kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ тақырыбы:"Тазалақ -денсаулық кепілі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Денсаулық -зор байлық.Адам денсаулығы қоғамның байлығы.Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздеген жөн.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ тақырыбы:"Тазалақ -денсаулық кепілі"»

Тәрбие сағаты тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер,
тыйым сөздер.
Сабақтың барысы:
Жоспары
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің
қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын,
өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысқалы отыр.Мектебіміздің тәрбие жұмысының орынбасары:Ж.Қ.Нұрмашева,Л.Т.Қоңырбаева,медбике С.А.Кулимова.Олай болса,сабағымызды бастайық.Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын,өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Бүгінгі тәрбиелік іс - шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз - дененің саулығы деген мағынаны білдіреді. Дененің сауы – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Ендіше «Денсаулық – зор байлық»деп халқымыз айтқандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне бірінші денсаулық тілейтіні себебі, міне, осында. Дені сау адам, әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
Онда ауырмай әдемі, таза болу үшін өз - өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.
Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.

Байланысы (слайд). Таза жүрген адамның дені сау бола ма? (слайд)
- Спортпен айналысатын адамның дені сау бола ма?
- Дәрумені көп тамақ ішетін адамның дені сау бола ма?
Бірінен бірі туады. Бәрі де денсаулыққа әкеледі. Тек қана ерінбеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?
Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?

Жеке бас тазалығының ережелері (слайд)
- Күнделікті бір уақытта тұрып, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Таңертең тісіңді тазалап, беті - қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпаңдар;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жуыңдар;
- Бет орамал пайдаланып, мұрныңдарын әрқашан таза болуына көңіл бөліңдер;
- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкіріңдер немесе жөтеліңдер;
- Шашыңды дұрыстап күтіңдер: уақытылы тарап, буып немесе өріп қойыңдар;
- Төсектеріңді жинап, жеңіл - желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Аяқ киімдеріңді күтіп киіп үйреніңдер, тазалап жүріңдер;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
Тазалыққа пен денсаулыққа байланысты айтылған мақал – мәтелді білесіңдер ме?
1. Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.
2. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
3. Денсаулық - зор байлық.
4. Олақтан салақ жаман.
5. Тәні саудың жаны сау.
6. Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.
7. Тазалық - саулық кепілі,
Саулық - байлық кепілі.
Тақырыпқа байланысты салған суреттерін айтады.Бүгінгі ашық сабағымды Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ тақырыбы:"Тазалақ -денсаулық кепілі"

Автор: Уразаева Фатима Кенесовна

Дата: 13.01.2021

Номер свидетельства: 569991


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства