Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Таза болса табиғат-аман болар адамзат"»
Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қастерлеу, жасыл далаға жаңашырлықпен қарау. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру. Көрнекті құралдар: табиғат туралы суреттер, нақыл сөздер, шарлар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шенбері
Қайырлы күн, күнім, далам,
Қайырлы күн, гүлім, құсым,көлдерім
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәнндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Өте жақсы балалар! Барлығымыз орындарымызға отырайық.
II-Кіріспе:
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғатқа нелер жатады?
-Қазір ауа-райы қандай?
-Қай мезгіл?
Жер, ауа, күн, су, тау, тас, өзен, өсімдік, құстар жатады.
Табиғат байлықтарының ішінде тіршілік атаулының өмір өзегі-ауа. Тіршілікте адам қымбат. Ал адамға ауа бәрінен қымбат.Ауасыз адам дем ала алмайды
Тіршілік көзі-су. Судың қаншалықты маңызы бар. Суды ішеміз,сумен жуынамыз, сумен тамақ әзірлейміз, өсімдіктер мен жануарларғада су өте қажет. Сусыз- тіршілік жоқ. Қаншама өзен, көл суымыз бар. Оларды да біз егістікке көп пайдаланамыз.
Табиғат байлығы өсімдік. Табиғаттың бір тобы жер бетіндегі әдемі өсімдіктер, түрлі-түсті гүлдеріміз, ағаштар, түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз айтады «әкеннен мал қалғанша, тал қалсын» демекші ағаштарды отырғызу керек.
Табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не балалар?
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар-біздің қанатты достарымыз. Олар-табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
III-Көрініс: Табиғат аясында балалардың демалысқа шығуы.
Табиғат-бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Табиғаттың тазалығына гүлденуіне,оны қамқорлыққа алып,аялауға, сақтауға адам жауапты.Адам мен табиғат үндістікте өмір сүреді.Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ.Сондықтан жердің қадірін,байлығын бағалай білу жалпы табиғатты қорғау біздің міндетіміз.
Енді балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Туған жерді сүю-парыз
Сүю үшін білу-парыз
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетінде тұру парыз.
Тазалықты сақтайық,
Табиғатты баптайық.
Бізге деген пайдасын
Жақсылықпен ақтайық,
Табиғатты қорғайық!
Табиғат ол анамыз ,
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Табиғаттың тазалығына,гүлденуіне, оны қамқорлыққа алып аялауға, сақтауға адам жауапты. Табиғат тазалығы адам денсаулығының кепілі.
IV-Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі
V.Қорытынды Табиғат-адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат-кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.