kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абай жолы" романында?ы ?йелдер бейнесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Абай жолы" романында кездесетін ?йелдер бейнесін талдайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абай жолы" романында?ы ?йелдер бейнесі»

Сабақтың тақырыбы: «Абай жолындағы» әйелдер бейнесі

Сабақтың мақсаты: 1. Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, әйелдер бейнесін талдау; 2. Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту; 3. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту, БББ әдісі. Күтілетін нәтиже: -Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, әйелдер бейнесін талдайды; -Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамытады; -Адамгершілік, мейірімділік тәрбие негіздері қаланады. Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі ОЖТ 1 минут

-Сәлеметсіздер ме, балалар! -Қазақ халқының қандай амандық түрлері бар?

Екі топ мүшелері бір-бірімен қимылмен, сөзбен амандасады.

Білу ОБжК 7 минут

Оқулықпен жұмыс: кітаптан шетел жазушыларының жақсы лебіздерін тауып, дәптерлеріне жазады.

І. Даңқы өлмес, даусы сөнбес (Шетел жазушыларының ортақ лебізі)

Л.Арагон (француз жазушысы) Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман-«Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп талай терең толғаныстар тудырады.

Комерундық Бенжамен Матип: Шынында, бұл қазақтар-неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...

Түсіну

СТО ЖЕСО 10 минут

І топ: ... Қарашығым қоңыр қозым... (Абайдың сүйікті аналары – Зере, Ұлжан) ІІ топ:«Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз?


Жауап: Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар. Жауап: Зере Құнанбай алдында ешқандай да әлсіздік көрсетпейді. Қайта оны ықтырып отырады. Мысалмен дәлелдесек:

-Қорқытпа келіндерімді!... О, несі?-деп қатты зекіп қап. Ілгері жылжып кеп екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне суық қарайды. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Заман басқа, әйел сөйлеп, әйел ел басқаратын, билік айтатын заман емес еді. Әдет-ғұрып, ескі салттың заманы болатын. Ол сол феодалдық замандағы әйелдер теңсіздігі тудырған әлсіздік, замана әлсіздігі. Туған анасы туған баласына үкім айта алмайды. Себебі: әйел қоғамдық іске араласпауы керек. Өйткені ол қандай ақылды болса да «төмен етекті», отбасының ғана адамы.

Қолдану АКТ 7 минут

«Кім қандай?» Әр топ өзіне тиісті кейіпкерлерге мінездеме береді. І топ ІІ топ Зере Ұлжан Күңке Айғыз Ділдә Әйгерім т.б.

Талдау СТО 10 минут

«Ұлжан бақытты әйел ме?» тақырыбында ойкөкпар құрғызу.

І топ: бақытты.

ІІ топ: бақытсыз.

Жинақтау ТжДБО 7 минут

« Мен Айғыздың орында болсам...», « Нұрғаным бақытсыз әйел», «Ел анасы-Зере» тақырыптарының ішінен кез-келгенін таңдап, ойтолғау жазғызу.

Бағалау

СТО ОБжОүБ 3 минут


Оқушылардың бағаларын ескеріп, мұғалім өз бағасын шығарады.

Білдім? Білмедім? Білгім келеді?- деген сұрақтарға жауап бере отырып әр оқушы өзін бағалайды.

Үйге тапсырма: Романнан І томын І топ, ІІ томын ІІ топ мүшелері әйелдер бейнесін талдап, слайд негізінде қорғауы тиіс.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Абай жолы" романында?ы ?йелдер бейнесі

Автор: Абышева ?семг?л Б?кібай?ызы

Дата: 08.07.2016

Номер свидетельства: 337150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства