kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 -сыныпқы арналған "Салауатты өмір салты" қысқа мерзімді сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 -сыныпқы арналған "Салауатты өмір салты" қысқа мерзімді сабақ жоспары»

САБАҚ: 2-сабақ


Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 7Т2


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дені саудың - жаны сау

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

О1. Мәтіндегі ақпаратты анықтау

А5. Сенімді және еркін жауап беру

Сабақ мақсаттары

Мәтіндегі жанама және қосымша ақпараттарды анықтау, өмірмен байланыстыру

Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау;

  • Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

  • Өз көзқарасын сенімді және еркін жеткізе алады.

Құндылықтар


Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Салауатты өмір, денсаулық, дұрыс тамақтандыру, өмірлік процестер, гигиеналық талаптар, жүйке тамырлары.

Талқылауға арналған тармақтар:

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?

Қандай мәселелер көтеріледі?

Бұл мәселелер туралы саралап айта аласыздар ма ?

Алдыңғы оқу

Салауатты өмір салты

Пәнаралық байланыс

Биология, дене шынықтыру


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Басы

3 мин




5 мин



Психологиялық ахуал қалыптастырып алу.

«Алақаннан алақанға» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.

Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.


Бір-біріне тілек айтады.



Ортасы

1 мин

















10 мин























































15 мин



2 мин





3 мин


Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Негізгі және жанама ақпаратты анықтайды

Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.

Өз көзқарасын сенімді және еркін жеткізе алады


Топтық жұмыс

Оқылым. «Бірін-бірі оқыту» тәсілі. «Үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл. Сабақ алдында мұғалім тобында ұстаз рөлін орындайтын оқушыны өздеріне таңдатып,оның міндетін түсіндіріп кету керек. Әр топтағы мұғалім орнындағы оқушы тобындағыларға 2-3 сұрақ беріп, мәтінді қорытады. Туындаған сұрақтарға жауап беріп, қиын жерлерін түсіндіреді.


Кестені толтырады.


Мәтіндегі негізгі ой

Негізгі ақпарат

Жанама ақпарат

Өмірден мысал келтіру







1-топқа арналған мәтін.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

2-топқа арналған мәтін.

Темекі- адам денсаулығына өте зиян.Темекінің құрамында өте улы зат- никотин бар. Оны шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.

Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл шамасында никотин жұтады. Алғаш рет темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.

Темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады және олардың тісі тез сарғайып,аузынан жағымсыз иіс шығады. Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруларға шалдықтырады. Никотин қан тамыршаларын тарылтады. Бұл өкпе ауруларына шалдықтырады, өкпе ауруымен ауырғандардың 97 пайызы - шылым шегетіндер.

3-топқа арналған мәтін.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Спорттың көп түрі бар: волейбол, баскетбол, гимнастика, суда жүзу т.с.с. Денешынықтыру сабағы денсаулықты қалыптастыруды негізгі мақсат етеді. Барлық оқушы өз таңдауымен спорт түрлерімен айналысса, бос уақытын тек шынығуға арнаса, ондай оқушы ешқашан да ауырмаса керек. Сонымен қатар адамның таза ауада, табиғат аясында болуы да шаршаған жүйке тамырларын демалдырады, денсаулығын жүйелейді. Сондықтан да спортпен айналысуды дағдыға айналдыру керек. Спортпен үнемі айналысқан адамның ғұмыры ұзақ болады.


«Джигсо» әдісі арқылы өзге топтарға мәтінді түсіндіреді.



Бағалау. Дескриптор арқылы топта «мұғалім» қызметін атқарған оқушы бағалайды.





Кері байланыс.








































­­­­­­­­­­­­­­­­


































Топ мүшелері басқа топтарға өздері оқыған мәтіндердің мазмұнын түсіндіреді.










Өзінің қай жерде тұрғанын көрсетіп, бояйды.







/


























http://massaget.kz/layfstayl/sport/makala/485


Сабақтың соңы



Үйге тапсырма: Қазақстанның олимпиада чемпиондары туралы ақпарат жинақтау



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады




Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7 -сыныпқы арналған "Салауатты өмір салты" қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор: Нурахметова Дана Жумажановна

Дата: 01.11.2017

Номер свидетельства: 435882


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства