kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Автомобильдің қосымша жабдықтары, бөлшектері мен танысу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-топ: Автоэлектр жабдықтары: Генератор,стартердің құрылысын шашып,атқаратын қызметін түсіндіру.

2-топ: Қоректендіру жүйесі: Карбюратор,бензин насос құрылысын шашып,атқаратын қызметін түсіндіру.

3-топ: Жүріс бөлігі: Кардан,сцепления құрылысын шашып,атқаратын қызметін түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Автомобильдің қосымша жабдықтары, бөлшектері мен танысу.»

Cабақ жоспары

Күні:

Пәні: «Автокөліктерді жөндеу,пайдалану және техникалық қызмет көрсету»мамандығының өндірістік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің қосымша жабдықтары, бөлшектері мен танысу.

Сабақтың мақсаты: Автокөліктің қосымша бөлшектерінің атқаратын қызметі және құрылысы туралы түсінік беру.

1.Білімділік: Студенттерге жөндеу жұмыстарын, жолдарын,атқаратын қызметі,құрылысы,сапасын анықтауды үйрету.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау,бақылау,қабылдау,ақыл-ес,зейін,ой-өріс және басқа танымдық процесстерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке,жауапкершілікке,тәрбиелеу,өз ойын ашық айтуға,топпен бірлесе жұмыс істеуге,өзгенің көзқарасына сыйластықпен қарауға үйрету.

Сабақ типі: ашық сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,топпен жұмыс,суретпен жұмыс,постер қорғау.

Сабақ түрі: практикалық.

Жабдықталуы: автокөлік бөлшектері,тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: слайд,плакаттар,карточка,

Пән аралық байланыс: Автомобильдерді жөндеу,материалтану.орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттерді үш топқа бөлу: Шебер, Алғыр, Қыран.

II.Үй тапсырмасын карточкаларда берілген сұрақтар арқылы сұрау,бағалау:

1.Шанақ неге арналған?

2.Шанақтардың жіктелуі?

3.Қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

4.Жеңіл автомобильдің қандай шанақтары (кузов) болады?

5.Лимузин қандай автомобиль?

6.Седан қандай автомобиль?

7. Универсал қандай автомобиль?

8. Хэтчбек қандай автомобиль?

9. Купе қандай автомобиль?

III. Жаңа сабақ:

1.Слайд көрсету.

2. « Автомобильдің қосымша бөлшектері мен таныстыру».

Үш топқа тапсырма.

1-топ: Автоэлектр жабдықтары: Генератор,стартердің құрылысын шашып,атқаратын қызметін түсіндіру.

2-топ: Қоректендіру жүйесі: Карбюратор,бензин насос құрылысын шашып,атқаратын қызметін түсіндіру.

3-топ: Жүріс бөлігі: Кардан,сцепления құрылысын шашып,атқаратын қызметін түсіндіру.

Генератор қондырғысы электр генераторы мен кернеу реттеуіштен тұрады. Генератор автомобильдің барлық ток түтынушы кұралдарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге және аккумулятор батареясын қозғалтқыштың иінді білігінің орташа немесе жоғарғы айналу жиілігінде қуаттандыруға арналған. Генератор механикалық энергияны электр энергиясына айналдырушы қондырғы болып табылады. Қозғалтқыштан алған механикалық энергияны генератор кондырғысы электр энергиясына электр магнитті индукцияның пайда болуына байланысты айналдырады.

Электр энергиясының көзі 60 жылдарға дейін шыққан автомобильдерде тұрақты ток өндіруші генератор болды, олар пайдалануға керекті энергияны камтамасыз етті, бірак пайдалануда оларға кететін шығын көп болды. Ал 60 жылдардан кейінгі шыккан автомобильдерде пайдаланылатын заттарды азайту, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың шарттарын жоғарылату және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау сипатталды. Осы шарттарға байланысты генератор қондырғысының қуатын көбейту, оның жұмыс істеу мерзімін ұлғайту, сипаттамасын жақсарту жэне оларға қажетті пайдалану материалын азайту керек болды. Осыған орай генератор қондырғысының көлемін кішірейтіп, жоғарғы айналу жиілігін ұлғайту қажеттігі туды.

Айтылған шарттарды орындау үшін тұрақты токты генератор қондырғысының конструкциясы мен өндіру технологиясын өзгерту, оның үлкен көлемі мен генератор салмағын өзгерту мүмкін болмады.

Ғылыми ізденістер мен зерттеулерден кейін автомобильдердің генераторларының жаңа бағыты анықталды. Ол айнымалы ток генераторы болды.

Айнымалы токты генератор деп аталуына оның ішкі құрылысы жэне айнымалы ток өндіруі ықпалын тигізді, тұтынушыларға тұрақты ток керек болғандықтан, генераторларда шалаөткізгішті түзеткіш орнатылған және тұтынушылар үшін тұрақты (түзетілген) ток қолданылады.

Шалаөткізгішті техниканың дамуына байланысты айнымалы ток- ты генераторларда дамытылған шалаөткізгішті вентильді (диодты) түзеткіш жиынтығы қолданылды. Осыған орай генераторлар сапасы артып, автомобиль құрастыруда жоғарғы сұранысқа ие болды.

Айнымалы токты генераторлардың тұрақты токты генераторлардан артықшылығы - бірдей қуатта генератордың салмағының 1,8-2,5 есе жэне 3 есе жұмсалатын мыстың аздығы; аккумулятор батареясының үнемі жоғарғы көлемде қуатталуы; жұмыс істеу мерзімінің сенімді ұлғаюына байланысты оларға кететін пайдалану материалдары шығынының азаюы және т.б.

Бірінші айнымалы токты автомобиль генераторлары селенді түзеткіштері мен дірілдеуік кернеу реттеуіштерімен жобаланды. Селенді түзеткіштердің көлемі үлкен, сондықтан оларды генератордан бөлек, жақсы суытылатын жерлерге орнату қажеттігі туды. Селенді түзеткіштер мен генераторды жалғау үшін қосымша сымдар керек болды.

Сонымен қатар селенді түзеткіштердің жұмыс температурасы +80°С-тан артық болмады. Сондықтан селенді түзеткіштер крем- ний диодтардан тұратын түзеткіштерге ауыстырылды. Олардың жұмыс температурасы жоғары және көлемі бойынша кішілеу, олар ды генератордың ішіне орналастыруға болады. Кремний диодтары жоғарғы жұмыс істеу мерзімімен, артқа аздаған токты ғана жіберуімен, -60-тан +125°С-қа дейінгі температурада сенімді түрде жұмыс істеу қабілетімен ерекшеленеді.

Статор қозғалыста болмайтын орамы бар генератордың бір бөлшегі болып саналады. Орамдарда электр қозгаушы күш индукцияланады. Ал роторда қоздыру орамы бар, соның арқасында ротор айналғанда электр магнитті толқын пайда болады. Статор магнит өткізгіш болып саналады және ол жіңішке электр магнитті болат тілімдерінен жинақталған жүрекшеден тұрады. Статор жүрекшесі сақина түрінде жасалған. Оның ішкі жағында тістер бар, оларға үш фазалы орам оратылады. Әр фаза бір-біріне тізбектей жалғанған алты орамнан тұрады. Фаза орамдары бір-біріне «жұлдызша» тәрізді жалғанса, ал келесі ұшы түзеткіш жиынтығының үш түйіспесіне жалғанады.

Ротор - генератордың қозғалмалы бөлігі. Ол білік пен оған сыгылып тығындалған қоздыру орамынан және қоздыру орамының ықпалымен магнитті толқын тудыратын алты электромагнитті полюсті тістерден тұрады. Олар он екі полюсті электр магнитті жүйе тудырады. Ротор білігінде екі түйіспелі сақиналар орнатылған. Түйіспелі сақиналарға қоздыру орамының екі үшы жалғанған, сондықтан олар арқылы қоздыру орамына электр тогы беріледі.


Жанғыш қоспаны карбюраторда әзірлеу бүрку принципіне негізделген, мүндайда сұйықтық сиреген ауаның әсерінен тозаңдатқыштан (түтіктен) шапшып шығып, майда тозаң күйінде бүркіледі.

Қарапайым карбюратор қалтқылы камерадан , диффузордан , тозаңдатқыштан , араластыру камерасынан және дроссельдік қалқалағыштан тұрады. Отын қалтқы камераға өз ағысымен немесе сорғы арқылы отын өткізгішімен беріледі. Қалтқы камера араластыру камерасымен жиклері бар тозаңдатқыш арқылы қосылады. Ол шағын тесігі бар тығын түрінде болады, сол арқылы белгілі уақыт бірлігінде отын беріледі.

Тозаңдатылған отын ауамен араласады, бір бөлігі буланады және жанғыш қоспа түрінде қозғалтқыш цилиндріне келеді.

Жанғыш қоспа - бұл карбюраторда майда тозандатылған отынның (бензиннің) буларынан және ауадан дайындалған қоспа.

Автомобиль қозғалтқышында құлама ағынды екі камералы карбюраторлар орнатылады.

Автомобиль карбюраторларында мынадай мөлшерлейтін жүйелер бар: негізгі бос жүріс; салқын қозғалтқышты іске қосу; экономайзер; шапшаңдату сорғысы.

Карбюратордың екі камерасы да бір-біріне тәуелсіз, параллель жұмыс істейді, әрқайсысы жанғыш қоспаны өз қатарындағы цилиндрлерге береді. Әрбір камераның негізгі мөлшерлейтін және бос жүріс жүйелері бар. Ауа жапқыш, қалтқылы камера, экономайзер және шапшаңдату сорғысы карбюратордың екі камерасы үшін ортақ.


Қазіргі кезде жанармай сорғысы электрлі жетекті болады да, жанармай багының ішіне орналасады. Мұндай сорғының ерекшелігі шусыз жұмыс істейді, жанармай қысымының соғысын (пульсация) төмендетеді, көлемі шағын, салмағы жеңіл болады. Электр қозғалтқышы жанармай арқылы салқындатылып тұрады. Сорғыда кеміту (редукционный) клапаны болады, ол жанармай арнасы ластанып, қысым артқанда іске қосылады. Сорғыда жапқы клапан болады, ол сорғы жұмыс істеуін тоқтатқанда, арнадағы қысымды ұстап тұруға арналған. Сорғының өнімділігі - 1,5-2,5 л/мин, ал жұмыс қысымы - 3,6 кг/см2.

Электр жанармай сорғысы жанармай бүркетін қозғалтқыштарда жанармайды бактан бүріккішке беруде қолданылады. Сорғы жанармайды жоғарғы қысыммен бүріккішке беруге тиіс, оның қысымы (2-6 атм.) бүркетіндей дәрежеде болуға тиіс. Электр жанармай сорғысы бактың ішіне орнатылады. Кейбір автомобильдерде екі сорғы (айдайтын сорғы бактың ішіне, ал негізгі сорғы сыртқа) орнатылады. Бактың ішіндегі жанармайдың мөлшері бактың көлемінің 1/4 бөлігінен кем жанармаймен жүргенде, сорғының пайдалану мерзімін кемітеді, өйткені теже- генде, бұрылыстарда сорғыға жанармай берілмей қалатын жағдай болады.


Карданды беріліс автомобильдің айнымалы беріліс қорабынан шығатын айналу моментін жетекші белдікке жеткізу үшін карданды беріліс қолданылады. Карданды беріліс карданды біліктен, топсадан, орталық тіректен тұрады. Карданды топса біліктер арасында айналу моментін беруді қамтамасыз етеді. Автомобильдің трансмиссиясында қатты карданды тұрақты және тұрақсыз бұрыштық жылдамдықты топсалар қолданылады.

Тұрақсыз бұрыштық жылдамдықты беретін карданды топса қатты бөлшектерден тұрады Жетекті және жетектегі аша , айқаспа , инелі мойынтіректен тұрады. Бұл топсаны тұрақсыз жылдамдық бұрышының топсасы деп атайды.Автомобильдің алдыңғы жетекті басқаратын дөңгелекте карданды берілістің екі: шарикті және жұдырықты түрі қолданылады.


Ілініс (сцепление) қозғалтқыш трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға және автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозгалыс кезінде берілістерді ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастыруға арналған. Іліністерді жұмыс істеу принципі бойынша үйкелістік, гидравликалық және электромагниттік деп жіктейді. Үйкелістік іліністе айналдырушы сәтті жетекші бөліктен жүргізілетін бөлікке беру үйкеліс күштерінің есебінен жүргізіледі, гидравликалықта (гидромуфталар) сұйықтың ағыны есебінен, электромагниттікте магнит өрісінің көмегімен жүргізіледі. Іліністің басқышын басқанда, жүргізушінің аяғының күші соташық арқылы басты цилиндрдегі сұйықты жұмыс цилиндріне жібереді, ол цилиндрдегі поршеньді жылжытып, күш мойынтірекке, мойынтірек иінтіректер аркылы кысатын дискіге беріліп, оны жылжытады да, жетектегі дискіні босатады. Иінді біліктен беріліс қорабы ажырайды, ал іліністің басқышын босатқанда, ілініс қайта қосылады.






IV. Тапсырма: Топтық жұмыс (постермен жұмыс)

«Автомобильдің қосымша жабдықтары,бөлшектері мен танысу» тақырыбында берілген мәліметтерден постер жасау.


Бағалау критерилері:


а) мазмұны

б) баяндауы

в) топ мүшелерінің қатысуы


V.Қорытынды бөлім:

Рефлексия: Бүгінгі сабақта не білдім? Не білгім келеді?

Үйге тапсырма: «Автомобильдің қосымша бөлшектері мен таныстыру» тақырыбына реферат дайындау.










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Автомобильдің қосымша жабдықтары, бөлшектері мен танысу.

Автор: Кенкараев Ербол

Дата: 03.06.2017

Номер свидетельства: 420270


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства