Просмотр содержимого документа
«"Ас қорыту мүшелерінің топографиясы"»
«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі
“Бекітемін”
Директордың оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
_________ Кабдолланова А.Е.
«___» _______ 2019 жыл
Әдістемелік өңдеу
Тақырыбы: «Ас қорыту мүшелерінің топографиясы»
орындаған: Койбасарова. Ж.Б.
Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып, құпталды
Комиссия төрайымы ___________ Нурахметова М.К.
Хаттама № ____ “_____” ___________ 2019 жылы
Семей қаласы
Пән/Предмет:Жануарлар анатомиясы және физиологиясы
Сабақтың тақырыбы/Тема урока: Ас қорыту мүшелерінің топографиясы.
Оқушылар білу керек/ Учащиеся должны знать: Жануарлардың ас қорыту мүшелерінің кіреберісі ауыз мен жұтқыншақтың, өңеш пен қарындардың, ұлтабар мен ішектердің құрылысын білу керек.
Оқушылар жасай білу керек/Учащиеся должны уметь: Ас қорыту мүшелерін, бөлімдерін, орналасуын бір-бірінен ажырата білу керек.
Оқытушылық/ Обучающая: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы жайлы түсіндіру.
Дамытушылық/ Развивающая: Ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуін дамыту. Сабаққа белсенділіктер мен қызығушылығын арттыру.
Сабақтың жабдықталуы/ Оборудование урока: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар
Көрнекілік құралдар/ наглядные пособия: суреттер;
Үлестірмелі материалдар/ раздаточный материал;
Оқытудың техникалық құралдары/ технические средства обучения; ноутбук, интерактивті тақта, презентация, слайдтар.
Пәнаралық байланыстар/ Межпредметные связи:
қамтамасыз ететін/ обеспечивающие: латын тілі, жануарлар анатомиясы, физиологиясы, цитология, гистология, эмбриология, патологиялық анатомия
қамтамасыз етілетін/ обеспечиваемые: эпизотология, ішкі жұқпалы емес аурулар, клиникалық диагностика
Пайдаланылған әдебиеттер/ Используемые литературы:
Қ. Бозымов «Мал анатомиясы» - Астана. -2011 ж.
К. Жанабеков «Жануарлар морфологиясы латын терминологиясымен» -2011 ж.
Л.В. Антипова «Анатомия и гистология животных» -2005 ж.
Т. Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы» - Алматы, -2012 ж.
Сабақтың мазмұны/ Содержание урока
Элемент
№
Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары
Элементы урока, учебные вопросы, формы и методы обучения
I
Ұйымдастырушылық кезең: 5 мин
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Аудиторияның сабаққа дайындығын бақылау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II
Үй тапсырмасын сұрау: 25 мин
Тыныс алу аппаратының құрылысын сұрау
Тыныс алу аппараты қандай бөлімдерден тұрады?
Мұрын қуысының құрылысы, бөліктері
Өкпе қандай бөлімдерден құралған?
Бронхылар мен альвеолалардың құрылысы.
Жануарлар түрлеріне байланысты өкпе құрылысының ерекшеліктері?
III
Жаңа тақырыпты түсіндіру: 35 мин
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы, бөлімдері. Ас қорыту мүшелерінің кіреберісі ауыз бен жұтқыншақ туралы түсіндіру. Ас қорытудың алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдері туралы түсіндіру.
IV
Сабақты бекіту: 15 мин
Ас қорыту мүшелерін плакаттардан, көрнекілік материалдардан және презентациялар арқылы көрсетіп, таныстыру. Ойындар ойнату, тест сұрақтары.
V
Сабақты қорытындылау, бағалау: 5 мин.
Сабақ бойы қатынасуын ескере отырып, тапсырманы дұрыс орындағандар «5», жартылай «4» дұрыс орындамаған оқушыға сұрақ-жауаптарын ескере отырып бағалау. Жаңа тақырып бойынша қысқаша түйіндеме жасау, оқушылардың білімін, сабақ барысындағы белсенділігіне сәйкес бағалау.
VI
Үй тапсырмасын беру: 5 мин
Жаңа тақырып бойынша оқып мазмұндау. Тақырып бойынша презентациялар дайындау.
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (5 минут)
II. Үй тапсырмасын сұрау:(25 минут)
Белсендендіру сұрақтары:
Тыныс алу аппаратының құрылысын сұрау.
Тыныс алу аппараты қандай бөлімдерден тұрады?
Мұрын қуысының құрылысы, бөліктері
Өкпе қандай бөлімдерден құралған?зөө
Бронхылар мен альвеолалардың құрылысы.
Жануарлар түрлеріне байланысты өкпе құрылысының ерекшеліктері?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (35 минут)
Тақырыбы:«Ас қорыту мүшелерінің топографиясы»
Ас қорыту аппараты (пищеварительный аппарат) — apparatus digestorius — азықты қабылдау, оны механникалық өндеуден өткізу (ұсақтау, жібіту, араластыру), мүшелерден мүшелерге жылжыту, биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен бактериялар, қарапайымдар, саңырауқұлақтар) және химиялық өңдеулерден өткізіп, қорытылған қоректік заттарды сіңіру, азық қалдыған сыртқа шығару сияқты қызметтерді атқаратын ішкі мүшелерден тұрады.
Филоонтогенездік тұрғыдан ас қорыту аппаратын төрт бөлімге бөледі. Олар: бас, алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдер.
Бас бөліміне: ауыз қуысы (ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, қатты және жұмсақ таңдай, ауық қуысының түбі, тіл, құлақ түбі безі, төменгі жақ безі, тіл асты безі, бір өзекті тіласты сілекей безі) және жұтқыншақ,
алдыңғы бөліміне – өңеш пен қарындар,
ортаңғы бөліміне – ұлтабар мен жіңішке ішектер (он екі елі ішек пен аш ішек), бауыр, ұйқы безі,
артқы бөліміне – жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек пен тік ішек) жатады.
А уыз қуысы (cavum oris ) – ас қорыту жүйесінің бас бөлімі құрамына кіреді. Ол жұтқыншақпен жалғасады. Жануарлар ауыз арқылы азықты тістеп үзеді, шайнайды, сілекеймен жібітіп ұсақтайды, тілмен араластырып жұтуға жұтқыншаққа қарай жылжытады. Ауыздың мүшелеріне еріндер, ұрт, қызыл иек, төменгі және жоғарғы тіс қатарлары қатты және жұмсақ таңдай, тіл жатады. Бұлар ауыз қаңқасына ретімен орналасып, ауыз қуысының қабырғасын түзеді. Ауыз еріндер арасындағы ауыз саңылауы арқылы сыртқы ортамен, жұмсақ таңдай мен тіл түбірі аралығындағы тамақ тесігі арқылы жұтқыншақпен қатысады. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады.
Еріндер. Жоғарғы және төменгі еріндер екі бүйірден бір-бірімен жалғасып, ауыз бұрышы-езуді құрайды. Ерін құрылысы жағынан терілі-етті мүшеге жатады. Жылқы мен ұсақ малдардың еріндері өте қозғалмалы келеді. Еріннің көмегімен аталған малдар ірі талшықты жем-шөпті қабылдайды. Мұнымен қатар ол сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Әдетте, еріннің сыртқы тері қабаттарында сезім түтіктері орналасады. Ерін терісі ауыз қуысының қабығына ауысады. Езу маңындағы еріндер кілегейлі қабығында қабырғалық сілекей бездерінің тесіктері байқалады.
Ерінінің ерекшелігі: жұқа және нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып, оның езулері 3-4 азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар сайымен екіге бөлініп тұрады. Төменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге қарағанда сәл көлемділеу келеді.
Шошқа:
1 – төменгі ерін; 2 – кеңсірік айнасы; 3 –азу тіс ойысы; 4 – ауыз бұрышы.
Ернінің ерекшелігі: жоғарғы ерні түксіз талпақ танаумен (planum rostrale) жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді. Ерін езулері 3-4 азу тістердің тұсына дейін созылады.
Ірі қара:
1 – төменгі ерін; 2 – жоғарғы ерін; 3 – ерін-мұрын айнасы;
Жылқы: 1 – жоғарғы ерін; 2 – төменгі ерін; 3 – иек; 4 – танау.
Ұрт(щеки) — bucca — құрылысы жағынан ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың ортаңғы қабығының негізін ұрт еттері түзеді. Азықты тиянақты шайнап жейтін жануарлардың ұрты жақсы жетілген. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын ұрт қысқарады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған керісінше шөппен қоректенетін жануарларда ұрт ұзын да, ауыз қысқа келеді. Ұрттың іші кілегейлі бетінде 3-4-ші азу тістері тұсында құлақ түбі сілекей без өзегінің бүртігі ашылады. Ірі қара мал ұртының кілегейлі қабығында ауыз саңылауына кері бағытталған конусша бүртіктер орналасады. Олар ауыз қуысындағы азықтың кері түспеуін қамтамасыз етеді. Құлақ түбі без өзегі 5-ші азу тіс қатарында ашылады.
Қой мен ешкі ұртында да конус тәрізді бүртіктер бар. Құлақ түбі без өзегі 4-ші азу тіс тұсында ашылады. Шошқа без өзегі 4-5-ші азу тістің деңгейінде ашылады.
Қызыл иек – жақ сүйектерінің тістік жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысының кілегейлі қабығын қызыл иек пен соңғы азу тістер деңгейінде жоғары жатқан төменгі жаққа қарай қатпарланып созылып, қанатша-төменгі жақтық қатпар түзеді. Қызыл иек қан тамырларына бай, бірақ сезімталдығы нашар.
Ит тістер:
1 – жоғарғы қысқа тістер;
2 – ортаңғы кескіш тістер;
3 – езу тіс;
4 – төменгі азу тіс;
5 – жоғарғы азу тіс;
6– қызыл иек.
Tiстер (зубы) — ауыз қуысының қатты туынды мүшесі. Ол қызметіне байланысты:
күрек тістер (dentes incisivi - I), сойдақ тістер (dentes eanini - C), алдыңғы азу тістер (премолярлар - dentes premolares - Р) және нағыз азу тістер (молярлар — dentes molares - М) болыпбөлінеді.
Жануарлардың жасына қарай: сүт тістерге (dentes deeidui - Dd) және тұрақты тістерге (dentes permanentes - Dp) бөлінеді. Құрылысына байланысты: қысқа сауытты жәнеұзын сауытты тістер болып бөлінеді. Тістер бассүйектің жоғарғы жақ, тұмсық және төменгі жақ сүйектерінің тіс ұяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын(аркадаларын) құрайды.
Қ атты таңдай - ауыз қуысының төбесін құрайды. Ол ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Қатты таңдайдың негізін сүйек таңдай құрайды. Қатты таңдай ауыз қуысының кілегейлі қабығынан түзілген.
А – ірі қара; Б – шошқа; В – жылқы; Г –ит; 1 – таңдайжалы; 2 – таңдай жігі; 3 – кескіш бүртіктер; 4 –жылқы бүртіктері; 5 – күрек тістер; 6 – азу тістері; 7 – түбірлі тістер.
Жұмсақ таңдай немесе таңдай шымылдығы қатты таңдайдың тікелей жалғасы. Ол ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады. Сондықтан оны екі: ауыздық және жұтқыншақ беті болады. Жұмсақ таңдайдың артқы ойыс жиегін таңдайлық доға деп атайды.
Жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығында кілегей бөлетін таңдай бездер болады. Жұмсақ таңдайдың жұтқыншақ бетіндегі кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған, ал ауыз қуыстық бетіндегі кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған.
Ауыз қуысының түбірінде – негізінен тіл орналасады. Тілдің екі бүйіріндегі саңылау тәрізді қуысында тіласты қатпарлары болады. Бұл қатпарлар аралығына көп өзекті тіластылық сілекей безінің өзектері ашылады. Тіл ұшының астында ауыз қуысы кілегейлі қабығының тіл денесіне өтердегі жасайтын қатпары тіл жүгеншігі деп аталады. Бұның екі бүйірінде тіласты (аштық) сүйелшелер көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгі жақтық және бірөзекті сілекей бездерінің өзектері ашылады.
Тіл – бұлшық етті, қозғалмалы мүше. Тіл сыртынан ауыз қуысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Оның бетінде әр түрлі көптеген тіл еміздіктері орналасқан. Тіл дәм сезу, сипап сезу, су мен азықты қабылдау мүшесі. Ол итте дене қызуын реттеуге де қатысады. Барлық жануарларда тіл ұзындығы азықты шайнау, жұту жұмыстарын да атқарады. Жануарлардың тіл құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Тіл бұлшық еттер арқылы төменгі жақтың және тіл астылық сүйектермен байланысады.
Т ілдің түбірі, денесі, үстіңгі және екі бүйір беттері, ұшы болады. Тілдің сыртын қаптаған кілегейлі қабықта көптеген еміздіктер болады. Тілдің кілегейлі қабығы оның түбірінен жұмсақ таңдайға өтіп, таңдай - тілдік доғаны, көмекей қақпағы бөбешікке ауысып, ортаңғы және екі бүйірлік қатпарларды, тіл түбіне бағытталып, тілдік жүгеншікті түзеді.
Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңештен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып тұратын, пішіні түтік тәрізді етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақтың жоғарғы жағы мойын мен бастың вентральдік еттеріне, екі бүйір беті тіластылық сүйектің ортаңғы бұтақтарына жанасып жатады. Ауыз қуысынан жұтқыншаққа тамақ тесігі-есін, мұрын қуысынан екі хоан тесіктері, жұтқыншақтан өңеш пен көмейге қарай өңеш және көмекей тесіктері ашылады.
Азық ауыз қуысынан жұтқыншақтың ас қорыту бөлігі арқылы өңешке түседі. Жұту кезінде тіл түбірінің қысымымен таңдай шымылдығы көтеріліп, мұрынның хоан тесіктерін, ал бөбешік көмекей жолын жабады. Осы уақытта таңдайлық таңдай-жұтқыншақтық, жұтқыншақ-өңештік доғалар аңқа тесігін тарылтады.
Жұтқыншақтық кілегейлі қабығында жұтқыншақтық бездер және лимфалық фолликулдер орналасқан. Лимфа фолликулдері жұтқыншақтың артқы жағында жұтқыншақтық бадамшаны түзеді.
Ө ңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырады, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға өткізетін ұзын түтік тәрізді етті, жарғақты мүше. Орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке бөледі. Олар: мойын, көкірек, құрсақ бөліктері. Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальдік бетінде мойын аумағында орналасады. Ол көкірек қуысына өтер алдында 5-ші мойын омыртқа тұсында кеңірдектің сол жағына қарай төмен түсіп, көкірек қуысында қатардан кеңірдектің үстіңгі жағында орын ауыстырады. Өңештің қабырғасы үш қабықтан тұрады. Олар: клегейлі-ішкі қабық, еттік – ортаңғы қабық, сірілі қабық немесе адвентиция - сыртқы қабық.
Шошқада бездер өңештің мойын бөлігінің кілегейлі қабығында жатады. Ірі қара мал мен жылқыда мұндай бездер өңештің басталар жеріндегі қабырғаларда ғана болады.
Өңештің мойын бөлігінің сыртқы қабығы адвентициядан /борпылдақ дәнекерлік ұлпадан/, ал көкірек және құрсақ бөліктері сірлі қабықтан тұрады.
Қарын. Қарын ас қорыту түтігінің қап тәрізді кеңейген бөлігі. Қарын негізінен сөл бөлу, механикалық / азықты қозғау, араластыру, сығу / қорыту / күрделі органикалық заттарды – белоктарды ыдырату/, сіңіру, зат алмасу өнімдерін шығару / экскреция/ қызметтерін атқарады.
Бөлімдерінің санына байланысты бір бөлімді, көп бөлімді болып бөлінеді.
Б ір бөлімді қарындар. Бір бөлімді қарынның сол ұшына өңештің қарынға кіреберіс тесігі – кардия ашылады. Ал оның оң жақ ұшынан он екі елі ішекке шығаберіс жерін пилорикалық бөлік /қақпақша/ дейді. Осы бөлік он екі елі ішекке пилорикалық тесік арқылы жалғасады. Қарынның көк ет жағындағы алдыңғы қабырғалық беті – бауыр мен көк етке, ал артқы іштік / висцеральдік/ беті – аш ішек ілмектеріне жанасып жатады.
І шек типтес безді қарынның кілегейлі қабығы ішкі жағынан жалаң қабат призма тәрізді эпителиймен астарланған, ол қарын сөлін бөлуші бездерге бай. Ал өңеш-ішек типтес қарынның кілегейлі қабығы екі түрлі эпителиймен астарланады. Қарынның кардиальдік бөлігіне жақын жатқан өңеш типтес беті көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Бұл бөліктің кілегейлі қабығында қарын сөлін шығаратын бездер болмайды. Екінші бөлігі - ішек типтес беті жалпақ қабат призма сияқты эпителиймен қапталады және қарын бездеріне бай келеді.
Күйісті мал қарындарында ас қорытудың үш түрлі процестері жүреді. Олар: механикалық, биологиялық, химиялық процестер. Аталған ас қорыту процесін толығымен іске асыру барысында күйісті мал қарындары құрылысы жағынан күрделеніп келеді де, төрт бөлімнен түзіледі. Бұлардың алдыңғы үш бөлімінде механикалық /қарындағы жұтылған азықты кекіру арқылы ауыз қуысында қайтарып ұсақтау, қарын ішегіндегі азықты аударыстыру, сығу, езгілеу/ және биологиялық /бактериялардың, қарапайымдардың, ұсақ саңырауқұлақшалардың көмегімен азық құрамындағы химиялық жолмен қорытылмайтын талшықтарды - клетчатканы ыдырату/ процестер жүреді. Оларды /үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ/ алдыңғы қарындар деп атайды. Ал, төртінші бөлімі ұлтабарда алдыңғы қарындарда өңдеуден өткен азық қорытылады. Сондықтан, ұлтабарды нағыз қарын деп те атайды.
Ү лкен қарын ересек малдарда көлемі жағынан бірінші орында. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Үлкен қарын ұзынша сайлар арқылы жоғары – дорсальдік және төменгі-вентральдік қатпардан тұрады.
Жұмыршақ - үлкен қарын кіреберісінің жалғасы. Көлемі жағынан ірі қара малда қатпаршақтан кіші, ұсақ малдарда керісінше үлкен келеді. Үлкен қарын мен қатпаршақтың арасында жатады.
Қатпаршақ - пішіні дөңгелекше келген алдыңғы қарын бөлімі. Ол жұмыршақты ұлтабармен жалғастырып тұрады және олардың үстіңгі бетінде орналасады.
Қатпаршақтың кілегейлі қабығы жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде жапырақша тәрізді жалпақ қатпарлар орналасады.
Ұлтабар көп бөлімді қарынның химиялық жолмен ас қорыту процесі басталатын бөлімі. Сондықтан оны нағыз қарын деп те атайды. Ұлтабардың пішіні алмұрт секілді келеді. Көлемі жағынан ол ересек малдарда екінші, ал жас төлдерде бірінші орында.
А ш ішек. Аш ішек қарын мен бүйеннің аралығында орналасқан ас қорыту жүйесінің ортаңғы бөлігі. Аш ішекті орналасу орны мен ондағы ас қорыту процесінің жүруіне байланысты үш бөлікке бөледі. Олар: он екі елі ішек, мықындық ішек, ащы ішек. Аш ішекте ас қорыту процесі белсенді түрде жүреді. Бұған себеп аш ішек қуысына ас қорыту бездерінің ас қорыту ферменттеріне бай сөлі шығарылады. Ас қорыту бездері орналасу орнына қарай екі топқа бөлінеді:
1. Қабырғалық бездер, олар ішектер қабырғаларында орын тебеді.
2. Қабырғадан тыс орналасқан бездер. Бұл топқа бауыр мен ұйқы безі жатады.
Бұл бездердің сөлі он екі елі ішекке құйылады. Бездер сөлі ферменттерінің әсерімен азық құрамындағы қоректі заттар: ақ зат, майлар, көмірсулар өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, аш ішек бүрлері арқылы сорылып, қанға, лимфаға сіңіріледі. Сондықтан аш ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Аш ішектің бетіндегі көптеген қатпарлар мен ішек бүрлері ішектің ішкі сору бетін үлкейтеді. Әр түрлі үй жануарларының қабылдайтын азықтың тегіне / жануар тектес, шөп тектес, аралас / байланысты ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар тектес азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал шөп тектес азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі өте ұзын болады.
Он екі елі ішек - аш ішектің қарыннан кейінгі қысқа шажырқайға ілінген бөлігі. Күйісті малдардың он екі елі ішегінің ұзындығы 90-120 см-дей болады. Ол үй жануарларында негізінен қабырғаастылық аумақта орналасады. Ол қарынның пилорикалық бөлігінен басталып бауырға қарай бағытталады. Бауыр тұсында S – тәрізді иілім жасап, оң бүйрек маңында алға бұрылғаннан кейін мықындық ішекке айналады.
Он екі елі ішектің қуысына бауыр өзегі мен ұйқы безінің өзегі ашылады.
Шошқа он екі елі ішектің ұзындығы 40-80 см-дей болады. Ол оң қабырғалық астылық аумақта орналасады.
Ащы ішек - аш ішектің ішіндегі ең ұзыны. Ол ірі қара малда 40 метр, жылқыда 30 метр, шошқада 20 метрдей болады. Ащы ішек көптеген ілмектерінен тұрады, ұзын шажырқайға ілінген.
Мықындық ішек – аш ішектің ең қысқа бөлігі.
Қабырғадан тыс орналасқан ас қорыту бездері
Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкені. Жануарлардың түрі мен қанға толуына байланысты оның қызыл-қоңырдан ақшыл – қоңырға дейін өзгеріп отырады. Құрылыс жағынан паренхиматозды қомақты мүше. Өт ұйқы безі мен ішек сөлдеріндегі ас қорыту ферменттерінің белсенділігін арттырады, майды тым ұсақ тамшыларға ыдыратып, көбіктендіріп, майды қорытуды жеделдетеді. Осыған байланысты майлы жануартектес азықпен қоректенетін жануарларда өт көп мөлшерде бөлінеді. Олардың бауырының көлемі де үлкен болады.
Ішек-қарыннан қанға сорылған улы заттарды бейтараптандырады, қанды микробтардан арылтады, бауыр торшаларында углеводтар гликоген ретінде қор болып сақталады, амин қышқылдарынан бөлінген аммиактан мочевина мен несеп қышқылдары түзіледі. Осы аталған қызметтер негізінен бауыр торшаларының қатысуымен жүреді. Бауыр іштегі төлде /ұрықта/ денемен салыстырғанда тым үлкен болып келеді. Ол ұрықта қан жасау қызметін атқарады.
Ұйқы-безі – ішкі және сыртқы секреция бездеріне жатады. Сыртқы секреция бөлігі ұйқы безінің ас қорыту ферменттеріне бай сөлін бөледі. Құрылысы жағынан ұйқы безі күрделі көпіршікті-түтікшелі бездерге жатады. Бездің сөл бөлетін бөлігі көпіршік тәрізді болып келеді. Одан түтікшелер шығып, бір-бірімен қосылып, ұйқы безінің өзегін түзеді. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі жапырағының аралығында жатады.
Ұйқы безі 3: оң, сол, орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады.
Т оқ ішек
Тоқ ішек бүйенге, жиек ішекке, тік ішекке бөлінеді. Ол артқы тесік –ануспен аяқталады. Тоқ ішекте аш ішектен келген азық одан әрі қорытылып, құрамындағы қорытылған қоректік заттар, су және одан еріген тұздар сорылады. Қорытылмаған азық қалдықтарынан нәжіс түзіліп, сыртқа шығарылады.
Бүйен – тоқ ішектің тұйық қалта тәрізді басталатын бөлігі. Бүйен мен жиек ішектің шекарасына мықындық ішектің бүйен жиек ішектік тесігі ашылады.
Ерекшеліктері: жылқының бүйіні жақсы жетілген. Оның пішіні үтір тәрізді иіліп келеді. Бүйеннің қабырғасында 4 қатар ұзынша еттік таспа және олардың аралығында төрт қатар қалта болады.
Бүйеннің негізгі қарын тәріздес кеңейіп келеді де, үлкен және бүйен иіндерін түзеді. Бүйеннің негізінен кейін денесі және төбесі болады. Ірі қара мал бүйеннінің ұзындығы 30-70 см, пішіні цилиндр тәрізді, тегіс қабырғалы болып келеді. Ол құрсақ қуысының оң жақ бөлігінің оң жақ бөлігінде орналасады. Оның артқы ұшы жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады. Бүйеннің алдыңғы жиегі бел аумақтың орта тұсына дейін жетеді. Ұсақ малдарда да, бүйеннің құрылысы мен орналасу орны ірі қара мал бүйеніне ұқсас, бірақ мөлшері кіші келеді.
Шошқаның бүйені қысқа, конус тәрізді болады. Қабырғасында 3 қатар еттік таспа, аралығында 3 қатар қалталар орналасады. Бүйеннің алдыңғы беті оң бүйректің артқы жағымен жанасып, артқы төбесі каудальдік бағытта созылып, оң жаққа иіліп жатады.
Тік ішек - тоқ ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында құйымшақ астында шажырқайға ілініп, артқы тесік – ануспен аяқталады. Тік ішек анусқа өтер алдында кеңейіп, тік ішек ампуласын түзеді. Сыртындағы сірлі қабық тек құйымшақ тұсында ғана болады. Ал оның соңғы бөлігі сыртынан адвентициямен қапталады.
ІV. Жаңа материалды бекіту (15 минут).
Конверт. Сұрақ – жауап. Оқушылар топтың аты жазылған қағаздағы сұрақтарға жауап беру.
I-топ. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш
II-топ Ұлтабар, Ащы ішек, тоқ ішек
III-топ Сілекей безі, бауыр, ұйқы безі
2. Сәйкестігін тап
1. Ас қорыту мүшесі басталады. а) бөбешік
2. Ең үлкен ас қорыту безі. ә) ауыз
3. Аш ішектегі ұсақ өсінділер. б) бауыр
4. Ауыздағы кішкене тілшік. в) жұтқыншақ
5. Әрі тыныс алу,әрі ас қорыту мүшесі. г) қарын
6. Өңештен кейінгі асқорыту жолы. д) бүрлер
«Кластер» ойыны. Тест.
1. Асқорыту және тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады
А) Ауыз қуысында В) Жұтқыншақта С) Өңеште
2. Тоқішектің бөлімдері:
А) Ашішек, жиекішек, тікішек
В) Соқырішек, тікішек, ұлтабар
С) Соқырішек, жиекішек, тікішек
3. Асқорыту жолында ұлтабардан кейін не орналасады?
А) Ашішек В) Тоқішек С) Ұлтабар
4. Тоқ ішектің бөлімдері:
а/ аш ішек, жиек ішек, тік ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек
ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек
5. Аш ішек бөлімдері:
а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек
ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар
6. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:
А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан
7. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:
а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;
ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;
б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
8. Астың қорытылмаған қалдығы қайда өтеді?
А) ашішекке ә)тікішекке б) тоқішекке
Жауабы: 1.В 2.С 3.А 4. Б 5.Ә 6.А 7.Ә 8.Б
V. Сабақты қорытындылау және бағалау: (5мин)
Оқушыларды ас қорытудың мүшелерін, бөлімдерін ажыратып, жіктеп атауына байланысты және тест бойынша қортындылап бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы:(5 минут). Ас қорыту мүшелерінің топографиясын толықтай оқып, меңгеру.
Қ. Бозымов: 116-129 бет
Т. Несіпбаев:158-258 бет
Қолданатын әдебиеттер:
1. К.Жаңабеков, Г.К.Жаңабекова «Жануарлар анатомиясы және физиологиясы» 9-тарау. 295-297б б. Алматы: «Сөздік-Словарь » баспасы, 2005ж.