«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген тақырыпты қалай түсінесіңдер?
Мағынаны таны
-Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Ол- қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады.
Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен бағалайды. Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Өсиет өлең халық дертінің , тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Лирика түрі: Көңіл-күй лирикасы.
Тақырыбы: өлең - сөздің асылы
Өлең жанры: ой өлеңі
Өлең буын саны: 11 буынды өлең
Шумақ түрлері: 4 тармақты
Бунақ түрі: 3 бунақты
Үйқас түрлері: Қара өлең
Соңғы ұйқас буын саны. 1,2,3 буынды
Өлең тілі: айтушы –тыңдаушы,іші-сырты, -антоним
Ақылсыз-надан, алдап-арбап, ар-намыс синоним
Өлеңді ажарлау: теп-тегіс жұмыркелсін айналысы,мақтау өлең, ескі бише, ескі ақынша, терең ой, терең ғылым- эпитет
Жүндей сабап-теңеу
Өлеңді құбылту:
Өлең –сөздің патшасы, жүрекке жылы тиіп, бөтен сөзбен былғанса, тілін безеп, жанын жалдап-метафора