Просмотр содержимого документа
«Азаматты? ?ор?аныс Химиялы? барлау аспаптары ж?не Газт?мылдыры?, ?ор?аныш плащы»
Жамбыл орта мектебі
Азаматтық қорғаныс
Химиялық барлау аспаптарыжәне Газтұмылдырық, Қорғаныш плащы
Өткізген: Кусаинов М.Е.
2014-2015 о/ж.
Химиялық барлау аспаптарыжәне Газтұмылдырық, Қорғаныш плащын берілген уакыт боиынша кигізіп үйрету
Өткізілген орны: спортзал
Өткізілген күні:11.04.2015 ж
Мақсаты:Оқушыларды қорғаныстағы бөлімшенің іс – әрекетімен таныстыру. Радиациялық және химиялық барлау аспаптарымен таныстыру.
Бөлімше командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
1-бөлім
Радиациялық және химиялық барлау аспабымен танысу
Радиациялық және химиялық барлау аспаптары түрлі обьектілердің зақымдану дәрижесі мен радиация денгеиін табуға, сондай-ақ сәулелендіру мөлшерін өлшеу арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде ионизациялық әдісті пайдаланады.
Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделінген – олардың өздері таратылатын ортаны ионизациялау қабілетін, яғни, нейтралды молекула немесе атомдары буға ыдыратуды көрсетеді.Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса,онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері – анодқа, екіншілері – катодқа жылжиды. Осының нәтижесінде электродтар аралығында ионизацияланған ток пайда болады, оның көлемдегі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады.
2-бөлім
Газтұмылдырық және Қорғаныш плащы
Қарсылас авиациясының шабулдауы кезінде «Әуе!» сигналы боиынша бөлімше оқпана түбіне тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында қарсыласты жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер әуе нысаналарына атыс жүргізуге даиындалады және әуе нысаналарына қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналары ату командир пәрменімен жүргізіледі.
«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан , тұмыдырық ,қорғаныш плащ, шұлық пен қоғап киеді де өз орындарында қалады.
«Химиялық дабыл» сигналкезінде – газтұмылдырық,қорғаныш плащ,шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: «Радиациялық қауіп!» сигнал кезінде – тұмылдырық ,ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.
Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені боиынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.