Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастыру реті.
Білімдік мақсаты: АК-74 автоматының міндетін, құрылысын, ұрстың қасиеттерін, толық емесбөлшектеу мен жинастырудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борышы екенін үнемі дамыта меңгерту, білдірту. Оқушылардың автоматқа қызығушылығын арттыру және қол икемділіктерін дамыта түсу.
Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуға, Қарулы күштерге қызмет етуге, қырағылыққа, батылдыққа және бастамашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой шақыру стратегиясы, Венн диаграммасы
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК-74 оқу - жаттығу автоматы, плакаттар т.б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Взвод командирі сапқа тұрғызады, рапорт береді. Амандасу, түгендеу, тексеру. Сабақ тақырыбын, мақсатын айту.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
ІІІ Негізгі бөлім.
Кіріспе. «Автомат дегенде ойға не түседі?» - деп сұрақ қойылады.
Взвод 2 топқа бөлінеді. Әр топқа мәтін және кестелер таратылады. (Мәтін кітапта, 175 бет). Оқушылар мәтінді ой шақыру стратегиясы бойынша оқиды. Сабақ басында жазғандарын мәтіннен алған білімдеріне сәйкес белгілеп өтеді.(дұрыс+, қате -). Келесі кезекте автоматты бөлшектеу және жинастыру реті көрсетін, түсіндіремін. Бөлшектеу және жинау кезінде әр бөлшектің атауларын және олардың қолдану мақсатын айта отырамын. Тақтаға РПК-74, АКМ автоматтарының сипаттамалары бар плакат ілініп, оқушылар алдындағы кестеге сүйеніп Венн диаграммасын толтырады. Толтыру тәртібі:
А
Б В
АКМ РПК -74
ІV. Қорытынды бөлім. Сұрақ – жауап түрінде АК-74 автоматты туралы негізгі сұрақтарды қою.
V. Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалап, бағаларын айту.