Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: №5
Мектеп: КММ «№117 ЖББМ»
Күні: 08.09.2016ж.
Мұғалімнің есімі: Буршакбаева Б.С.
Сынып: 9 «Г»
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Тақырыбы
«Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың»
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
9.Т1.Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Адам бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді біледі, айтады, ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін талқылай отырып, мағынасын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар:
Мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжай алады.
Тілдік мақсат
Сабақ барысында пайдаланатын сөздер мен сөз тіркестер: есіл-дерті, бабын табу, көңіл хошы, беймазалық, қиналыс, кейістік, жалақы, т.б.
Алдыңғы оқу
Оқушылардың Ата-ананың ақылы, тәрбиесі, өнегесі туралы әңгімелеу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)
Ресурстар
Басы 7 минут
1. Сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу (бейне-ролик көрсету)
2. Топқа бөлу (оқу құралдары арқылы топтастыру).
1 топ – парыз
2 топ – қарыз
3 топ – міндет
3. Үй тапсырмасын тексеру:а) «Фразеологизмдер» туралы ережені қайталау.
ә) «Сіз», «біз» деген жылы сөз» өлеңін жаттау.
АКТ, суреттер (қима қағаздар)
Ортасы 30 минут
1. а) Тәрбие туралы бейне-роликті көрсете отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.
ә) Сұрақтар:
- Бейне-роликтен кімдерді көрдіңдер?
- Басты кейіпкер кім?
- Бейне-ролик немен аяқталады?
- Тақырып не туралы?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, бүгінгі біздің сабағымыз «Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың» деп аталады.
2. Критерийлермен таныстыру:
- Оқушылар адам бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді ажырата алады.
- Мәтін негізінде сұрақтар қоя алады, сұхбаттасуды құрастыра алады.
- Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін талқылай отырып, мағынасын түсіндіре алады.
- Мәтінді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжай алады.
2. 2-тапсырма, 23-бет. Мәтінді оқыңдар. Бірнеше сұрақ құрастырып, өзара сұхбаттасыңдар.
Критерий Дескриптор
Білу, түсіну
Оқушылар адам бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді біледі, айтады, ажырата алады.
Оқушылар достарының бойындағы жаман, жақсы қасиеттері туралы айтып бере алады.
Қолдану
Мәтін бойынша сұхбаттаса алады.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, қоя алады.
4-тапсырма. «Ақылыңа ақыл қос!» мәтініндегі қарамен жазылған тұрақты сөз тіркестердің сөйлемге қандай мағына беріп тұрғанын айтыңдар, негізгі идеяны анықтаңдар.
Критерий Дескриптор
Білу, түсіну
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін талқылай отырып, мағынасын түсіндіре алады.
Тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін біледі.
Қолдану
Мәтінді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжай алады.
Негізгі идеяны болжай алады.
Сергіту сәті: «Сандар мен әріптерді құраймыз» ойыны.
АКТ, суреттер (қима қағаздар)
Смайликтер
Тапсырмалар (қағазға басылған)
Тапсырмалар (қағазға басылған)
Соңы 8 минут
Рефлексия: Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.
(Берілген бейне-ролик пен сабақ тақырыбы байланысты ма? Сабақта тәрбие жайлы әңгімелесесіңдер ме? «Нағыз адам» әңгімесінен қандай ғибрат алар едіңдер? Неліктен? Оны жүзеге асыру үшін қандай мүмкіндіктерді пайдаланасыздар? Тәрбиедегі сыйласымдылықтың рөлі қандай?)
Бағалау: Құрастырылған дескрипторды жинап алып, бағалау.
Үйге тапсырма: а) 25-беттегі деңгейлік тапсырмалар.
ә) Тұрақты сөз тіркестерін еске сақтау, қайталау.