kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?.Та?ырыбы: ?ндестік за?ы. Буын ?ндестігі.Сыныбы: 5

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?ндестік за?ы. Буын ?ндестігі

Саба?ты? ма?саты:

1). Білімдік жа?ы: О?ушыларды? ?ткен саба?тарда фонетика б?лімінен ал?ан білімдерін толы?тырып, ?ндестік за?ы, оны? т?рлері, оны? ішінде буын ?ндестігі туралы т?сінік беру, оларды к?нделікті ?мірде ?олдана білуге да?дыландыру;

2). Дамытушылы? жа?ы: О?ушыларды? іскерлік белсенділіктерін, ойлау, жаттау ?абілеттерін ауызша ж?не жазбаша талдаулар ар?ылы дамыту, с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру, тірек схемаларын пайдалана білуге да?дыландыру, жатты?улар орындату;

3). Т?рбиелік жа?ы: Саба??а деген ?ызы?ушылы?тарын, ынталарын арттыру, ?з-?зіне сенімділіктерін ?алыптастыра отырып, тап?ырлы??а, жылдамды??а т?рбиелеу

Саба?ты? к?рнекілігі: компьютер, интерактивті та?та слайдтары, семантикалы? карта

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, топтастыру, болжау стратегиялары

Саба?ты? т?рі: Десант-саба?

П?наралы? байланыс: ?дебиетпен, анатомиямен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?.Та?ырыбы: ?ндестік за?ы. Буын ?ндестігі.Сыныбы: 5 »

Мұнайлы ауданы

Тілші мұғалімдер олимпиадасы

















Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.

Буын үндестігі


















Сыныбы 5 «в»

Өткізген: №2 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Тілеулиева Ақерке



Маңғыстау селосы, 2011 жыл

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты:

1). Білімдік жағы: Оқушылардың өткен сабақтарда фонетика бөлімінен алған білімдерін толықтырып, үндестік заңы, оның түрлері, оның ішінде буын үндестігі туралы түсінік беру, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру;

2). Дамытушылық жағы: Оқушылардың іскерлік белсенділіктерін, ойлау, жаттау қабілеттерін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тірек схемаларын пайдалана білуге дағдыландыру, жаттығулар орындату;

3). Тәрбиелік жағы: Сабаққа деген қызығушылықтарын, ынталарын арттыру, өз-өзіне сенімділіктерін қалыптастыра отырып, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу


Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта слайдтары, семантикалық карта


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, болжау стратегиялары


Сабақтың түрі: Десант-сабақ


Пәнаралық байланыс: әдебиетпен, анатомиямен.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, танысып, оқу құралдарын тексеру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі, өзін таныстыруы, неге сабақ беріп тұрғандығы, неге сабаққа қонақтар қатысып отырғандығы, 22 ақпан қандай күн екендігі, тілшілер олимпиадасын қысқы олимпиадамен байланыстыра отырып, жетекші сұрақтар қойылып, болжау стратегиясы бойынша оқушылардан жауап алынып, мұғалімнің басшылығымен бүгінгі сабақтың ерекшелігі қысқаша түсіндіріледі.

Ендеше, бүгінгі сабағымызды мына бөлімдер бағытында жүргізейік. (слайд)


І Ой қозғау

ІІ Мағынаны тану

ІІІ Талдау – табыс кілті

ІV Кім жылдам?

V Ой толғау

VІ Бекіту


І. Ой қозғау бөлімінде өткен материалдарды төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша еске түсіріп өтейік:

1. Біздер қазір қазақ тілінің қай саласымен танысып жатырмыз?

2. Фонетика деген не, нені зерттейді?

3. Әріп деген не, дыбыс деген не?

4. Қазақ тілінде әріп нешеу, дыбыс нешеу?

5. Дауысты дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді?

6. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

7. Буын деген не?

8. Буын жасауға негіз болатын қандай дыбыстар? (дауысты дыбыстар)

9. Буынның қандай түрлері бар еді?


ІІ. Ал, енді сабағымыздың «Мағынаны ашу» бөліміне көшейік, интерактивті тақта арқылы күннің жады мен тақырыпты дәптерге жазу (слайд).

Болжау стратегиясы бойынша үндестік деген сөзді қалай түсінеміз? Үндестік сөзінің синонимдерін кім қалай атар еді?

Ал, заң деген сөзді қалай түсінеміз, қандай синонимдері болуы мүмкін?


Ендеше үндестік заңы дегеніміз – үйлесу ережесі, ұйқасу заңы, ыңғайласу заңдылығы деген сөз екен ғой.

Сөйтіп сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.


Нелер, не үйлесуі, үндесуі мүмкін? Мысалы:

Ендеше, дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) дейміз екен.

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуын-жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғанады. Сөздің соңғы буыны жуын болса – жуын қосымша, жіңішке болса – жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: кі-тап-тар, қа-зір-гі, ше-ка-ра-ға т.б.

ІІІ. «Талдау – табыс кілті» бойынша сынып жұмысына кірісейік. 135-бет, 314-жаттығу.

Бірыңғай жуан сөздерді бір бағанға, бірыңғай жіңішке сөздерді екінші бағанға, аралас сөздерді үшінші бағанға жазыңдар (тақтаға 3 баған бойынша 3 оқушы шығады).

1. Жуан: сондықтан, мұнда, тұрғызады;

2. Жіңішке: жер, жиі, сілкінеді, үйді, жеңіл;

3. Аралас: Жапонияда, материалдардан т.б.


Оқушылар жаттығу жұмысын орындап жатқанда 5-6 оқушыға семантикалық карта беремін.


ІV. Кім жылдам? бөлімінде адасқан әріптермен мақал беріледі. Адасқан әріптерді орнына қойып, мақалды тауып, дәптерге буынға бөліп жазамыз (слайд).

Енді «отан» сөзіне сатылай кешенді фонетикалық талдау

V. «Ой толғау» бөлімінде берілген суретке қарап, шағын мәтін құрастырамыз. Мәтінге ат қоямыз. Буын үндестігі сақталды ма, назар аударыңыз.

VІ. «Бекіту» бөлімінде бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерімізді жинақтап, қорытындылайық.

  1. Үндестік заңы дегеніміз не?

  2. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

  3. Буын үндестігі деген не?

  4. Қандай сөздер аралас буынды болып келеді?

  5. Аралас буынды сөздерге қосымшалар қалай жалғанады?


Үйге тапсырма: 136-бет, 316-жаттығу, 1-абзац

Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар, буын үндестігі сақталды ма, көз жеткізіңдер.

Оқушыларды бағалау.

6




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба?.Та?ырыбы: ?ндестік за?ы. Буын ?ндестігі.Сыныбы: 5

Автор: Тілеулиева Акерке Манашовна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства