Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Секерлі мастика"»
Пәні: Өндірістік оқу
Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
Тобы: 2-курс
Күні: 09.04.2019. жыл
Тақырыбы: Секерлі мастика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, секерлі мастика дайындау технологиясын, үйрету.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, құрал-жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын, ойлау қабілеттерін, кәсіби шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді сыйластыққа және ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге, уақытты тиімді пайдалана білуге, құрал-жабдыққа жауапкершілікпен қарауға,топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Кастрөл, тақтай, пышақ, қасық, оқтау,өлшегіш құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Студенттермен сәлемдесу, түгендеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру;
ә) Арнайы киімдерін, сыртқы көрінісі, тазалығын тексеру;
б) Назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен міндетін айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты сұрау үшін: Студенттерді екі топқа бөліп, командалар өз командаларының атымен, топ басшысымен, ұран сөзімен таныстырады.
«Бірлік» тобының ұраны: «Ас адамның арқауы»
«Жалын» тобының ұраны: «Бірігіп пішкен тон, келте болмас»
Карточкамен жұмыс
Ойынымыздың шарты: әр топқа карточкамен сұрақтар беріледі, сұрақ қою арқылы команда мүшелерінің білімін сынау, жарыстыру. Әрбір дұрыс жауапқа смайлик беріледі. Жалпы 4 сұрақ беріледі.30 секунд уақыт ішінде дайын команда қолын көтереді.
1-карточка
Кремнің неше түрі бар? (десерттік, кондитерлік, қаймақты, қоюлатылған, майлы, шоколад, ванильді, болып бөлінеді)
2-карточка
Қамырдың неше түрі бар? (ашытқылы, ашытқысыз, қабаттама, бисквитті, қайнатылған, үгілмелі, вафельді, миндальді, сдобалық болып бөлінеді)
3-карточка
Бисквит қамырын дайындау үшін қажет шикізаттар? (ұн, қант, жұмыртқа)
4-карточка
Салқындатылған бискит қамырында жұмыртқаны қалай көпсітеді? (жұмыртқаның сарыуызы мен ақуызын қантпен бөлек-бөлек көпсітеміз)
5-карточка
Әрлеу жартылай фабрикатына не жатады? (кремдер, желе, мастика, марципан, сироп, шоколад, сеппе жатады)
6-карточка
Шоколад әрлеу жартылай фабрикатын қалай өңдейді? (32-34˚С температурада су буында ерітеді)
7-карточка
Қайнатылған крем дайындалу технологиясы? (4 дана жұмыртқаны, 200 грамм құмшекер, 2 ас қасық бидай ұны, 1 шәй қасық ванилин ұнтағын суық сүтпен араластырып, отқа қойып, үздіксіз араластыра отырып қайнауына жеткізу)
8-карточка
Десерттік крем дайындалу технологиясы? (Дайындауға қажетті азық-түліктер: қаймақ, қант, желатин, ұнтақталған жаңғақ, какао,кофе, кептірілген жүзім, печенье, хош иіс беру үшін ванилин, ликерді пайдаланып, арнайы десерттік ыдысқа құйып суытамыз)
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталап алайық.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Секерлі мастика». Яғни дайындау технологиясы.
Тәттіні жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, әсіресе торттарды. Соның ішінде аспаздың міндеті тәтті қылып пісіріп қана қоймай, тәбетіңді ашатындай қылып әрлеу яғни әшекейлеу қажет.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз әшекей кремдердің бір түрі секерлі мастика. Мастика дегеніміз орыс тілінің «мастить» сөзінен аударғанда илеу, жағу деген мағына береді. Мастиканы көбіне тортты әшекейлейміз.
Тәжірибелік жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталап алайық.
№
Сұрақтар
Жауаптар
1
Зертханаға кімдер жұмысқа жіберіледі?
Дәрігерлік байқаудан өткен, техникалық қауіпсіздік ережесімен таныс адамдар.
2
Зерханаға неше жастан жіберіледі?
15 жасқа толған жасөспірімдер.
3
Электр жабдықтарының қауіпсіздігі?
Ток көзіне аса мұқиятпен қарау, ережені сақтау.
4
Арнайы киімдерді атаңыз?
Ақ халат, алжапқыш, бас киім, жеке орамал, аяқ киім.
5
Әр студенттің жеке басына қатысты қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Қол, ауыз қуысы таза болу керек.
6
Электр пешімен жұмыс істеу ережесі?
Электр пешін қосар алдында плиталардың сенімді түрде жұмыс істейтінін тексеру.
Жаңа сабағымыз мастикамен әшекейлеу, яғни біз балалар торты , мульфильм кейіпкері «Спанч Бобты» аламыз.
«Спанч-Боб» тортының дайындалу технологиясы
нұсқау картасы
Керекті азық-түліктер
Мөлшері
құрғақ сүт
ұнтақ секер
қоюланған сүт
лимон
бояу, жылтыр
ванилин
жұмыртқа
секер
ұн
сары май
200 грамм
200 грамм
100*200 грамм
0,5 шәй қасық
қажетінше
1 шәй қасық
6 дана
200 грамм
200 грамм
200 грамм
Дайындалуы
Құрғақ сүт, ұнтақ секер, лимон, қоюланған сүт, ванилин барлығын араластырып, ермексаз тәріздес күйге жеткізіп қажетінше бояу, жылтыр қосып мастика дайындау
Ұн,секер, жұмыртқа қосындысын көпсітіп бисквит қамыр дайындау
Арасына сары май мен қоюланған сүт қосындысынан крем дайындау
«Спанч-Бобтың» суретіне қарап әшекейлеу
Жұмыс орнын ұйымдастырар алдында өндірістік үстелге таңбалы тақтайымызды үстел шетінен 4-5 см әрі орналастырамыз. Солға-шикізат, дәмдеуіштер; Оңға-құралдар тұруы тиіс. Студенттер жұмысын бастайды.Уақытымыз 20 минут.10 минут мастика дайындау және түрлі түске бояу. 10 минут тортты әшекейлеу.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Мастика дегеніміз не?
Керекті азық-түліктер?
Дайындалу технологиясы қандай?
Сапасына қойылатын талаптары қандай?
Мастиканы қалай сақтаймыз?
Өнімді дайындау барысында қолданылған азық-түлік аудармасын жазу.
Қазақ тіліндегі қолданыстағы сөздер
Орыс тіліндегі аудармасы
Ұнтақ қант
Сахарная пудра
Құрғақ сүт
Сухое молоко
Қоюланған сүт
Сгущенное молоко
V. Ағымдағы нұсқау
Студенттердің жұмыс орнын тексеру;
Студенттердің жұмыстарының өз уақытында бастауын және жұмыс орнын ұйымдастыруын қадағалау;
Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау;
Санитария-гигиена талаптарын сақтау;
Өнімді өңдеудегі техникалық шарттар мен техникалық процесс бірізділігін қадағалау;
Студенттердің жұмыс ағымын тексеру.
V. Қорытынды нұсқау
Бүгінгі сабақта біз секерлі мастикамен әшекейлеудің технологиялық процесін, технологиясын үйрендік. Қарапайым заттармен әсем заттар шығаруға болатынына тағы да көз жеткіздік. Сондықтан, кәсіби білікті маман болу үшін көп оқу қажет және осы алған білімдеріңізбен тоқтап қалмай ары қарай өзін-өзі дамыту қажет. Алған білімдеріңіз практикалық алдағы кәсіби қызметтеріңізге қажет болады.
VІ. Бағалау
Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару;
Студенттің озат жұмысын көрсетіп, мадақтау;
Қателерін сипаттап, болу себебін және ол қателіктің алдын алуды түсіндіру;
Бағаларын хабарлау.
VІІ. Үйге тапсырма
Секерлі мастика дайындау технологиялық процесін қайталау.