kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: «Жанышталған зраза » шала фабрикатын дайындау технологиясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Был проведен открытый урок на тему «Жанышталған зраза » шала фабрикатын дайындау технологиясы. Предлагаю разработку для преподавателей специальности "Повар"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: «Жанышталған зраза » шала фабрикатын дайындау технологиясы.»

Күні: 14.04.2017ж

Пән аты: Өндірістік оқу

Тақырыбы: «Жанышталған зраза » шала фабрикатын дайындау технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Жанышталған зраза» шала фабрикатын дайындау технологиясын практикалық әдіспен көрсету, теориядан алған білімдерін пысықтау, нақты өз ойларын ашық, айқын айта білуге, материалды жауапкершілікті болуға білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Кәсіптік икемдері мен талаптарын жетілдіру, аспазшы мамандығы бойынша қызығушылығын тудыра отырып, шығармашылық қабілетін, білім қажеттілігі мен іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек орнын таза ұстауға, жұмысты тез орындауға, шикізат пен қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана білуге, азық-түлікті үнемді пайдаланып, сапалы өнім алуға тәрбиелеу. Техника қауіпсіздігі мен санитария, гигиена ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Жабдықтар: өндірістік үстел, электрлі қуыру шкафы, тақтайша, пышақ, ыдыстар.

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық әдіспен көрсету.

Пәнаралық байланыс: «Азық-түлік тауарларын тану», «Тамақ дайындау технологиясы», қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақ көрнекілігі: слайд, плакат, нұсқау карта , видео

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттердің сабаққа қатысуын, арнайы киімдерін, сыртқы көрінісі мен сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

Студенттер екі топқа бөлініп, алған білімдерін ортаға салады. Әр топ өз команда атымен таныстырады.

  1. «Дастархан» тобы

  2. «Береке» тобы

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  1. Ет құрамында толық бағалы белоктардың пайызы қандай?

(белок-14,5-23%)

  1. Ет құрамында толық бағалы майдың пайызы қандай?

(май-2-ден-37%)

  1. Ет құрамындағы минералды заттар қандай?

(кальций)

  1. Еттегі дәрумендер?

(А,Д,В)

  1. Сиыр етінен қандай ірі кесекті шала фабрикаттар дайындалады?

(ростбиф)

  1. Етке хош иіс, дәм беретін заттар?

(экстрактивті заттар)

  1. Тік бұрыш жасай отырып жуан бөліктің кесек еттерінен сыбағаға жеке даналап, қалыңдығы 2-3 см етіп, жеңіл жаныштап әзірлейтін шала фабрикат?

(бифштекс)

  1. Қалыңдығы 4-5 см етіп, тік бұрыш жасай даналап, жеке сыбаға орта бөліктен кесінділеп, жаныштамай оған дөңгелек форма беріп дайындайтын шала фабрикат?

(сүбе)

  1. Жуан (арқа) және жұқа (бел) шеті кесіндісінен, қалыңдығы 1,5-2 см етіп сыбаға кесектеріне турап, жеңілдеп жаныштап, сіңірлер мен жарғақты кеседі және формасы сүйірлі-сопақтау болады. Қандай шала фабрикат?

(антрекот)

  1. Жұқа (бел) кесіндісінен сыбағаға екі данадан, қалыңдығы 1-1,5 см етіп, 40-45˚С бұрыш жасай турап, жеңілдеп жаныштап дайындайтын шала фабрикат?

(лангет)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ет зразасы -жамбас сан бөлігінің бүйір және сыртқы кесектерінен, қалыңдығы 1-1,5 см етіп сыбаға кесектеріне турайды, жаныштайды, ортасына тартым салып, кішкене шұжық түрін беріп орайды және ширам жіппен буады. Тартымдар дайындау үшін шала қуырылған басты пиязды піскен ұсақталынған жұмыртқамен, не саңырауқұлақпен, ақжелкек көгімен, ұнтақталған кепкен нанмен қосады, тұз бен бұрыш қосып, бәрін араластырады.

Ет зразасы-негізінен литва, белорусь, орыс, польша және украин асханасында кеңінен қолданылады. Еттен жасалған жанышталған рулет арасына тартымдар салып немесе котлет тәрізді жасалады.






«Жанышталған ет зразасы» тағамының нұсқау картасы

Азық-түліктер

Салмағы

Ет кесегі

200 гр

Жұмыртқа

1дана

Саңырауқұлақ

20гр

Ақжелкек

13гр

Тұз

3гр

Бұрыш

3гр

пияз

20гр

Дайындалуы:

Ет кесегін алып, жаныштайды




Тұз, бұрыш себеді




Арасына тартымдар салып, орайды




200˚С-та, қуыру шкафында 20 минут




Әсемдеп ұсыну

Сапасына қойылатын талаптары: Дәмі мен иісі жаңа даярланған өнімге тән, еттің хош иісі шығып тұрады. Еттің түсі қоңыр-қызыл, консистенциясы жұмсақ болуы керек.

Сөздікпен жұмыс.

Ет-мясо-meat

Зраза-зраза-the zraza

Тұз-соль-salt

Бұрыш-перец-pepper

Жұмыртқа-яйцо-egg

Пияз-лук-onion

Саңырауқұлақ-грибы-mushrooms

Ақжелкек-петрушка-parsley

Тағамымызды жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталап алайық. Ереже дәптеріне қол қою.


Сұрақтар

Жауаптар

1

Зертханаға кімдер жұмысқа жіберіледі?

Дәрігерлік байқаудан өткен, техникалық қауіпсіздік ережесімен таныс адамдар.

2

Арнайы киімдерді атаңыз?

Ақ халат, фартук, бас киім, жеке орамал.

3

Зертханаға неше жастан жіберіледі?

15 жасқа толған жасөспірімдер

4

Электр жабдықтарының қауіпсіздігі?

Ток көзіне аса мұқиятпен қарау, қолың суланған болса, электр өшіргішке, разеткаға жақындауға болмайды.

5

Құрал істен шыққан жағдайда, пышақ өтпеген кезде қабылдайтын шараңыз?

Құралдар істен шыққан жағдайда, пышақ өтпеген кезде дереу жұмысты тоқтатып, оқытушыға (шеберге) хабарлау.

6

Құралдардағы арнайы белгі нені түсіндіреді?

Шикі немесе піскен көкөністерді, етті, санитарлық гигиеналық талаптарға сай, балықты, нанды арнайы белгісі бар тақтайларда кеседі.

7

Еттартқышпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері?

Еттартқышпен жұмыс кезінде, етті қолмен итеруге болмайды, оны арнайы ағаш итергішпен итеру керек.

8

Шикі етті қайда сақтау керек?

Тоңазытқышта

9

Шикі етті піскен тағаммен жақын қоюға болмайды, не үшін?

Етке микроб тез түсіп, көбейеді.

10

Еттен дайындалған тағамның барлығы да қалай пісіріледі?

Еттен дайындалған тағамның барлығы да сөлі мөлдірленгенше қайнатылу немесе қуырылу керек.

ІV. Ағымдағы нұсқау.

Екі топ оқытушының нұсқауымен ет зразасын жасауға кіріседі. Әр команда нұсқау карта бойынша шикізатты алып, түсініктеме берілуі тиіс.


V .Қорытындылау. «Кубизм» әдісімен сабақты қорытындылау. Тапсырманы орындау негізінен 6 қадамнан тұрады. Кубиктің көмегімен тапсырмаларды орындау.

  1. Суреттеңіз (органолептикалық әдісі) Дәмі мен иісі жаңа даярланған өнімге тән, еттің хош иісі шығып тұрады. Еттің түсі қоңыр-қызыл, консистенциясы жұмсақ болады.

  2. Салыстырыңыз (неге ұқсайды?) Бұл тағам еттен жасалған орамаға, шұжыққа ұқсайды.

  3. Байланыстырыңыз (бұл туралы ойлағаныңызды елестетіңіз?) Мен бұл тағамды картоптан жасалған зразамен байланыстырар едім. Оның да ортасына тартым салып дайындайды.

  4. Талдаңыз (құрамы?) Еттің жамбас-сан бөлігінен 200 грамм ет кесегін алып, жаныштайды, тұз, бұрыш себеді, арасына тартымдар салып, яғни саңырауқұлақ пен жұмыртқа және пиязды орайды. 200˚С-та, қуыру шкафында 20 минут қуырып алады. Әсемдеп ұсынады.

  5. Қолданыңыз (қай жерлерде қолданылады?) Бұл тағамды асхана, мейрамханаларда, үйде қолданады.

  6. Дәлелдеңіз (пайдалы ма, зиян ба?) Бұл өте пайдалы тағам. Жалпы еттен дайындалған тағамдар адам өмір сүруіне қажетті белоктарға, дәрумендер мен минералды заттарға бай. Ал зияны өте көп мөлшерде етті қолданса, асқазанға зияны болады деп ойлаймын.


  1. Ет зразасын сиыр етінің қай бөлігінен дайындайды?

(жамбас сан бөлігінің бүйір және сыртқы кесектерінен)

  1. Еттің қалыңдығы неше см болуы керек?

( қалыңдығы 1-1,5 см)

  1. «Жанышталған зраза» шала фабрикатының жасалу технологиясы қандай?

(етті сыбаға кесектеріне турайды, жаныштайды, ортасына тартым салып, кішкене шұжық түрін беріп орайды және ширам жіппен буады. Тартымдар дайындау үшін шала қуырылған басты пиязды піскен ұсақталынған жұмыртқамен, не саңырауқұлақпен, ақжелкек көгімен, ұнтақталған кепкен нанмен қосады, тұз бен бұрыш қосып, бәрін араластырады.

  1. Ет зразасы қай елдерде көбіне қолданылады?

(негізінен литва, белорусь, орыс, польша және украин асханасында кеңінен қолданылады.)

VІ . Қорытынды нұсқау.

Сабақты өзін-өзі бағалау арқылы қорытындылау. Жақсы жұмыстарға тоқталып, мадақтап көрсету. Студенттердің жұмыстарын бағалау, сараптама жасау. Жұмыс орындарын жинау.

VІІ. Үйге тапсырма:

Еттен жанышталған зраза шала фабрикатын қайталау.

VІІІ.Рефлексия.


Білемін

Білгім келеді

Білдім










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: «Жанышталған зраза » шала фабрикатын дайындау технологиясы.

Автор: Бекенова Гүлжанат Аманқызы

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 416862


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства