kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай-?аза? ?дебиетіні? к?шбасшысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай-?аза? ?дебиетіні? к?шбасшысы.Абай ?те жа?сы жазушы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай-?аза? ?дебиетіні? к?шбасшысы»

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Крупская атандағы № 10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі

Оралбаева Бейнегүл Айтпайқызы





Сабақтың тақырыбы: Абай – қазақ әдебиетінің көшбасшысы.

Сабақтың мақсаты: Абайды біздің көшбасшы ретінде түсіну мағынасын оқушыларға жеткізу, оны жан-жақты түсіне білу.

Сабақтың міндеттері :

  1. Абайдың шығармашылығын оқушыларға таныстыра отыра, олардың

ойлау қабілетін және өз ойын жеткізе білуге үйрету.

2.Дұрыс сөйлем құрып, өлең жолдарын мәнерлеп оқу білуіне бағыттау;

3.Абайдың нақыл, дана сөздерін терең түсініп, өз ойын жеткізе білу;

4.Абайдың өлеңдерін өз сазына келістіріп сәйкестіндіре айта білу;

5.Оқушылардың түсініп,білген ойларына қорытынды жасата білуге бағыттау.

Сабақтың түрі:нәтиже сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойландыру,мағынаны ашу сатысы

Көрнекіліктері: презентация , интерактивті тақта,тірек- сызбалар,үлестірмелі суреттер, рефлексия парағы,қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, орыс әдебиеті,музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, қонақтар!

Амансың ба, шәкірттерім!

Сіздердікөрсемқуанам!

Психологиялық дайындық:

Мұғалім: Оқушылар:

- Әрбірадам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат

- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.







ІІ..Сабақтың тақырыбы: Абай – қазақ әдебиетінің көшбасшысы.



Эпиграф: «Асыл сөзді естісең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты іздесең,

жаттап тоқы көңілге»


- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай бүгінгі сабағымызда біз де ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы оқимыз, естиміз, көңілге тоқимыз.

  • Бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жан-

жақты қарастырамыз. Сабағымыз төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің аты бар, сендер тапсырмаларды мұқият тыңдап, бөлімдердің атауын табасыңдар. Және де сабақтың соңында қорыту жұмысы болады. Бүгінгі жұмысымызға сәттілік тілеймін.



ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

  • Біз Абай туралы не білеміз?

АБАЙ






  • Ал Абай Құнанбаевтың өлеңдерін білесіңдер ме?

  • Абай туралы белгілі адамдар не айткан ?

ІV. Жаңа сабақ

Мұғалім:Абай ата қазағымның тірегі,

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі,

Өтіп кеттің өмірден, қалдың үнін,

Сен өлгенмен, мәңгі өлмес бар өлеңің!


І -кезең Абайдың табиғат лирикасымен таныстыру:

Мұғалім : Ал енді кітаптың бірінші бетін ашайык.

Табиғат лирикасы деген ұғымды қалай түсінесіз ?

Оқушы :Табиғат лирикасы бұл – ақынның ішкі жан дүниесінің сезімі, табиғат көріністері, адам және табиғаттың байланысы.

- Абай табиғатқа арнап не жазған ? (өлеңдер)

- Абайдың табиғат лирикасы ақындық шеберлікпен жазылған жырлар.

- Жылдың қай мезгілдеріне жазылган өлеңдерін білесіңдер ? ( «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз» )


- Никита : Сен Абайдың «Жазғытұры» өленің айтшы.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер Күннің көзі.


- Ал осы жыл мезгілдері туралы орыс ақын-жазушылары қандай өлеңдер жазған ? ( А.С.Пушкин «Как весенней порою шумят тополя»)

Как весенней порою шумят тополя !

Ходит ветер, цветочною пылью пыля.

Все живое обласкано солнцем степным,

Словно мать и отец,

Рада наша земля.

  • «Жаз» өленің білесіңдер ме? «Күз» өленің кім жатқа айтады ? ( мен

  • «Күз» Диана

Сұр бүлт түсі суык каптайды аспан,

Күз болып, дымкыл тұман жерді баскан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылкы ойнап, бие кашкан, тай жарыскан.

  • Тағы бір жыл мезгілі калды . Ол қандай жыл мезгілі ? (кыс )

  • Қазір Илья «Кыс» өленінен үзінді оқып береді.

Ақ қиімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылкау танымас тірі жанды.

Үсті-басы-ақ қырау, түсі-суык,

Басқан жері сыкырлап келіп қалды.

Мұғалім:Сендердің алдарында Абайдың «Қыс» өлені жазылған парақтар жатыр. Ал енді осы өлеңге сатылай кешенді жасаймыз.

( әдебиетті ұғымдарды қайталау)

1.Тақырып-жазушының шығармасындағы негізгі ой.

2.Шумақ-аяқталған бір тұтас ой

3.Тармақ-өлеңнің әр жолы

4.Өлең – шағын көлемді шығарма.

5.Идея – ақынның айтар ойы мақсаты

6.Бунақ – белгілі дауыс бөлінуі.

7.Буын саны – дауысты дыбыс саныны байланысты.

8. Теңеу – заттың , құбылыстың қасиетін бір затпен салыстыру.

9. Эпитет – бір заттың құбылыстың айрықша сипаты.

- Ал енді балалар тақтаға назар аударындар, талдау жасайық.


ІІ кезең : Абайдың қара сөздері:

Мұғалім:Абай Құнанбаев өлеңнең басқа нақыл,даналық сөздер жазған.

  • Қазір сендердің алдарында көрініс қойылады. Сендер бұл көріністі

мұкият тыңдап отырып кітабымыздің келесі бетінің тақырыбын табасыңдар. (көрініс « Ақыл, жүрек, қайрат»)

Қайрат, ақыл, жүрек дос болыпты. бірақ, кім әмірші екеніне таласыпты. Үшеуі бір келісімге келмегесін, олар Ғылымға барып жүгініпті.

(Тақта алдына үш оқушы шығады)

1-оқушы: Қайрат: -Мен күштімін. Менсіз дүниеде ешнәрсе болмайды.

2-оқушы: Жүрек: - Мен әміршімін. Мен адамның патшасымын. Менің бойымда қан менен тарайды. Жан мекен қылады. Менсіз тіршілік жоқ.

3-оқушы: Ақыл: - менің ақылымсыз өмір жоқ, сондықтан мен әміршімін дейді.

Сонда Ғылым айтыпты: Үшеуіңде дұрыс айтасыңдар, сондықтан үшеуің біріккен уақытта ғана өмір сүруге болады.

  • Тақырыбы қандай ? ( Абайдың қара сөздері)

  • Бұл Абайдың нешінші қара сөзі ? (17)

  • Адамдар арасында не болу керек ? (Адамдар арасында достық, татулық болу керек)

  • Бір адамның қолынан ешнәрсе келмейді. Адамдар бір біріне қолын беріп, көмектесу керек. Бірлік болган жерде – тірлік болады.

Мұғалім: Қара деген сөздің бірнеше мағынасы бар, оны мына сөз

тіркестерінен көруге болады:

қара шаңырақ – отбасының үлкен үйі, ата- анасының шаңырағы

қара сөз – нақыл, ақыл, даналық , кеңестік сөздер

қара жұмыс – адамның жұмыскерлігі

  • Қара шаңырак қандай ұғымды білдіреді ?

- Абайдың неше қара сөзі бар?

Мұғалім: Осы Абайдың қара сөзін бекітеміз: (тақтада кесте арқылы бекітіледі.)

→: ІІ бөлімнің тақырыбы қандай? білім, ғылым,дін,адамгершілік,

→: жанр түрі қандай? проза

→: идеясы неде? нақыл сөздер, өсиет

→:тәрбиелік мәні неде? Адам өмірде дұрыс жүру керек, ақылмен ойлау, артық сөз айтпау.

  • Сонымен Абайдың қара сөздерін тану аркылы біз оны ұлы дана,

философ дейміз.


ІІІ- кезең: Абай өлеңдері.

Балалар, тыңдандаршы ( ән естіледі)слайд – «Желсіз түнде жарык-ай»

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен, менше сүй.

- Бұл не ? ( өлең)

- қандай өлең ?

- «Желсіз түнде жарык-ай» Абайдың бір әдемі өлеңі, табиғатқа, махабатқа арналган.

- Мұнда ақын не сүреттеген ? (дала, кеш, көшпелі ауыл, жарық ай, желсіз түн, тау,өзен жағасы.

Мұғалім: Абай атамызды ақын ретінде есімізге түсірдік, ол тағы кім ?

Оқушы: - сазгер ретінде білеміз. ( «Абай – сазгер» кітаптың 3 беті)

-қандай өлеңдеріне ән жазған? «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»

- Сендерге Абайдың қандай өлеңі ұнайды ? Ал енді бұл өлеңді айтайық.

Бейне таспа: Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңі орындалады.







ІV – кезең: Абай аудармашы.

  • Бұл кімдер ? ( орыс ақын-жазушылары)

  • Орыс ақын-жазушылары Абай мен калай байланысты ? (Абай олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған)

  • Сонда Абай кім ? ( «Абай – аудармашы» кітаптің 4 беті ашылады)





Мұғалім: -оқушылар, Абай атамыз орыс ақын-жазушылардың еңбектерін де қазақ тіліне аударған. Абай атамыздың мақсаты, тек қазақ ақын-жазушылардың еңбектерімен ғана емес, сонымен қатар орыс ақын-жазушылардың еңбектерімен де танысса екен деген.

  • А.Құнанбаев 1886 жылдан бастап Крыловты қазақ тіліне аударған.

  • Біз қазір көріністі тамашалайык.

Көрініс « Шегіртке мен құмырсқа»

-Бұл қандай мысалдан үзінді ? ( мысал « Шегіртке мен құмырсқа»)

-Бас кейіпкерлері кім ?

- Сендерге кім ұнайды ? Неге ? ( құмырска еңбекқөр)

- Еңбек туралықандай мақал-мәтел білесіңдер ? (Еңбектің наны тәтті , жалқаудың жаны тәтті.)

  • Біздің қалада ең басты көшеде саябақтың жанында қандай ескерткіш

тұр ? (Абаймен мен Пушкин)

  • Абай мен Пушкин – екі елдің ұлы тұлғасы. Олардың шығармашылығы

тығыз байланасты. Абай «Евгений Онегиннен» үзінді аударды.

Көрініс «Татьяна және Онегин»

Мұғалім: Абайдың 1891 жылы інісі Оспан, 1895 жылы баласы Абдрахман қайтыс болды. Осы кезде Лермонтовты аударуға көшеді. Барлығы 27 өлең. Қазір біз әдемі өлең тыңдаймыз. Бүл өленді немістің ұлы ақыны Гете жазған, кейін Лермонтов орыс тіліне аударған, Абай қазақ тіліне аударған.


1 окушы : « Қараңғы түнде тау қалғып » өлені 2 окүшы :

Қараңғы түнде тау қалғып Горные вершины

Ұйкыға кетер балбырап. Спят во тьме ночной.

Даланы жам-жырт, дел-сал ғып, Тихие долины

Түн басады салбырап. Полны свежей мглой,

Шаң шығармас жол-дағы Не пылит дорога

Сілкіне алмас жапырак Не дрожит листва

Тұншығарсың сен-дағы, Подожди немного,

Сабыр қылсаң азырак. Отдохнешь и ты.


Мұғалім: - Әдебиетті қай тілде болмасын көркемдік,сұлулық,шешендік ретінде көруге болады.

V.Қорытынды:

-Бүгінгі сабақта біз Абайдың шығармашылығын жан-жақты қарастырдық, Абайды терең білуге тырыстық. Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Алдарында ватман кағазы жатыр. Осы такырып бойынша бүгіңгі сабақта не білдіңдер, ойларынды кағазға жазыңдар.

Тексерейік.


V – кезең: Бағалау


VІ – кезең: Үй тапсырмасы: Абайдың 38,17 қара сөздерін өз сөзімен мазмұндау.

Рақмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Абай-?аза? ?дебиетіні? к?шбасшысы

Автор: Оралбаева Бейнегуль Айтпаевна

Дата: 28.05.2016

Номер свидетельства: 330902


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства