kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ. Дина Нүрписова.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дина Нүрпиісованың өмірімен танысу.Әр түрлі жұмыстар жүргізу, Жаттығу жұмыстарын жүргізу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Дина Нүрписова.»

Сабақтың тақырыбы: «Күйші Дина».

Сабақтың мақсаты: Сөйлесім барысында тілдік тапсырмалар негізінде тақы­рып­ жайлы толық ақпарат беру.

Міндеті:

Білімділік: Оқушыларға мәдениет пен күйшілік өнер туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру.

Тәрбиелік: Халқымыз қадір тұтқан күйшілердің шығармашылығымен таныстырылады, ұлттық мақтаныш сезімі тәрбиеленеді, эстетикалық тәрбие беріледі.

Дамытушылық: Компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктері одан әрі арттырылады, есте сақтау, көру қабілеттері дамытылады.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, тарих.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу,іздену.

1. Оқушылардың құзыреттілігін дамытуда оқу үрдісінің интеграциялық құрылуына коммуникативтік әдістерді қолданады. Атап айтқанда:

  • Сөйлеу мен ойлау;

  • Рефлексия негіздеу әдістерін;

  • Көрнекілік құралдармен жұмыс әдісі;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу

  • Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. (Балалар әр сөйлемнің жалғасын тауып, тақырыбына сай топқа бөлінеді)



Тілге қатысты:

Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.


Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.



Ауызда жиек жоқ,

Тілде тиек жоқ.



Достыққа қатысты:



Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.



Күлме досыңа, келер басыңа.



Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.



Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Туған жерге қатысты:



Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.



Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.



Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты оқып-үйрену:

«Миға шабуыл» әдісі.

Балаларға сұрақ қойылады:

Күй өнері дегеніміз не?

Қандай атақты күйшілерді білеміз және олардың қандай күйлері бар?

Дина Нұрпейісова жайлы видеоролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=M_Oi1gFK4IY

https://www.youtube.com/watch?v=XtCNj41f96Y



  • Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқи отырып, ол туралы қосымша ақпарат жинақтап, ой бөліседі.



  • Дина Нұрпейісованың күйлерін тыңдату.

  • Еліктеу сөздердің түрлерін пайдалана отырып, күй өнері жайлы шағын эссе жазу арқылы сөз таптарының кейбір түрлерін еске түсіреді.



1. «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны.

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді.

2. «Құпия конверт» ойыны. Әр топқа конверттегі сұрақтар үлестіріледі.

Берілген сөйлемдердегі тыныс белгілерін қой?

Құрманғазы  Динаның домбыра тартысына сүйсініп болашағынан үлкен үміт күтіп батасын берген. 

Сөйлемнен сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз?

Ташкентте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңеді.

3. Сөйлемге қандай тыныс белгілері қойылу керек?

Динаның тырнақалды Бұлбұл, Байжұма, Көгентүп атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.



Дидактикалық материалда келтірілген «Күй анасы – Дина» тақырыбындағы мәтінді оқи отырып, төл сөз, автор сөзі мен бірыңғай сөздерге байланысты тиісті тыныс белгілерін қою тапсырылады.



3. “Түсіндіріп көр” ойыны. Ортаға екі бала шығады. Бір баланың басына құпия сөз жасырылған қағаз - тәж кигізіледі. Ал қарсы тұрған бала сол затты қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді. Бірінші бала сол сөзді табуы керек.

Қорытынды

Рефлексия «Табыс ағашы». Әрбір алманың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын да дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жемістермен безендіреді. Қалаулары бойынша алмаларға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.

Көңіл-күйге байланысты смайликтер үлестіріледі.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ. Дина Нүрписова.

Автор: Хасанова Канагат Жасулановна

Дата: 16.10.2018

Номер свидетельства: 480823


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства