Пән мұғалімі Баймишева Айгуль Базарбаевна |
Мерзімі: 24.02.2017 | Сыныбы : 5 «Г» | Пәні: Қазақ тілі | |
Тақырыбы: | Буынның түрлері. |
Мақсаты | Буынның түрлері туралы апқарат беру арқылы, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. |
Оқыту нәтижесі Табыс критерийлері | -Оқушылар буынның түрлері туралы біліп, түсінеді. -Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. -Тақырыпқа байланысты мәліметтерді талқылауға үйренеді. -Фонетикалық талдау жасай алады; -Мәтіндермен жұмыс істеуді үйренеді. -Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі. |
Қолданылатын әдіс тәсілдер | Топтық, жұптық жұмыс, Стратегия «Елші», «Күн сәулесі». |
Сілтемелер | Қазақ тілі оқулығы, МАН, интернет көздері. |
Көрнекілігі және құрал жабдықтары | Сабаққа қажет материалдар (интер белсенді тақта, А-3 форматты қағазы, маркерлер т.б), бейнежазба, тақырып бойынша слайдтар, үлестірмелі қағаздар. |
Сабақ барысы |
Кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. | 2 мин | Оқушылар назарын сабақ барысына аудару. Слайдтпен Күн, аспан, ата-ана мен бала суреттерін көрсетеді. -Мынау керемет суреттер неге ойландырады? -Бір-бірімізге амандық тілей отырып, сабағымызды бастайық. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырып, бағалау парағын әр топтың басшысына береді. | Сабақ барысына назарларын аудару Оқушылар сыни тұрғыдан жауап береді. «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды. Топтарға бөліну. Оқушылар топта мынадай рөлдер бойынша жұмыс жасайды: 1. Төраға 2. Таймкипер 3. көркемдеуші 4. Баяндамашы | Қолдау және мадақтау |
Үй тапсырмасын тексеру. | 5 мин | 296-жаттығу. Өлеңді жаттау. Тарихи сөздерді тауып, буынға бөлу | | Дұрыс/бұрыс деп бағалайды. |
Жаңа сабаққа ену. Бейнежазба | 3 мин | Әл-Фараби туралы слайд көреді. Слайдты талқылап болған соң, мұғалім сұрақ қояды: | Слайд жөнінде ойларын айтады. | Бұл іс-әрекет бағаланбайды. |
Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру. Стратегия «Елші» | 20 минут | «Елші» әдісімен жұмыс. Мәтін таратылады. Әр топ жеке тапсырмамен жұмыс істейді. І топқа тапсырма: «Күй құдіреті» мәтінін оқып, мағынасын ашу. Мәтіндегі өздерің қалаған бес сөзді буынға бөліп, оларды буын түріне қарай ажыратыңдар. ІІ топқа тапсырма: ««Әлемдегі ең үлкен кітаптар» мәтінін оқып, мағынасын ашу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар. ІІІ топқа тапсырма: «Күй құдіреті» мәтінін оқып, мағынасын ашу. Қарамен жазылған сөйлемдегі жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жазыңдар. ІV топқа тапсырма: «Әлемдегі ең үлкен кітаптар» мәтінін оқып, мағынасын ашу. Қарамен жазылған екі сөзге фонетикалық талдау жасаңдар. | Жұмыстың барысы: -Әр топ жеке тапсырма алады.Топпен жұмыс жасар алдында, оқушылар өз беттерінше ереже және мәтінмен танысады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. | Критералды бағалау |
Жаңа сабаққа шолу. Буынның түрлері | 2 мин | (Слайд арқылы сабаққа қосымша мәлімет береді) | Слайдтардың көмегімен жаңа сабақ бойынша қосымша мәлімет алады. | |
Сергіту сәті | 2 мин | Музыка әуеніне би билейді. | | |
Бекіту. «Күн сәулесі» | 7 мин | 1. «Күн сәулесі» әдісі арқылы оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін тексереді. Әр топқа буынға бөлініп тасталған сөздерді таратады. 2.Дәптермен жұмыс. | 1. Оқушылар Күннің әрбір сәулесіне жазылған буындардың түрлеріне сәйкес келетін буындарды жабыстырады. 2. Берілген буындардан сөз құрап жазу. най | зе | ре | шық | о | лау | ба | те | ғай | жа | Ұр | рын | пан | ла | за | дық | ше | Кө | Найзағай ұршық балапан көше Терезе орындық жалау 3. Артық буынды алып таста | «Достың бағасы» смалигі |
Кері байланыс | 2 мин | Кері байланыс алу | Бүгінгі сабақ қызықты себебі...................... Бүгінгі сабақ қызықсыз себебі.................... | формативті бағалау. |
Үйге тапсырма | 1 мин | 302-жаттығу | Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап, оларды буын түрлеріне бөліп жазу. | |
Бағалау | 1 мин | Сабақ барысында алған балдарын қорытып, бағалау | Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. | |