kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айболит ж?не оны? достары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Денсаулы?

О?у іс-?рекет т?рі: Валеология,  айналамен танысу.

Та?ырыбы: Айболит ж?не оны? достары

Саба?ты? ма?саты:

  1. Д?рігер Айболит ертегісімен таныстыру.
  2. Сурет бойынша ??гіме ??растыру ар?ылы с?здік ?орын дамыту.
  3. Денсаулы?тарын к?тіп ?стау?а, тазалы??а т?рбиелеу.

К?рнекі ??ралдары: Ертегі кейіпкерлеріні? суреттері, ?ліппе д?птер, т?рлі- т?сті ?арындаш.

?діс т?сілдері: Т?сіндіру, с?ра?-жауап,ойындар ойнау, к?рініс к?рсету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айболит ж?не оны? достары»

Білім беру саласы: Денсаулық

Оқу іс-әрекет түрі: Валеология, айналамен танысу.

Тақырыбы: Айболит және оның достары

Сабақтың мақсаты:

  1. Дәрігер Айболит ертегісімен таныстыру.

  2. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорын дамыту.

  3. Денсаулықтарын күтіп ұстауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, әліппе дәптер, түрлі- түсті қарындаш.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,ойындар ойнау, көрініс көрсету.

Сабақтың барысы

Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы-іздестіруші











Өткен сабақты қайталау








Жаңа тақырып



























Әліппе дәптермен жұмыс






Сергіту сәті






















































Қорытындылау

Балалармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері:

Бір-біріне жер аспан

Мейіріммен қарасқан

Ұстаз шәкірт қуанып,

Мейіріммен қарасқан.

Қош,келіпсіз қонақтар

Алдарыңда тұр міне,

Сар даланы сәндетіп,

Думандатып,әндетіп,

Сәлем берер балдырған.


-Балалар,сыпайы балалардың іс-әркеттерін есімізге түсіреміз.Балалар, сендердің өткен сабақты қалай меңгергендіктеріңді тексеру мақсатында «Жақсы,жаман» дидактикалық ойынын ойнаймыз.Шарты: Балаларға, «тісті тазалау,алманы жумай жеу» т.с.с. сөздер айтады.


-Балалар,тақтадағы суреттердегі заттардың қай дыбыстан басталып тұрғанын айтып,жасырын сөзді табамыз.

Балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісін оқып беру.

Балаларға ертегіге байланысты сұрақтар қою.

Біздің қамқорлығымыз жануарларға өте қажет.Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек. Ауырған жануарда микроб болып,ол адамдарға жұғуы мүмкін.Сондықтан барлық жануарларды арнайы дәрігерге көрсетіп,егу және жақсы күтім болуын ,дұрыс тамақтануын қадағалау қажет.Жануарлармен бірге ойнағаннан кейін міндетті түрде қол жуу қажет.

-Балалар, егерде өзіміз жарақат алып қалған жағдайда алдымен таза сумен жуып,йод жағамыз,шаң-тозаң түспеу үшін дәкемен таңып қоямыз. Ал, тісімізді ауырмасын десек тәттіні көп жемеуіміз керек.Қызу көтерілгенде,арнайы өлшегішпен қызуды өлшеп,егер қызуы жоғары болса , қызу түсіретін дәрі беруіміз керек.


-Балалар әліппе-дәптердегі суретке қараймыз,суретке қарап әңгіме құраймыз. Берілген суреттегі Дәрігер Салауат қолданатын құралдарды көк сызықпен ,дәрігер Айболит қолданатын құралдарды қызыл сызықпен қоршап сызамыз.


Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Балалар,бізге Дәрігер Айболит сендердің денсаулықтарыңды тексеру үшін қонаққа келді.Оның сиқырлы қызыл сусыны-денсаулыққа пайдалы,сары сусыны-барлық ауруларға ем, ал жасыл сусыны-көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.Осы сусындарды сендерге алып келе жатқанда алдынан қарақшылар шығып тартып алыпты.Бұл сусындарды қайтару үшін бірнеше шар қойыпты,оны орындауға жалғыз әлі келмейді екен.Дәрігер Айболитке көмектесемізбе?

-Балалар, қызыл сусынды қайтару үшін мына тапсырманы орындауымыз керек. Тақтада Айболиттің суреті ,одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.

-Айболитке емделу үшін қанша аң келді?

Айболит бәріне жақындауды сұрайды.Енді аурулардың саны неше болды?

-Қане, тексеріп көрейік.

Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келеді.

-Қалай ойлайсыңдар,Айболит дәрігер дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл береді.

-Кім бірінші?Кім екінші?

-Олар санауды білмейді екен ,реті бойынша санайықшы.

-Жарайсыңдар,біз қызыл сусынды қайтардық.Енді,сары сусынды қайтару үшін «Дәмін ажырат» ойынын ойнаймыз.Үш немесе төрт баланың көзін орамалмен байлап жеміс немесе көкөністің бөлшегін аузына салып,қай жеміс немесе көкөніс екендігін ажырату керек.

-Жарайсыңдар,балалар,жасыл сусынды қайтару үшін дәрігер Айболиттің қолданатын құралдарын өзінің қобдишасына жылдам жинауымыз керек.

-Өте тамаша,сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындап шықтыңдар.Бізде үш түсті сусында бар,біз бұларды күнделікті пайдаланып отырсақ,біздің деніміз сау,тамаша көңіл күйде,еш жеріміз ауырмайды екен.Бұндай сусындарды үй жағдайында жасауға болады. Бұл жеміс-жидектердің шырынынан алынады екен.


-Бүгінгі сабақта сендермен не туралы әңгімелестік?

-Дәрігер Айболит кім екен?

Денсаулығымызды сақтау үшін күнделікті таза жүруіміз керек. Өзімізге қажетті дәрумендерді жеміс-жидектерден қабылдап отыруымыз керек. Балалар өздерінің түсініктерін көрініс арқылы көрсету.

Балалар өлеңді қайталайды











Балалар оларға «жақсы» деген жауап берсе қолдарын соғады, «жаман» деген жауап беретін болса аяқтарын жерге ұрады.


Балалар тақтадағы сөзді оқиды. «АЙБОЛИТ»


Сұрақтарға жауап береді.





















Әліппе дәптердегі тапсырманы орындайды.





Балалар орынынан тұрып жаттығу жасайды.












-Көмектесеміз.








Тақтадағы аңдарды санайды.





-Кезекке тұру.

Ретімен санау






Үш-төрт бала ойынға қатысады.






Дәрігер Айболиттің құралдарын қобдишасына жинайды.







Балалар көрініс көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

Не білді? Дәрігер Айболиттің кім екендігін білді.

Не ұқты? Таза жүру керектігін ұқты.

Не игерді? Жануарларға қалай көмектесу керек екендігін игерді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Айболит ж?не оны? достары

Автор: Нурымбетова Айнаш Юсупбаевна

Дата: 08.11.2015

Номер свидетельства: 249757


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства