kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 сынып?а арнал?ан "Отбасы жарасты?ы" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін - ?зі тану саба?ыны? жоспары

Мектеп              Н.Наушабаев атында?ы Затобол орта мектебі

Мерзімі

11

Та?ырып:            Отбасы жарасты?ы

??ндылы?:  ?иянат жасамау

?асиеттер:  ?арым-?атынас, сыйласты?, т?сінушілік

М??алім:  Сартова С.А.

Сынып: 5

О?ушылар саны: 19

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 сынып?а арнал?ан "Отбасы жарасты?ы" саба? жоспары»

Өзін - өзі тану сабағының жоспары


Мектеп Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі

Мерзімі

№ 11

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қарым-қатынас, сыйластық, түсінушілік

Мұғалім: Сартова С.А.

Сынып: 5

Оқушылар саны: 19


1.Сабақ мақсаты: оқушыларға сыйластық туралы түсінік беру

арқылы қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.

Міндеттері:

-отбасы жарастығы туралы түсінік қалыптастыру;

-отбасында жағымды ; қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар мәліметтер)

2.Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы ұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға тарасын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Отбасы татулығы» аңыз әңгіме бойынша сұрақ-жауап арқылы талдау жүргізу:

-Өсиет әңгіменің мәні неде?

-Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?


Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.


Баланың ардақтысы да, аяулысы да анасы

Нақыл сөз



4.Әңгімелеу. Мұғалім сыйы


Бейнефильм «Өтелмес борыш»

5.Сұрақтар:

Мазмұны бойынша сұрақтар:

-Фильм не туралы?

Құндылығын айқындайтын сұрақтар:

-Фильмнің кейіпкерлері кім?

-Анасына кім қиянат жасады?

-Ал, баласы анасын сүйе ме?

- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?-

Өмірмен байланысты сұрақтар:

-Қандай қасиеттер адамды сүйіспеншілікке жетелейді?

-Сендер өз ата-аналарыңды қалай сүйесіңдер?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________




7.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.


Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.


Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.


Қайырмасы:


Ете гөр қанағат, әзірге берерім,

Балалық махаббат, балалық жүрегім.

Бол риза, анажан, қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.


Қайырмасы.


8.Үй тапсырмасы.

Мен қазақ баласымын Е.Өтетілеуов өлеңін жаттау 42 бет



9. Соңғы тыныштық сәті


Баяу музыка қосылады.

-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Отбасының босағасы берік, шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөленуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екенін естеріңізде сақтаңыздар.

Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
5 сынып?а арнал?ан "Отбасы жарасты?ы" саба? жоспары

Автор: Сартова Сауле Акильбековна

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257482


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства