Мәтін алды жұмыс. Жаңа терминдер: үзінді, қойылым, арқау болған, жауласқан Сөз тіркестер: Үзінді көрсету, қойылым қою, арқау болған, жауласқан ел. Мәтінмен жұмыс. Тапсырма 1 Т.Ж. Мәтіндермен жұмыс істеудің негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы және ғаламтордан алынған үлестірмелі парақтағы мәтіндерді оқиды және салыстырады, қою қаріппен берілген сөздердің мағынысын анықтайды, театр саласына қатысты кәсіби термин сөздерді анықтайды. ВЕНН диаграммасын толтырады. Дескриптор: Терминдердің мағынасын анықтайды. Мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасайды. ВЕНН диаграммасын толтырады Кері байланыс: «Кофе тaяқшaлaры» әдісі. Сұрaқтaр aлдыларындa жaтaды, топ бaсшысы aлғaн кофе тaяқшaсында кімнің aты жaзылсa, сол бaлa сұрaққa жaуaп береді. ҚБ «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі негізінде әрбір топ біріне –бірі баға береді. Әр топ келесі топтың жауабы бойынша бір сөйлем жазып,ортаға салады. Тапсырма 2.ЖЖ «Аквариум» әдісі бойынша мәтіндегі театр саласына қатысты кәсіби термин сөздерді сүзіп алып, терминдердің жасалу жолын, мағынасын анықтайды, сол сөздерді қатыстырып диалог және ауызша мәтін құрастырады. Саралау тапсырмасы. Ж. Ерекше қажеттілігі бар оқушылар оқыған мәтінінен түсінгенін қысқаша баяндайды. Ж.Ерекше қабілеті бар оқушылар мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасайды. Дескриптор Терминдердің жасалу жолын, мағынасын анықтайды. Диалог құрастырады. Ауызша мәтін құрастырады. Мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасайды. Мәтіннің мазмұнын айтады. Кері байланыс Сабақ барысында оқушылар бір-бірінің қасиеттеріне сай мадақтаулар мен ескертулер айтады,мұғалім оқушылардың ішкі немесе сыртқы уәжін арттыру мақсатымен белсенділіктеріне қарай қолдау көрсетеді, жетелеу сұрақтарын қояды. ҚБ. «Парасатты диалог» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.Оқушылармен диалогтың сапасын талқылап, олардың мақсатын айтуын және қалайша жақсартуға болатынын айтуды сұраймын. Ерекше қажеттілігі бар оқушылар бірін-бірі «тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы тексеріледі.Яғни біріншісі баяндайды, екіншісі толықтырады, үшінші екеуінің айтқанына ауызша баға береді.Оқушылардың рөлдері ауысып отырады. Ерекше қабілеті бар оқушылар: мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдап, өздерінің пікірлерін айтуы бойынша бағалайды. |