kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "М?хтар ?уезовті? ?мірі мен шы?армашылы?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?хтар ?уезовті? шы?армашылы?ы мен ?мірі туралы о?ушылар?а ке?інен ма?л?мат беру. О?ушылар?а та?ырып?а ?ызы?ушылы?ын ояту ма?сатында "К?ксерек" кинофильмінен ?зінді к?рсеттім. С?здікпен ж?мыстандым. М.?уезовті? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ??гімелеуді? тірек с?здерін жазып,оларды тірек сызбалар?а ?з жауаптарын пайдаландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "М?хтар ?уезовті? ?мірі мен шы?армашылы?ы"»

Күні:28

Пән:Қазақ әдебиеті(орыс сыныбы)

Сынып:8

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Естеліктерді,қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.

Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу; Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

2.Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында –

«Көксерек» кинофилімінен үзінді көрсету;

Сұрақ: Бұл үзінділер қай фильмнен алынған, шығарманың авторы кім?

Иә, Мұхтар Әуезов. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың арқауы- М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, эпиграфымен таныстыру, дәптерлеріне жаздыру;

  1. Жаңа сабақ түсіндіріледі:(ақырын музыка әуені естіледі) күй(Сарыарка)

Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.

Қазақ сөз өнерінің дамуына, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан,әлемдік құбылысқа айналған,қазақ әдебиетінің классигі,академикМұхтар Әуезов бұрынғы Семей уезі,Шыңғыс болысындағы Қасбұлақ деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Он бір жасында әкесі қайтыс болып, Мұхтар ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Бала Мұхтардың атасы Әуезбен әжесі Дінасыл тәрбиелейді. Мұхтардың сауатын ашқан алғашқы ұстазы да атасы болды. Атасы кішкентай Мұхтарға халық ауыз әдебиеті үлгілерін жатқа оқытып,оның әдебиетке деген қызығушылығын оятады.

Семейдеегі орыс гимназиясында бес жыл,мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды. Семинария қабырғасында өзінің тұңғыш шығармасы «Еңілік-Кебек» пьесасын жазды.

Ол өте зерделі,алғыр ынталы шәкірт болды. Ұлы қаламгер өмірінің жиырма шақты жылын білім алуға жұмсаған: ол Ташкент мемлекеттік университетінің филология факультетінде, Орта Азия университетінің аспирантурасында оқиды.

М.Әуезов тұңғыш әңгімесін 21 жасында жариялады. Алғашқы әңгімесі- «Қорғансыздың күні» деп аталады. Бұдан кейін жиырма жыл бойы шағын прозалық шығармалар жазды.

М.Әуезов драматургия саласында да көп еңбек етті. Оның қаламынан 30-дан аса драмалық шығармалар туды, қазақ тіліне Н.Гогольдің «Ревизор», Шекспирдің «Отелло», Н.Погодиннің «Аристикраттар», К.Трентевтің «Любовь Ярковая» шығармаларын аударды.

Ірі қаламгер 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді.

М.Әуезов шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік қызметінде ұлы Абай тұлғасы ерекше орын алады. Үлкен еңбектің алғашқы дүниесі- «Татьянаның қырдағы әні» өмірге келеді. Жазушы мұнымен шектелмей, Абай образын кең ауқымда бейнелеуге көшеді. Соның нәтижесінде «Абай» трагедиясы туады. Тұңғыш рет ұлы ақын образы қазақ сахнасына шығады.

«Абай жолы» романын М.Әуезов он бес жылға жуық жазады. Өз шығармасы арқылы ұлы жазушы қазақ халқының әлеуметтік өмірін, мінез-құлқын, филасофиясын, тұрмыс-тіршілігін кеңінен көрсетеді. «Абай жолы» роман-эпопиясы-әлем әдебиетінің таңдаулы үлгілерінің бірі.

1942-1947 жылдары жазылып, «қазақ өмірінің энциклопедиясы» аталған бұл роман қазақ халқын әлемге паш етті. «Абай жолы»эпопиясы әлемнің 30 шақты тіліне аударылды,1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. Ұлы ғалым фальклор, әдебиет тарихына байланысты да көп зерттеулер жүргізді.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – есімі дүниежүзіне танымал жазушы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақ Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР –ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.


әлімдік мәдениет – мировая культура

қызығушылық – интерес

алғыр – способный

қорғансыз – беззащитный

әлеуметтік өмірі – социальная жизнь

әлемге паш ету – прославить на весь мир

қымбат қазына – дорогое сокровище

зерделі – умный

ынталы – прилежный

тұрмыс-тіршілігі – быт

кең аумақта бейнелеу – широко изображать

қоғам қайраткері – общественный деятель


қайран қалу – удивляться

айнала дүниені түгел ұмытып кететін – забывал обо всем на свете

кеңес прозасы – советская проза

мол білім иесі – обладатель огромных знаний

Сөз сыры

Әлемдік құбылыс, алғашқы ұстазы, таңдаулы үлгілері...

Ауызекі сөйлеу

«Жазушы» және «журналист» рөлінде болып көріңдер.

Тапсырмалар:

  1. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеудің тірек сөздерін жазыңдар, оларды тірек сызбаларыңда, өз жауаптарыңда пайдаланыңдар.

Мұхтар Әуезов







?

?

?

?

?





  1. Жазушы туралы берілген мәліметті мұқият оқып шығып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді. Іске сәт!

Даналық ойдан дән ізде ...

Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім. Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар неткен ғажап халық.

(Б.Матип)

Меніңше, өз кезінде орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азия халықтарының рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов та сондай әсер етті.

(Ш. Айтматов)

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Ұлы адамдардың даналдық ойларын жалғастырыңдар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашы? саба? "М?хтар ?уезовті? ?мірі мен шы?армашылы?ы"

Автор: Кумаргалиева Айсауле Сагидоллина

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293733


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства