Оқушыларға адамгершілік пен қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінін қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру;
олардың бойында жанашырлық, қайырымдылық, адамгершілік сезімдерін дамыту;
оқушының жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Адамгершiлiк жане кайырымдылык»
Тақырыбы:«Адамгершілік және қайырымдылық».
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік пен қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінін қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру;
олардың бойында жанашырлық, қайырымдылық, адамгершілік сезімдерін дамыту;
оқушының жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Қатысушылар: 10 «А» және 10 «Ә» сынып оқушылары. Оқушыларды «Қайырымдылық» және «Адамгершілік» - деп 2 топқа бөлу.
Сабақ түрі: Пікіралмасу сабағы.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, презентация, бейнетаспа, өсиет әңгімелер, нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері, мақал-мәтелдер, плакат, маркерлер.
Пікіралмасу сабағының ережесі: 1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу. 2. Қарсыласыңды тыңдау, сыйлау. 3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды. 4. Уақытты тиімді пайдалану. 5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу.
Пікіралмасу сабағының барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе сөз.
ІІІ. Сұрақ-жауап.
ІV.Шығармашылық жұмыс.
V. «Жақсылық жасау» туралы видеоролик.
VІ. «Адамгершілік» және «Қайырымдылық» туралы өсиет әңгіме.
VІІ. Тренинг «Жүрек жылуы».
VІІІ. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды шеңбер бойына шақырып,бәрі бірігіп сәтілік тілеп, бір-біріне жымию ұсынылады.
ІІ. Кіріспе сөз.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқыл ы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
Бүгінгі пікіралмасу сабағымызда адамгершілікті, қайырымдылықты сендер қалай түсінесіңдер, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал сөз кезегі өздеріңде.
ІІІ. Сұрақ-жауап. Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға сұрақтар беріледі:
Адамгершілік бастауы неде?
Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіздер?
Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?
Адамгершілік пен қайырыдылық асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?
Қорытындылау. Адамгершілік және қайырымдылық туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сендер бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар.
ІV. Шығармашылық жұмыс: Постер қорғау. (Оқушыларға плакат беріледі, бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады).
Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?
Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Кімдерге және қай уақытта біз бұл қасиеттерді көрсете аламыз?
Сіздердің ойларыңызша осындай қасиетке ие болған қандай адамды мысал ретінде көрсетуге болады?
Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіздер?
Қайырымдылыққа қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Кімдерге және қай уақытта біз бұл қасиеттерді көрсете аламыз?
Сіздердің ойларыңызша осындай қасиетке ие болған қандай адамды мысал ретінде көрсетуге болады?
V.«Жақсылық жасау» туралы видеоролик көрсету. Видеороликтен көргендерін талқылау.
VІ.«Адамгершілік» және «Қайырымдылық» туралы өсиет әңгіме оқылады, талқылау жұмыстары.
«Өміріміздегі 1 мен 0 сандары»
Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет” деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік.. тәртіптілік.. сүйіспеншілік.. Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе баитатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түкке тұрмайды”.
«Өмір жаңғырығы»
Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан “А-а-а-а! ” деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: “Сен кімсің?” деп дауыстағанда, Ғаниға:”Сен кімсің?” деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей ашуланып: ” Сен қорқақсың!” – деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: “Сен қорқақсың!” деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: “Әке, бұл кім өзі?” деп сұрады. Әкесі: ” Ұлым, менің сөзіме құлақ сал”, – деді де тауға қарап тұрып: “Мен сені жақсы көремін!” деп айқайлады. Таудан: “Мен сені жақсы көремін!” деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: “Сен әдемісің!” деді. Жауап: “Сен әдемісің!” деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!” – деді.
VІІ. Тренинг «Жүрек жылуы».
Әдеп сақтап әманда
Әрбір адал адамға.
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа,
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Оқушылар өздерінің жүрек түпкіріндегі сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді. Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап бірігіп мынадай сөйлемдер айтады: -Менің қайрымды жүрегіме рақмет! -Менің мейрімді жүрегіме рақмет! -Менің жылы жүрегіме рақмет! -Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет! -Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет! -Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет! -Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Жансыз жүректі жандандыруымыз қажет. Кішкентай жүрекшелерге жылы лебіздеріңізді жазуларыңызды сұраймын. (Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады. Плакаттағы үлкен жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру).
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? VІІІ. Қорытынды: Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу - ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болайық!
Оқушыларға смайликтер ұсынылады, сол смайликтерден пікіралмасу сабағымыздан қандай әсер, көңіл-күйлері қандай болды сондай смайлик таңдап алып, конақтарға көрсетеді.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!
Қосымша
1. Адамгершілік болмай, Әділдік болмас.
2. Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде.
3. Жақсы ниет - жарым ырыс.
4. Асыңа тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз.
5. Су бермегенге, сүт бер, Ақ ниетіңді білсін.
6. Кең болсаң, кем болмайсың. Қолы ашықтың, жолы ашық.
7. Игіліктің ерте, кеші жоқ.
8. Жүзігің алтын болғанша, Жүзің жарқын болсын.
9.Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің.
10.Иілген басты қылыш кеспес.
11.Кешірерсің кешерсің, Жетілерсің жетерсің.
12.Алдыңа келсе атаңның құнын кешір.
13.«Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек.
14.Өзіңді өзің сыйламасаң, Өзгеден сый күтпе.
15.Пышақты өзіңе сұқ Ауырмаса өзгеге сұқ.
16.Ана алдында - құрмет, Ата алдында қызмет.
17.Кішіпейілділік - кісінің көркі.
18.Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек әр уақытта.