kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?ты? та?ырыбы "Сын есімні? жасалуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы : Сын есімні? жасалуы Саба?ты? ма?саты : а) Сын есімні? ??рамы мен т?л?асы жа?ынан негігі,тынды к?рделі болып б?лінетінін т?сіндіру. ?) Сымбатты шымыр ту?ан жерді? таби?атын с?йе білетін,о?ан ??рметпен ?арай алатын к?з?арас?а т?рбиелеу. б)Саба? барысында о?ушыларды? білімін ба?ылау ар?ылы сауатты жазу?а да?дыландыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?ты? та?ырыбы "Сын есімні? жасалуы" »

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЧИР АУДАНЫ ВОСКРЕСЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ








Сын есімнің жасалуы


















ҚҰРАСТЫРҒАН: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА


















2014 – 2015 оқу жылы

Күні: Пәні:Қазақ тілі Сыныбы: 6 «А»


Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің жасалуы


Сабақтың мақсаты :

а) Сын есімнің құрамы мен тұлғасы жағынан негігі,тынды күрделі болып бөлінетінін түсіндіру.

ә) Сымбатты шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

б)Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Жолдасы жақсы жолды болар

элементтерін қолдану : Жолдасы жаман қоды болар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1.Зат есім дегеніміз не ? 2.Зат есім нешеге бөлінеді ?

3.Жалпы есім дегеніміз не ? 4.Жалқы есім дегеніміз не ?

5.Деректі зат есім дегеніміз не ? 6.Дерексіз зат есім дегеніміз не ?

7.Сын есім дегеніміз не ? 8.Сын есім қандай сұраққа жауап береді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :


Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді.Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізігі сын есім дейді. Мысалы : қара,көк,ақ,биік,таза,терең т.б.

Бұл сияқты сөздер - әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлері.

Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімдітуыны сын есім дейді. көш-пей(ел),кеш-кі(ауа),өнер-лі(жігіт)

Тұлғасы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан тұрады.Демек туынды сын есімдер дегеніміз – жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер.Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де,етістіктерден де жасалады. Мысалы : қыс-қы(күн),су-сыз(жер)сын есімдердің түбірі зат есімдер.


Оқулықпен жұмыс:


132-жаттығу.Мақал-мәтелдердің мәнін ашыңдар.Олардағы сын есімнің мағыналарын айқындап,негізгі және туынды сын есімдерді ажыратып айтыңдар.


1.Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы,қолы кең.

Кеңпейілді атаның

Жүзі жылы,жолы кең.


2.Жақсы бала қонаққа үйір,

Жақсы тай атқа үйір.


3.Ұрысқақ болса,ұлың жау,

Керіскек болса,келін жау.


4.Айлалы батыр алдырмас.


5.Ақылды кісі ісіне сенеді.

Ақымақ кісі күшіне сенеді.


6.Ер жігіттің өлгені-

Ессіз болса алғаны,

Сөзінің болса жалғаны.


7.Әлсіз адам сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.


8.Білекті адам бірді жығады,

Білімді адам мыңды жығады.


Дәптермен жұмыс:


133-жаттығу.Берілген сын есімдердің сындық белгілерін анықтаңдар.Негізгі сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.


Үлгі: негізгі сын есімдер : туынды сын есімдер:

қысқа тоғайлы


Қысқа,тоғайлы,жүйрік,қысқы,биік,үлкен,еңбекқор,өнерпаз,әдепті,аспалы,гүлді,өнерлі, сауықшыл,күзгі,аласа,қалалық,әшекейлі,жаман,сыпайы,білгіш,жалқау,алғыр,зейінді, зерек,өткір,көргіш,жүгіргіш,сөзшең,жеңіл,жұқа.


134-жаттығу.Көп нүктенің орнына төмендегі жақшада берілген сын есім жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлем құрап жазыңдар.


Үлгі: Әдепті бала – арлы бала.


Әдеп... бала, өнер... қыз, қыр... қарындаш, жаз... демалыс, күз... суық, сауық... жігіт, аспа... шам, тау... жер, бала... үй, шаруа.... адам, құм... жер, сүз... сиыр, біт... шөп, мақтан... бала, бой... кісі, кеш... мезгіл.


Барлық оқушылармен жұмыс:

  • Өздерің қалаған он сын есімді қатыстырып, бес сөйлем құраңдар.


Білімді бекіту :

1.Сын есім дегеніміз не ?

2.Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

4.Неігізгі сын есім дегеніміз не ?

5.Туынды сын есім дегеніміз не ?

6.Туынды сын есім жұрнақтарын атап бер ?

Рефлексия:


«___» сынып оқушысы _____________________________________

  • Бүгін мен білдім … _______________________________________________________________________

  • Қызықты болды ... _______________________________________________________________________

  • Қиын болды … _______________________________________________________________________

  • Пайдалы болды … _______________________________________________________________________

  • Мен жаттығуларды орындадым … _____________________________________________________________________

  • Сабақта түсінгенім … _______________________________________________________________________


Бағалау : Жауап бергеніне қарап білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма :


137-жаттығу. Төмендегі зат есім сөздердің мағыналарын айқындаңдар. Оларға сын есім жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жасаңдар.


Үлгі: жауырынды, . . .


Жауырын. Ұйқы. Қыс. Бой. Көрік. Тарих. Тау. Қала. Киім. Білім. Жол. Құм. Ән. Сурет. Әңгіме. Арыстан. Сүт.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ашы? саба?ты? та?ырыбы "Сын есімні? жасалуы"

Автор: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 193098


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства