kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары», «Ат пен есек» және «Маймыл мен көзілдірік» мысалдарының тәрбиелік мәні.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқу барысында білім алушыларды сыни тұрғысынан ойлауға, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде тура да сауатты жеткізе білуге, жолдастарының көзқарастарын сыйлау білуге және ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуге, айтылған ойды салмақтап, одан тұжырым жасай білуге дағдыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары», «Ат пен есек» және «Маймыл мен көзілдірік» мысалдарының тәрбиелік мәні.»


Ізтұрғанова Құралай Ізтұрғанқызы

Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы

«Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» КМҚК

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Қ. Жандауов көшесі, № 5 үй


Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары», «Ат пен есек» және «Маймыл мен көзілдірік» мысалдарының тәрбиелік мәні.

Мақсаты: Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқу барысында білім алушыларды сыни тұрғысынан ойлауға, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде тура да сауатты жеткізе білуге, жолдастарының көзқарастарын сыйлау білуге және ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуге, айтылған ойды салмақтап, одан тұжырым жасай білуге дағдыландыру.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ әдебиеті» 11 сынып – Р. Бердібай, Р. Нұрғали;

«Қазақ әдебиеті» 11 сынып – З. Қабдолов, С. Қирабаев

Оқу нәтижесі: Мысалдарды талдау арқылы білім алушылардың тыңдау, ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адамгершілік, достық, жанашырлық, сабырлық қасиеттерін танытып, олардың жүрегіне, ой – санасына мейірімділік сезімін ұялату.

Негізгі идея: Ақын мысал арқылы көшпелі елге етене таныс өсімдіктер тірлігі мен жан-жануарлардың міңез-құлық ерекшеліктерін, өзара қарым-қатынасын суреттеу арқылы əлеуметтік ойға ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырып бойынша презентация, шағын видеолар, кесте.

Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, диалог, СТО (Ой қозғау, БҮҮ, топқа бөлу, көрнекілік, сауалнама – интервью, Сinquain, Венн диаграммасы, еркін пікір).

Бағалау: Бағалау парағы арқылы

Жұмыс түрлері: Топтық және жеке жұмыс

Тапсырмалар: Мәтінмен жұмыс, тақырып бойынша постерлер қорғау, ойталқы.

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» әдісі. «Аққу, шортан һәм шаян» бейнеролигін жіберіп, білім алушылар роликтегі аққудың, шортанның және шаян кейіпіндегі адами қасиеттер туралы ойлары айтылады.

Бүгінгі жаңа тақырып - Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары», «Ат пен есек» және «Маймыл мен көзілдірік» мысалдарының тәрбиелік мәні. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Ахмет Байтұрсынов бұрынғы ескі ертегі емес, енді жаңа өлеңдік форма арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургтен мысалдар жинағын бастырып шығарды.

Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

«БҮҮ» әдісі. Бұл пайдалана отырып, білім алушылардың Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы не білетіндерін, не үйренгісі келетіндерін және сабақ барысында не ұғынғандарын, қандай тәрбие алғандарын көреміз.

Білемін

Үйренгім келеді

Үйренгенім




«Топқа бөлу» әдісі. Мозайка құрастыру арқылы білім алушыларды, «Егіннің бастары», «Ат пен есек» және «Маймыл мен көзілдірік» деп үш топқа бөлемін. Бұл әдісті пайдаланудағы мақсат -ынтымақтастық  ортасында  білім алушылардың  әлеуметтік  тұрғыдан дами түсулеріне ықпал ету. Қастарындағы құрбы - құрдастарының көзқарастарын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға, өз идеяларын айтуға және қорғауға үйрету. Әр топ мүшелерінің өзіндік  тұжырымдамалық  түсініктерін қалыптастыру.

Әр топқа өздеріне бөлінген мысалдар үлестіріліп беріледі.

«Көрнекілік» әдісі. Әр топ өздеріне берілген мысалдардың идеясын, қарастырылған образдар мен олардың іс – әркеттері туралы не түйгендерін, оз ой пікірлерін көркемдеп постер жасап, әр топтан бір спикер шығып, қорғайды.

«Егіннің бастары» тобы. Ахметтің көптеген мысалдары адамның мінез – құлық нормаларын қалыптастыруға арналған. Автор адам мінезінің сан алуан жақсы – жаман жақтарын, мысал кейіпкерлері сияқты адамдарды оларды қоршаған ортасынан тани білуге, олардың мінез – құлық ерекшеліктерін зерделей білуге, сөйтіп өзіндік ой тұжырымдауға шақырады. «Егіннің бастары» мысалында:

«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.

- деп санасы таяз тәкәппар надандардың болатынына қынжылып, сондай адамдардан бойын аулақ ұстауға ақыл – кеңес береді.

«Ат пен есек» тобы. Бұл мысалда автор тыңдаушылардың жетесіне қазақ «бөлінгенді бөрі жеді» деп бекер айтпағандығын, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатындығын өсиет етіп айтады.

Мысалды соңында:

Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.

- деп аяқтайды. Мұнда не нәрсе болса да ақылға салып, ой елегінен өткізіп сабырмен істе, өткен іске өкінгенмен еш нәрсе өзгермейді деп бір ой тастаса, екіншіден біреу сенен қиналып көмек сұрағанда көмектес, ондай күй сенің басыңа түскенде тым кеш болып, «аһ» ұрарсың деп жанашырлыққа, жаныңдағы жолдасыңның жайын ұғуға шақырады.

«Маймыл мен көзілдірік» тобы. Ахмет Байтұрсынов ғылымның жетістігін пайдалан алмағандықтарын, өздерінің білімсіздіктерін, ебедейсіз, икемсіздіктерінен көрмей кінәні басқалардан іздейтіндерді «Маймыл мен көзілдірік» мысалында:

Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?!

– деп шебер суреттеген.

Білімді бекіту:

«Сауалнама-интервью» стратегиясы. «Сауалнама-интервью» әдісін пайдалана отырып, өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша білім алушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақы түрде қорытындылайды.

Жеке білім алушылармен жұмыс.

Сinquain немесе бес жолды өлең стратегиясы. Ахмет Байтұрсынов туралы өлең құрастырады. Бұл әдісті пайдаланудағы мақсат – білім алушыларды сын тұрғысынан ойлауды үйрету, өткен тақырыпты жалпылау. Қойылатын талап – сөздер қайталанбауы керек.

Венн диаграммасы. Алаш арысы Ахмет пен балалар әдебиетінің атасы Ыбырайдың шығармаларын салыстыру. Білім алушылар диаграмманы толтыра отырып, салыстыру сияқты ойлау операциясын меңгереді.

Бағалау парағы:

Білім алушының аты - жөні

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Қорытынды баға

Сinquain

Венн диаграммасы



















Үйге тапсырма:

«Еркін пікір». Ахмет Байтұрсыновтың басқа да мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашатын шағын шығарма дайындау. Бұл әдісті қолдаудағы мақсат – тыңдаушылардың білім қорларын, ізденістерін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеттерін дамыту.

Бүгінгі сабақты қортындылай келе айтарым, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізі идеясы жастарды бүгінгі күнде құр сөз, «таусылмайтын» ақыл – кеңеспен тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда орын алып жатқан әр қилы құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік баға бере білуге баулу. Ахметтің «Қырық мысалы» бүгінгі нарық заманында өмір сүріп жатқан жастарды білімділікке, жанашырлыққа, имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеудің аса бағалы құралы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ізтұрғанова Құралай Ізтұрғанқызы

Дата: 18.06.2018

Номер свидетельства: 473576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства