kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ тақырыбы:"Денсаулық-өмір негізіі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамға шыншыл да ең қымбатты- ол оның мәнді де сәнді өмірі.Ал өмірінің мәнді болуы денсаулыққа байланысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ тақырыбы:"Денсаулық-өмір негізіі"»


Тәрбие сағатының тақырыбы: Денсаулық-өмір негізі
Мақсаты: 
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;
Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға қажетті күш қуатын молайту;
Дұрыс тамақтану,спортпен шұғылдану,тазалық, жеке бас гигиенасын, мәденидағдыларын қалыптастыру;

Көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер

«Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол , тайғақ кешумен ұласады»
Ұлы ойшыл Шекспир 
Адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
«Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз,
мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»


-Саламатсыздар ма,әріптестер,ата-аналар,оқушылар!

Мектебімізде «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»атты онкүндігің аясында іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгінгі біздің шарамыздың тақырыбы «Денсаулық-өмір негізі» ашық журнал формасында өтпек. Ашық журналымыз да тақырыпқа байланысты тек денсаулық жөнінде болмақ .

Бүгінгі қонақтарымызбен таныстырып кетейін

Мектебіміміздің химия,биолгия пәнінің мұғалімі Жанелова Алтынай Елемесқызы

Ата-аналар, мектебіміздің медбикесі Сәния Ақсауытқызы
Бүгінгі өткелі отырған шарамыздың мақсаты, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу бір сөзбен айтқанда салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады
Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.


Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.

Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.


Ауызша журналымызды бірнеше айдарға бөлдік

1.«Тазалық сақшылар» 

2.«Дұрыс тамақтанушылар»

3. Ең пайдалы азықтар

3.. «Спорт шеберлері»

4.«Күн тәртібін сақтаушылар»

5. «Қазыналы сөздер»


Мұғалім: Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Салауатты өмір салты деген не?

Денсаулық дегеніміз не?»

«Денсаулығымызға қалай күтім жасаймыз?»

«Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы не?»

Осы сұрақтар бойынша ауызша журналымыздың айдарынан жауап алатын боламыз

Қарақат:

Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.

Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.

Іңкәр

Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпаукерек.
5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.

Диас

Денсаулық – адамның ең үлкен байлығы. Денсаулық деген қазынаны ешқандай  дүние алмастыра алмайды. Ең алдымен сапалы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық аса қажет. Ал сол денсаулықты сақтау, оны қорғау – өз қолымызда, яғни өз еншімізге тиген үлес.

Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе
Жаңа достар тапқың келсе
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десеең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан!


Диас

Денсаулықтың қадірін ерте кезден білген халқымыз оны сақтау мен күтудің ерекше емдік түрлерін білген. Сонымен қоса ер жетіп келе жатқан ұл-қызық өнер мен түрлі физикалық ойын тұрлеріне баулыған. Өнерді жан рахаты деп білсе, ойынды тән рахаты, сонымен қоса нағыз денсаулықтың кепілі екендігін ескерген.

Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң.


Али:

Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар:  «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату


  Бекжан:

 "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
-  Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..


Гүлдана Дұрыс тамақтануға да ерекше мән беріп, табиғи өнімдердің адам денсаулығы үшін пайдасының көлкөсір екендігінен хабардар болған, әрі сол пайдалы өнімдермен күнделікті тамақтанып отырған. Дәл бүгінгі уақытта дені сау ұрпақ-болашақ кепілі. Себебі, қоғамдағы ең белсенді адам – дені сау адам, ең алғыр адам да дені сау адамнан, өнімді жұмыс пен берекелі еңбектің де ең негізгі өкілі дені сау адам екендігін ұмытпауымыз керек


Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі

Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді

Адина:

Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Бізжақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.    Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.


«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   

Бекнұр: Сүт тағамдары витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры


Аяулым:

Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 


Еркеназ:

Балық қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Жұмыртқа ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Наз:

Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

Миды қуаттандырады..

Теріні ажарландырады. 


Шәкір:

Деніміз сау болу үшін қандай тағы мынадай нәрселерге мән беруіміз керек:

Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек .


Айшабибі

Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.»

Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді  қоректену керек.»

Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ерте тұрукерек.»

Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.»

Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек.

Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек.

Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек

Терлеп тұрып су ішпеу керек.»

Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

Нұрайым:Сақта жолын сен тауып

Осы шақтан балалық

Болар барлық мүшең сау.

Жүрсе жылдар бойында

Баяндалған осынау

Ережелер ойыңда.

Асылхан:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға. -

4  Жұқпалы аурулар қалай жұғады?

А) қолдан

В) барлық жауап дұрыс

С) қаннан

Д) ауамен


6. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

А) тойып тамақ ішу

В) Дәрумендерге бай тамақ ішу

С) тәтті тамақ ішу

Д) Күніне 3 рет тамақ ішу

7.Бізге қандай дәрумендер қажет?

А) қант

В) тұз

С) жемістер мен көкөністер

Д) дәрілер


8. Семіздік дегеніміз не?

А) дұрыс тамақтанбау

В) аз қимыл жасау

С) орынсыз тәтті жеу

Д) барлық жауап дұрыс


9. Қазіргі кока- кола,чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?

А) дәрумендер

В) бояғыш заттар мен консерванттар

С) пайдалы қоспалар

Д) білмеймін

Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1) Денсаулық - зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы - ауруға ауру жамамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.

7) Аңдамай сөйлеген, ауырмай  өледі.
8) Ауруын жасырған өледі
9) Денің сау болса ... жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау. шарамыздың да мақсаты да осы

ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
































Шығармадағы суреттеу құралдары не жатады?

Теңеу,эпитет,ауыспалы мағынадағы сөздерді айтамыз

Алдыңғы сабақта мен сендерге троп түрлеріне мысалдар келтірдім

Троп түрлерін жеке –жеке тоқталайық

Троптүрлеріне

Әсірелеу

Эпитет

Теңеу

Метафора жатады


Ең алдымен әсірелеуге тоқталайық,ол 2ге бөлінеді Гипербола және литота

Гипербола Затты ,құбылысты ерекше ұлғайтып.Түймедейді түйедей қып аайтады

Ал литотаерекше тысм кішірейтіп айтады

Затты,құбылысты елестету үшін мысалы қызыл алманы жай елестетпей албырап піскен қызыл алма

Теңеу троптың ең онай түрі арсытандайайбатты, қызыл гүлдей тай тей дай дей жұрнақтары арқылы жасалады


Бір затты 2ші затпен алмастырып мен тұлпармын,ол адам өзін тұлпарға ұқсатып,жүйріктігін,мінезін ұқсатып отыр
























Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін ------- береміз.


міне, балалар, біз өзіміздің ата - әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің.

1-оқуш

ы:

Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан,Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың төл мерекесі-қарттар күні!

Ендеше ,5а сынып оқушыларының жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!!


2-оқушы:

Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім сендер мұны
Ата - әже ,мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.



3-оқушы:

«Қарттарым – асыл қазынам»

Қарттарым, жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

4-оқушы:

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берілген

Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты



5-оқушы:

Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы - қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?

Қанеки, нелерің бар, Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.


6-оқушы
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.

Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем... тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.

Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,
Ой, өмір-ай, неғылған қиын едің!?
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам, тек қана киіне біл...



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ тақырыбы:"Денсаулық-өмір негізіі"

Автор: Ешмұханова Айнагүл Сандишқызы

Дата: 13.01.2021

Номер свидетельства: 569992


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1490 руб.
2130 руб.
1680 руб.
2400 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства