kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? - М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:  А?иы? а?ын М. Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ын таныту. Ана мен бала, адам мен таби?ат арасында?ы ?арым-?атынасты? жырда?ы к?ркемдік шешімін таба білуге ?йрету.
Ынтыма?тасты? пен сенім атмосферасын ??ру.

 

Білімділігі: М. Ма?атаев поэзиясыны? ?мірше?дігін таныту, поэма идеясын ??ындыру.

Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ?ле?ге деген ынтасын арттыру. к?ркемс?з о?у шеберлігін, ізденімпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру.

Т?рбиелігі: О?ушыларды Отанды с?юге, адамгершілікке, ?арапайымдылы??а, ?ле?ді, ?нерді, сезімді ба?алау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Жа?а білімді ме?герту.

Саба?ты? ?дісі: "Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету", "Білім беру мен алуда?ы жа?а т?сілдер", "Білім беру ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау".

 

К?рнекілігі: М. Ма?атаев фотосуреттерінен слайд, М??а?али Ма?атаевты? "Аманат" кітабы,

Саба?ты? барысы:

I. ?йымдастыру кезе?і

II. ?й тапсырмасын с?рау

III. Жа?а саба?

  • " ?ызы?ушылы?ты ояту"
  • "Ма?ынаны тану"
  • "Зерттеу ж?мысы"
  • "Ой тол?аныс"
  • "Поэзия минуты"
  • Ата?ты адамдарды? - а?ын жайлы жылы лебіздері

I?.  Саба?ты бекіту. А?ын?а арнау - ?ле? жазу

?. Ба?алау

?І. ?йге тапсырма

Саба?ты?  ма?саты:  А?иы? а?ын М. Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ын таныту. Ана мен бала, адам мен таби?ат арасында?ы ?арым-?атынасты? жырда?ы к?ркемдік шешімін таба білуге ?йрету.
Ынтыма?тасты? пен сенім атмосферасын ??ру.

 

Білімділігі: М. Ма?атаев поэзиясыны? ?мірше?дігін таныту, поэма идеясын ??ындыру.

Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ?ле?ге деген ынтасын арттыру. к?ркемс?з о?у шеберлігін, ізденімпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру.

Т?рбиелігі: О?ушыларды Отанды с?юге, адамгершілікке, ?арапайымдылы??а, ?ле?ді, ?нерді, сезімді ба?алау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Жа?а білімді ме?герту.

Саба?ты? ?дісі: "Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету", "Білім беру мен алуда?ы жа?а т?сілдер", "Білім беру ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау".

 

К?рнекілігі: М. Ма?атаев фотосуреттерінен слайд, М??а?али Ма?атаевты? "Аманат" кітабы,

Саба?ты? барысы:

I. ?йымдастыру кезе?і

II. ?й тапсырмасын с?рау

III. Жа?а саба?

  • " ?ызы?ушылы?ты ояту"
  • "Ма?ынаны тану"
  • "Зерттеу ж?мысы"
  • "Ой тол?аныс"
  • "Поэзия минуты"
  • Ата?ты адамдарды? - а?ын жайлы жылы лебіздері

I?.  Саба?ты бекіту. А?ын?а арнау - ?ле? жазу

?. Ба?алау

?І. ?йге тапсырма

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? - М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда" »

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"


Сабақтың мақсаты: Ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту. Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру.


Білімділігі: М. Мақатаев поэзиясының өміршеңдігін таныту, поэма идеясын ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру. көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер", "Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау".



Көрнекілігі: М. Мақатаев фотосуреттерінен слайд, Мұқағали Мақатаевтың "Аманат" кітабы,

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

  • " Қызығушылықты ояту"

  • "Мағынаны тану"

  • "Зерттеу жұмысы"

  • "Ой толғаныс"

  • "Поэзия минуты"

  • Атақты адамдардың - ақын жайлы жылы лебіздері

IҮ. Сабақты бекіту. Ақынға арнау - өлең жазу

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқулықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Шерхан Мұртаза қай жылы дүниеге келді?

(1932 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылы)

Әкесінің есімі? Ол кісі қай жылы Сталиндік қуғын - сүргіннің құрбаны болып кетті? ( Мұртаза, 1937жылы)

Шерхан Мұртаза кімнің повесть, романдарын орысшадан аударған? (Шыңғыс Айтматовтың "Боранды бекет", "Жан пида", "Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет", "Қош, Гүлсары")

Тұрар Рысқұловқа арналған қандай шығармасы бар? (5 кітаптық "Қызыл жебе" эпопеясы)

Шерхан Мұртаза кім? (Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері)

Жазушы атамыз биыл неше жасқа шығып отыр? (82)

III. Жаңа сабақ

Қазынам бар, Қисапсыз шектеледі. Қызғанады біреулер, жек көреді. Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін, Алам десең, алдымен, зертте мені -

деп жырлап кеткен Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 13 наурызда (куәлікте 9 ақпан деп жазылған) Алматы облысы, Райымбек ауданы( бұрынғы Нарынқол ауданы), Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата - анасы оны кішкентай күнінен "Мұқағали" деп еркелетіп атап кеткен. Үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарының қиыншылықтарымен дәл келгендіктен, болашақ ақын өмірдің ащы-тұщысын ерте тартады.

Әкесі Сүлеймен Калининград маңдайында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, анасы Нағиман қаршадай балдарын өзі тәрбиелеп өсіреді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген болашақ ақын ерте есейіп, арба айдап, соқа салып, тырма тартып, шөп шауып, масақ тереді. Өзінің балалық шағын ақын:

Бәрі есімде мекен -жай, тұрағым да, Тек есте жоқ күлдім бе жыладым ба? Балалық шақ жармасып жүретұғын, Өгіз жеккен соқаның құлағында. Қарсы жауға біз де шықтық түренмен. Аңыздардан тере жүріп масақты. Рас, рас көзімізден жас ақты. Бірақ, со бір дауыл жылдар, от жылдар, Бәрімізден бір-бір батыр жасапты, -

деп суреттейді. 10- сыныпты интернатта бітірген Мұқағали әртүрлі салада қызметтер атқарады: ауылдық кеңестің хатшысы, Қызыл отау меңгерушісі, мектеп мұғалімі, комсомол қызметкері.

1962 жылы Алматы қаласына көшіп, әдеби ортаға араласады. Алматы қаласындағы әдебиет пен өнер қайраткерлерімен қоян-қолтық араласуы ақын болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Өлең жазуға деген құштарлығы М. Мақатаевты қаламгерлікке жетелейді, әсіресе, газет саласында жемісті еңбек етеді.Аудандық "Советтік шекара" республикалық "Социалистік Қазақстан" газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарады.

Ақынның көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Мысалы: "Дариға, домбырамды берші маған", "Сәби болғым келеді", "Бақыт деген", "Аңса жаным", "Есіңе мені алғайсың", "Күрең күз" т. б.

Бүгінде М.Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымының іздеп жүріп оқитын рухани азығына айналды.

Аудармашылық - ақын өмірінің бір қыры. Орыс тілінен қазақ тіліне көптеген шығармалар аударды. Аударылған шығарманың нәрін сақтап, ана тілінде кісі жүрегіне жеткізе білу мақсатымен Шекспирдің сонеттерін, Дантенің "Құдіретті комедиясын", "Уол Уитменнің" өлеңдерің қазақ тіліне аударған.

Поэмалары: "Райымбек! Райымбек!", "Бала шақтан – болашаққа", "Аққулар ұйықтағанда", "Алтай – Атырау", "Мұзбалақ", "Досыма хат", "Ару ана", "Қырандастар, қош болыңдар"

"Аққулар ұйықтағанда" поэмасы халықтың наным - сенімін, әдет - ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды. Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып беріпті. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлапты. Ендеше осы қасиет пен қасіреттің белгісіне айналған поэмамен танысайық! (Қысқаша мазмұны түсіндіріледі)

  • "Қызығушылықты ояту"

Оқушыларды топқа бөлу: аққу, табиғат, ана тақырыбындағы суреттер бойынша

І топ «Аққу»

ІІ топ «Табиғат»

ІІІ топ «Ана»

Топ ұстанымын құруға бағыт беріледі. Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады?

Балалар мына суреттерге көңіл аударсақ ... ( Аққу,табиғат, ана )

1. Аққу қандай құс?

2. Табиғат адамға не үшін қажет?

3. Ананың адам өміріндегі орны қалай?

  • "Мағынаны тану"

Балалар мен сендерге алдын-ала оқып келуге "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын тапсырған болатынмын?

Сонда поэма дегеніміз не? (Оқушылар әдебиет теориясынан алған білімдерін ортаға салады)

1. Поэма не туралы?

2. Көлдің «Жетімкөл» деп аталуы неліктен деп ойлайсыңдар?

3. «Аққу менен баланы аластаңдар» дегенді қалай түсіндіңдер?

4. Баланы қалай емдеуге болар еді сіздердің ойларыңыз.?

5. Тәуіп шалдың ана мен әкеге айтқан ақылы дұрыс деп санайсыздар ма?

6. Аққуды неліктен киелі құс деп санайды?

7. Әке тәуіп шалдың айтқанын қалай қабылдады ?

8. Ал ана қалай қабылдайды?

9. Ананы кінәлауға бола ма?

10. Көлден қасиет кетті деген сөздің мәнін қалай түсінесіздер?

  • "Зерттеу жұмысы" Оқулықпен жұмыс (Айтылған үзіндіні табу)

І топ «Аққу» «Көлдің сәні - аққулар» , Аққудың рең әсемділігінен білдіретін сөзді табу.

ІІ топ «Табиғат» Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін табу.

ІІІ топ «Ана» Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?

  • "Ой толғаныс"

1. Поэманың өзіңе ұнаған тұсы.

2. Аққудың рең әсемдігін бейнелейтін жолдар.

3. Аққуды атқан ана қандай қасіретке душар болды?

4. Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдар.

5. Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?

6. Жараланған аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдар.

  • "Поэзия минуты" Поэмадан үзінді мәнерлеп оқу.



  • Атақты адамдардың - ақын жайлы жылы лебіздері

«Ғажайып даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясы» Әбділда Тәжібаев

«Мұқағали асып - тасып, арнасынан төгіліп жүрмесе, артында қалың жұрт сүйіп оқитын өлеңдері қалмас па еді... Ақынды түсіну қиын» Бибігүл Төлегенова

«Мұқағали жалғандықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жалақорлықты, бәлеқорлықты жан - тәнімен жек көрген ақын»

Шерхан Мұртаза

«Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»

Фариза Оңғарсынова

«Мұқағали поэзиясы талай жүрекке от берді,

бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды» Мұхтар Құл - Мұхаммед

IҮ. Сабақты бекіту

Ақынға арнау - өлең жазу

Мұқағалиға
Нәр бердің, күш бердің қазақтарға,
Сөзіңмен сусындаттың барлығын да.
Ақындық сөздеріңмен қуат бердің,
Әр сөзіңде жатқан бір даналық бар.
Үлгілі ақынсың сен пір тұтатын,
Болашақты ойлатар сөздеріңмен.
Барлығын түзу жолға саласың сен,
Әр сөзді астарлатып айтқаныңмен.

Ақынның "Саржайлау", "Сөнбейді әже, шырағың", "Кел,еркем Алатауыңа" өлеңдеріне сазгер Н. Тілендиев ән шығарған.
Ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.
Қазақстан Жазушылар одағы жылдың ең жақсы жас ақынына арнап Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады. Қарасазда ақынның мұражайы бар. «Атамұра» баспасы шығарған (1999) «Аманат» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алматы қаласында ақынның есімімен аталатын көше бар, Қарасазда әдеби мұражайы ашылған және ескерткіш орнатылған.

Сабақты қорыта келгенде, Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақ халқының біртуар ұлы ақыны. Қысқа ғана ғұмырында артына өлмес мұра қалдырып кеткен сыршыл ақынның туындылары бүгінгі ұрпақтың сүйіп оқитын қазынасы. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында із қалдырған»- деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек.

Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі - шектеулі өмір. Екіншісі - мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма

1. «Мұқағали әлемі» ғылыми - ізденіс жасау. 2. «Аққу – киеліқұс» тақырыбында эссе жазу. 3. Поэма желісі бойынша сурет салу.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашы? саба? - М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"

Автор: Анарбаева Жанар Нартаевна

Дата: 26.12.2014

Номер свидетельства: 148142


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства