеге асыру барысында интербелсенді тақта арқылы сөзжұмбақтар шешу, сөздердің аудармасын табу тапсырмалары беріледі.

Оқушылар интербелсенді тақтадағы сөзжұмбақты шешеді, сөздердің аудармасын сәйкестендіреді.

2 минут

Кері байланыс.

Оқушылардың пікірлерінің жазылуын қадағалайды.

«Бағдаршам» әдісін қолдану арқылы оқушылар тілектерін жазып, «Бағдаршам» салынған плакатқа жабыстырады.

2 минут

Үй тапсырмасы.

73-бет, мәтінді мазмұндау, сөздік жаттау, мәтін бойынша диалог құру.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бай?о?ыр" бекеті

Автор: Абадилов Нурбек Кабыкенович

Дата: 22.05.2016

Номер свидетельства: 329333


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства