kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

9-сынып. Ашы? саба?: ?андай мамандар с?раныста?

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-сынып.

Саба?ты? та?ырыбы: ?андай мамандар с?раныста?
Ма?саты: 1. Балалар?а ?азіргі заманда  «?андай мамандар с?раныста?» туралы
а?парат беру.

Міндеттері:
-маманды?тар туралы а?парат іздеуге ?йрету;
-о?ушыны ?зіні? ?абілетін, бейімін, ?ызы?ушылы?ын маманды??а сай тани білуге ?йрету;
-о?ушыларды маманды? та?да?анда ?андай п?нге назар аудару керегін к?рсету;
-о?ушыларды? ??птап отыр?ан маманды?тарына ба?ыт беру.
Т?рі: жа?а саба?
?діс - т?сілдері: «Ми шабуылы» ой?оз?ауы, INSEPT – cтратегиясы, SWOND – стратегиясы, с?здікпен ж?не м?тінмен ж?мыс, ??гімелеу, с?ра?-жауап.
К?рнекілігі: маманды? туралы суреттер, маманды? аттары жазыл?ан карточкалар, плакат, слайд.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«9-сынып. Ашы? саба?: ?андай мамандар с?раныста?»

Исаева А.Х.

Петропавл қаласы

9 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

9-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қандай мамандар сұраныста?
Мақсаты: 1. Балаларға қазіргі заманда «Қандай мамандар сұраныста?» туралы
ақпарат беру.

Міндеттері:
-мамандықтар туралы ақпарат іздеуге үйрету;
-оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
-оқушыларды мамандық таңдағанда қандай пәнге назар аудару керегін көрсету;
-оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, INSEPT – cтратегиясы, SWOND – стратегиясы, сөздікпен және мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточкалар, плакат, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Топқа бөлу ( оқушылар ұнаған мамандықты таңдайды және бағыт бойынша топқа бөлінеді):

- 1 топ: техникағамен байланысты мамандықтар ( жүргізуші, құрылысшы, радиотехник, инженер)

- 2-топ: шығармашылық мамандықтар (әнші, суретші, биші, тілші, дизайнер)

- 3-топ: гуманитарлық бағыттағы мамандықтар (мұғалім, заңгер, дәрігер, аудармашы, қорғаушы)

3.Сұрақтар:

-1топ, егер сендер техникамен байланысты мамандықтарды таңдасаңдар, қандай пәндерді жақсы білуіңдерің керек?

-2-топ, шығармашылық мамандықтарды таңдағанда не істеу керек?

- 3-топ: гуманитарлық бағытта қандай пәндерге назар аудару керек?

4. Өткен сабақты қайталау (Осы оймен келісімін, жоқ келіспеймін).

- Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.
-Мамандық таңдау ақшаға байланысты.
-Мамандық таңдау адамның қабілетіне байланысты.
-Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
- Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
-Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
-Ақша болса, мамандық қажет емес.
-Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
-Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру «Менің отбасымдағы мамандықтары» ЭССЕ

ІІІ Жаңа тақырыппен танысу және бекіту: «Қандай мамандар сұраныста?»

  1. Каллаж жасау:

Әр топ қоржыннан мамандықтарды алып екі топқа бөледі.

Қазіргі кездегі ең қажетті мамандықтар:

(Мұғалім, кітапханашы, наубайшы, заңгер, әртіст, суретші, күзетші, құрылысшы, медбике, альпинист, менеджер, инженер, есепші, экономист, эколог, географ, флорист, аспазшы, бағдарламашы, жүргізуші, веб-дизайнерлер,логис, тәрбиеші, сауыншы, тракторист, хатшы, аудармашы, тілші, тігінші биші, қорғаушы, малшы, шаштаразшы, сатушы, киномеханик. Радиотехник, банкир, мерчендайзер, промоутер, ұшқыш, диспечер, кинолог, агроном)

2.Дәптерге жазу. (Сабақтың тақырыбы: Қандай мамандар сұраныста?)

3.Жаңа сөздер:

Маман - специалист

Еңбек нарығында- на рынке труда

Сұранысқа ие –востребованные

Болжам – предположение, прогноз

Үнемі –всегда постоянно

Мекеме- учреждение

Кәсіпорын -предприятие

(сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркестерді жасау, мәтінде табу)

4. Мәтінмен жұмыс «Қандай мамандар сұраныста?»

- Мәтінді оқу (3 мин)

- INSEPT – cтратегиясы (+ - түсінемін, - түсінбеймін, )

Мәтін:

Мамандар болжамы бойынша жақын болашақта инженер мамандарға көбірек сұраныс артады. Өйткені қазір еңбек нарығында кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге өткір тапшылық сезіледі.

Екінші орында ІТ-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер екен. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар.Веб-дизайнерлер кәсіпорынның сайтын интернет желісі арқылы көптеген адамдардың қарауына, кәсіпорынның табысын көбейтуіне, танымал болуына жол ашады.

Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі –нанотехнологиямен байланысты мамандықтар. Себебі нанотехнология барлық салаларды қамтиды: мидицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары және т.б.

Ал аспазшы, наубайшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы. Техник-сантехник, токарь, дәрігер , ұстаз және тағы басқа мамандар үнемі сұраныстағы мамандар болады





5-топпен жұмыс:

1-топ: кластер жасайды және ол арқылы мәтінді мазмұндайды;

2-топ: интернетті пайдаланып сұраққа жауап беру «Қазіргі заманда ең қажетті мамандар?»;

3-топ: жергілікті газетттер арқылы сұраққа жауап беру «Біздің қалада ең қажетті мамандықтар» .

5. Грамматикалық тапсырма: септеу, тәуелдеу және фонетикалық талдау.

6. SWOND – стратегиясы (бір таңдаған мамандықты 4 жығынан қарастырамыз).

  1. Мықты жақтары 2- Әлсіз жақтары

3-Мүмкіндіктер 4- Төнетін қауіп

IV.Сабақтың қорытындысы: Мамандыққа сұраныс неге байланысты?

INSERN стратегиясы:

Білемін

Білгім келді

Не білдім




V. Үй тапсырмасы: ЭССЕ «Менің болашақ мамандығым».

VI. Бағалау: (бір-біріне баға қояды).

VII. Рефлексия: смайликтің суретін таңдайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
9-сынып. Ашы? саба?: ?андай мамандар с?раныста?

Автор: Исаева Айтжан Хайрулловна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282400


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства