kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абай ?ле?деріне иллюстрация жасау. «Желсіз т?нде жары? ай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

словтпдлваьидлаьилоапипт па ппппппппппппп пппппппп паааааааа п аааааааааааааааааааарррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррbgvfhnnnnnnnnnnn bfgggghhffffgggggggggggggррfffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абай ?ле?деріне иллюстрация жасау. «Желсіз т?нде жары? ай» »

Бейнелеу өнері сабағында пәнаралық байланыстың маңызы үлкен

  • Shalmagambetova

 

  • 20 мам 2012

 

  • 5344

 

  • 0

  • 0

Шалмагамбетова Гаухар Мейрамовна
Жезқазған қаласының жалпы білім беретін 
№10 орта мектебінің бірінші санатты бейнелеу өнері, 
сызу және технология пәнінің мұғалімі

Қазақстандағы қоғам дамуының қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық және саясы өзгерістер отандық білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясының түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «.ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс – қазіргі замандағы ғылымының, ғылымдардың бірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын анықтаудың басты шарты болып табылады.

Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін қалаушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пән ішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.

Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдердің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.

• Интеллектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
• Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);
• Спорттық икемділік пен дағды;
• Өнерге деген икемділік пен дағды, т.б.

Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты - бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік» ұғымына былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды». Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғары сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.

Бастауыш мектепте бейнелеу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, еңбекке баулу, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ, алдымызға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география, тарих, т.б. пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып, байланысқа түсе береді.

Бейнелеу өнері пәні, негізінен, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде бейнелеу өнері мен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.

Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін бейнелеу өнері пәнінің халықтық - сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезімге зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. Тек ескеретін жайт: күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.

Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қорғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынандай:
• Пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
• Өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
• Байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшеліктері;
• Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.

Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнін оқытуда ана тілінің алатын орны ерекше. Себебі, оқушыларда өнер туралы білімдерді, сұлулықты танып-білу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру нақты тіл, сөз арқылы әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады. Сондықтан бейнелеу өнерінің мұғалімі бейнелеу өнері сабақтарында мейлінше әдеби тілде әрі әсем сөйлеуі қажет.

Қазақ педагогы Жұмабаев Мағжан өзінің «Педагогика» деген еңбегінде балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады: «Баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлу өнермен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді».

Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабағында өте көп кездесуі – пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары. «Математика ғылымы – барлық ғылымдардың патшасы» деген тарихи - ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.
Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні (силуэт) сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көріністерде үшбұрыш, ромб, дөңгелек, эллипс т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.

Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүние тану пәнімен тікелей байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол заттарды, көріністерді көру және сезіну – дүниетанушылық және эстетикалық міндет.

Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамға білім болу қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қасиеттері, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте жоғары болып табылады. Сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта жүргізу шарты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы және олардың міндетті түрде қызықты болуы – әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі.

Еңбекке баулу пәнінің элементтері бейнелеу өнерінде, әсіресе ондағы тәжірибелік оқу іс-әрекетінде анық көрінеді. Сәнді бұйымдар жасау, қолөнер бұйымдарымен танысып, олардың жасалу жолдарынан мағлұматтар алу, аппликация, мүсіндеу сияқты бейнелеу өнері сабақтарындағы эпизодтарында оқушылардың еңбектік ептіліктерінің көркемөнер және көркемсуреттік икемділіктерімен ұштасуы жүргізіледі.

Бейнелеу іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға негізделген көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді, еріктік сапаларды, шығармашылық қабілеттерді, көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп, өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді (пішіндердің, қозғалыстың, пропорцияның, түстің, түс сәйкестігінің сұлулығын көре білу) дамытады.

Бейнелеу өнері сабақтарында таным жорықтар, өнер туралы әңгімелер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттер, көрмелер, көптеген иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық музыка туындыларын пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға, игеріп, меңгертуге көмектеседі.
Ендеше бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнерін оқытып игертуде пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1995.
2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі, 1992.
3. Кузин В. С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. Ангар, 1998.
4. Ералин Қ., Халмұратов Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері. Алматы. М-Талант фирмасы. 1997.
5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы. 2002.

Кері қайту


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Абай ?ле?деріне иллюстрация жасау. «Желсіз т?нде жары? ай»

Автор: САТАНОВ ЕРДАУЛЕТ ТУЛЕГЕНУЛЫ

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164865


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства