kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайтану пәнінің сабақ жоспарлары /9-11 сыныптар үшін/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1.Кіріспе. Адамзаттың Абайы.»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы

Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

1


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы.

Сабақтың жалпы мақсаты: Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: эссе, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сауаттылық хаттар, лекция.

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ



Бүгінгі қазақ әдебиеті тарихында Абай мұрасына байланысты "Абайтану" деп аталатын пән саласы қалыптасып даму үстінде келе жатыр. "Абайтану" деп тікелей ұлы ақын мұрасын жан-жақты тереңдей зерттеу, оның барлық салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде болған ғылыми еңбектерден құралатын саланы айтамыз. Ол – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарасы, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайында сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды.

Абай мұрасын ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеп танып білу арқылы абайтанудың негізін қалап, дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген академик Мұхтар Әуезов болды. Сондай-ақ, кемеңгер ақын мұрасын зерттеушілердің қатары жыл өткен сайын толығып, жас буын жаңа толқын лектері де араласа бастады. Абайтанудың басы, алғашқы адымдары баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, биыл 116 жылға толып отыр. Абайтанудың жаңа ғасыры – қазақ елінің төуелсіз заманы - ақын мүрасын тани түсуге де парасатты ықпалын тигізері күмәнсіз.

Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми конференцияда белгілі абайтанушы М.Мырзахметұлы: "Біз Абайды ұлы дейміз, бірақ, ұлылығын дәлелдей алмай жүрміз",- деді. Осындай өте күрделі мәселелердің бірі – абайтану тарихында жинақталған дерек көздері мен ғылыми жұмыстарын, ғалымдардың зерттеу еңбектерін танып білу, ой қорыту.

Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан бастальш, бүгінде қазақ ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әр түрлі деректер саны жыл сайын молығып келеді. Абайтану ғылымының қалыптасып дамуына К.ЬІсқақұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Рамазанов, Т.Ибрагимов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, М.Сильченко, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, М.Базарбаев, Қ.Мұхаметқанов, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Н.Ғабдуллин, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздықова, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, Т.Әлімқұлов, Т.Қожакеев, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукеяов, А.Егеубай, Ж.Ысмағүлов, Т.Жұртбай, Қ.М.Жүсіпов, Ө.Күмісбаев, Д.Ысқақұлы, Б.Әбдіғазиев, М.Бейсенбаев, Б.Байғалиев, Ж.Шойынбет т.б. ғалым-зерттеушілер қомақты үлес қосты. Профессор М.Мырзахметұлы 1994 жылғы "Абайтану тарихы" атты еңбегінде абайтануға қатысты деректердің төрт мыңға таяп қалғандығы туралы мәлімет береді.


Абайтану тарихының даму жолдары. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары

Абай мұрасының бірегей білгірі академик М.Әуезов: "Абайды танудың басы, алғашқы адымдары төңкерістен бұрын басталған", - дейді. Ақынның көзі тірісінде 1887 жылы екі өлеңі "Жаз" және "Болыс болдым, мінеки" өлеңдері "Дала уалаяты" газетінде жарияланды. Бұл өлеңдер Көкбай ақынның атынан шығады.

Абай қайтыс болғаннан кейін оньщ әдеби мұрасын халықтық мұрасын халықтық тұрғыдан бағалап, қолдан келгенше аянбай әрекет еткен қалам қайраткерлері де болды. Бірақ бұлар ақын мұрасын әр түрлі дәрежеде таныса да, ол дәуірдегі әдеби сынның толыспаған жағдайына байланысты үлкен талап қоярльщ дәрежеге көтере алмады. Олар ақын мұрасын қазақ тілінде шығатын баспасөз арқылы насихаттауды Абай қайтыс болғаннан кейін-ақ, көп ұзамай қолға алды. Абай қайтыс болғаннан кейін Әлихан Бөкейханов "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" деген тақырыппен "Семипалатинский листок" газетінде азанама жариялады.

Төңкеріске дейіші дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлек. Абайдың немере інісі Көкітай Ысқақүлы мен өз үлы Түрағұл Абайұлы Абайдың өлеңдерін жинап, 1909 жылы Петербургтен жариялады. Кәкітай Абай өлеңдерін түгел қамти алмады. Ақын өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктейді. Бірақ бұл сөздерге қарап, төңкерістен бұрын Абай жөнінде еш нәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайтанудың басы, алғашқы адымдары төңкерістен бұрын насихатталып, тарала бастаған еді.

Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі жолмен жайылып тарағанын ескеру керек.

Бірінші жолы – баспа арқылы тарауы; екіншісі – халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі – қолжазба арқылы тарауы. Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тындаушы жүртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипатын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді - кішілі танытқыш сөздері, деректерді де еске алуымыз керек. Бұл сонғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың төңкерістен бұрын қаншалық танылғанын анғартатын деректер болады.

Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен төңкерістен бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқталайық. Бүл орайда қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған жүртшылықтың көрнекті өкілі - Кәкітай Ысқақұлы еңбегін айрықша айту керек. Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын тұңғыш рет Петербургтегі «Бороганский» баспаханасында 1909 жылы шығарды. Сол жинақтың аяғында Кәкітай жазған ақынның бірінші өмірбаяны беріледі. Шығармалар жинағына Кәкітай өзінше талдау жасап, «Ой туралы», «Өзі туралы», «Ел туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр өлеңнің мазмұнына қарай мөлшермен жіктейді.

Анығында, Абай өзі тірісінде шығармаларын бұлай топтаған жоқ еді. Ақынның тілегінен тыс түрде редактордың өзінше бөлшектеуі редакторлық-ғылымдық дұрыс деуге болмайды. Бұл – шартты түрдегі, біраз зорлықпен жасалған жіктеулер. Себебі, көбінше Абай өлеңдерінің ішкі мазмұндарына қарасақ, «Ой туралы» деген бөлімде өзі турасындағы сөздер жүреді. "Ақындық турасында» деген бөлімде көңіл-күйінің лирикасы да араласып жүреді.

Сонымен, Көкітай жасаған жіктеулер дәлді емес. Бірақ, соған қарамай, төңкерістің алғашқы жылдарында Кәкітай Абайды қайта басып шығарған кейінгі редакторлар да сол қалпында қайталап берген. Әрине, бұл тұста Абайдың «Жаз» сияқты бірер өлеңі 1887 жылдарда «Дала уалаяты» газетінде басылғанын ескерту керек. Және сол жылдарда Абайдың көзі тірісінде, оның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген бір өлеңін Жүсіпбек деген адамның көпе-көрнеу ұрлық жасап, «Қазан» баспасы арқылы, өзі шығарған бір жинақтың басына, сол баспаханаға жазған өз хаты есебінде бастырып жіберген еді. Баспахана иесі байға сәлем хат жазғанда:

Бізләргә ойын арзан, күлкі қымбат,

Нәрсе ғой екі түрлі сыр мен сымбат, -деп тұрып, Абайдың ұзақ көркем өлеңін түгелімен көпе-көрінеу, әдебиет ұрысы есебінде жазып жіберген. Өз сөзі етіп бастырып та шығарған.

Қысқасы, төңкерістен бұрын Абайдьщ баспаға шығуы, әсіресе, жинақ боп шығуы, зор қадірлі тарихтық іс болғанымен, ойдағыдай шыға алмаған Әрине, Кәкітайдың бастыруы Абайдың көп өлеңін бүкіл Қазақстан өлкесіне таратуға себеп болғаны рас.Түгел шықпаса да, таңдалып, топталған өлендердің өзімен-ақ Абай Батыс Қазақстан, Сыр бойы, Алатау өлкесі, бүкіл Орталық Арқа қазақтарына түгел данқты, қадірлі ақын боп таныла бастады.

Абайдың сол алғашқы жинағына кірмей қалған өлеңдері мен шығармалары жайына тоқталайық. Кәкітай Абай шығармаларынан қара сөздерді түгелімен алып қалған. Онан соң ақынның бас тіршілігі, аталық, достық, қайғы-шері сияқты жеке адамдарға арнап айтқан көп көркем жырлары басылмағаи Мысалы, Абайдың аса сүйікті баласы Әбдірахман ауырып жатқанда, кейін сол қаза болғанда шерленіп шығарған жырлары баспаға берілмей қалған Көкітай ол өлендерді Абайдың өзіндік, үй ішілік, сыры ғана деп оғат түсініп, көпке танытудан іркіліп қалған. Онан соң Абайдың ел жуандарының, атқамінерлерін талай бұзар, бұзық мінездеріне әдейі нақтылап, арнап айтқан сатиралық сөздерін баспаға бермегеи Сол қатарда: «Абыралыға», «Дүтбайға», «Күлембайға», «Қыздарға» тағы талай сын өлеңдері баспаға берілмей қалған Кейбір, «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» сияқты көпке мәлім атақты өлеңнің екі шумақ - сегіз жол өлеңі Кәкітай бастырған жинақта және шығарылып тасталған. Жалпы, бұл алуандас өлеңдерді Кәкітайдың баспага бермеу себебі белгілі. Сол Абай сынаған адамдардың өзі немесе бала, бауырлары баспаға шығарушы адамдарға өкпелейді, «арыздық ұстанады» деп жасқанып қалған. Осындай

себептердің салдарынан Абай шығармаларының жарымына жуығы Кәкітайдың бастыруында жарыққа шықпай қалды.

Төңкерістің алғашқы жылдарында сол Көкітай шығарған жинақты енді жаңа емлемен Қазанда бір, Ташкентте бір бастырған редакторлар болды. Бұлар Кәкітайға ешбір жаңалық қоспаудың үстіне, мысалы, Ташкентте бастырушы редактор Абай еңбектеріне кей кезде надандық, топастықпен өрескел зорлықтар да жасаған. Абайдың тіл байлығын түгел түсінбей, ақын сөзінің кейбіреуіне өзінше түзету береді. Мысалы, Абай:

... Ер жігіт таңдап тауып еппен жүрсін,

Төбетке өлекшінің бәрі бір бас, - деген өлеңде «өлекші» сөзін түсінбей:

... Төбетке ұлы-кішінің бәрі бір бас, - деп өзгертеді.

Төңкерістен бұрын және төңкерістің алғашқы жылдарында Абайдың халыққа тарауы, тек баспа жүзінде ғана болған жоқ дедік. Оның көп өлеңдері өнші-ақындардың, жас-кәрінің жаттауымен және оқушы жастардың жадына алып, айта жүруінен ауызша тарауы да көпке мәлім. Абайға оның тірісінде алыс болыстардан болмаса да барлық Семей облысының уездерінен көршілес Ақмола, Жетісу облыстарынан әдейілеп келіп, көп өлеңдерін жаттап алып, әнге салып, өз елдеріне жаңалық, үлгі-тәлім есебінде таратып жүрген көп өнерпаздар болған. Солардың бастылары – Көкшетаудан келген атақты Біржан немесе Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Шашубай сияқты талай талантты әнші- ақындар болды.

Бұлардан басқа Абайдың өз ауылымен көршілес ауылдарда бала оқытушы кейбір молдалар еңбек етеді. Сол қатарда Қазаннан, әскерлік татар молдалары: Ғабитхан, Кішкене мола (Мұхамед-Кәрім), қазақтан шыққан Мүрсейіт, Самарбай, Ыбырай, Хасен, Дайырбай сияқты бала оқытушылар Абайдың өлеңдерін көп көшіріп, таратып отырады.

Абай өзі барлық шығарған еңбектерін жинастырып, ұқыптылық етпеген Тек 1896 жылы Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан бастап, барлық шығармаларын жинастырып, көшіріп алуға ұйғарады. Жаңағы моддалардың: Ғабитхан, Кішкене молда сияқты жасы үлкендері Абай өлеңдерін ертерек жинастырьш, көшіріп жүрсе, кейінгі Мүрсейіт бастаған көпшілік Абай шығармаларының жинақтарын сол жаңағы 1896 жылдан бері қарай көшіретін болды.

Жалпы Абай мұраларын көшіріп, таратушылар арасында Мүрсейіт Бікейұлының еңбегін айрықша атап көрсету керек. Бұл адам Абай тәрбиесін, үлгісін дұрыс ұғынуы бойынша, ескі діншіл молдалыққа берілмей, Абайдың өзге достары сияқты, өздігімен ізденіп, орысша да оқыған. Жазуы аса анық, шебер болғандықтан және өзі Абай сөздерін оның халқына ұқыптылықпен көшіріп таратуды өмірлік мақсат-міндет етіп алады. Қазір Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, барлығында да біздің сүйенетініміз – сол Мүрсейіттің көшірмелері.

Абай мұрасын зерттеуші, насихаттаушыларға профессор М.Мырзахметұлы: Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден, Кәкітай Ысқақұлы, Сұлтанмахмұт, Самат Әбішұлы сияқты төңкеріске дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобын жатқызады.

Абайдың қайтыс болуына он жыл толуы қарсаңында "Қазақ" газеті үн көтерді. Мәселен, осы газетте 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласын жариялады. 1914 жылы Семейде қазақ әдебиеті тарихыда бірінші рет әдеби кеш өткізіліп, ол Абай рухына арналды. Сол 1914 жылы М.Дулатов "Абай" атты мақала жазды. Міне, осылай Абай таныла бастады.

Абайтану ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы

Төңкерістен кейінгі жылдарда Абайды тану, әсіресе, соңғы кездерінде үдей бастады. 1920 жылдан бергі отыз жыл бойында Абайды тану ісі неше салада жыл санап үдеп, өркендеумен келеді. Ең алдымен, баспасөз жүзінде Абайдың шығармалары шығып және Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған мақалалар, Жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулер аса көп боп молайғанын айту керек.

Абайды тану, таныту тек қазақ тілінде ғана болмай, орыс тілінде де едәуір молайды. Және басқа туысқан елдердің көбінің тіліне де Абай шығармалары аударылып басылып, әр алуан зерттеулер шықты.

Абай ақындығын дұрыс бағалаумен қатар 20-жылдары оны басқаша түсінуге тырысушылық та бой көрсетпей қойған жоқ. Алаш қозғалысын қазақ халқына қарсы қою саясаты кезінде Абайды ұлтшылдардьщ қатарына қосу сияқты қателіктер де орын алды. Ал, мәдени мүраны таптық-социологиялық тұрғыда сынға алған тұста ол байшыл, феодал ақыны ретінде бағаланды. Алғашқы көзқарас С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер!» атты мақаласында көрінсе, кейін қазақ жерінде таптық тартыстың ұлғаюы, партиялық, пролетарлық әдебиет жасау саясатын үстануы бүл жіктеушілікті тіпті ұлғайтып жіберді.

Ұлы ақын шығармаларын қаралау Абайды ұқыпты зерттеушілердің еңбегін тоқтата алған жоқ. Олар өз поэзиясын қорғай жүріп, ақын шығармаларын жинау, толықтыру, табылғанын біртіндеп жариялау жұмыстарымен шұғылданды. 1933 жылы басылған толық жинақ осылай туды. Жинақты дайындаған М.Әуезов еді. Ол жинаққа «Абайдың туысы мен өмірі» атты тұңғыш зерттеу еңбегін қосты. Мұнда ол Абайдың шыққан ортасы, тегі, айналасы, өз өміріне қатысты көптеген деректердің бетін ашты.

Абай шығармаларының толық жинағының шығуы ақын творчествосымен қазақ халқын кеңірек танысуына, ол жөніндегі қайшылықты пікірлерді дұрыс пайымдауға жол ашты....

Абайдың өмірін, дәуірін зерттеп жүріп, кейде кемшілікті қате пікір айтып қалса да, негізінде абайтануға елеулі үлес қосқандар қатарында С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Б.Шалабаев сияқты тағы бірталай әдебиет тарихшылары мен жазушылары болды.

Абайдың өмірі мен мұраларын толық ғылыми жолмен тануға себепші – оның толық жинағының баспаға шығуы. Және ақынның өмірбаянының толық жазылуы. Абайдың толық жинағы бірінші рет 1933 жылы М.Әуезовтің құрастыруымен, латын әрпімен басылып шыққан.

Қазақ әдебиеттану ғылымының бастау негізіне айналған абайтану ғылымының қалыптасуына, абайтанудың дербес ғьшым саласына көтерілуіне академик М.Әуезовтің сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол осы ғылыми зерттеу саласының кең мағынасында негізін салды, зерттеудің бағыт-бағдарларын, принциптерін анықтады, абайтанудың жүйелі, біртұтас ғылыми концепциясын жасады.

«Бұл тұста атап айтатын нәрсе, - дейді академик З.Ахметов: Мұхтар Әуезовті ойша жасанды концепция, қағида туғыза салуға бейім тұратын, кейбір жоқ жерден жаңалық ашуға ұмтылатын зерттеушілердің қатарына қоюға еш болмайды. Оның мәселені ұзақ жылдар бойы егжей-тегжейлі, жан-жақты да терең тексеріп алып, соның негізінде ғана үлкен қорытынды-байламдар айтуды дұрыс деп санайтынын осы абайтану саласындағы зерттеулерінен анық аңғарамыз» дейді.

Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге М.Әуезов Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ қызу араласа бастаған еді. Әрі М.Әуезовтің Абай өмір сүрген ортада туып, жастайьшан ақын шығармаларымен таныс болып өсуінің де белгілі дәрежеде мәні бар. Өйткені, ол сол дәуірдің ірілі-ұсақты оқиғаларын, ұлы ақын туралы ел арасындағы сан қилы әңгімелерді ой дүниесіне тоқи жүргендіктен, Абай өмірінде кездескен көп оқиғалардың сырын Абай мұрасын зерттеушілердің көбінен әддеқайда жетік білді. Бұл жағдай Абай мұрасын жинап зерттеудегі М.Әуезовтің орасан зор еңбегінің жемісті болып аяқталуына айтарлықтай септігін тигізді.

Алғаш рет «Абай» журналында ақын мұрасы жайлы жазылған мақала, деректерімен көрінді. «Абай» журналы М.Әуезовтің қаламының ысылып, адымын ашқан басылым болып табылады. 1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген нағыз зерттеушілік тұрғыдан жазылған мақаласында Абай мұрасы жайлы алғаш рет теориялық негізде батыл барлау жасады. «Осы дәуірдің өзінде-ақ шығармаларын жақсы түсінуші, ол мұра туралы мағлұматы молы да Мұхтар Әуезов деген қоғамдық пікір қалыптасқан да еді. Абайдың әдеби мұрасының сырын терең ғылыми тұрғыдан білу керек деген тұжырымды ойға да ол осы тұста келген сияқты. Өйткені 1922 жылы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген елеулі пікір таласын тудырған көлемді мақаласын жазумен қатар, Абайдың өмірі туралы естеліктерді Абайға байланысты әр түрлі дерек көздерін жинастырып жүрген жас талап Мұхтарды көреміз» дейді белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Қоңыр деген бүркеншік атпен жарияланған бұл мақалада М.Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, негізгі бағытын көрсетеді.

Бұл кезеңде Абайдың әдеби мүрасы туралы талас-тартыстың етек алуына байланысты Абай қай таптың ақыны, оны мұра ретінде қабылдау керек пе, әлде жоқ па деген сұрақтар туа бастады. Қоғамды тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін жасауға ұмтылу – тұрпайы социологиялық танымды тудырды.

30-жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болып өткен пікір таласында орын алған әралуан көзқарас тұрғысынан пікір айтқандардың ішінде Мұхтар Әуезов пен профессор Құдайберген Жұбановтың еңбектері айрықша орьш алады. Өйткені дәл осы жылдары Абайдың әдеби мұрасын бағалауда тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік көзқарастар өріс алып отырғанда, осы қым-қуыт қайшы пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған еңбек М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен Қ.Жұбановтың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының жазылуы – абайтану саласындағы ой-пікірде соны құбылыс ретінде қабылданды.

Абайдың 1909 жылғы тұңғыш өлеңдер жинағынан кейінгі осы күнге дейін жарияланып келген ақынның толық жинақтары мен академиялық басылымдары М.Әуезовтің жинап бастыруымен, тікелей араласуымен, басшылығымен шығарылып келеді. Әсіресе, ссы толық жинақтардың бәріне негіз болған әрі қазақ халқы өзінің ұлы ақыны Абай шығармаларымен түңғыш рет жете танысып білуіне мүмкіңдік алған 1933 жылғы тұңғыш жарияланған толық жинақ ақын мұрасын танып-білуде орасан маңызы бар мәдени құбылыс болғандығы ақиқат.

«Мұхтар Әуезов 1924 жылы Ленинград университетінде оқып жүрген кезінде Семейдегі жаңа ұйымдастырылған қазақ педагогикалық техникумына қазақ әдебиетінен дәріс оқу үшін арнайы шақырумен келеді. Ол туған елге оралысымен-ақ ұстаздық, ғылыми-творчестволық, әлеуметтік жұмыстарға қызу араласып, бар ынта-жігерімен беріледі. Мұхтар Әуезов қазақ педагогикалық техникумында қазақ әдебиетінен дәріс бере жүріп, Абайдың түңғыш толық жинағын құрастыруға бар күшін жұмсады. Абайдың Мүрсейіт қолжазбаларында қамтылмаған, бірақ ел аузында сақталып қалған өлеңдерін хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Дәл осы жылдары ұлы ақынның тұңғыш ғылыми өмірбаяны да жазыла бастады», - дейді М.Әуезов мұрасын зерттеуші ғалым-жазушы Т.Жұртбай.

М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғары оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын.

Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін түтас қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай жолы» роман-эпопеясын жазу ұлы қаламгердің ғылыми-творчестволық ізденіс үстінде тер төккен 30 жылдан астам уақытын алды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы 19 жасында-ақ асқарлы арманға айналған. Ұлы ақын мұрасын 17 жылдай толассыз іздену, зерттеумен шұғылданып, 12 жыл бойында тікелей жазумен айналысқан. Абай мұрасы М.Әуезовтің бүкіл ғылыми-творчестволық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстіндегі рухани дем берушісіне, таусылмас қуаттың қайнар бұлағына айналған.

XX ғасырдың ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясын жазуға қадам басқан күннен-ақ Мұхтар Әуезовтің алдына Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, оған қажетті өдеби, тарихи деректер көзін іздестіріп, жаңадан табылған ауызша немесе архивтік мағлұматтарды талдап қорыту, бір ізге түсіру міндеті қойылды. Екінші жағынан, осы салада өзі танып-білген, ойда қорытқан өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырып, эпопея желісіне сіңіру сияқты аса күрделі шығармашылық мақсат та тұрады. Жазушының осы екі саладағы ғылыми-шығармашылық ізденістері бірін-бірі жақсы толықтырып отырды.

Ұлы ақынның мұралары, ғылымдық дұрыс жол бойынша жазылған жылдармен, хронологиялық тәртіппен тізілді. Ақын шығармаларьш бұлайша топтау Абайдың ең алғаш бала шағында айта бастаған өлендерінен басталып, өмірінің соңғы жылдарындағы өлендерімен аяқталады. Бұлайша тізілгенде Абайдың ақындық еңбек жолы қалайша өсіп, дамығанын аңғаруға болады...

Ақынның толық жинағы, кейін 1939-1940 жылдары екі том болып, тағы басылып шықты. Онан соң, әсіресе, толығырақ болып топталып, Ұлы ақынның жүз жылдық мерекесіне арналған толық жинақ түрінде 1945 жылы басылды. Бұл жинақтың кіріспе сөзін жазған С.Мұқанов болды.

Ендігі атап өтетін тағы бір алуан, ғылым үшін бағалы еңбектер, таза ғылымдық зерттеулер. Абайдың ақындығы мен дәуіріне арналған нағыз ғылымдық, ойдағыдай толық мол монография жазылмады десек те, жалпы тексеру-зерттеулердің ұзын саны мол екенін айту керек.

Бұл ретте Абайдың шығармаларын әр тақырыптарға бөліп, тексерулер жасаған диссертациялық жұмыстардың бірталай екенін еске алу керек.1948 жылы басылып шыққан профессор Қажым Жұмалиевтың «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы» және «Абай поэзиясының тілі» деген еңбектерін айрықша атап өтуге болады.

Абайдың ақындық мектебі туралы нақты ғылыми зерттеу нысанына алып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, молырақ пікір айтқан ғалымдар Қ.Мұхаметханов пен Ә.Жиреншин болатын. Қ.Мұхаметхановтың 1951 жылы 7 сәуірде үлкен тартыспен қорғалған «Абайдың ақындық мектебі туралы» кандидаттық диссертациясы абайтану тарихында айтарлықтай мәні бар ғылыми еңбек ретінде бағаланды.

Қазақ поэзиясының өлең құрылысын жан-жақты зерттеген академик З.Ахметов орыс тілінде жазылған іргелі ғылыми еңбегінің тұтас бір тарауын қазақ өлеңінің құрылысын дамытудағы Абайдың рөліне арнады. 1954 жылы шыққан «Абай и Лермонтов» деген еңбегінде орыстың аса көрнекті ақыны мен қазақ классигінің арасындағы шығармашьшық байланысты, рухани жақындықгы, Абайды Лермонтов алып барған жолдың зандылығын көз жеткізе ашып берген болатын.

Алпысыншы жылдардың орта кезінде талантты әдебиетші-сыншы Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» атты көлемді монографиясы дүниеге келді. Ал ақынның қарасөздерін сонау елуінші жылдардың бас кезінде қолға алып, зерттеген әдебиетші ғалым X. Сүйіншәлиев болды.

Қазақ әдебиетінде абайтану ғылымына соңғы жарты ғасырдан аса кезеңде қосқан әдебиетшілердің үлесі әлдеқайда зор және әр алуан болды. Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, З.Ахметов, Р.Бердібаев, М.Мырзахметұлы, Қ.Мұхаметханов, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Т.Әлімқұлов, Х.Әдібаев, Н.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукенов, А.Егеубай, Т.Қожакеев, т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше айтамыз. Бертін келе Қ.Мұхаметханұлы, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Б.Байғалиев, Қ.Салғарин және Төкен Ибрагимов сияқты абайтану саласында жұмыс істеп жүрген ғалымдар қосылды.

Абай өміріне, оның өмір сүрген ортасына, айналасына байланысты деректерді толықтыра беру, шығармаларының текстологиясын зерттеуді жалғастыру, әсіресе, прозалық шығармаларын әртүрлі жолдармен қарау, Абай қолжазбаларын іздестіру, оны мазмұны, дүние танымы түрғысынан толығырақ зерттеу, Абай мектебі мен оның ақындық дәстүрі жайлы жаңа еңбектер жасау, Абай реализмі мен оның творчествосы нәр алған бастаулар жайында жаңа сөз айту, Абайдың саяси-қоғамдық, тарихи, философиялық көзқарасы, қазақ әдеби тілін ұстартудағы рөлін кең ашу – алдағы күннің жалғаса беретін міндеттері қатарына жатады. Абай жайлы жаңа ұрпақтың жаңаша сөзі керек.

Абайтану ғылыми ұзақ жолдан өтті. Қазақ әдебиеттану ғылымыньщ үлкен бір саласы больш қалыптасты. Оның қол жеткен табыстарын бекіте отырып, дәуірдің жаңа міндеттеріне сәйкес дамыта беру, Абайды бүтінгі заманның игілігіне айналдыру – бәріміздің де абыройлы борышымыз.



Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі.

Абай сөзі — халықтың бойтұмары

Ұлы ақын, гуманист ойшыл А. Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Семей өңірінде дүбірлеп өткен тойға Нұрсүұлтан Назарбаев қатысты. Республикамыздың шартарабынан, алыс та жақын елдерден жиналған дүйім жүрт алдында ол бірнеше мәрте сөз сөйледі. Сондай бір жүрек тереңінен шыққан лебізін Президентіміз Абай және Шәкәрім кесенелері бой көтерген Жидебай қорығында білдірді.

Ұлы Атаға арнаған бұл сөзін Елбасы ерекше бір тебіреніс үстінде толғана тұрып сабақтады. Жөні де солай еді. Өйткені, мұнда еліміздің ең мүбәрак перзенті, данагөй үұстазы Абай жатыр ғой. Ақын ағасынын қолындағы қаламды жерге түсірмей қағып ап, асыл жырдың керуенін алға бастап әкеткен кемел ойшыл Шәкәрім жатыр ғой. Ұлттық ой-санамыздың екі бәйтерегін мәпелеп өсіріп, мәуелетіп жетілдірген әулеттің ең аяулы адамдары жатыр ғой.

Біз бүгін ақынға тағзым жасап, аруаққа табына келдік, деді Президент. Демек, алдына айқын жөн сілтеп, артына адастырмас жол тастап кеткен рухани пірімізді марапаттап мадақтау үшін емес, оның көрсетіп кеткен өнегесі мен айтып кеткен өсиетін қайткенде ойдағыдай жүзеге асыра алатындығымыз жайында қабырғалы қауым боп ақылдасуға келдік.

Әділет бар жерде ғана теңдік болатынын, бірақ теңдік дегенде шүлен үлестіру емес, әркімнің еңбегі мен ыждағатына, білімімен талантына лайық алар ырзық несібесі екенін Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін байыптап оқыған адам айқын аңғарар. Абай адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді. Тек татулық бар жерде ғана әділет болмақшы, тек әділет бар жерде ғана адал мен білікті, ынталы мен іскер өз мүддесіне жете алмақшы. Сондықтан да Абай адамзатты әділетке шақырып, өз қандастарын өзгелермен қатар тұра алатындай өнер-білімге, еңбексүйгіштік пен ыждағатқа үндеді.

Оның бұл өсиетін шын жүрегімен түсінген ізбасарларын таптық әумесерлердің орағы тым балауса кезінде орып жіберді. Олардан жаңа үрпақ ұзақ уақыт бейхабар келді. Казақтың рухани әлемінде Абай ұзақ уақыт жалғыз қалды. Тарих пен тағдырдың мұнысына да шүкірлік. Абай мұраларымен сусындаған қазақ қауымының қоғамдық санасы таптық идеология қаншама тосқауыл қойғанымен әлемдік әлеуметтік ойдың озық үрдістерінен бәрібір қол үзіп қалған жоқ. Рухани кіріптарлық пен идеялық басыбайлылыққа деген іштей наразылық ешқашан біржолата ешіп қалып көрген емес. Іштей шыңдалу ешқашан тоқтап қалып көрген емес. Соның арқасында ғана тарихтың ұтырлы сәтін зая жібермей, ұтымды пайдалана алдық деп ойлаймыз.

Сөзін одан әрі жалғастыра келіп, Елбасы былай деді: рухани қайта түлеуіміз де Абай төңірегін қайта тірілтіп, Абай мектебін қайтадан қалпына келтіруден басталды. Шәкәрім, — ең алғаш ақталған қайраткеріміз болды. Сосын бір кезде Абай рухынан от алып түтеген Сұлтанмахмұт, Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Міржақып, Әлихан, Шәңгерей, Бернияз, Халел, Ғұмарлар ұлттық-әлеуметтік ойымыздағы өз орындарын иеленді.

Азат мемлекетіміздің алгаш қолға алған шаруасы Абайды туған аймақтың төбесіне тажал боп тенген қырып-жойғыш қарулардың сынақ полигонын жабудан басталды. Бейбіт күнде тірі пенде түгілі көрдегі аруақтың сүйегін сылдыратып, қаннен-қаперсіз халқымыздың сағын біржолата сындырып жіберуге айналған үрей аймағы енді тарихымыз бен табиғатымызды сауықтыру аймағына айналып отыр.

Бүгін, міне, ақыл-ойдың асқарларға ұмтылып, биіктерге талпынар ғарыш жайындай ақ шаңқан ғимаратты тамашалап тұрмыз. Байтақ еліміздің батысы мен шығысы, күнгейі мен теріскейі түгел ат салысқан бұл мерейхана қоғамымыздағы ұлтаралық татулық пен ұлттық тұтастықтың, абзал мақсаттар жолында айырмаға қарамай білек те қосыса алатын, тілек те қосыса алатын рухани бірліктің айқын айғағы. Абай жырлап өткен «Әке баласы болмай, адам баласы бола алатын» адами татулықтың ойдағыдай жүзеге асып жатқандығының үздік үлгісі. Ұлы ұстазымыздың ол қағидасын табандылықпен жүзеге асыра алсақ, тек өз елімізде ғана емес, өзге елдермен де, іргелес көршілерімізбен де, алыс-жақын ықпалдастарымыздың бәрімен де жақсы қалыптасып келе жатқан достық, татулық, екі жаққа бірдей тиімді іскерлік қатынастардың да қаймағын бұзбай нығайта түсеміз.

Абай өсиетіне адалдық, Президентіміздің пайымдауынша, біздің қай ісімізді де өрге бастырады. Егер ұлы ұстазымыз айтқандай, талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлей білсек, «Ондай болмақ қайда» деп, өзгенің өнегесінен қаралай қашпай, ғылым сүйсек, «басқалармен қатар тұруға» үйренсек, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ», «бес дұшпаннан» қашық боп, «талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым» «бес асыл іске» асық бола алсақ, өзгені жазғырудың орнына өзімізді өзіміз жазғырып, өзгеге шамданудың орнына өзімізді өзіміз шыңдай білсек, әрқайсымыздың күнкөрісімізде, еліміздің экономикасы да тезірек түзелер еді.

Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір рет үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың. Қысқасы, жан-жақтан: «бұл қалай?», «анау неліктен?», «мынау неге?» деп жауып жататын көп сауалға жауап беретін ақыл жоқтықтан емес, соны ұғар құлақ, орындар ынта жетіспеуден қырсық көбейіп жатыр. Сол баяғы «ұятсыз, арсыз салтынан қалғып кетер артынан күлкішіл кердең надандықтан» арыла алмағандықтан көп іс мандымай жа-тыр. Әркім өзін өзі түзеудің орнына өзгелерді неге түземейсің деп өкіметті жазғырады. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауга, басыңды дауга қор қылма, қорға, татулас, өтірік, ұрлық, үкімет зорлық құрысын, көзің ашылмас. Ұятын, арың оянсын, бұл сөзімді ойлансын», — деген бабамыздың баяғы зарына әлі мән бермей келеміз.

Әйтпесе, Қазақстанда жағдайды тездетіп түзеп алу қиын емес. Рас, өндірісті қалыптасқан үрдіспен жөнге қоя алмайсың. Олай етуге бүрынғы жабдықтау жүйесі бүрынғы экономикалық байланыспен бірге күйреген. Бұрынғы шығарған өнімдерінді бұрынғыша өткізе алмайсың. Жаңаша құру үшін табиғи байлықтарымыздың бір бөлігін сыртқа сатып жаңа технология мен жаңа инвестиция табуға, бірлескен кәсіпорыңдар ашып, сырттыңтехнологиясы мен қаржысын ішке тартуға мәжбүрміз. Бірақ, мұнда да әзір көзжұмбайлық көп. Біреулер алданып қалады. Біреулер өз қамын көбірек ойлайды. Біреулер сол баяғы бармақ басты, көз қыстылығына ұрынады.

Экономикалық талан-таражға тоқтам табылып болған жоқ. Күшпен түзеу онсызда оңбай жатқан істерді одан сайын бүлдіруі мүмкін. Заңмен түзейін десең, сол баяғы кертартпа кердеңдік қолды байлайды. Біреулер тәуелсіздік кешегіні қойып, баяғыға оралтады деп ойлайды. Біреулер жағдай түзелмесе, кешегіні қайта оралтуға оңайлана түседі деген есек дәмемен жүр. Жұрт үстінен мал табатындарға қазіргі әрі де емес, бәрі де емес әрі-сәрі ахуал ұнайды. Біреулер жаңаның өзін ескіше істейтін ұрдажықтыққа басады. Ал біреулер демократияның езін догмаға айналдырып, қалыптасып отырған жағдайдың қиындықтары мен қаупін жеткілікті дәрежеде ескергісі келмейді. Осының бәрі баршаның бөрі бірдей ұғып, бірдей қолдай бермейтін соны өрекеттер іздестіруге итермелейді. Өйткені, қазір де, ақын айтқандай, нағыз «Ақыл керек, іс керек, мінез керек» кез.

Қайткенде де жағлайды бұл қалпында қалдыруға болмайды. Көктемгі бүкілхалықтық референдум нәтижесінен туатын негізгі қорытындыны өз басым осылай түсіндім, деп ойын бір түйді Президент. Сондықтан да қоғамымыз бір рет айдай әлем алдында өз еркімен таңдап алған демократиялық даму бағытынан ауытқымайтын, бірақ әлеуметтік-экономикалық реформаның қазіргідей өтпелі кезеңінің кездеспей қоймайтын қиындықтарын мүқият ескеріп, билік жүйесін қайта қарап, әлеуметтік әділет пен тәртіпті нығайтып, әркімнің өз мүддесін өзі жүзеге асырып, өзін қорғай білуіне жағдай жасайтын жаңа Конституция жобасын көпшілік талқылауына ұсындым. Айтылатын пікірлер мен ұсыныстар, сындар мен ескертпелер тиісінше сарапқа салынып, сұрыпталып, түбегейлі нүсқадан өз орнын тапты.

Халқымның маған, менің халқыма артып отырған сенімім зор. Екі ортадағы мұндай ықпалдастық жалпы саяси ахуалымызға да оң ықпал ететінін өмір көрсетіп отыр. Тегеурінді мемлекеттік жүйелеусіз қазіргі тығырықтан шығудың қиын екенін баршамыз да ұғып отырмыз. Бірақ, қалыптасқан қиындықты біржақты пайдаланып, басты бағыттан — реформа мен демократиялық дамудан шегінуге болмайтынын да тап сондай ұққанымыз жөн.

Бүгінгідей төрт көзіміз түгел жиылып түрған ұлыстың ұлы күнінде, алыстан меймандарымыз бен достарымыздың алдында, жаңалық пен жақсылыққа, әділдік пен ізгілікке піақырып өткен үлы Абайдың киелі мерейханасы — рухани қағбамыз алдында: баршамыздың игілігіміз бен бақытымыз жолында, ұлы ұстазым өсиет еткеңдей, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен қызмет етуге серт беремін, деп мәлімдеді Елбасы.

Жүрекжарды сөзін тәмамдай келе Президент барша отандастарымызды, егеменді Қазақстанның, тәуелсіз Қазақ Республикасының барлық азаматтарын елімізде қоян-қолтық еңбек етіп, өмір сүріп жатқан барлық халық өкілдерін өтпелі кезеңде басымызға уақытша түсіп түрған қиындықтарға, ұлы ақын айтқандай, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен — биік адамгершілікпен, мол төзіммен, зор сеніммен қарап, өзара түсіністік пен ыждаһатты ізденістерді одан әрі өрістете беруге шақырды.

Жидебайдағы салтанаттың тағы бір айшықты керінісі мерейхананың Зерде кітабына алғашқы қолтаңба қалдыру рәсімі болды. Ол мына жазу еді:

«Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары.

Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы.

Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтынына, қорғайтынына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін».

Бұл сөздердің астына қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев деп қол қойды.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.


  • Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.


Білетінім

Үйренгенім

Үйренетінім






Сабақты қорыту. Абай туралы эссе жазу


1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)


Оқушылар білімін бағалау.


Үй тапсырмасы: Абай шығармашылығын оқып келу.






















Просмотр содержимого документа
«2.Абайдың өмірі»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

2


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың жалпы мақсаты: ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың міндеті:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

  3. Электрондық оқулық

  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі Абайға көп үміт артты. Оны 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза деген молданың медресесіне оқуға беріп, білім алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген.

Медресе деген — жатын орны, тамақ ішетін үй-асханасы өз ішінде, бұл жағынан мектеп-интернат сияқты, мұсылман дінінің жолын үйрететін оқу орны. Абайдың адамдық, ақындық өмірбаянында осында өткізген 3,5 жылдың орны ерекше. Ол мұңда мұсылмандық қағидаларын, үстірт болса да—тарих, география, есеп пәндерін оқиды. Көбінесе жаттауға құрылған дін оқуы бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын, табиғатынан алғыр жеткіншекке қиынға түспейді. Жас шәкірттің бұл жылдарғы зор жетістігі- қыр еліне таңсық араб, парсы, түркі тілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. сияқты түбі бір туыс елдердің ортақ тілі) жетік біліп шығуы. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: "...қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ. А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады",— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.

Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі құрбыларынан ерекше мұнда не үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз — бу һәммаси

Мәдәт бер я шағири фәрияд.

Түркі, араб, парсы сөздері аралас бұл шумақты қазақшаласақ, шамамен:

 

Фзули, Шәмси, Сейхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз — барлығың

Медет беріп жырыма,

Ақынның бағын жандырғын,— дегенге келеді. 12-13 жасар шәкірт ақындықтың күні аталған кісілердің аруағына сиынады (фариад), "ақындық (шағири) жолына демеп (мәдәт), қолдай көріңдер" дейді. Неткен ғажап, керемет десеңізші! Бұл жасөспірім Абайдың осынау ұлы ақындарды өз тілдерінде оқып, түсініп әрі дұрыс бағалай алғаны ғой.

Медреседегі оқуының соңғы жылында Абай өз бетімен 3 айдай орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Сондағы алған білімі кейін оның 35-40 жастарында орыс оқуына қайта оралып, тілін айтарлықтай жетік меңгеріп алуына негіз болады. Осының бәріне ол өздігінен талап қылу арқылы қол жеткізген. Балаларға арналған өлеңдерінде ұлы ұстаздың талаптануды адамның ең асыл қасиеттерінің бірі деп көрсетуі тегін емес.

Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық өмірінде қандай роль атқарды? Дәлел келтіріңдер.

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. "әке балаға сыншы" деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызды істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, "жеті жұрттың тілін біліп", тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

"Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған... Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен...

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, "қарадан хан болған" айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, "өлеңшілдікті" бойына жарасты іске санамайды.

Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары "әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді" деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердін үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: "Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған", — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, "мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын" дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрагүл (баласы): "Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді", — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай "закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім" дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148 асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: "Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады" дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

 


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.


Үзінді

Беті

Пікір






Сабақты қорыту.

  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)

  6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)



Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.
















































Просмотр содержимого документа
«3.Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

3


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың міндеті:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: лекция

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

  3. Электрондық оқулық

  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ



Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері


Оқу мен өлең соңында Абай жасы қырыққа таянғанда бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік алады. Бұған патша өкіметінің саясатына қарсы шықты деп жазаланып, Семейге айдалған орыс зиялыларымен кездесіп, достасуы да игі әсерін тигізеді. Әсіресе Семейдің Н. Гоголь атындағы кітапханасында орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың кітабын сұрап тұрған дала қазағына таңырқап, өзі келіп танысқан Е. П. Михаэлис деген оқымыстының көп септігі болады. Абай енді кейінгі ғасырларда ғылымы, өнері мен мәдениеті қатты дамыған Ресейдің, Еуропаның (ағылшын, француз, неміс, поляк, испан, т.б.) өмірінен хабардар болып, сол елдерден шыққан ойшылдардың, ақын, жазушылардың шығармаларын орыс тілінде оқиды. Шынайы ақындықты сирек кездесетін асыл өнер, елді тәрбиелеп, мінін түзеудің құралы деген ойға келеді. Сөйтіп, "Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел!" — деп, қазақ жұртына ақындықтың жаңа соқпағын ашқанын жариялады. Шынында да, ол өзіне дейінгі қазақ ақындары айтпаған жаңа ойларды жаңа өлең өрнектерімен әсерлі етіп айтып берді. Өлең жолдарын, өзі айтқандай, бөтен, басы артық сөздерден тазартып, түрі келісті, мазмұны терең, яғни "іші алтын, сырты күміс", "тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін" сөз жақсысын жасады. Ол әуезділігі, шумақтарындағы әр жолдың буын саны, ұзын-қысқалығы, ұйқасу реті жағынан өте келісті және бұрын болмаған жаңа өлең түрлерін енгізді. Қазақ өлеңін қызықты, тапқыр теңеулермен, жаңаша, бейнелі сөз қолданыстарымен байытты. Басқа елдердің, соның ішінде, әсіресе орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов сияқты ұлы ақындары мен тамаша мысалшысы Крыловтың шығармаларын керемет көркем етіп аударды.

Абай шығармаларында қазақ өмірінің, адам мінезінің данышпандық білгірлікпен және ақындық шеберлікпен дәл тауып суреттелмеген жақтары жоқ деуге болады. Атақты ақын Қасым Аманжоловтың тебірене: "Айтпаған сөзің аз қапты-ау!" — деуі – дәл тауып айтылған сөз.

Абай өлең мен өнер, тіл құдіреті, жыл мезгілдері, адамның түрлі көңіл күйлері мен күшті сезімдері, дала тұрмысының әсерлі көріністері мен қызықтары, табиғат сұлулығы мен жастар сүйіспеншілігі, әр түрлі мінездер, жас ұрпақ жайы, т.б. туралы ғажайып көркем өлеңдер тудырды.

Патша отаршыларының зымияндық саясатының салдарынан ел ішінің бүлінуі, мансап үшін партия-партия боп жауласып, жағаласуы, ұрлық-қарлық, арызқойлықтың өршуі, жатып ішер жалқаулық, түтіні шыққан үйді ("тамақ пісіріп жатыр" деп) аңдыған "мырза" қайыршылық, "егіннің ебін, шаруаның тегін білмей" жатқан қырсыздық, кеппе мақтаншақтық пен қызыл көз қызғаншақтық, атқамінерлердің патша шенеуніктері алдында құрдай жорғалап, елге қаһар шашқан екі жүзді ұсақтығы, әкімдермен ауыз жаласқан парақорлығы, халыққа қамқор болар деген оқыған жастардың мансап, құлқын жолына түсіп, өз қандастарын жауластыруға себешпі бола бастауы, надандық пен топастық, ар-иман, әділдік, турашылдықты ұмытқан өктемдік қиянат, қоғам өмірі мен жеке адам бойындағы осы кеселдерді түземек болған өз басына жасалған көп қастық, үзілмес жаулық — осының бәрі ақын жанын күйзелтіп, "қыранша қарап қырымға, мұң мен зарды қолға алғызып", мәңгі өлмейтін асыл жырларға айнала берді.

Абайды бір заман көршілес жатқан елдер дана кісі, қара қылды қақ жарған әділ би, алдына жан салмайтын шешен деп білсе, алыс-жақындағы зиялы адамдар, өзінің дарынды да өнерпаз шәкірттері зор оқымысты хакім, қазақта болмаған терең ойлы, көркем өлең жазған әулие ақын деп таныды. Оның осындай атағы көзі тірісінде Алтай-Тарбағатай, Көкше мен Жетісу өңіріне жетті. Кейбір өлеңдері жырақтағы басқа жұрттың қалаларында шығатын газеттерде, жинақтарда жарық көре бастады. Оның оқымыстылығы мен жаңашыл ақындығы жайында орыс білімпаздары хабардар бола бастады. Оны Семейдегі өлкетану және география жөніндегі ғылыми құрамдардың мүшелігіне сайлады. Сондағы орыстан шыққан оқымысты таныстары "алтын басты адам" деп білді. Тіпті XX ғасырдың басында сонау алыс Америка Құрама Штаттарында шыққан американ саяхатшысы Кеннанның кітабында Абай есімі құрметпен әрі таңырқаныспен аталды. Бұл кезде ұлы ақынның өлеңдері мен әндері қазақ сахарасына көшірме, ауызша түрде кеңінен тарай берді. Ақсақалдар Абайдың жазғандарын оқытып, тыңдайтьш болды. Қыр елінің қыздары ұзатылғанда—қымбат жасау ретінде ақын өлеңдерін көшіртіп ала кететін жаңа салт шықты. Қазақ жерінің тұс-тұсындағы ақындар Абайды аспандата дәріптеп, арнау өлеңдер шығарып жатты. Құнанбай қажы өлгенде көңіл айта келген Байкөкше ақын:

Құнан қайтса, алдынан жарылқасын

Алтын қалды артында ат басындай, — деп, күллі қазаққа қадірлі Құнанбай қажының соңында өзінен де озған ұлы қалды деп бағалайды. Абайды көрген әйгілі Әсет ақын:

Шіркін-ай, Абайда да арман бар ма, Артына өлмейтұғын сөз қалдырған, — десе, алыстағы Көкшетаудан ұлы әнші-ақын Біржан сал: Абайдай тумас адам сөзге зерек, Зейіні — түпсіз дария, көзің жетпес, — деп тебіренді.

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының рухани көсемі, кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлы өзі шығарып тұрған әйгілі "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" деген мақаласында (1913) Абай поэзиясын аса жоғары бағалап, "... онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ", — деп жазды.

Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері "соқыр кісі сыбдырынан танырлық" деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге келген кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой-сезімі еді.

Осылайша жасынан жалындап шығып, ерте кемелденген, атақ - даңқы жер жарған бұл кісі ата дәулетінің қызығын көрген, өз байлық-салтанаты да жетіп артылған жан еді. Оны Құдай ағайын-туыс пен өз кіндігінен тараған ұл, қызға да кенде қылмаған-ды.

Бірақ ол өзінің әйгілі "Сегіз аяқ" деген өлеңінде:


Атадан алтау, Анадан төртеу,—

Жалғыздық көрер жерім жоқ-

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,—

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым — тап шыным, — деп жазғанындай, сол заманның ең дана, сонымен қатар ең қайғылы, жаны жаралы кісісі болды.

Өйткені ол халықтың ауыр халіне жаны ашып, соның қамын ойлап, қайғылы, қапалы өмір кешті. Өз қандастары тарапынан қастандық пен жаулықты көп көргенін былай қойғанда, "Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ", елге "үлгі шашпақ" болған үміті тасқа шапқан балтадай майырылып, надан, топас қауым, "не ермей, не ерік бермей" қор қылды. Сөйтіп, өз сөзімен айтқанда, дүниеден "жылай - жылай өтті".

Міне, содан бергі ғасырға жуық уақыт — Абай үлгісі, ақын даналығы халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан мектебі, білім қазынасы болып қалуда. Арғы - бергі замандарда ғұмыр кешкен барлық данышпандар сияқты, Абай да ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңара беретін, "артына өлмейтұғын сөз қалдырған" ардақты жан.

Өлеңнің өзге сөзден несі бөлек?


III. Ойтолғаныс сатысы


  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.


Үзінді

Беті

Пікір





Сабақты қорыту.

Абай аналары –

Зере, Ұлжан

Абай заманының шерменделері –

Керімбала, Үмітей

Махаббат, бостандық аңсаушылары –

Мәкен, Мағрипа

Абай аулының адуын бәйбішелері –

Қаражан, Мәніке

Абай сүйген арулар –

Тоғжан, Әйгерім

Абайдың сырласы –

Салтанат, Ер мінезді Нұрғаным

Күндестік бұғауындағылар –

Айғыз, Ділдә

Байлар есігіндегі күңдер –

Иіс, Баян, Есбикелер


1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)

3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)


Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.






Просмотр содержимого документа
«4.Ақынның халық даналығын тануы»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

4


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың жалпы мақсаты: Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

  1. М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж

  2. Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

  3.  Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.


II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. "әке балаға сыншы" деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызды істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, "жеті жұрттың тілін біліп", тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

"Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған... Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен...

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, "қарадан хан болған" айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, "өлеңшілдікті" бойына жарасты іске санамайды.

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары "әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді" деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердін үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: "Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған", — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, "мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын" дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрагүл (баласы): "Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді", — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай "закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім" дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148 асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: "Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады" дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

Жасөспірім Абайдың әкесінің ел ісіне байланысты ауыр тапсырмаларын қалай орындағаны туралы "Абай жолы" романына сүйеніп айтып беріңдер.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?


Сабақты қорыту.


н

қ.

І

ң.

с

р

е

з


я

ы


с

о

а

а

г


ы

л


д

с

а


а

л


н

ы

м.

й


б

з

д

а.

а

ұ

т

ә

ғ

л

о

т

ұ

ғ

ы

а

б

ы


з

р

б

ЗД

а.


о


Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «Мәз болады болысың», «Қыс»).


Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.




Просмотр содержимого документа
«5.Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

5


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдары туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,лекция

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


Шығыс – дүниежүзілік рухани мәдениетің ең көне ошақтарының бірі. Шығыстың рухани қазынасымен Абай Ахмет Ризаның медресесінде алғаш рет танысты. Шығыстың философиясы мен эстетикасын үлкен ынтамен зерделей жүріп, ол Әл Фараби, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Йассауидің трактаттарын оқыды. Білімге құмар, дарынды бозбала Абай Бақырғани Сулейменнің, Суфи Аллаярдың, Захириддин Бабурдың шығармаларынан сусындады.

М.Әуезов араб-парсы мәдениетін тереңдетіп оқып-үйренген Абай, түрлі дәуірлердің Рашид-ад-Дин, Мұхамед Хайдар, Абалғазы Бахадурхан, Захириддин Бабур сияқты тарихшыларынң еңбектерін жақсы білетін деп жазады. Өзінің монографиясында М.Әуезов Абай оқып шыққан көптеген Шығыс классиктерін атап көрсетеді: «мұсылман дүниесінің көптеген ірі ақындарымен Абай жас бала кезінің өзінде-ақ танысып үлгергені сөзсіз». Шәкірт Абай аты әлемге әйгілі ақындардан рухани қолдауын өтініп, бата сұрайды: «Шәмси, Саади, Физули, Хафиз, Науаи, Сайхали, Фирдоуси – жас ақынға жар болыңдар, ұлы ақындар!»

М.Әуезов өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» атты тарауында Абайдың оқыған кітаптарының ауқымын көрсетеді: «Көктем шыққанша оның айналысатын ісі тек кітап оқы еді. Медреседен кейін алғаш рет ол кіткпқа біржола бас қойып, күнұзаққа соларды оқумен болды. Осы уақыттың ішінде ол араб тілі мен парсы тілінен үйренгендерінің біразын ұмытып та үлгерген еді. Ғабитханнан алған сөздіктер оған көмек болды. Ғабитхан молда кітап оқығанды аса жақсы көретін. Оның кітаптарының ішінен Абай Фирдоуси мен Низамидің, Физули мен Науаидың «Жәмшит» пен «Мың бір түн», «Тариз» - Табари, «Зылиха-Жүсіп», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Көрұғлы» шығармаларын тауып алды. Абай оларды бас алмастан оқыды».

Шығыс классиктерінің шығармаларының Абайға жасаған ықпалы оның бірқатар туындыларынан анық байқалады. Бозбала шағында ол «Жүзі – раушан, көзі - гауһар», «Физули, Шәмси, Сайхали» және «Әліпби» өлеңдерін жазды. Абайдың махаббат лирикында Шығыс класииктерінің рухы білінеді. Абайдың философиялық-моралистік «Масғұт», «Әзім» әңгімесі, «Ескендір» поэмаларындағы Шығыстың әсері сөзсіз. Араб-мұсылмандық Шығыс Абайдың шығармасында сыни тұрғыдан қайта бағаланған, ақынның өзіндік шығармасында сыни тұрғыдан қайта бағалағанған, ақынның өзіндік дүниетанымы арқылы қабылданған күйінде бейнесін табады.

Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: "...қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ. А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады",— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.

Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі құрбыларынан ерекше мұнда не үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз — бу һәммаси

Мәдәт бер я шағири фәрияд.



Түркі, араб, парсы сөздері аралас бұл шумақты қазақшаласақ, шамамен:

Фзули, Шәмси, Сейхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз — барлығың

Медет беріп жырыма,

Ақынның бағын жандырғын,— дегенге келеді.


Мекемтас Мырзахметовтың «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары», «Абай мұрасының зерттелу жайы» еңбектері жайында.

Монографияның үшінші тарауы —"Абай мұрасының шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеулерінде". Жұртқа белгілі, М.Әуезов әдебиетке әрі суреткер, әрі ғалым болып келді де, осы екі саланың да шырқау биігіне бірдей көтерілді. Соңда М.Әуезов көтерілтен бұл көп тұғырлардың ішінде ең биігі "Абай жолы" эпопеясы мен ақын шығармалары жайлы монографиясы болды: ол осы қос еңбегінде Абай сияқты данышпан адамның ақыл-ой дүниесінің "тамыр тартқан тереңін аша көрсетіп", яғни оның танымы мен білімінің негізіңде жатқан қайнар көздерді дәл көрсетіп, әрі сол қайнарлардан бөлекше боп туып, өзінше қалыптасқан абайлық дүниені тереңдеп танытып, қазақ әдебиетінде Абай шығармалары арқылы келіп туған ақыл-ой қазынасының тарихын жасады. Ал абайлық бұл ой дүниенің бір арнасы шығыс әдебиеті болатын.

Міне, Мекемтас бұл үшінші тарауды Абай мұрасынын осы қайнар көзіне арнаған. Және автор дәл осы тарауда М.Әуезов еңбектеріне өте тереңдеп барады. Ғалымның пікірлерін негізге ала отырып, ақын шығысы жайлы өте тың, қызық тошылаулар жасайды. Бұл тараудың алғашкы бөлімінде автор тагы да өзінше шешім тапқан. М.Әуезовтівтің ақын шығармаларындағы шығыстық белгілер жайлы зерттеуіне кіріспес бұрын, ол әуелі бізге Мұхаңның ғылымға келу, ірі ғалым боп қалыптасу жолынан, әсіресе Шығыс әдебиетінің зор ғұлама ғалымы боп қалыптасу жолынан мол дерек береді. Автор "Абай шығармаларыңдағы шығыстық арналы белгілерді анықтау мәселесі зерттеуші атаулыдан жалпы мұсылман шығысы мәдениетін, философиясы тарихы мен ұлы классиктер мұрасын өз дәрежесінде түпнұсқадан оқып меңгеруді талап ететін" (Аталмыш кітап, 139-6.) — деп, бізді Абайтанудың өте бір қиын да, жауапты да, әрі міндетті де, шартына тұқырта бой ұсындырып алады да, Мұхаңның осы салада шын білгір боп шығу жолын, сөйтіп Абайды қапысыз тануынын негізі қайда жатқанын жеткізе айтады. Сөйтіп бұл тарауға әрі ғылым жолындағы Мұхтарды таныту сияқты зор міңдет жүктелген. Шындап келгеңде, бұл тарау да М.Әуезовтің ылыми өмірбаянының бір саласы боп әдебиеттану ғылымына кіріп отыр.

Автор М.Әуезовтің ақын шығысын тану жайлы пайымдауларына үш саладан — ғылыми-зерттеу еңбектер, архивтік қолжазба дүниелер, "Абай жолы" эпопеясы арқылы еркін барып, Абай шығысы жайлы проблеманы ірі-ірі төрт тақырып ("Абайдын ақындық кітапханасы", Абай және шығыс классиктері", "Абайдын исламиятқа қатысы", "Абайдың мораль философиясына қатысы") аясында сөз еткен.

Осы арада автордын мына ескертуін оқушының білуі анық керек болады: Ол былай дейді: "Абай шығармаларын ғұмыр бойы қол үзбей үңіле зерттеген М.Әуезов қаламынан туған ұлы ақын мұрасының шығысқа қатысы жайлы ізденістерінің бәрі де осы төрт сала проблема маңына үйірілген. Бірақ әр сала жайындағы ой-пікірлері жеке дара өз алдына дербес зерттелмей, көбінесе, Абай шыгармаларын хронологиялық жүйе тұрғысынан қарастыруы (Бұл жерде Абай шығармалары жайлы монорафия ескеріліп отыр.— Қ.Ө.) себепті, ұлы ақын туындыларыңдағы шығыстық арналы белгілерді кезеңіне қарай арнайы сөз еткен тұстарда ғана айтылып отырған. Сондықтан да М.Әуезов зерттеулеріндегі Абай мұрасының шығысқа қатысы жайлы зерттеулерінің тарихымен жете таныс ғалымдар болмаса, оқырман қауым жоғарыда аталған төрт салада ғалым тарапынан айтылған ойлар желісін қармағына оңайлықпен түсіре бермейді де" (Аталмыш кітап, 143-6.). Автордың бұл ескертуінде, тіпті күдігінде, шындық жатыр. М.Әуезовтің Абай жайлы монографиясымен таныс болмаған кісі жоғарғы проблемалар Мүхаң зерттеулерінде осы жүйе-желіде, жік-жігімен, ап-анық қалпында айтылған екен деп қалуы сөзсіз. Тіпті де олай емес. Абай мұрасының шығысқа қатысы ғалымның тереңдеп, өрістетіп зерттеген проблемасы болғанмен, оны ғылым тілінде кезінде анық, еркін айтып үлгірмеген де Абай шығармаларының шығысқа қатысы жөніндегі танымға күмәндану немесе әр кезде де дәлелсіз, негізсіз терістеуге оңай түрпайы социологиялық әдіске сүйенген әрекеттер абайтану саласыңда өріс алды да, М.Әуезов кезінде айта алмаған ой-пікірін эпопеяда көркемдік формада жеткізуді өзгеше тәсіл етіпті (М.М., 143-6.).

Айталық, "Абайдың ақыңдық кітапханасы жайыңда" бөлімде автор эпопеяда атақты шығыс классиктері, ғұлама хакимдер мен тарихшылар, көптеген шығыстық қисса-дастандар тіпті мектеп-медреседе оқылатын оқулықтар баршасының аталу, келу, сөз бөлу реттеріне тоқталған, яғни Абай ойлары мен ғылыми мәнге ие терминдік сөздері негізінде келіп М.Әуезов тапқан абайлық ғалымдар ортасының, ақын кітапханасының эпопеяның ұзына бойында, Абай жолының өсуі, өрлеуі барысына орайластыра отырып сөз болу тәсіліне тоқталған. Бұл да бір ізденудің, табудың, авторлық жаңа түрі. Сөз жоқ, егер біз Абайды терең білмесек, Мұхаңа тән бұл "жабық лабораторияға" кіре де алмас едік, бұл лаборатория ескерілмей, ашылмай қала да берер еді. Керісінше, Мұхана тән бұл лабораторияны бізге Мекемтас ашып беріп, Абайдың өзін бұрынғыдан да гөрі, тереңірек, молырақ тануымызга жағдай жасап отыр. Сөйтіп Мұхаңды тану абайтануға тағы да бір кілт беріп отыр. Автор Мұхаңдық осы кілтті жақсы тауып, Абайдың бізге әлі де беймәлім шығысын аша түскен. "Ақынның біз көз жазып қалған творчестволық лабораториясын, яғни өнер жолыңдагы дамуы тарихын "Абай жолы" эпопеясынан тапқан.

Мекемтас Мұхаңның архивіне барып, оның "Алдағы уақытта Абайдың Науаи, Низами, Фзулилерге қарым-қатынасын зерттеуді тарихи принципке құра отырып, бұл қатынастағы екі түрлі кезеңнің, яғни: шығыс классиктеріне еліктеген жастық шағы (1860-1865) мен Абай творчествосының марқайған тұсындағы (1886-1890) негізгі айырмашылықтарды анықтау керек (Аталмыш кітап 156-6.)— деген сөзін келтіреді. Осы ойын М.Әуезов жариялаған еңбегінде де айтқан: Абайдың орыс классик поэзиясынан алған үлгісін мол бағаламак болған, дұрыс ниеттегі кейбір тексерушілер "Абайға шығыс поэзиясының әсері де болған" деген пікірлерге қытықтанып, шамданып аз ізденумен, арзан еліктеу түрінде барган болса, бері келіп, әбден қалыптасып, ұлы реалист, шебер классик, мастер болған шағында да сирек түрде болса да оқта-текте айналып соғып отырады... тек ескерте кететін нәрсе, Абай-дың барлық поэзиялық мүрасында шығыстың орны, орыс классик поэзиясы орнынан әлдеқайда аз. Бірақ жалпы алғаңда, жаңағыдай анықталған жақын шығыс мәдениетінің әсері болғанын атамауға болмайды. Ол жәй, Абайдың ақындық нәр, қор алған тектері, іздену өрісі, жалпы ойшылдық, ақындық диапозоны кең болғанын көрсетеді" (М.Әуезов, Әр жылдар ойлары, 75-6.) – деп, Абайдың бұл өрісін өз заманынан бойы озған ерекше қасиеті, қараңғы қазақ сахарасынан көтеріліп, әлемдік мәдениетке кең құлаш жаюы ретінде бағалайды.

М. Мырзахметов Абайдың орыс классик әдебиетінен ауысқан ой пікірі жайлы мәселені (оның қазақ әдебиетіңде көбірек сөз болуын да ескеріп) келесі кітапқа қалдырған да; бұл жолы оның белгілі бір жағдайларымен кедергі тосқауыл қойылып, өте аз сөз болған шығысына барған. Онда да М.Әуезов ойлары ізімен тереңдеп сөз болмаса, ұлы ақынды тануда жарты жолда түрып қалатынымызды ескере отырып барған. Және де абайлық шығысты айтуда өзінің де бұл саланы мол білетіндігін, еркіндеп бара алатын каруы барлығын танытады. Мұнымен ол М.Әуезовтің «Абайдың Науаи, Низами, Фзулилер мен Қожа Ахмет Иассауидің "Хикметі" типтес мистикалық суфизм әдебиетіне қатысын өте катал түрде ажырату керек» (М. Әуезов архиві, 255-п. с. 23)— деген талабына орай тұстан келіп барып, осы міндетті өз қалінше орындап шыққан.

Жұртқа белгілі, XIX ғасыр Европа үшін Шығыс «серінің әлдеқашан ықпалы тоқтаған дәуір болса да, қазақ даласы үшін олай болған жоқ. Қазақ даласына классикалық шығыс та, ислам шығысы да басқа емес, дәл осы ғасырда мол енді. Әсіресе соңғы шығысты әкімшілік қазақ даласына жеделдетіп енгізді. Басқа емес дәл осы кезді Шоқан Уәлиханов "Қазақтар арасына мұсылман заңдары өкімет тарапынан тамаша бюрократтык жолмен енгізіліп отыр... Округтік приказдарда молда тағайындап, мешіттер мен татар медреселерін салуды ұйғарып, ұлы Сперанский Мұхаммедтің Сибирь даласыңдағы апостолы болып отыр" (Шығ., 1-том, 521-6.)— деп, өткір сынады.

"Қазақ даласына адам нанғысыз фантазия, зәредей ақиқат ой жоқ өлі схоластика" ислам дінін, татар оқуын тарату арқылы халықтың санасын топастандыру, "құдай жолына адалдық" дегенмен дін қызмет етіп отырған әкімдікке қарсы шықпайтын дін қызметшілер дайындап шығару шаралары жүргізіліп жатқан бұл ортадан Абай шықты. Ол да жаңағы медреседе оқыды. Ал кейін өздігінен молынан ізденіп, көне Шығыс пен жаңа Батыстан қатар нәр алып, үлкен ойшылдық, ұстаздық қалпына көтерілген кезінде де жалпы дін жолын ұстанушы болып қала берді. Осы Абайды М.Әуезов былай бағалаған: "Шығыс жағынан алған нәрдін бәрін Абай өз ақылымен, сыншы, ойшы ақылымен, бірақ, әрине, санашылдық жолымен өзінше қорытып алады. Бұған кірген бұйымдардың басы ислам діні, онан соң Шығыс поэзиясы және мұсылман ғылымының ілгері-соңғы ғұлама философиялық сөздері болды" (М. Әуезов. Абай Құнанбаев..., 236-6.).

Абай Шоқандай ислам дінін, оның таратушыларымен қоса сынамағанмен де, әлеуметтік мәселеде казақ ішіндегі, бүкіл мүсылманшылық ғылымындағы дін ұстаздарына, қатты сын айтады, соққы береді. Бірақ Абай бүкіл Батыс ағартушыларының дін жолында болғаны сияқты өзін ол діннің ішінде көреді. Мұхаң сөзімен айқанда, "көп діңдер көп мүұсылманның бірі" боп қала береді. Бірақ Абайдың дінін және оның дінге қатынасын осылай екі жағынан көрсете келіп, "жалпы айтатын бір жәй — қай кезде болса да, Абай дінсіз емес, қайта діңді түтынушы, иланушы адам болды... Дінді түсінудің, тұтынудың және бағалаудың жайындай, әрине, заманындағы исләмшіл дін басылардың, апологеттердің ұғымынан сан рет аулак, алыс кететін пікірді Абай өлең сөздері мен қарасөздерінде көптен-көп танытады. Кейде оның діні шартты түрдегі тек адамгершілік мақсатына ғана арналған дін болатыны бар" (М.Әуезов. Абай Құнанбаев, 154-6.)— дейді.

Абайдың ағартушылық идеясы және осы жоддагы күресі оны өзі ортасыңда жүрген адамдардың санасын оятуды, оларга ақыл беруді, ізгілікке, түзу жолға — адалдық, адамгершілік, еңбек, білім жолына түсіруді ілгері шығарады. Ал надан, тәрбиесіз ортаның әсерімен адам бойында пайда болған нешеме жамандық: дұшпандық мінез-әрекеттер бүған кедергі болды. Ал өздерінің реакциялық қараңғы нанымдарымен халықтың санасын уландырып, шырмап келген дін иелерінің күнде іске асырып отырған "үгіті", "оқуы", әрекеті халықтың өз надандыгы тапқан нанымын, мінезін, әрекетін түзетуден гөрі де ауыр жүк болды. Сөйтіп Абайдың алдында екі жақты күрес тұрды. Сонда өзіндік тапкан бір құралы дін болды. "Моральдық философияның, педагогикалық мұраттардың негізін діндегі негіздермен қабыстырып беруді" (М.Әуезов) мақсат етті.

Әрине, бұл Абайдың бұл жолы ғылымда жаңа жол емес еді. Батыс Европа ағартушылары үшін басып өткен жол болатын...

Міне, Абай мұрасының кезінде кей жұрт "қытықтанып, шамданып" қараған, бірақ біздің жоғарғы оқу орындарымыздың программасы деңгейінде алған білімімен келіп қазақ оқушылары тіпті ала алмайтын терең тамырларының бірі жайлы М.Әуезов тезистік түрде, бірақ соншалық анықтамалық формада пікір айтқан. Ал М.Мырзахметов болса Мұхаңның осы пікірлерін өзекті желі ете отырып Абайдың шығармаларына өзінше, бұл күнге дейін жұрт ойына келе бермеген жолмен барып кіреді. Ал бұл жолда автордың тапқаны да мол. Оқырманга ұсынғаны да көп. Өзіміз күнде болмаса да күнінде оқып, бірақ өзімізде ол саладан білім, таным болмаган соң көңілімізде ассоциация тумай, сәулесі ойға, көңілге түспей, тасада қала беретін көп сөздердің, неше алуан пікірлердің астарын ашып, оқушыны Абайдың ой әлеміне жаңа бір жағынан кіргізіп отыр. Және де осы ой әлемін жай көзбен көре алмайтын, жадагай біліммен ала алмайтын оқушының қолына жан-жақты талданған еңбек ұсынады, арғы-бергіден дәлелді пікірлер келтірген, жақсы таратып баяндаған еңбек ұсынады.

Бұлардың ішінен "Абай танымындағы хауас мәселесі", "Абайдың жауанмәрттікке қатынасы", "Абай шығармаларындағы "адам болу" шарттары", "Абайдың жүрек культі", "Абай ойының өзекті желісі —"толық адам" (187-258-беттер) деп тақырыптар қойып барып, сонау әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Абу Хамид әл-Газали, Науаи т.б. таратып мұсылман философиясында бұл мәселелердің қойылысы, сөз етілу жайын, ал бұлардың Абайда қалай айтылу, түсінілу, баяндалу, мағына берілу жайын сөз еткен тұстарды бөліп атар еді. Бұлар осы монографияның абайтануға алып келген өзіндік олжасы. Басқа емес, монографияның дәл осы тұстары арқылы біз бірінші рет:"мен" мен "менікі", "тән", "тән қуаты", "тән құмары", "жан", "хаиуан жаны", "адам жаны", "жан сыры", "жан қуаты", "жанның жарығы", "жанның кәсіби қуаты", "жанның тамағы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса заһири", "сөз суреті", "өз суреті", "үш сүю (иманигүл)", "нақылия дәлел", "ғақылия дәлел", "мутакәлимин", "мантиқ", "адам болу", "толық адам", "жарым адам", "бенделіктің кәмалаттығы" т.с.с. көп-көп терминдерді әзінін толык түсініктемесімен кездестіріп отырмыз.

Мұның өзі бір жағынан тамыры өте тереңде жатқан ғылыми терминдердін Абай шығармаларында мол екендігін көрсетсе, екінші жағынан, "өз суретімен" біздін түсінігімізге сәулеленбеген "құпия сөздердің", "Құпия пікірлердің" Абайда қанша екенін біздің әлі күнге дейін білмейтінімізді де көрсетеді.

Мекемтас сондай "құпия сөздердің", "құпия пікірлердің" біразының сырын ашып, бұл сөздердің жұрт ойлағандай, "таза діни мағынадағы", "ислам уағызындағы" сөз болмай, Абайдың мораль философиясының, түптеп келгенде, ағартушылық идеяларынын мүлкі екенін анықтап беріп отыр.

Егер қазақтың қоғамдық ойы тарихының тұрғысынан, қазақтын ағартушылық әдебиеті тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ-ақ, біз бұл сөздердің Абайда болуының тарихи мәнін анығырақ шамалаймыз. Және ол сөздерді (терминдерді) ғылымның бүгінгі мүлкіне айналдырып, оны "діни сипатынан" аршып алған М.Мырзахметовтің сіңірген енбегін анығырақ түсінетін боламыз.

Бұл тараудың тағы бір артықшылығы мынау. Автор М.Әуезовтің "Абайдың діні сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні" деген тезисінен шығарып барып, Абайдың ағартушылық идеяларын насихиттауда бір күрес тәсілі, идея өткізудің бір құралы етіп пайдаланған "дінін'" ғылыми жүйеде кеңінен ашып қана қоймайды, ол Абай шығысын, оның М.Әуезов танымындығы сипатын терендеп баяндап жеткізе отырып, бір кезде осы саладан келіп, қазақтын бұл екі ұлы данышпанына айтылған "сынсымақтарды" қатты әшкерелейді де. Сөйтіп, өзінің зор ғылыми дәлелдеулерімен казақ әдебиеттану ғылымынын Абайды тану тарихында таңбадай болған өткен күннін еншісі болған бұл мінді түзейді.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Шығармашлығынан түсінгендерін «INSERT» кестесіне толтыру.



INSERT (түртіп алу жүйесі)

Білемін V

Мен үшін жаңа +

Білмеймін -

Ізденемін ?







Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық өмірінде қандай роль атқарды? Дәлел келтіріңдер.


Сабақты қорыту.

«Белгілі бір жүйемен»



л

и

в

е

а

л

і

р

м

а

ө

т

м

к

ү











Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, «Абай афоризмінің» авторының аты-жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).



Үйге тапсырма: Өлеңдерін жаттау.




Просмотр содержимого документа
«6.Абай және орыс әдебиеті»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

6


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері туралы ұғындыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі:

1) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;
 2) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
 3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

Абай және орыс әдебиеті. Абай – қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер. Абай заманы, ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез – қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының – патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Россиядан көшіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы – білім-ғылым үйрену еді.

ШоқанУәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы түсініп, ұлттық ұранға айналдырды. Олар Россиямен қарым-қатынасты күшейте түсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерін ел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын сезді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады.

Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас көбеймесе азайған жоқ. Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімелер жинағы, «Шахнама«, «Сейфул-Мәлік», «Таһир-Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа құбылыс еді.

Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Россияның тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған ұлық-әкімдердің озбырлықіс-әрекеттерін білу үшін де қажет еді.

Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеалдардың жаршысы бола алатыны көп оқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қалмағаны анық. Абай жас кезінде-ақ орысша хат таныған. Ол 13 жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде «Приходская школаға» түсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты – жасы 30-дан асқан кезі.

Абайдың Семейге жер аударылып келген Е. П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 жылы Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 жылы Семей кітапханасында Л. Толстойдың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс кезінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі кездесіп, кеңесетін болған.

Жасынан Н. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына көңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой- пікірлерінен терең мағлүматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз. Жергілікті халық – қазақтың өмірін, тұрмыс-жағдайын жете білу оған да аса қажет еді. Михаэлис кейінірек Семейде құрылған Статистикалық Комитеттің хатшысы қызметін атқарып, қазақ даласының шаруашылық, географиялық жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткенін ескерсек, оның Абайдан көп нәрсе естіп-білгені, үйренгені анық. Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс сияқты Семейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын танысады. Бұлар жас кезінде революциялық қозғалысқа қатысып көзге түскен, ал кейін орыс мәдениеті мен ғылымына өз

қалдарынша елеулі үлес қосқан адамдар.

Сондықтан олар Абайға орыс халқының өмір-тұрмысынан әр түрлі мағлұмат берген болса, соның өзі оның орыс мәдениетін, әдебиетін еркін игеруіне себін тигізген деуге лайық. Ал әдебиет, тарих, қоғамдық мәселелерді айтсақ, Абайдың ой-өрісін, дүние-танымын кеңейтіп, шырқау биікке көтерген, әрине, орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Л. Н. Толстой, Н. А. Некрасов, И. С. Тургенев, М.Е. Салтыков-Щедрин секілді ең көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып, олардың озық ой-пікірлерімен тікелей танысуы екенін атап айтқан жөн.

Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды

жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге көп күш жұмсаған. Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық. Жоғарыда аталған «Русский Вестник» журналымен қатар, 1909 жылғы Абай өлеңдерінің жинағында берілген Кәкітай Ысқақұлының мақаласына қарағанда, ақын Чернышевскийдің «Современник» журналында басылған әдеби шығармаларды оқып отырған. Орыс әдебиетінен оқығаны қаншалық көп болса да, Абай поэзиялық шығармаларды аударуға немесе еркін тәржімелеп, сарындас өлең жазуға келгенде үлкен талғампаздық танытып, кейбір өлеңдерді іріктеп қана алған.

Пушкин, Лермонтов, Крыловтан басқа ақындардың шығармаларын сирек аударған. Я. П. Полонскийден «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы...», И. А. Буниннен «Қорқытпа мені дауылдан» деген өлендер, басқа ақындардан тек екі-үш өлең ғана аударады.

Абай аудармалары жайлы сөз болғанда, алдымен айқындап аларлық жай – олардың бірталайы бүгінгі қалыптасқан мағынадағы аударма емес, Абайдың қолынан шыққан бара-бар, дәлме-дәл аударма дерлік өлеңдер бар да, сонымен қатар еркін тәржімеленген, әр түрлі өзгерістер енгізілгендіктен сарындас шығарма дерліктей сипат алғандары және аз емес. Осы топтағы шығармалардың ішінде төлтума туындыға айналған өлеңдер де бар. Сондықтан аударма өлеңдердегі сәйкес дәлме-дәл түсетін түстарын артықшылығы, ал өзгеше, өзгертіліп берілетін жерлерін кемістігі деп санау қисынға келмейді.

Өйткені Абай аударып отырған өлеңінің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізуге үнемі ұмтылмайды, «Жарым жақсы киім киіп...» деп басталатын Онегиннің елердегі сөзін Абай түгелдей өз жанынан шығарған, «Евгений Онегин» романында Онегиннің өлімі туралы тура ештеңе айтылмайды. Рас, қолжазба нүсқалардың бірінде Онегиннің аузына «Мен неге оқтан жарақаттанбадым?» («Зачем я пулей в грудь не ранен?») деп сөз салатыны бар. Бірақ Онегиннің өлімін айтуы Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі деп санаған орынды.

Орыс әдебиетіне зер салғанда Абай назарының алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес-ті. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмүны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлдем жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оныңеміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі – «Қозы Көрпеш - Баян сқлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы кезінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын ұлы Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді.

Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі - «Евгений Онегин» шын мағынасында халықтық шығарма. Мұндағы басты кейіпкерлердің төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ ең маңызды нәрсе – Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга – осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы — осалдығы болып шығады. Мұны кезінде Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын.

Пушкин өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың кұнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірініңэнциклопедиясы»болды. Әрине, Пушкиннің дастандары «Борис Годунов» атты драмасы, «Дубровский», «Капитан қызы» секілді шығармаларында сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи оқиғалар, мол өмір шындығы жатыр. Алайда «Евгений Онегиннің» алатын орны ерекше. Бұл – Пушкиннің ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының сұйікті перзенті, Пушкиннің тұлғасы «Онегинде» көрінгендей ақын тұлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар ете сирек кездеседі. «Мұнда оның бар өмірі, барлық жан сыры, барлық махаббаты да, сезімдері, ұғым түсініктері, идеалдары да айқын көрініс тапқан» деген Белинскийдің пікірі көп жайды аңғартады.

Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сұйікті өлеңдердің біріне айналуы - ұлы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Татьяна әнінің осындай көпшілікке жағымды болуының сыры қазақтың өлең-жырға, әнге құмарлығында ғана емес, орыс халқының өміріне қазақ жұртының мейірімді сезіммен қарағандығында еді. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, қазақ әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті.

Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес. Ол өз дәуіріндегі қазақ әдебиетінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондайжұкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек.

Әсет, Әріп сияқты ақындардың «Евгений Онегинді» дастан етіп айтып жүргені Абай орнықтырған дәстүрдің сол кездің өзінде-ақ жалғастық тапқанын көрсетеді. Абай Пушкин шығармаларынан «Евгений Онегинді» айрықша бағалап, үңіле зерлеп, таңдаулы үзінділерін қазақша өлең еткен болса, орыстың лирикалық поэзиясынан көптен-көп сүйіп аударғаны – М. Ю. Лермонтов өлеңдері.

Өзі әдебиетке Пушкиннің ізін суытпай келген, оның дәстүрлерін тікелей жалғастырған десек, Лермонтов екеуінің ақындық тұлғасында айырмашылық аз емес. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясын салыстыра келіп, Белинский олардың тарихи тамырын анықтау үшін осы екі ақынның екі дәуірде өмір сүргенін айтқан болатын. Пушкин декабристер қозғалысы бел алған, декабристік идеялар әбден тарап өрістеген дәуірде өмір сүрсе, әдебиет майданына сол кезде шыққан болса, Лермонтовтың әдебиетке келген кезі – онан кейінгі дәуір, декабристердің қозғалысы сәтсіздікке ұшыраған дәуір, жаңа революциялық күштер әлі қалыптасып жетпеген кезең. Сондықтан да Белинский Лермонтовтың жырларынан, әр сөзінен ерекше кұш-жігер, қуатты леп еседі, бірақ оларда Пушкин поэзиясына тән жарқын үміт, сенім жоққа тән деді. Лермонтов поэзиясы, сыншының айтуынша, жанды тітіркендіріп, жүректі мұздататындай сауалға толы. Олай болса, Лермонтов - Пушкиннен кейінгі дәуірдің, енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен ұміт ұзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы. Арынды жігер, қажырлы қайрат, әрекет-күрес сағынған ақынды осынау заман туғызған. Тіпті Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлауы есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді терең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жасЛермонтовтыңөлеңдеріноқыған адам тұтқиылдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді. Өмірдің әрбір кұнін өлмес, өшпестей ете алсам деп арман етеді ақын. Әрекетсіз, күрессіз өмір бос, ынтасыз, іске ықылассыз қызық жоқ дейді ол.

Ал Лермонтов поэзиясының бір берік қазығындай «Ой» деген толғау-жырын еске алсақ, оның Абайдың назарына тегін ілікпегенін байқай аламыз. Дүние, өмір жайлы тынымсыз ойға батып, бәрін сынап, ақылменен саралап, асқақ қиялға, үміт пен арманға әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы, бәрі де осы өлеңінен мол сезіледі. Қақтығысы, қалтарысы есепсіз өмірде әділет пен шындық жол таба алмай қамауда қалып жатса, ал сол өмірдің ызғарын айықтыратын күш әлсіз көрінсе, қайғы-мұң неге болмасын. Мейірімсіз қатал заман жан түршігер зорлық, озбырлыққа жол берсе, ыза, кек неге тумасын.

Рас, ақынның ортасын қомсынатыны да бар. Бірақ бұл озық жандарға бойы теңдес адамдар көбейе, молая түссе, олар сол ортада үлкен іске орайлас жай-жағдай таба алса деген тілектен туады. Ақынның заман соққысына мойымайтын, қайта өмір ауыртпалығы ширата түсетін тасқындаған қайрат-жігері бар адамды көксеуі де осы келешекке сенім артуымен сабақтас. Осының бәрін былай қойғанда бұл өлеңнің салмағы тек қана сынында емес. Өйткені ақынның нені жек көретіні, нені жоққа шығаратыны қандай айқын болса, нені құптайтыны, қандай іс, өнеге өріс алсын дейтіні де соншалықты ашық, айқын. Осының шығарушысы, айтушысы өмірдің қызығын тебірене сезінбейді деудің өзі тіпті қиянат.

Ақын жаны кейісе де, күйінсе де, көңілді үміт қозғап, алыс арман толқытып, содан барып жыр шертетіні байқалады. Лермонтовтың осындай өлең-жырларының бағыты, идеялық өзгешелік сырын тереңірек түсіну үшін оларды басқа өмірге деген орасан зор сүйіспеншілік сезімі, жалынды махаббаты тікелей, айқын көрінетін шығармаларымен қатар алып қарастырған жөн. Сонда «Ой» және «Әм жалықтым, әм жабықтым...» сияқты сын, сықаққа лық толы, қамыққан көңілдің күйін шерткендей жырларды жазған Лермонтов болса, өмірге құмарлық, оның қызығына құштарлық, ынтықтық асқан ақындық қуатпен белгі берген «Дұға», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз...» сияқты жырларды туғызған да сол Лермонтов екенін айқын аңғарамыз.

Бұл тұста Лермонтовтың халықтың, қауым елдің жоқшысы, бейнет шеккен көптің жоқтаушысы ретінде әсіресе айқын керінетін және осындай ойларын дәлдеп, туралап айтқан шығармаларын атасақ болады. Соның ішінен «Өзіңе сенбе жас ойшыл...» атты өлеңін алсақ, осы бір ғана сом бітімді, сондайлық шебер келістіріп жасалған поэзиялық туындының өзі-ақ ұлы ақын ауыр азап шеккен бұқара халықтың тағдырына қандай жанашырлық, жақындық сезіммен қарағанына толық дәлел боларлықтай. Қорлықта, езуде жүрген, есесі кетіп, еңсесі түскен кедей - көптің қажырлы-беріктігін. жасу-налуды, күйініш-күйреушілікті білмейтін орасан төзімділігін айтып сүйінсе, бұқараның осындай қиын хал-жайын білмей нағыз енімді, емірлік күші бар поэзия туғызу мүмкін емес деп қорытса, мұны халыққа қамқорлық еткендік, оның қамын жегендік демей не дейміз?

Бұл жерде көңіл қоярлық мәселе мынау – осы айтылғанның өзі де белгілі бір шығармалар тобына ғана тән, солармен шектеліп жатқан ой-пікір емес. Осыған жақын пікірді талай-талай өлең-жырларынан, мысалы, «Ақын» деген жырынан да кездестіреміз. Тегінде, Лермонтов бір өлеңдерінде азаматтық намыс-арын жоғары ұстайтын адамның бұлжымайтын беріктік, тұрақтылығын қастерлеп отырса, ондай жанды кеудесін толқын қанша ұрса да, мызғымайтынжартасбейнесіндекөрсетсе, енді бір өлеңдерінде тартыс жолын, күрес жолын қалаған ақын-жыршының қайсар, ешкім бас имейтін табанды, темірдей берік болуын талап етеді. Мұқалмайтын, қайтпайтын алмас қанжардың бейнесі – Лермонтов шебер жасаған тұлға – ақынның осындай алғырлығы, таңқаларлық табандылығының символындай болып поэзия қазынасынан берік орын алды.

Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Ол орыс ақынын айрықша жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, ең бір өзіне үндес сезінген адамы Лермонтов. Абай ұлы ақынның, тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек-талабын, мұңын ұға алатын дәрежеде еді. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың ыза-кегі, наразылығы орыс халқының, езілген қауымның кегін, наразылығын танытатынын, оның қайғы-мұңынан, налуынан ел мұңы, халық мұңы көрінетінін сезінді.

«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен», «мыңмен жалғыз алысқан» ақын, өзі де ашу-кекті, ызаны «жалын мен оттан жаралған» жырларына нәр еткен-ді. Оның «қаны қара бір жанмын, жаны жара» деп ашулы мұң шерткені де белгілі. Лермонтовты ол ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын» деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді. Абайдың ұлылығы алдымен лирикалық поэзиядан анық көрінетіні айрықша дәлелдеуді қажет етпейді. Абай қазақ әдебиетіне, поэзиясына лирикалық шығармалардың бұрын орын теппеген, таралмаған жаңа түрлерін енгізді десек, соның ішінен адамның жан дүниесін суреттейтін өлең-жырлар, ақындық өнерді, оның қоғамдық мәнін айқындайтын өлеңдер, табиғатты суреттейтін өлеңдер тобын еске алуымызға болар еді. Осы шығармалардың мүлде жаңа әдеби дәстүр орнықтырғаны айқын-ақ. Әрине, қанша тың, соны болса да, бұлар - қазақ топырағында туған жаңалық. Халықтың өлең-жыр теңізіне терең бойлап өскен жеміс. Сонымен бірге олардың ішінде суреттеу әдісі, тәсілі жағынан орыс классикалық әдебиетінің үздік туындыларымен, Пушкин, Лермонтов шығармаларымен үндес көрінетіні де бар екеніне ешкім таласпас. Абайдың кейбір өлеңдері әлеум. өмірдегі орнын, мақсат-міндетін терең түсіну, өлең сөздің халықтық сипатын жоғары бағалау жағынан Пушкин, Лермонтов шығармаларына ұқсас келсе, тағы бір топ өлендері адамның ішкі сезімін және табиғат көрінісін таңқаларлық көркемдік шеберлікпен суреттеуімен, өмір шындығын мейлінше айқын, әсерлі көрсетуімен соларға жақын сезіледі. Мұндай ұқсастықты өмірдің өзі туғызған бірнеше ақынға ортақ белгілер деп таныған жөн. «Өзіңе сенбе жас ойшыл...» өлеңін Абай Лермонтовтың ақынның қоғам алдындағы міндетін түсінуі өз эстетикалық көзқарастарымен үйлес болғандықтан аударған. Өнерпаздық жолға түскен жас ақын құрғақ қиялдануға, өзімен өзі болып, әлденеге кейіп налитын әсерленгіштікке бой алдырмай, өмірдің ауыртпалығын көріп, азабын тартып жүрген адамдардың мұңын түсіне білсе ғана нағыз құнды, татымды поэзиялық шығарма тудыра алады деген осы өлеңнің негізгі идеясын Абай қазақ өмірінің жағдайына сәйкестендіріп еркін жеткізеді. Лермонтов жас ақынға сахнада жасанды, ойыншық семсерді оңды-солды сілтейтін трагедиялық актерге ұқсап елге күлкі болма дейтін болса, Абай ол кезде театрды білмейтін қазақ жұртшылығына түсініксіз бұл салыстыруды қолданбайды, оның есесіне жеке бастың мұңын айтып, «басқаға мазақ болма» деген ойды үстемелей түседі.

«Күлкі болмай қой, жаным,

Сен бүйтесің, ол қайтті?

Олар көрген арманын

Кімге шақты, кім айтты?..»


«Альбомға» атты өлеңінде Абай поэзиялық шығарма кімнің қажетіне жарайды деген мәселені қозғайды. Бұл тұста ғақлияларының Бірінші сөзіндегі мына жолдар ойға оралады: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, «керегі жоқ» десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Осындай пікірін Абай өлең жайында да айтқан («Өзгеге көңілім тоярсың...»). Енді Абай Лермонтовтың өзіне үндес шығармасын аударып, мынаны айтып отыр:


«Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,

Бұл көңілсіз дұниеден көп жыл өтер.

Өзі қысқа, өзі асау, тентек өмір,

Арттағыға бір белгі қойса нетер?


Кім біледі кез болса арттағылар,

Ойға салып оқыр да, сөзін сынар.

Көзін салып, ойланып кейбір сөзін,

«Рас-ау» деп, мағынасын о дағы ұғар.


Кім білер, жабырқаңқы жазған сөзім

Жібермей көп тоқтатар оның көзін.

Жолаушы жол үстіңде тамаша еткен

Сықылды өлген жанның бір күмбезін».


Сөйтіп, Лермонтов шығармасын аудара отырып, Абай өз пікірін де анық білдірген. «Менің сырым, жігіттер, емес оңай...» өлеңінің идеялық мазмуны Абайға жақын, өте түсінікті еді. Ол жалғыздық сезіміне бойын жеңдірмейді. Өзін«судан қайтпас», «үлкен жартас», «үлкен жан» деп сезінді, өзінің қандай қиыншылыққа болса да, «теңіздей таудай толқып соқса дағы» «бет бұрып» қайтпайтын күрескер екендігіне сенді. Осы ой-сезімін ол аударма өлеңінде де шебер жеткізеді. Абайдың оптимистік идеялары оның халықпен тығыз байланысынан, халық күшіне сенуінен туды.

«Дұға» мен «Қасиетті дұға» секілді өлеңдерден біз өмірді шын сүйетін, ізгі тілек-талапқа толы, ертеңті күнге батыл қарайтын қайраткердің бейнесін көреміз. Абайдың Лермонтов текстін қазақша жеткізу әдістері әр түрлі, аударманың түпнұсқаға жақындық дәрежесі ылғи бірдей емес. Барабар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып мол жеткізеді. Абай Лермонтов нұсқасын барлық жарастық сәнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайтадан туғызады.

Мысалы «Альбомға», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз.,.» сияқты өлендерді атауға болады. Абайдың Лермонтовтан тәржімелеген шығармаларының тең жартысы дерлік – осындай дәл, жақын аудармалар. Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Бұған мысал ретінде «Теректің сыйы», «Ой» сияқты өлендерді атауға болады. Осы соңғы өлеңнің бастапқы шумағында Абай Лермонтовтың бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген білімді іске жарата алмай отыр деген пікірін өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап:


«Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды...» -


деп кетеді. Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны кезге түседі. Осы өлеңнің аяққы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді:


«Мал үшін ас қатасың, жан сатасың,

Әкесін мал өлтірген кісідей-ақ,

Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын!..»


Абай қазақ феодал-билерінің малқұмарлығын әшкерелеуді мақсат еткен. Сондықтан да ол Лермонтовтың «перед властью - презренные рабы» дегенін қазақ жағдайына дәлдеп, анықтап «ұлыққа қошаметшіл құл сияқты»деп, болыстардың «арқаға ұлық қаққанға» мәз болып, құл болып жүргенін айтады. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп, мағынасын басқаша ашып келтіруі оның қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-кұйіне ұйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, керкемдік сапасының жоғары болуын кездейді.

Абай көбіне өз ой-сезіміне үндес шығарманы аударады. Оның Лермонтовтан аударғандары – негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар; азамат ақынның образын беретін өлең-ән жайындағы шығармалар; жалғыздығын, бірақ оған мойымайтын беріктігін айтатын шығармалар.

Мысал өлеңдердің дүние жүзі әдебиетінде қалыптасып дамуына айтарлықтай үлкен әсер еткен Эзоп, Федр, Лессинг, Лафонтендердің еңбегі қандай зор болса, И. А. Крыловтың орыс әдебиетінде мысал жанрын поэзиялық үлгіде дамытуға қосқан үлесі де сондайлық мол болды. Крыловтың қаламынан туған мысал өлеңдер 1806 жылы жарық көре бастады да, 1809 жылы олар жеке кітап болып басылды. Ақынның мысал өлеңдері бірден әдебиет сүйгіш қауымның назарын аударып, жақсы баға алды. Крыловтың көзі тірі кезінде-ақ мысал өлеңдерінің тоғыз жинағы басылып шықты. Крылов мысал өлеңдерді орыс поэзиясында дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырып, жаңа дәуірдің тілек-талаптарымен ұштастыра, биік белеске көтере алды. Ол мысал өлеңдерді орыс өмірінің шындығымен тығыз байланыстырып, оларға шынайы халықтық, ұлттық сипат дарытты. Сондықтан да оның мысалдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, кеңінен тарады. Мысал өлеңдерінде Крылов қоғамдық өмір қайшылықтарын, әр түрлі топтардың мінез-құлқын ашып көрсетіп, күнделікті тұрмысқа қатысты сан түрлі жәйттарды орынды қозғап, баяндап бере алған. Бір алуан мысалдардан үстем тап өкілдері мен төменгі тап өкілдері арасындағы қайшылықты, еңбекқор қарапайым шаруа адамдарының жағымды қасиеттерін көреміз («Қасқыр мен қозы», «Жапырақтар мен тамырлар», «Шегіртке мен кұмырсқа» т. б.).

Орыс халқының сол дәуірдегі өмірін асқан шыншылдықпен суреттеуінен, әр түрлі таптар мен топтардың өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсете білуінен, халық тілінің байлығын, бейнелілік нақышын шебер пайдалана білуінен – осының бәрінен Крыловтың үздік көркемдік шеберлігі толық танылады. Абайдың мысал өлеңдері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап, бағалағанда бір жайды толық ескеру қажет. Олар толық мағынасында аударма емес, көбінесе белгілі бір сипат еркін баяндалады.

Абай орысша мысалдың тексін дәлме-дәл тәржімелеуді мақсат етпеген, оқиға желісін негізінен сақтай отырып, бірақ мысалдағы жай-жағдайларды қазақ өміріне, ұғым-түсінігіне, ойлау, сойлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сәйкестігі тұрғысынан қарап, ана жері дәл түскен, мына жері дәл емес, кем түскен деудің ешбір қисыны жоқ. Кейде қазақша баяндау, бейнелеу орысша текстегі сөздің айтылу қалпына ұқсас шыққанда ұтымды болса, ал кейде қазақша ойлау, сөйлеу ерекшелігіне орай басқаша берілгенде келісті, оралымды болатыны – кім де болсын санаспай тұра алмайтын бұлтартпас шындық, оны сөз зергері жақсы сезінеді. Мұның өзі ақынның қолын байлайтын, шеберлігіне шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, ойдың, сөздің оралымын өзінше келтіріп, тың, жаңа өрнектабуына мүмкіндік беретін жағдай деп түсінген жөн.

Абайдың мысал өлеңдерінің ішінде кейбір аудармаларға жатқызуға болатыны да кездессе, дені еркін тәржімеленгендіктен белгілі сюжеттің сарынымен жазылған деуге лайық болып келеді. Айталық, «Жарлы бай» атты мысал өлеңінде Абай оқиға желісін еркін баяндап, соңында:

«Алтын қайда, сөз қайда?

Қу нәпсіден не пайда», -


дегенді өз жанынан қосады. Сондай-ақ «Шегіртке мен құмырсқа» атты өлендегі:

«Мен өзіңдей шаруашыл

Жұмсақ илеу үйлі ме?..» - деген сөздер, сондай-ақ шегірткенің құмырсқаға барған қалпын:

«Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра...» -


дегендей суреттеме орысша нұсқада жоқ. Абай құмырсқаның еңбекқорлығын, шегірткенің қамсыздығын көзге айқын елестетерліктей белгілермен үстелей түскен. Осы өлеңдегі:

«Қайтсін, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер...» -


деген Абайдың өзі қосарлап келтірген сөздері де нағыз қазақша сөйлеу қалпындағы әдемі кекесіннің үлгісі деп санауға лайық. Әдейі аяныш сезімін, жаны ашығанды білдіргендей етіп, керісінше айтылған нағыз ирония, келемеждеудің келісті, өткір түрі. Кейде мысалда оқиғаны баяндауы, айтуы ұқсас болса да, содан қорытынды шығарып, түйіндеу әрқалай келеді.

Айталық, «Қарға мен бүркіт» атты мысалда Крылов үлкен ұры құтылып, кішкене ұры тұтылады, қолға түседі дегендей түйіндейді. Бүркітті ұры деу қазақ ұғымына үйлесе қоймайды. Сондықтан болар Абай ол жағын сөз қылмай, тек қарғаның әліне қарамай қайрат етуге ұмтылғанын әжуалап:

«Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл», -


деп тұжырым жасайды.

Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – мысал дегеннің өзін жанрлық түрі жағынан шарттылығы басым, қалыптасқан, әзгермейтін, ескі сюжетке негізделетін, ойды аң-құстың, жануар-жәндіктіңі с-әрекеті арқылы тұспалдап қана білдіретін, белгілі бір шындықты уағыздап айтуға бейім тұратын шығарма деп қарау жиі кездеседі. Осындай түсінік мысал елеңнің өзгешелігін, поэзиялық қасиетін жете түсінбеуге әкеліп соғады. Ал шынында мысал өлеңдегі шарттылық, тұспалдап айту тәсілін, белгілі сюжетті, әр түрлі тұспал бейнелерді қолдану – мұның бәрі тек сыртқы сипат-белгілер. Мысал өлеңдердің – артықшылығын алдымен олардың поэзиялық қуат-күшімен, тұспал бейнелер арқылы сан алуан адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін аңдатып, айқын көзге елестетіп, сол арқылы қоғамдық өмірдің шындығын, қайшылықтарын терең ашып бере алатын мол мумкіндігінен іздесек керек.

Көркем шығармада мәселе не айтылғандығында ғана емес, сонымен бірге қалай айтылғандығында, қандай әсер ететіндігінде десек, осыны әсіресе мысал елеңге, яғни өмірлік шындық пен керкемдік қиялды, керкемдік шарттылықты шебер сабақтастырып, ұштастырып келтіретін жанрға байланыстыра айтуымыз орынды. Мысалдағы ойды тура, ашық айтпай, ақтара салмай, тұспалдап, алыстан орап, орағытып айтудың өз артықшылығы бар екені сөзсіз. Оқушы бүкпелеп айтылған жайды, астарлы мағынаны өз ойымен бағдарлап, өзінше аңғарып, ұғып-түсінуге мәжбүр болады. Бұл одан тапқырлықты, сөздің астарына үңіле білуді, айтылып отырған нәрсені де, ишарат етіп, тұспалмен аңғартылған нәрсені де айқын елестете білуге қабілеттілікті талап етеді, ойына түрткі болып, сезіміне әсер береді. Сонымен қатар мысал өлеңде сан-алуан жан-жануар, аң-құстарды, жәндіктерді іс-әрекет үстінде бейнелеу, тілдестіру, айтылған жайдан ғибратты түйін түю және осы орайдажасанды, жаттанды ақылгөйлікке әуестенбей, терең мағыналы қоғамдық ой қорыту үлкен ақындық шеберлікті, талғампаздықты танытады.

Абайдың мысал өлендерінен осындай қасиеттерді, әсіресе ақынның әзілдеуге, мысқыддап келемеждеуге, сықақ етуге шеберлігін айқын байқаймыз. Кейде мысалға тілге тиек болатын шынында да әлдеқандай бір ғажайып жай да кездеседі. «Жарлы бай» атты өлеңдегі түбінен қанша алсаң да ділдә бірінен кейін бірі шыға беретін дорбаның кедейдің қолына келіп түсуі – бұл, әрине, арғы түбі ескі ертек, аңыздармен жалғасатын сюжет. Ал кейде мысал өлеңдегі оқиғаның езі мейлінше қарапайым, күнделікті өмірде кездесетін жай боп шығады. Айталық, «Қазаға ұрынған кара шекпен» дейтін өлеңдегі қораға ұры түскенін айту ешкім таң қалатындай нәрсе емес. Өлеңнің түйіні басқада, барынан бір сәтте айрылып жұрдай болып қалған адамға ағайындары келіп әр түрлі ақыл-кеңес беріп, желдей есіп «бишара», «байғұс» деп жарылқаған болады.

«Бақа мен егіз» атты мысалда егіздей бола аламын деп ісініп, кебініп, іші жарылған бақаның ессіз мақтаншақтықтың құрбаны болғаны баяндалады. Мүндай шартты түрде әдейі әсірелеп айтушылық мысал жанрында жиі кездесетін үйреншікті жай, сондықтан оны табиғи құбылыс деп санап, осы оқиғаға қандай мағына беріліп айтылғанына көбірек көңіл қою орынды секілді. Крылов осы мысалдың сюжетінен әр түрлі қоғамдық топтардың екілдері бірдей бола алмайды деген нақтылы тұжырым жасап, қатардағы жай адам (мещанин, мелкая сошка) атақты адамдай, ақсүйектей (дворяниндей) бола алмайды деген түйін жасаған. Ал Абай жалпы моральдық тұрғыдан келіп, іштарлықты, басқа біреуді көре алмай, күндеуді, қалай да соған жетем дейтін мінезді сынауды жөн көрген. Осыған орай ол мысалды:


«Таласпа, жаным-ай,

Қолыңнан келмеске,

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске», -


деген ғибрат сөзбен аяқтайды.

Және мысалды Крыловша бірден оқиғаны баяндаудан бастамай, кіріспе ретінде жанынан сөз қосарлап, былай дейді:

«Қарасаң, дым-ақ көп

Кере алмас іші тар.

Несі артық бізден деп,

Салыспақ жұртта бар...»


«Есек пен бұлбұл» атты мысал өлеңін Абай есекті сипаттаудан бастаған:

«Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы,

Каңғырып өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы...»


Орысша тексте мұндай кіріспе жоқ, есек бұлбұлды кездестірді делінеді де, бірден оған айтқан есектің сөзі келтіріледі. Абайдың өлеңді бастауынан есектің қарны тойып, көңілденіп, ерігіп келе жатқандықтан тоғайдағы бұлбұлды көріп, соған ән салғызып, өзінше сынап көрмекші болғанын аңғарамыз. Есектің бұлбұлмен ұшырасуы кездейсоқ болса да, оған тіл қатып, бір ән салып жіберші деп тілек айтуы көңіл-күйіне үйлес сезіледі. Ал есектің сыншыл болып шыға келуі, бұлбұлға (Абай «ақын бүұлбұл» дейді) сын айтуы – әбден қисынды. Бұл топас, ақымақ, өнерден махрұм адамның басқаны сынағыш болатынын аңғарту жағынан ұтымды. Ал бұлбұлдың аңыратып, шырқап ән салғанын суреттеген тұста Абай Крыловтан айтарлықтай алшақтамайды. Есектің бұлбүл әнін тыңдап алып, «сен біраз әтеш әнін үйрен!» деп өзінше білгішсіп ақыл бергенсігендей болғаны орысша текстегідей мейлінше әсерлі, тартымды көрсетілген. Өлеңнің аяғын Крылов:

«Избави, бог, и нас от этаких судей», -


деп қысқа қайырса, Абай осы тұжырымды тірек ете отырып, істің мәнісін түсінбейтін, шынайы өнерді бағалай алмайтын топас сыншысымақты келемеждеп:

«Демеймін мені мақтасын,

Я жақсын, я жақпасын,


Сүйтсе де мұндай сыншыдан

Кұдайым бізді сақтасын», -


деп, ойын нақыл сөз үлгісінде өрбітіп, мысалды бір шумақ өлеңмен қортындылай түйіндейді. «Емен мен шілік» атты өлеңдегі еменнің шілікке айтқан:

«Құдай басқа салмасын сен секілді

Желмен жерге жығылып, жар сүзбекті,

Обалың бір құдайға, байғұс, сенің,

Қақтырып қойған мұнша бос селтекті.


Қарашы маған, сендей сорлы емеспін,

Тау, жартасқа ұзатып бой теңестім.

Сенің қорыққан дауылың – маған әлкек,

Маңыма сәуле еткізбей күнге егестім...» -


деген сөздерін, немесе:


«Есіркегіш екенсің, - деді шілік, -

Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!

Сынбаймын майыссам да, солқылдаймын,

Желден маған келмейді еш кемшілік...» -


Деген сөздер емен меншіліктің бойына лайық деуге болатын сипаттамалар десек те, оларға тіл бітіп, сөйлеуі шартты түрде алынғанын былай қойғанда, жаңағы сөздер өр кеуде, менменсіген адам мен дене бітімі нәзік, жұқа да болса жаны берік, қиындыққа төзімді адамды меңзеп, тұспалдап айтылғаны айқын байқалады. Бір жағынан емен мен шілікті сол көрсетілген нақтылы сипаттары арқылы айқын көзге елестетсек, сонымен қатар екі түрлі адам бейнесін, мінезін танығандай боламыз. Ал одан ары айтылатын:


«Бүгінгі аман бола ма үнемі аман?

Кердендікпен деп тұрсың не бар маған.

Шалқақтық иілмейтін кімге жақкан,

Екпінге ерегіссең, қатар саған», -


деген сөздерді алсақ, мұны түгелдей тек есті адамның, алды-артын ойлайтын кісінің көкірегін керіп, даңдайсыған біреуге айтқаны деп қарауға әбден саяды.

Абай мысалдары оның ақындық шеберлігін танып-білу жағынан бағалы екенін атап айтуымыз керек. Көп ретте ақынның шеберлігін, өнерпаздық өнегесін сөз еткенде аударма деп саналған өлеңдер есепке алынбайды, оларға пәлендей мән берілмейді. Ал шынына келгенде ақынның енер жарысына түсетін, сыналатын бір тұсы – осы басқа ақындардың шығармасына үңіліп, соны өзінше қалай айтып жеткізетіні десек, артық емес. Дәл аударма болсын, тек жалпы сарынын сақтай отырып еркін тәржімеленген шығарма болсын, түпнұсқасымен салыстыра тексерілсе, ақынның көркемдік талғамы, тақырып таңдауы, өзінше айта білетін тапқырлығы, шеберлігі жайында нақтылы ой-түйіндер жасауға мүмкіндік береді.

Түгелдей алғанда, Абай аудармалары қазақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табыс болды. Олардың өткен ғасырда қазақ сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи мәнін былай қойғанда, қайталанбас көркемдік сипаты да ешқашан кемімейтін айрықша құндылығын таныта алады.

Орыс әдебиетінің жетістіктерін еркін игеріп, таңдаулы үлгілерін кеңінен насихаттаған Абай дәстүрлерін Шәкерім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сүлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев секілді көрнекті ақын-жазушылар жалғастырып, ерістетіп, жан-жақты дамытты.



III. Ойтолғаныс сатысы

Орыс әдебиеті. Аудармалары


Сабактын кезендері мен бағыты

Орындалатын тапсырмалар

І кезең:- Аударма жанры туралы өзіндік ізденістері арқылы окушылар хабарлама жасайды.

-Аударма жанры, онын өдебиеттегі, маңызы мен мәні туралы токталу. (Әдебиеттану термині негізінде тұсінік беру)

ІІ кезең:- Оқушыларды 3 зертханаға бөліп, алдына ала әр турлі салыстыру тапсырмалары беріледі:

- Үш ақыннын аудару шеберлігі, соның ішінде мысал жанрына келу себебіне іздену, зерттеу, салыстыру тапсырмалары негізінде өзіндік өнім жасайды, пікір жинақтайды.

Крылов - Ыбырай, Крылов - Абай, Крылов - Ахмет зертханалары мақсат, міндеттерімен таныстырады

Мұғалім: Ғалымдар пікірі негізінде әр топтыц білімдерін жинақтап, толықтырып, ортақ ойларын ортаға салады.

I зертхана:

- Крылов және Ыбырай

Төмендегі кесте бойынша Крылов - Ыбырай, Крылов - Абай, Крылов - Ахмет аудармаларын салыстырады, жауап іздейді, дәлелдейді, болжам жасайды. Крылов нұсқасы Ыбырай, Абай, Ахмет

Аударма сапасы

Өз пікірім

Аударманың Ы.Алтынсариннің жазушылық шеберлігіне әсері, аудармаға бару себебі, еркін аударманын маңызы мен мәні.

II зертхана:

Крылов және Абай


Төмендегі кесте бойынша Крылов - Ыбырай, Крылов - Абай,

Крылов - Ахмет аудармаларын салыстырады, жауап іздейді, дәлелдейді, болжам жасайды.

III зертхана:

Крылов және Ахмет


Крылов нұсқасы: Ыбырай, Абай, Ахмет

Аударма сапасы

Өз пікірім

Аударманың Ы.Алтынсариннің жазушылық шеберлігіне әсері,

аудармаға бару себебі, еркін аударманың маңызы мен мәні.


III кезең:

- Проблемалық. сұрақтар негізінде пікірлесу, қорытындылау, миға шабуыл жасау, ой салу.


Сұрақтар: Ал, енді.ойланайық.

1. Қалай ойлайсындар, қазақтың көрнекті ақындарының барлығы неге Крыловқа жүгінген ? Не мақсатпен?

2. Крыловты ең шебер аударушы деп кімді айтар едің? (Пікіріңді қорға)

3. Егер ақын болсаң, Крыловты аударар ма едің?

4. Крыловтың мысалдарында сыналған кемшіліктер казіргі қоғамда бар ма ?


ІV кезең:-

Оқушыларды спикерлер бағалайды.


Бағалау парағы бойынша бағалайды.


V кезең: Үйге тапсырма:

- Зерттеулерін толықтырады, өз пікірлерін идеялар банкісіне салып жинастырады. -Еркін, дәлме-дәл, тура аударма туралы өздері ереже құрастырып келеді.



Сабақты қорыту.


Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)


Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

--------------------- (Екі жаққа үңілдім)


Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)


Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)


Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)


Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)


Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

(Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)



Үй тапсырмасы: Абай аудармаларын жаттау.






Просмотр содержимого документа
«7.Абай және Пушкин»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

7


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: Абай және Пушкин

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануын ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі:

1) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;
2) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;
3) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

1.    Сіз Абай және А.С. Пушкин туралы не білесіз?

2.    Сіз Абай және А.С.Пушкиннің қандай шығармаларын білесіз?


II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ



Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне тугелдей бет бұрды, ол кездегі орыстың алдыңғы қатардағы идеясымен жақсы танысып, Сарыарқадан оларға үн қосушы бірінші ақын да – Абай.

Абай аударып отырған өлеңінің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізуге үнемі ұмтылмайды, «Жарым жақсы киім киіп...» деп басталатын Онегиннің өлердегі сөзін Абай түгелдей өз жанынан шығарған, «Евгений Онегин» романында Онегиннің өлімі туралы тура ештеңе айтылмайды. Рас, қолжазба нүсқалардың бірінде Онегиннің аузына «Мен неге оқтан жарақаттанбадым?» («Зачем я пулей в грудь не ранен?») деп сөз салатыны бар. Бірақ Онегиннің өлімін айтуы Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі деп санаған орынды.

Орыс әдебиетіне зер салғанда Абай назарының алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес-ті. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмүны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлдем жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оныңеміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сқлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы кезінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын ұлы Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді.

Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі - «Евгений Онегин» шын мағынасында халықтық шығарма. Мұндағы басты кейіпкерлердің төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ ең маңызды нәрсе – Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга – осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы — осалдығы болып шығады. Мұны кезінде Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын.

Пушкин өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың кұнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірініңэнциклопедиясы»болды. Әрине, Пушкиннің дастандары «Борис Годунов» атты драмасы, «Дубровский», «Капитан қызы» секілді шығармаларында сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи оқиғалар, мол өмір шындығы жатыр. Алайда «Евгений Онегиннің» алатын орны ерекше.

Бұл – Пушкиннің ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының сүйікті перзенті, Пушкиннің тұлғасы «Онегинде» көрінгендей ақын тұлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар ете сирек кездеседі. «Мұнда оның бар өмірі, барлық жан сыры, барлық махаббаты да, сезімдері, ұғым түсініктері, идеалдары да айқын көрініс тапқан» деген Белинскийдің пікірі көп жайды аңғартады.

Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді.

Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сұйікті өлеңдердің біріне айналуы – ұлы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Татьяна әнінің осындай көпшілікке жағымды болуының сыры қазақтың өлең-жырға, әнге құмарлығында ғана емес, орыс халқының өміріне қазақ жұртының мейірімді сезіммен қарағандығында еді. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, қазақ әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті.

Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес. Ол өз дәуіріндегі қазақ әдебиетінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондайжұкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек.

Әсет, Әріп сияқты ақындардың «Евгений Онегинді» дастан етіп айтып жүргені Абай орнықтырған дәстүрдің сол кездің өзінде-ақ жалғастық тапқанын көрсетеді. Абай Пушкин шығармаларынан «Евгений Онегинді» айрықша бағалап, үңіле зерлеп, таңдаулы үзінділерін қазақша өлең етті.


Татьянаның Онегинге жазған хаты

Пушкинде:

Я к вам пишу - чего же боле?

Что ямогу еще сказать

Теперь, я знаю в вашей воле

Меня презрением наказать.

Но вы, к моей несчастной доле

Хоть капли жалости храня,

Вы не оставите меня.

Сначала я молчать хотела;

Поверьте: моего стыда

Вы не узнали б никогда,

Когда б надеждут я имела

Хоть редко, хоть в неделю раз

В деревне нашей видеть вас,

Чтоб только слыщать вашей речи

Вам слово молвить, и потом

Все думать, думать об одном

И день и ночь до новой встречи.

Но говорят вы нелюдим;

В глуши, в деревне все вам скучно,

А мы... ничем мы не блестим

Хоть вам и рады простодушно.

Абайда:

Амал жоқ – қайттім білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Талайсыз, бақсыз мен сорлы

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл құрлы,

Байқалар халім бұл хаттан.

Әлімше мен де ұялып,

Білдірмен дедім өлсем де,

Шыдар ем күйіп мен жанып,

Айында бірер көрсем де.

Болмады көріп қалуға,

Есітіп біраз сөзіңді.

Шыдыр ем бір ай жатуға

Ұзақ түн жұмбай көзімді.

Қызықтан қашып бұл жерге

Көңіліңіз суып келіпсіз.

Мәнісін сұрап білуге
















III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.

  • Өмірінен түсінгендерін «Вен диаграммасы» кестесін толтыру.



Ортақ жағы

Абай

Пушкин










Сабақты қорыту.


Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді


Үй тапсырмасы: Абай аудармаларын жаттау.




Просмотр содержимого документа
«8.«Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

8


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер туралы ұғындыру.

Сабақтың түріі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

  1. М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж

  2. Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

  3.  Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.


II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


«Онегиннің өлердегі сөзі» - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Көлемі 18 жол. Бұл А.С.Пушкиннен аударма емес. «Евгений Онегин» романында Онегиннің өлімі жайында ешқандай сөз жоқ. Онегиннің:

«Атам, анам, қара жер,

Сен аша бер қойнынды.

Сенен басқа еш жерден

Таба алмадым орнымды...» - деп, өмірімен қоштасуы – Абайдың өзі тапқан көркемдік шешімі. Онегин тағдырын Абай трагедиялық бояуын қоюлатып, қиянатты көп керген, азап шеккен адам етіп көрсетуге ұмтылған. Онегиннің Татьяна хатына жауабынан («Таңғажайәып, бұл қалай хат...»), Татьянаның сезінен («Тәңрі қосқан жар едің сен. ..») де осы сарын белгі береді.

Онегиннің трагедиясын, өзін өлімге қиюын Абай өмірден қиянат көріп, соққы жеп, торығудан болған дей ме, әлде Татьянаның адал махаббатын кезінде бағалай алмағаны үшін өзін жазықты санап, өкініп, өмірден түңілгені дей ме - бұл сауалға жауап беру оңай да емес. Онегиннің Татьяна хатына жауап сөзінде осы екі сарын да анық сезіледі. Ал осы «Онегиннің өлердегі сөзінде» жоғалтқан махаббат жайлы баса айтып:

«Сен ақылмен көңліңді

Тыйып, жеңдің бойыңды.

Мен бұрылып түзеле алман,

Қайтсін дедін сорыңды...» - дейді.

Онегиннің Татьянаға жазған хатындағы:

«Сорлы адаммын жер жүзіңде,

Бір қуаныш көрмедім.

Не қыласың, ерік өзіңде,

Қайғысы асқан шерлі едім», -

деген сөздермен жалғас алып қарасақ, «Түзеле алман» дегеннің мағынасы өмірден «бір қуаныш көрмедім», «шерлі едім» дегенмен астасып жатқанын аңғарамыз. Туынды 7-8 буыңды қара өлең ұйқасымен жазылған



III. Ойтолғаныс сатысы

  • Өлеңді оқу және талдау.



ОНЕГИННІҢ ӨЛЕРДЕГІ СӨЗІ (А. С. Пушкиннен)



Жарым жақсы киім киіп,

Келді жанға жылы тиіп.

Диуана болды бұл көңілім,

Басылмай бір құшып, сүйіп.


Бойым тұр дал болып ұйып,

Көңілім жұр құс болып шүйіп.

Есіркеп сүйгізіп еді,

Кетіппін жүз есе күйіп.




Қылдың арам ойыңды,

Бір бұрмадың мойнынды.

Сен ақылмен көңіліңді

Тыйып, жеңдің бойыңды.


Мен бұрылып түзеле алман,

Қайтсін дедің сорлыңды...

Атам, анам — қара жер,

Сен аша бер қойныңды.

Сенен басқа еш жерден

Таба алмадым орнымды






















Өлеңнен түсінгендерін «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» кестесіне толтыру.



Үзінді

Үзінді жайлы пікір





Сабақты қорыту.


Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)


-------------------------- Пайда ойлама,ар ойла,

-------------------------- Талап қыл артық білуге.

Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------

Үйретуден балаға. --------------------------


Үйге тапсырма: «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңін жаттау.






Просмотр содержимого документа
«АБАЙТАНУ. 10 СЫНЫП»

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы


Абайтану 10 сынып

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла




«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауы/2/



2

Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар. Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.



3

С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.




«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын/6//



4

«Талапты ерге нұр жауар». Отыз екінші қарасөзі



5

Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы



6

Еңбек етсең ерінбей» Отыз үшінші қарасөз



7

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі



8

Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы



9

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі




«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауы/7/



10

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі



11

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі



12

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі



13

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам. Отыз жетінші қарасөзіндегіАбайдың дүниетанымдық көзқарастары



14

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам. Отыз жетінші қарасөзіндегіАбайдың дүниетанымдық көзқарастары



15

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі



16

«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі




«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы



17

«Би екеу болса, дау төртеу болады» Үшінші қарасөз



18

Үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы



19

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі



20

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі



21

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі



22

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі




Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқыту/4/



23

«Улы сия, ащы тіл» Он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық ұғым-түсініктері



24

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі



25

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі



26

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі




Абайдың аудармалары/2/



27

Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр өлеңі



28

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңі




Поэмалары/3/



29

«Масғұт» поэмасы



30

Поэманың тәрбиелік мәні



31

«Әзім әңгімесі» дастаны



32

Шығармашылық жұмыс



33

Тест



34

Қорытынды








Просмотр содержимого документа
«АБАЙТАНУ. 11 СЫНЫП.»

Сүгірбекова Айман. 28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы

АБАЙТАНУ 11 СЫНЫП

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік



2

Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары




«Білімдіден шыққан сөз» тарауы/2/



3

«Өзіңнен өзің есеп ал» , Он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі



4

Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері




«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауы/7/



5

«Осы мен өзім – қазақпын» 9 қарасөзі



6

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі



7

«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі



8

«Бөтен елде бар болса» өлеңі



9

«Сегіз аяқ» өлеңі



10

«Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңі



11

«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі, Жиырма екінші қарасөзі




«Абай – сатирик» тарауы/4/



12

«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері



13

«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі



14

«Менсінбеуші ем наданды» өлеңі



15

«Бойы бұлғаң» сатирасы.



16

Қырық бірінші қарасөзі




«Махаббатсыз дүние бос» тарауы/4/



17

«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері



18

«Сен мені не етесің» өлеңі



19

«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі



20

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» , «Қызарып, сұрланып» өлеңіндері




«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауы/7/



21

Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай



22

Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы



23

Абайдың «Толық адам» философиясы



24

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі, «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасы



25

Жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар



26

Отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері



27

«Осы үш сүю болады имани гүл» . Адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы




«Қазақтың бас ақыны» тарауы/5/



28

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны



29

Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы



30

Абай шығармаларының текстологиясы



31

Абайдың ақындық мектебі М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі



32

Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында



33

Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.



34

Қорытынды сабақ










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Абайтану пәнінің сабақ жоспарлары /9-11 сыныптар үшін/

Автор: Сугирбекова Айман Избасаровна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391778


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства