kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ әзірлемесі Тақырыбы: «Абай шығармаларын сахналау – табиғат лирикасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сахыналық қойылымның мақсаты біріншіден, ансамбльдік, топтық жұмыс, поэзиялық шығарманы жеке орындаушы оқығанымен, сахнадағы серіктестерімен бірге бір мақсатқа жұмыс істейді. Сахнада  бір уақытта көркемсөз құдіретін, пластикалық мәдениетті, актерлік шеберлікті, ансамбльдік ән  айту өнерін меңгеру сынды шеберлікті шыңдайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ әзірлемесі Тақырыбы: «Абай шығармаларын сахналау – табиғат лирикасы»»


Ашық сабақ әзірлемесі

Та

қырыбы: «Абай шығармаларын сахналау – табиғат лирикасы»

Пәні: Сахна тілі

Мамандық: 1к Актер өнері, режиссура

Оқытушы: Алепарова М.А.




Сабақтың технологиялық картасы


Сабақтың тақырыбы

«Абай шығармаларын сахналау – табиғат лирикасы»

Оқу тәрбие мақсаты

Білімділік. Бұл сахыналық қойылымның мақсаты біріншіден, ансамбльдік, топтық жұмыс, поэзиялық шығарманы жеке орындаушы оқығанымен, сахнадағы серіктестерімен бірге бір мақсатқа жұмыс істейді. Сахнада бір уақытта көркемсөз құдіретін, пластикалық мәдениетті, актерлік шеберлікті, ансамбльдік ән айту өнерін меңгеру сынды шеберлікті шыңдайды.

Дамытушылық. Абайдың шығармашылығы арқылы сөздің қадір-қасиетін, тіл мәдениеті мен шешендігін меңгеру, эмоциялық, интонациялық бояуларын, дикция, дауыс ырғағы, актерлік шеберліктерін шыңдау.Білім алушылардың логикалық ойлау талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік Өз елінің өткен тарихын,рухани әдеби мұраларды,тарихи тұлғаларды дәріптеу.

Оқу әдістемелік жабдықтау

Спорттық мозайка төсеніштер, доп, скакалка, обруч, музыкалық және жарықпен көркемдеу.

Күтілетін нәтиже

Сабақ барысында техникалық кешендік жаттығулардан кейін балалар ауыз әдебиетіне арналған топтық, сахналық қойылым көрсетілді. Әрбір білім алушының тіл ерекшелігі, толық диафрагмалық демді меңгеруі, бой-мүсіннің сымбаттылығы, сахнадағы органикалық еркіндігін, топтық ансамбльдік жүйеде жұмыс жасау қабілетіне назар аударылды. Шығармашылық жұмыс барысында толық диафрагмалық демді меңгеру,артикуляциялық аппараттың қызметін барынша жандандыру.

Пән аралық байланыс

Актер шеберлігі,өндірістік оқыту,сахна қозғалысы, қазақ әдебиеті.

Аймақтық компонент

Семей аймағы Ұлылар мекені-Шыңғыстау өлкесі.

Сабақтың түрі

Тәжірибелік

Бөлімдер 1


Сабақтың барысы

Бірінші курста Абайдың білім мен өнерге талпынған жастық жігер туралы біраз өлеңдері іріктеліп, сахналық қойылым жасалады. Ұлы ақын бұл тақырыпта да аз сөзге көп мағына сыйғыза отырып, адамның бүкіл өмірлік мақсат-мұратын,адамгершілігін міндетін, философиялық толғаумен жас ұрпаққа өсиет айтқандай, «Үш ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,-деп жақсылыққа жетелейді.Бұл қойылымға «Жастықтың оты жалындап», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Ғылым таппай мақтанба », «Сенбе жұртқа да тұрса қанша мақтап», «Әсемпаз болма әр неге», «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңдері таңдалып алынды. Сөз астары- адамның ойы мен толғанысының асқақтата салған әуені.Сөздің маңызы мен мазмұны, әсемділігі мен әуезділігі – адамның жан сарайымен суреттеледі.Ал поэзия хақында Абайдан асып кім айтар:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең...,яғни өлең-өмір, өмір-өлең дейтінімізде содан. «Нағыз ақынның құдірет – күші сондай, ол өзі жазған өлеңдегі бір ғана образбен, бір ғана сөзбен, қаласа, тіпті бір ғана дыбыспен өмірді өзгеше қалпында әр кімнің көз алдына әкеле алады өйткені нағыз ақын сөзбен дыбысты үндестікке әкеледі.Өлең-адам жанын уыздай ұйытып алатын асыл, айшықты сөздердің жйынтығы».Негізгі мамандықты шығармашылық меңгеруде өнер материалы ретінде Абай өлеңдерін жіктейтін болсақ, өнер жолындағы білім алушылармен бірінші курста табиғат лирикасынан бастаймыз.Бұл әдеби музыкалық қойылымға «Жаз», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңдері талданып, табиғаттың мың құбылған сұлулығын бейнелі образдар арқылы поэзия тілімен және пластикалық образдармен ұштастырады.

2







3

Сабақтың жоспары

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Тілдегі спецификалық дыбыстарды меңгеру

3. 1курс бойынша сахна тілі пәнінен дыбыстау мүшелеріне анатомиялық түсініктеме және тіл техникасына арналған кещендік жаттығулар

4.Абай шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат.

5.Абайдың табиғат лирикасына талдау жасау.

6. Абай «Толғауы тоқсан қызыл тіл» әдеби музыкалық композиция1 к.

Жаңа тақырыпты бекіту

Абайдың философиялық поэзиялары мен қарасөздерін талдау. Ақын табиғат көрінісін, жыл мезгілін, адам мінезін суреттегендей оны өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп нәр береді. Сахнадан табиғат лирикасын оқитын бір топ өнерпаз музыка ырғағымен жаз, жасыл ағаш, гүл бәйшешек бейнесінде табиғат сұлулығын пластикалық ырғақпен көрсетеді. Содан кейін ғана көркемсөз оқушы лирикалық нәзік үнімен, көкірек көзі мен табиғат сұлулығын көз алдына елестете отырып,

«Жазды күн шілде болғанда,

Көкорай шалғын бәйшешек

Ұзарып, өсіп толғанда», - деп бастап кетеді. Әрі қарай өлеңнің жалғасын екінші, үшінші өнерпаз іліп алып кетеді. Бұл комозициялық қойылымды толық қанды көркем туынды жасау үшін, өлең оқылып біткен соң «Желсіз түнде жарық ай» әні екі-үш дауыста шырқалады. Сондай-ақ табиғат лирикасын оқып тұрғанда, А.Вивальдидің және П.И.Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» атты музыкалық шығармаларын фон ретінде қолданамыз. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға», - деп айтқанындай, жас өнерпаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы іздену мен зеріттеуді талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтежиеге жетуге болады.Екінші курста Абайдың махаббат лирикасымен танысып, Абай-Тоғжан, Абай-Әйгерім,Татьяна хаты сияқты сахналық нұсқалар, қойылымдар жасалады.Бұл қойылымға Абайдың «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл», «Ғашықтық құмарлық пен – ол екі жол», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Есіңде барма жас күнің», «Жарқ етпес қара көңілім не қылсада», «Қызарып сұрланып», «Көзімнің қарасы» сияқты лирикалық поэзиялары іріктеліп, неше түрлі диалогпен, мизансценалық, музыкалық көркемдеумен, Абай әндерімен үндесіп махаббат жырын жырлайды.

4

Рефлексия

Сахналық шығармашылық көрсетілім бойынша білім алушылар талдау жасап қортындылады.

5

Қорытынды бағалау

Білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде жеке қабілеттеріне, жетістіктеріне қарай бағалау.

6

Үйге тапсырма

Бірінші жақтан оқылатын әдеби мәтіндерді қарастыру.О.Бөкей «Жайлауда», Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа».






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашық сабақ әзірлемесі Тақырыбы: «Абай шығармаларын сахналау – табиғат лирикасы»

Автор: Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы

Дата: 04.02.2020

Номер свидетельства: 538413


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства