kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын ж?рек " ?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?О ?ржар ауданы

«?азымбет орта мектеп-ба?ша»КММ

Ахметова Рахила Кабыловна

Та?ырыбы: Алтын ж?рек

?зін-?зі тану саба?ы

Ма?саты: 1.О?ушылар?а «Б?бек ?оры» ж?не оны? т?реайымы С.А.Назарбаеваны? ерен е?бегімен      таныстыру.

2.Жа?сылы? жасау ?айнары туралы айта отырып, жа?сылы?ты жасау, оны ?олдану, жаманды?ты тізгіндеу адамды? міндет екенін ??тыру.

3.Мейірімділікке, ?айырымдылы??а т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: Интернет материалдары, кітаптар, суреттер, интерактивті та?тада слайдтар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын ж?рек " ?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?»

Т

ШҚО Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша»КММ

Ахметова Рахила Кабыловна

Тақырыбы: Алтын жүрек

Өзін-өзі тану сабағы

Мақсаты: 1.Оқушыларға «Бөбек қоры» және оның төреайымы С.А.Назарбаеваның ерен еңбегімен таныстыру.

2.Жақсылық жасау қайнары туралы айта отырып , жақсылықты жасау, оны қолдану, жамандықты тізгіндеу адамдық міндет екенін ұқтыру.

3.Мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интернет материалдары, кітаптар, суреттер, интерактивті тақтада слайдтар.

Тыныштық сәті

Шаттық шеңбері:

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып ,Т.Әлімбектің сөзіне жазылған, Н.Сәрсенбаевтің «Ақ ниет» әнін орындау


Ақ ниет


Нұрын төксе шынайы ізгілік

Мына әлем шаттанар,

Аяласа тербетіп ізгі үміт

Жанарларда от жанар.


Қайырмасы:


Атса таңымыз ақ, өтсе түніміз мұңсыз,

Батса қызыл арай күніміз мінсіз.

Бақыт осы ұсынған нұр пейілін,

Жоғалмасын мейірім.


Пәк ниетке оранып тілектер,

Нәзік сезім толқиды.

Шапағатқа бөленген жүректер

Шертіп сазды сан күйді,

Баяу назды қалқиды.


Қайырмасы:


Таусылмасын осындай тәтті күн

Ұстап тұрған өмірді.

Шаңыраққа сыйласын шаттығын

Көтеретін көңілді,

Жетелейтін сенімді.


Әңгімелесу

* «Бөбек қоры» туралы не білесіңдер?

*Бұл қорды кім басқарады?

*С.А.Назарбаеваның өмірінен қандай мәліметтер білесіңдер?

*Қалай ойлайсыңдар, адам қай уақытта мейірімділік көбірек қажетсінеді?

*«Қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

*Жақсылық жасау кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен?

* «Жақсылығың алдыңнан шықсын» деген халық ұғымы нені білдіреді?



Оқу ақпараты

«Бөбек» қорының қайырымдылық көмегі

1989 жылдың 20 қараша күні қабылданған Балалардың құқықтары туралы конвенцияның 20-жылдығына орай Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2009 жылдың 27 қазан күні қалалық оқушылар сарайында «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізілді.
Жоғары оқу орындарында, колледждерде, кәсіптік-техникалық лицейлерде білім алып жатқан, талантты және дарынды жастарды қолдау үшін 2003 жылы «Бөбек» қорымен Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның стипендиясы тағайындалды.
2003 жылдан 2006 жылға дейін әр студентке ай сайын 2000 теңге, барлығы 21 696 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген. 2007 жылдан бастап қайырымдылық көмек 3000 теңгені құрайды. 6 жыл ішінде оқушылар мен студенттерге 31 488 000 теңге көлемінде «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегі берілді. Айта кететін жайт, балалар көмекті бүкіл оқу жыл бойына және жазғы демалыс уақытында да алады. 2009-2010 оқу жылында қайырымдылық көмекті жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 169 студент алып отыр.
Бұл кездесуде қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан және үлгілі оқуы мен жетістіктері үшін бірнеше студент мадақтамалармен марапатталды. Ал қалалық Оқушылар сарайының жас таланттары өз құрбыларын да, барлық көрермендерді де әдемі концерттік нөмірлерімен тамсандырды.
Марапаттау рәсімінен кейін студенттер өздерінің шын ықылас-ниеттерін білдірді:
Мен, Хмелевская Надежда, М.Оспанов атындағы Медицина академиясының студентімін, қазіргі уақытта Жасөспірімдер үйінде тұрып жатырмын. Менің болашақ мамандығым медбике ісі. Жақсы оқуға, жоғары жетістіктерге жетуге тырысамын. Менің осындай жетістіктерге жетуге көмектескен барлық адамдарға шексіз рахметімді айтамын.
Мен, Маслова Алина, медицина колледжінің студентімін. Сара Алпысқызының жастарға көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін алғыс айтамын. Болашаққа сеніммен қарап, өз еліме пайдамды тигізетін маман болуға тырысамын.
Мен, Ходырев Артем, Ақтөбе политехникалық колледжінің 1 курс студентімін. Сара Алпысқызы Назарбаева атындағы стипендия алатыныма қуаныштымын. Бұл стипендия әлеуметтік жағынан аз қорғалған жастар үшін үлкен көмек. Елбасының студент жастар мүддесіне бағытталған саясаты арқасында болашаққа сеніммен қараймыз. Сара Алпысқызы Назарбаеваға болашақ ұрпаққа қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айта отырып, еліміздің саналы және білімді азаматы боламыз деп сендіремін.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры К. Айдарханова жастарға өзінің жылы лебізін білдірді:
- Әр қайсысымыз қоғамымыздың тең құқылы мүшесіміз, әр қайсысымыздың туа біткен, мемлекет және қоғам айқындайтын құқықтарымыз, бостандығымыз бен міндеттеріміз бар. Сара Алпысқызының стипендиясы жастарды білімді белсенді игеруге ынталандырады. Өйткені әр кезде де алға қойылған мақсаттар болады. Қазірде материалдық игіліктер ғана емес, сіздердің оқудағы еңбектеріңіздің тұрғысынан алғанда,  моральдық құндылықтар маңызды. Сондықтан да жыл сайынғы көмек бізге осы бастан жаңа сәтті студенттердің аттарын танытатынына сенімдімін. Барлық балаларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі мерекемен  құттықтаймын!

Дәйексөз

Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық- ер адамның ісі.

Халық мақалы


Мәтінмен жұмыс

Астанада «Бөбек» қорының 15 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ -Сенбі күні елордадағы Конгресс-Холда «Бөбек» қорының 15 жылдығына арналған «Ізгілік жолымен...» деп аталатын мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Концертке қатысқан түрлі балалар ұжымдары өздерінің музыкалық және би өнерлерін ортаға салды. Мұқтаж балаларға жан-жақты көрсеткен көмек-қолдаулары үшін іс-шара барысында Астана әкімі Асқар Мәминнің атынан елорданың бизнес-құрылымдарының өкілдеріне құрмет грамоталары табыс етілді. «Бөбек» қоры Қазақстан Президентінің Бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамашылығымен 1992 жылы наурыздың 27-сінде құрылған болатын. Содан бері «Бөбек» ата-аналарының, отбасыларының немесе ересектердің қамқорынсыз қалған балалардың тағдырларына назар аударып, балаларға тұрақты көмек көрсетіп келеді.


Сара Алпысқызы Назарбаева барлығына Қазақстанның ханымы, «Бөбек» Республикалық Балалар қорының Президенті ретінде, балалар мен ересектердің табиғатпен қарым-қатынасын  насихаттаушы және рух беруші, Порфирий Ивановтың білімін жалғастырушысы «Путь к себе», «Как быть здоровым» атты еңбектерінің авторы ретінде танымал болды.

2008 жылғы 12 ақпанда Қазақстан халқының азаматтары қазақстаннның өсіп келе жатқан ұрпағын рухани-адамгершілік тәрбиелеу жобасының авторы Сара Алпысқызының туған күнін атап өтті. Зырян ауданының білім беру мекемелерінде 2008 жылғы 4 – 12 ақпан аралығында «Алтын жүрек» атты мейірімділік, махаббат және гуманизм акциясы өткізілді. Рухани-адамгершілік акциясы аясында рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми жоба авторы, Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның көпжақты қоғамдық іс-әрекеттерін жарыққа шығаратын әртүрлі шаралар өткізілді.

Түйіндеме С.Әшімбаев

Адамның азаматтық қасиеті өз қара басына емес, басқаға жасаған қайырымдылығымен, парасаттылығымен , жақсылықты қорғауға, ізгілікті қолдауға, жалпы өмір тануға қосқан қомақты үлесімен өлшенеді.Адам игі ісімен шын мәніндегі азаматтықтың озық үлгісін көрсете білсе, сонда ғана бағының жанғаны.

Жамандық атаулының «жаны сірі» екенін айтып қана қою жеткіліксіз және оны көрмегенсіп, жасырып жапқан аын жақсылықтың рухы жасып, жалыны кеми беретіндігін ұмытпаған жөн.

Алтын мен алмастың, жалпы асыл металдардың аздығы, керісінше кейбір керексіз дүниелердің көп болатындығы сияқты, жамандыққа қарағанда жақсылық қашан да аз болып, соған орай жамандықтың кездеспейтін жері жоқ екендігін де ұмытуға болмайды.

Жамандықты жалма-жан ауыздықтап отыру- жақсылықтың үстемдік құруына жағдай жасайтындығын үнемі есте ұстау- ұлттық адамгершілік кемелдіктің басты белгілерінің бірі болса керек.

Тапсырма

«Жақсылықты ескерсе ғана жаса, ал елемесе алаңдама» деген ой төңірегінде п»кірталас өткізіңдер.

Берілген тапсырманы пікірталас ретінде өткізу балалардың жақсылық жасаудың мәнін қалай түсінетіндіктерін еркін ортаға салуларына мүмкіндік береді.Жақсылықты ат, атақ үшін жасағысы келу, ішкі бақай есеппен жасалатын, біреудің мүддесін сатумен жасалатын, қоғамдық қалыптасқан ережелерді, ұлттық салт-сананы сатып жасайтын жақсылықтар туралы баға беріліп, адами ізгілікке, адами адамзаттық адалдыққа негізделіп жасаған жақсылықтың игілік екенін пайымдау үшін ұсынылады.


Жүректен-жүрекке

С.А. Назарбаеваға арнап жүрекжарды тілектерін айту, оқушылар өздері шығарған «Алтын жүректі адамға» атты өлеңдерін оқыту.


Соңғы тыныштық сәті





«Қазымбет орта мектеп-бақша»КММ












Өткізген: Ахметова Р.К.

Өзін-өзі-тану

пәнінің мұғалімі














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Алтын ж?рек " ?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?

Автор: Ахметова Рахила Кабыловна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства